Торговое название
Визоптин
Международное непатентованное название
Тетризолин
Лекарственная форма
Капли глазные, 0.05 %, 15 мл
Состав
1 мл препарата содержит
активное вещество - тетризолина гидрохлорид 0.5 мг,
вспомогательные вещества: борная кислота, натрия тетрабората декагидрат, динатрия эдетата дигидрат, бензалкония хлорид, вода очищенная.
Описание
Прозрачный бесцветный раствор
Фармакотерапевтическая группа
Органы чувств. Офтальмологические препараты. Деконгестанты и антиаллергические препараты. Симпатомиметики, применяемые в качестве деконгестантов. Тетризолин.
Код АТХ S01GA02
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
После закапывания сосудосуживающий эффект развивается через несколько минут и продолжается 4-6 ч. При местном применении системная абсорбция низкая.
Фармакодинамика
Визоптин - симпатомиметический препарат, который стимулирует альфа-
адренорецепторы симпатической нервной системы, но не оказывает или
оказывает слабое действие на бета-адренорецепторы. Являясь симпатомиметическим амином, тетризолин обладает сосудосуживающим действием и уменьшает отек тканей. При местном применении уменьшает отек конъюнктивы, ощущение жжения, болезненность слизистой оболочки глаз, слезотечение. При применении тетризолина практически не изменяются диаметр зрачка, аккомодация и внутриглазное давление.
Показания к применению
- неинфекционный конъюнктивит
Способ применения и дозы
Для офтальмологического применения.
Взрослые, подростки и дети старше 8 лет
По 1-2 капли закапывают в нижний конъюнктивальный мешок пораженного глаза (пораженных глаз) 2-3 раза в сутки.
Продолжительность лечения обычно не должна превышать 7 дней. Если не происходит улучшения клинических проявлений через 3 дня применения, необходимо посоветоваться с врачом.
Побочные действия
Часто
- раздражение слизистой оболочки глаз (боль, покалывание, жжение), нарушение зрения.
Неизвестно
- повышенное слезотечение, расширение зрачков, реакции в месте введения (включая жжение в глазах и области около глаз, покраснение, раздражение, отек, боль и зуд).
При проявлении вышеперечисленных признаков необходимо обратиться к врачу.
Противопоказания
- повышенная чувствительность к компонентам препарата
- закрытоугольная глаукома и эндотелиально-эпителиальная дистрофия роговицы
- синдром «сухого глаза»
- раздражение глаз из-за бактериальной инфекции или инородных тел
- детский возраст до 8 лет.
Лекарственные взаимодействия
Препарат не следует применять одновременно с ингибиторами МАО (фенелзин, ниаламид, ипрониазид и др.) и в течение 10 дней после прекращения их приема.
Повышенный риск развития аритмий может произойти у пациентов, принимавших сердечные гликозиды, хинидин или трициклические
антидепрессанты.
Особые указания
Препарат следует применять с осторожностью у пациентов с тяжелыми сердечно-сосудистыми заболеваниями (в т.ч. ИБС (ишемическая болезнь сердца), аритмия, аневризма сердца, артериальная гипертензия), гипертиреозом, сахарным диабетом, феохромоцитомой, доброкачественной гипертрофией предстательной железы, глаукомой, в период лечения лекарственными средствами, повышающими АД.
Неправильное использование данного препарата может вызвать воспаление глаз и глазную гиперемию, рекомендуется периодический контроль внутриглазного давления для продолжительного лечения.
Тетризолин в виде глазных капель целесообразно применять только при легком раздражении глаз. Если раздражение и гиперемия конъюнктивы связаны с инфекционным заболеванием, наличием инородного тела или химическим ожогом роговицы, необходима консультация окулиста.
Если в течение 48 ч после применения глазных капель симптомы заболевания сохраняются, становятся более выраженными или проявляется побочное действие, следует прекратить применение препарата и проконсультироваться с окулистом.
При появлении интенсивной боли в глазах, головной боли, нарушении зрения, внезапном появлении плавающих пятен перед глазами, покраснения глаз, боли при воздействии света или двоения в глазах, необходимо немедленно обратиться к врачу.
В состав препарата входит бензалкония хлорид, противомикробный консервант, который может абсорбироваться мягкими контактными линзами. Поэтому нельзя применять препарат во время ношения контактных линз (мягких). Необходимо удалить линзы до применения препарата и их ношение возможно только через 15 минут после закапывания.
При применении препарата в сочетании с другими офтальмологическими каплями, необходимо сохранять интервал между закапываниями минимум 15 минут.
В случае возникновения гиперчувствительности лечение должно быть прекращено.
Повторное применение через короткие интервалы времени приводит к снижению эффекта (тахифилаксия).
Существует риск возбуждения у детей в связи с системным поглощением.
Не дотрагиваться кончиком флакона до каких-либо поверхностей.
После применения плотно завинтить крышку флакона-капельницы.
Беременность и период лактации
Учитывая риск общих реакций, применять препарат во время беременности и лактации можно только в том случае, если по мнению врача, предполагаемая польза для матери превышает потенциальный риск для плода и ребенка.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортными средствами или потенциально опасными механизмами
В редких случаях после применения Визоптина наблюдается расширение зрачка и возникает затуманенность зрения, которая может повлиять на способность управлять автомобилем и механизмами.
Передозировка
Развитие системных симптомов передозировки возможно при случайном или преднамеренном приеме препарата внутрь или чрезмерном закапывании препарата в глаза.
Симптомы: расширение зрачка, тошнота, цианоз, лихорадка, судороги, тахикардия/брадикардия, артериальная гипертензия, головокружение, шокоподобный синдром с гипотензией и брадикардией.
Передозировка у детей может проявляться угнетением ЦНС, сопровождающимся сонливостью, чрезмерной потливостью, выраженной гипотензией, вплоть до шока.
Лечение: глаза промыть большим количеством теплой воды. Назначение активированного угля, промывание желудка, симптоматическая терапия (ингаляция кислорода, применение жаропонижающих, противосудорожных средств).
Специфический антидот тетризолина неизвестен.
Форма выпуска и упаковка
По 15.15 г ± 10 % (15 мл) в непрозрачные флаконы из полиэтилена вместимостью 15 мл, с пробкой-капельницей и завинчивающейся крышкой с предохранительным кольцом.
По одному флакону вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в картонную пачку.
Условия хранения
Хранить при температуре от 15 0С до 25 0С, в оригинальной упаковке.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
5 лет
Период применения после вскрытия флакона не более 4 недель.
Не применять по истечении срока годности.
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Саудалық атауы
Визоптин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Тетризолин
Дәрілік түрі
Көзге тамызатын дәрі, 0.05 %, 15 мл
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсендi зат - 0.5 мг тетризолин гидрохлориді,
қосымша заттар:бор қышқылы, натрий тетраборатының декагидраты, динатрий эдетатының дигидраты, бензалконий хлориді, тазартылған су.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Сезім мүшелері. Офтальмологиялық препараттар. Деконгестанттар және аллергияға қарсы препараттар. Деконгестанттар ретінде қолданылатын симпатомиметиктер. Тетризолин.
АТХ коды S01GA02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Тамызғаннан кейін тамыр тарылтатын әсері бірнеше минуттан кейін дамиды және 4-6 сағатқа созылады. Жергілікті қолданғанда жүйелі сіңірілуі төмен.
Фармакодинамикасы
Визоптин - симпатикалық жүйке жүйесінің альфа-адренорецепторларын көтермелейтін симпатомиметикалық препарат, бірақ бета-адренорецепторларына әсер етпейді немесе әсері әлсіз. Симпатомиметикалық амин бола отырып, тетризолиннің тамыр тарылтатын әсері бар және тіндердің ісінуін азайтады. Жергілікті қолданғанда конъюнктива ісінуін, ашыту сезімін, көздің шырышты қабығының ауыруын, көзден жас ағуын азайтады. Тетризолинді қолданғанда іс жүзінде қарашық диаметрі, аккомодация және көзішілік қысым өзгермейді.
Қолданылуы
- инфекциялық емес конъюнктивитте
Қолдану тәсiлi және дозалары
Офтальмологиялық қолдануға арналған.
Ересектер, жасөспірімдер және 8 жастан асқан балалар
1-2 тамшыдан зақымданған көздің төменгі конъюнктивалық қалтасына (зақымданған көздердің) тәулігіне 2-3 рет тамызады.
Емдеу ұзақтығы әдетте 7 күннен аспауы тиіс. Егер 3 күн қолданғаннан кейін клиникалық көріністерінің жақсаруы болмаса, дәрігермен кеңесу қажет.
Жағымсыз әсерлері
Жиі
- көз шырышты қабығының тітіркенуі (ауыруы, шаншуы, ашытуы), көрудің бұзылуы.
Белгісіз
- көзден жас ағудың артуы, көз қарашығының кеңеюі, енгізген жердегі реакциялар (көздегі және көз айналасы аймағының ашуын, қызаруын, тітіркенуін, ісінуін, ауыруын және қышынуын қоса).
Жоғарыда аталған белгілер пайда болғанда дәрігерге қаралу қажет.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жабық бұрышты глаукома және мөлдір қабықтың эндотелиальді-эпителиальді дистрофиясы
- «құрғақ көз» синдромы
- бактериялық инфекциялар немесе бөгде зат болуына байланысты көздің тітіркенуі
- 8 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препаратты МАО тежегіштерімен (фенелзин, ниаламид, ипрониазид және т.б.) бір мезгілде және оларды қабылдауды тоқтатқаннан кейінгі 10 күн ішінде қолдануға болмайды.
Аритмия дамуының жоғары қаупі жүрек гликозидтерін, хинидин немесе трициклді антидепрессанттарды қабылдаған пациенттерде болуы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты ауыр жүрек-қантамыр аурулары (соның ішінде ЖИА (жүректің ишемиялық ауруы), аритмия, жүрек аневризмасы, артериялық гипертензия), гипертиреозы, қант диабеті, феохромоцитомасы, қуық асты безінің қатерсіз гипертрофиясы, глаукомасы бар пациенттерде, АҚ жоғарылататын дәрілік заттармен емдеу кезеңінде сақтықпен қолдану керек.
Бұл препаратты дұрыс пайдаланбау көздің қабынуын және көз гиперемиясын туындатуы мүмкін, ұзақ емдеу үшін көзішілік қысымды үнемі бақылап отыру ұсынылады.
Тетризолинді көзге тамызатын дәрі түрінде тек көздің жеңіл тітіркенуінде қолдану тиімді. Егер конъюнктиваның тітіркенуі мен гиперемиясы жұқпалы аурумен, көздегі бөгде затпен немесе мөлдір қабықтың химиялық күйігі болуымен байланысты болса, көз дәрігерінің кеңесі қажет.
Егер көзге тамызатын дәрісін қолданудан кейінгі 48 сағат ішінде ауру симптомдары сақталса, барынша айқындала бастаса немесе жағымсыз әсері байқалса, препаратты қолдануды тоқтатқан және көз дәрігерімен кеңескен жөн.
Көзде қарқынды ауыру, бас ауыруы, көрудің бұзылуы пайда болғанда, кенеттен көз алдында жүзіп жүрген дақтар пайда болғанда, жарық әсер еткенде көздердің қызаруы, ауыруы немесе көзге қосарланып көрінген кезде, дереу дәрігерге қаралу керек.
Препарат құрамына бензалконий хлориді, жұмсақ жанаспалы линзалардың сіңіруі мүмкін микробқа қарсы консервант кіреді.
Сондықтан препаратты жанаспалы линза (жұмсақ) киген уақытта қолдануға болмайды. Линзаны препаратты қолдануға дейін алып тастау қажет және оларды тамызғаннан кейін 15 минут өткеннен соң ғана киюге болады.
Препаратты басқа да офтальмологиялық тамшылармен үйлесімде қолданған кезде тамызулар арасында кем дегенде 15 минут аралықты сақтау қажет.
Аса жоғары сезімталдық туындаған жағдайда емдеу тоқтатылуы тиіс.
Қысқа уақыт аралығында қайталап қолдану әсерінің (тахифилаксия) төмендеуіне әкеледі.
Жүйелік сіңуіне байланысты балаларда қозу қаупі болады.
Құтының ұшын қандай болсын беткейлерге тигізуге болмайды.
Қолданғаннан кейін тамшылатқыш-құтының қақпағын тығыздап бұрап жабу керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жалпы реакциялар қаупін ескере отырып, жүктілік және лактация кезінде, егер дәрігердің пікірінше, анасы үшін болжанатын пайдасы ұрық пен нәрестеге төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін болса ғана, қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Визоптинді қолданудан кейін сирек жағдайларда қарашықтың ұлғаюы туындайды және көрудің бұлыңғырлануы байқалады, бұл автомобиль мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін.
Артық дозалануы
Препаратты кездейсоқ немесе әдейі ішке қабылдағанда немесе көзге шамадан тыс тамызғанда, артық дозаланудың жүйелік симптомдары дамуы мүмкін.
Симптомдары: қарашықтың ұлғаюы, жүрек айну, цианоз, қызба, құрысулар, тахикардия/брадикардия, артериялық гипертензия, бас айналу, гипотензиямен және брадикардиямен шок тәрізді синдром.
Балаларда артық дозалану ұйқышылдықпен, шамадан тыс тершеңдікпен, шокқа дейін баратын айқын гипотензиямен қатар жүретін ОЖЖ бәсеңдеуімен байқалуы мүмкін.
Емі: көзді көп мөлшердегі жылы сумен жуу. Белсендірілген көмір, асқазан шаю, симптоматикалық ем (оттегі ингаляциясы, қызуды басатын, құрысуға қарсы дәрілерді қолдану) тағайындау.
Тетризолинге арнайы антидоты белгісіз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
15.15 г ± 10 % (15 мл) тамышылатқыш-тығыны және қорғаныш сақинасымен бұрандалы қақпағы бар, сыйымдылығы 15 мл полиэтиленнен жасалған мөлдір емес құтыда.
Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
15 0С-ден 25 0С-ге дейінгі температурада, түпнұсқалық қаптамада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзiмi
5 жыл
Құтыны ашқаннан кейін қолдану мерзімін 4 аптадан асыруға болмайды.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз