Торговое наименование
Витапрост®Форте
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма, дозировка
Суппозитории ректальные, 20 мг
Фармакотерапевтическая группа
Мочеполовая система и половые гормоны. Урологические препараты. Урологические препараты другие.
АТХG04BХ
Показания к применению
- хронический простатит
- доброкачественная гиперплазия предстательной железы
- лечение ургентного (императивного) недержания мочи, ургентных (императивных) позывов к мочеиспусканию и учащенного мочеиспускания при неосложненных формах гиперактивности мочевого пузыря у женщин в климактерическом и постклимактерическом периодах
- состояния до и после оперативных вмешательств на предстательной железе
Перечень сведений, необходимых до начала применения
Противопоказания
- гиперчувствительность к компонентам препарата
- беременность и период лактации
Необходимые меры предосторожности при применении
Лечение хронического простатита и состояний до и после оперативных вмешательств на предстательной железе должно быть комплексным, предполагающим, наряду с назначением Витапроста® Форте, применение других групп лекарственных препаратов и немедикаментозных методов лечения.
Взаимодействия с другими лекарственными препаратами
Не установлены.
Специальные предупреждения
Беременность и период лактации
Препарат не разрешен к применению во время беременности и в период лактации.
Особенности влияния препарата на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Не влияет на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами.
Рекомендации по применению
Режим дозирования
Витапрост®Форте предназначен для ректального применения.
По 1 суппозиторию, после самопроизвольного опорожнения кишечника или очистительной клизмы, 1 раз в день. После введения суппозитория, желательно пребывание пациента в постели в течение 30-40 минут.
Длительность применения
Продолжительность курса лечения определяет лечащий врач. Минимальная продолжительность курса лечения при доброкачественной гиперплазии предстательной железы – 15 дней, при хроническом простатите – 10 дней, при гиперактивном мочевом пузыре – 20 дней.
При необходимости возможно проведение повторных курсов.
Если после лечения улучшения не наступает или симптомы усугубляются, или появляются новые симптомы, необходимо проконсультироваться с врачом.
Меры, которые необходимо принять в случае передозировки
О случаях передозировки препарата Витапрост® Форте не сообщалось.
Рекомендации по обращению за консультацией к медицинскому работнику для разъяснения способа применения лекарственного препарата
Если у Вас возникли дополнительные вопросы по применению данного препарата, обратитесь за консультацией к врачу или медицинской сестре.
Описание нежелательных реакций, которые проявляются при стандартном применении лекарственного препарата
Частота возникновения нежелательных лекарственных реакций определена в соответствии с классификацией ВОЗ: очень часто (>1/10), часто (>1/100, ≤1/10), нечасто (>1/1000, ≤1/100), редко (>1/10000, ≤1/1000), очень редко (менее 1/10000), частота неизвестна (не может быть установлена по имеющимся данным).
Очень редко:
- аллергические реакции
Если любые из указанных выше побочных эффектов усугубляются или Вы заметили любые другие побочные эффекты, не указанные в инструкции, сообщите об этом врачу.
Дополнительные сведения
Состав лекарственного препарата
1 суппозиторий содержит
активное вещество – простаты экстракт (в пересчете на водорастворимые пептиды 20 мг), 100 мг,
вспомогательное вещество – жир твердый (Витепсол, марки H 15, W 35; Суппосир, марки NA 15, NAS 50) – до получения суппозитория массой 1,25 г.
Описание внешнего вида, запаха, вкуса
Суппозитории торпедообразной формы белого с желтоватым, кремоватым или сероватым оттенком цвета. Допускается появление белого налета на поверхности суппозитория и наличие на срезе воздушного стержня и воронкообразного углубления.
Форма выпуска и упаковка
По 5 суппозиториев помещают в контурную ячейковую упаковку из пленки поливинилхлоридной, ламинированной полиэтиленом.
По 2 контурные упаковки вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках вкладывают в пачку из картона.
Срок хранения
3 года
Не применять по истечении срока годности!
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 20 ºС.
Хранить в недоступном для детей месте!
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Саудалық атауы
Витапрост®Форте
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
Ректальді суппозиторийлер, 20 мг
Фармакотерапиялық тобы
Несеп-жыныс жүйесі және жыныс гормондары. Урологиялық препараттар. Басқа урологиялық препараттар.
АТХ коды G04BХ
Қолданылуы
- созылмалы простатитте
- қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясында
- климакс және климакстан кейінгі кезеңде әйелдердегі қуықтың жоғары белсенділігінің асқынбаған түрлерінде несепті ургентті (императивті) ұстай алмаушылықты, несеп шығаруға ургентті (императивті) қысылу мен несеп шығарудың жиілеуін емдеуде
- қуық асты безіне жүргізілетін операциялық араласуға дейінгі және кейінгі жағдайларда
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Созылмалы простатитті емдеу және қуық асты безіне жүргізілген операциялық араласуға дейінгі және кейінгі жағдайларда Витапрост® Форте тағайындаумен қатар дәрілік препараттардың басқа топтарын және емдеудің дәрі-дәрмектік емес әдістерін қолдануды көздейтін емдеу кешенді болуы тиіс.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған.
Арнайы ескертулер
Жүктілік және лактация кезеңі
Препарат жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдануға рұқсат етілмеген.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Витапрост® Форте ректальді қолдануға арналған.
Ішектің өздігінен босауынан немесе тазартушы клизмадан кейін 1 суппозиторийден күніне 1 рет. Суппозиторийді енгізгеннен кейін пациенттің төсекте 30-40 минут жата тұрғаны дұрыс.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясында емдеу курсының ең аз ұзақтығы – 15 күн, созылмалы простатитте – 10 күн, қуық белсенділігі жоғары болғанда – 20 күн.
Қажет болған жағдайда курстар қайталануы мүмкін.
Егер емдеуден кейін жай-күйінің жақсару байқалмаса немесе симптомдар өршігенде, немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Витапрост®Форте препаратымен артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерден кеңес алу бойынша ұсынымдар
Егер Сізде осы препаратты қабылдау бойынша қосымша мәселелер туындаса, дәрігерге немесе мейірбикеге кеңес алу үшін жүгініңіз.
Дәрілік препартты стандартты қолданғанда пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Жағымсыз дәрілік реакциялардың туындау жиілігі ДДҰ жіктеуіне сәйкес анықталған: өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, ≤1/10), жиі емес (>1/1000, ≤1/100), сирек (>1/10000, ≤1/1000), өте сирек (1/10000-ден аз), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде жиілігін анықтау мүмкін емес).
Өте сирек:
- аллергиялық реакциялар
Егер жоғарыда көрсетілген жағымсыз әсерлердің кез келгені өршісе немесе Сіз нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген басқа жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, бұл туралы дәрігерге хабарлаңыз.
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
1 суппозиторийдің құрамында
белсенді зат – простата экстрактісі (20 мг суда еритін пептидтерге шаққанда), 100 мг,
қосымша зат – қатты май (Витепсол, H 15, W 35 маркасы; Суппосир, NA 15, NAS 50 маркасы) – салмағы 1,25 г суппозиторий алғанға дейін.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Пішіні торпеда тәрізді, сарғыш, крем немесе сұр реңді ақ суппозиторийлер. Суппозиторий беткейінде ақ өңез пайда болуына және кесіндісінде ауалы өзекше мен құйғы тәрізді ойық болуына жол беріледі.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 суппозиторийден полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
2 ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
20 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз