Торговое название
Вагид-CL
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма
Вагинальные суппозитории
Состав
1 суппозиторий содержит
активные вещества: клиндамицина (в виде клиндамицина фосфата) 100 мг,
клотримазола 200 мг,
вспомогательные вещества: пропиленгликоль 1500, полиэтиленгликоль 6000,
метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, бутилгидрокситолуол.
Описание
Суппозитории белого или почти белого цвета, пулевидной формы, гладкие, однородные по внешнему виду.
Фармакотерапевтическая группа
Антисептики и противомикробные препараты для лечения гинекологических заболеваний. Антистатики и противомикробные препараты для лечения гинекологических заболеваний (исключая комбинации с кортикостероидами). Производные имидазола. Имидазола производных комбинации.
Код АТХ G01AF20
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
При местном применении клотримазола всасывается в кровь незначительное количество. При интравагинальном применении клиндамицина системная абсорбция составляет около 5%.
Фармакодинамика
Комбинированный препарат с противомикробным, противогрибковым и противопротозойным действием.
Клотримазол - производное имидазола, противогрибковое средство для местного применения. Механизм действия обусловлен нарушением синтеза эргостерола, являющегося составной частью клеточной мембраны грибов. Обладает широким спектром действия. Активен в отношении дерматофитов, Candida albicans, Malassezia furfur; Corynebacterium minutissimum, Streptococcus spp., Staphylococcus spp., Trichomonas vaginalis.
Клиндамицин обладает широким спектром действия в отношении ряда грамположительных кокков. Механизм действия обусловлен связыванием с 50S субъединицей рибосомальной мембраны и подавлением синтеза белка в микробной клетке. В терапевтических дозах оказывает бактериостатическое, а высоких дозах - бактерицидное действие. Активен в отношении стафилококков (в т.ч. St.epidermalis, продуцирующих пенициллиназу), стрептококков (исключая энтерококки), пневмококков, анаэробных и аэробных грамположительных кокков (включая пептококки и пептострептококки), палочек дифтерии, возбудителей газовой гангрены и столбняка, микоплазм, бактероидов (включая Bactеrioides fragillis и Bactеrioides melaningenicus), анаэробных грамотрицательных бацилл (включая Fusobacterium), номицетов и клостридий, анаэробных грамположительных, не образующих спор, бацилл (включая пропионибактериум, эубактериум и актиномицеты). Большинство штаммов Clostridium perfringens чувствительны к клиндамицину, однако, так как другие виды клостридий (Clostridium sporogenes, Clostridium tertium) устойчивы к действию клиндамицина, то при инфекциях, вызванных клостридиями рекомендуется определение антибиотикограммы. Клинически неэффективен против Mycoplasma pneumonia,Haemophilus influenza,Helicobacter pylori, Neisseria meningitides, Neisseria gonorrhoeae,Ureaplasma urealyticum.Между клиндамицином и линкомицином существует перекрестная устойчивость.
Показания к применению
- инфекционная лейкорея, вагинальный кандидоз, бактериальный вагинит, трихомониаз, смешанная инфекция и неспецифический вагинит.
Способ применения и дозы
Интравагинально. Суппозитории освобождают от контурной упаковки, вводят по возможности глубоко во влагалище, в положении лежа. При острых вагинитах - по 1 суппозиторию 1 раз в сутки (вечером), в течение 3 дней.
Побочные действия
Возможны
- аллергические реакции (кожный зуд, жжение, отек и гиперемия слизистой, выделения из влагалища, вагинит)
Очень редко (менее 1%)
- вульвовагинальные расстройства, вагинальные боли, вагинальный кандидоз и грибковые инфекций
- нарушение менструального цикла
- дизурия
- пиелонефрит
- общая и локализованная боль в животе
- повышенная температура
- головная боль, боль в подреберье, общее недомогание
- тошнота, рвота, псевдоколит, диарея, запор
- учащенное мочеиспускание, интеркуррентный цистит
- обморок, гипертензия, одышка
Противопоказания
- гиперчувствительность к компонентам препарата
- I триместр беременности
- период лактации
- возраст до 18 лет (у девственниц)
- энтерит, язвенный колит, колит связанный с употреблением антибиотиков (в том числе в анамнезе)
Лекарственные взаимодействия
Препарат усиливает действие антикоагулянтов. Дексаметазон в высоких дозах угнетает противогрибковое действие клотримазола. Нестероидные противовоспалительные средства и сульфаниламиды потенцируют действие препарата.
Клиндамицин имеет нервно-блокирующие свойства, которые могут усиливать действие других нервно-мышечных блокирующих лекарственных средств. Таким образом, следует использовать с осторожностью.
Клотримазол может привести к повреждению латексных контрацептивов, уменьшая их эффективность. Пациентам следует использовать альтернативные средства предохранения, по крайней мере, в течение пяти дней после использования клотримазола.
Особые указания
Во время лечения противопоказаны алкогольные напитки.
Для предотвращения повторной половой инфекции следует избегать половых контактов и использовать презерватив для защиты.
Необходимо одновременное лечение полового партнера вне зависимости от проявления симптомов инфекции.
Препарат не следует применять, если пациент имеет какой-либо из этих симптомов: нерегулярные вагинальные кровотечения или кровяные выделения, вульвы или вагинальные язвы, пузырьки или язвочки, боль в нижней части живота или дизурия, любая реакция, такая как покраснение, раздражение или припухлость, связанные с лечением, повышенная температура или озноб, тошнота или рвота, диарея, неприятный запах из влагалища.
После установления диагноза псевдомембранозный колит, монолечение может быть начато только в случае легкой формы псевдомембранозного колита. В средних и тяжелых случаях лечение клотримазолом должно сопровождаться с антибактериальным препаратом, клинически эффективным при псевдомембранозном колите.
При появлении признаков гиперчувствительности или раздражения кожи лечение прекращают. У больных с печеночной недостаточностью следует периодически контролировать функциональное состояние печени.
Беременность и период лактации
ВоII и III триместре беременности препарат назначается только при неэффективности других методов лечения с учетом соотношения польза/риск.
В период лечения следует прекратить грудное вскармливание. Кормление грудью можно возобновить через 24-48 часов после окончания лечения.
Особенности влияние лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Препарат не влияет на способность к вождению автотранспорта и управлению механизмами.
Передозировка
О случаях передозировки препарата не сообщалось.
Форма выпуска и упаковка
По 3 суппозитория помещают в контурную ячейковую упаковку из пленки поливинилхлоридной.
По 1 контурной упаковке вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
Условия хранения
Хранить в сухом, защищенном от света месте, при температуре не выше 25˚С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
2 года
Не использовать по истечении срока годности, указанного на упаковке.
Условия отпуска из аптек
По рецепту
Саудалық атауы
Вагид-CL
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Қынаптық суппозиторийлер
Құрамы
1 суппозиторийдің құрамында
белсенді заттар: 100 мг клиндамицин(клиндамицинфосфаты түрінде)
200 мг клотримазол,
қосымша заттар:пропиленгликоль 1500, полиэтиленгликоль 6000,
метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, бутилгидрокситолуол.
Сипаттамасы
Пішіні оқ тәрізді, сыртқы түрі біртекті, тегіс, түсі ақ немесе ақ дерлік суппозиторийлер.
Фармакотерапиялық тобы
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробқа қарсы препараттар. Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антистатиктер және микробқа қарсы препараттар (кортикостероидтармен біріктірілімдерді қоспағанда). Имидазол туындылары. Имидазол туындыларының біріктірілімдері.
АТХ коды G01AF20
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Клотримазолды жергілікті қолданғанда қанға болымсыз мөлшері сіңеді. Клиндамицинді қынап ішіне қолдану кезінде жүйелі сіңірілуі 5% жуық болады.
Фармакодинамикасы
Микробқа қарсы, зеңге қарсы және протозойға қарсы әсері бар біріктірілген препарат.
Клотримазол - имидазол туындысы, жергілікті қолдануға арналған зеңге қарсы дәрі. Әсер ету механизмі зеңдер жасушалық жарғақшасының құрамдас бөлігі болып табылатын эргостерол синтезінің бұзылуына байланысты. Әсер ету ауқымы кең. Дерматофиттер, Candida albicans, Malassezia furfur; Corynebacterium minutissimum, Streptococcus spp., Staphylococcus spp., Trichomonas vaginalis қатысты белсенді.
Клиндамицин грамоң кокктар қатарына қатысты әсер ету ауқымы кең. Әсер ету механизмі рибосомальді жарғақшаның 50S суббірілігімен байланысуы мен микробтық жасушадағы ақуыз синтезін бәсеңдетуге негізделген. Емдік дозаларда бактериостатикалық, ал жоғары дозаларда – бактерицидті әсер етеді. Стафилококктар (соның ішінде пенициллиназа өндіретін St.epidermalis), стрептококктар (энтерококктарды қоспағанда), пневмококктар, анаэробты және аэробты грамоң коктар (пептококктар мен пептострептококктарды қоса), күл таяқшалары, газды гангрена мен сіреспе қоздырғыштары, микоплазмалар, бактероидтар (Bactеrioides fragillis пен Bactеrioides melaningenicus қоса), анаэробты грамтеріс бациллалар (Fusobacterium қоса), номицеттер мен клостридийлер, спора, бацилла түзбейтін анаэробты грамоңға (пропионибактериум, эубактериум және актиномицеттерді қоса) қатысты белсенді. Clostridium perfringens штаммдарының көпшілігі клиндамицинге сезімтал, дегенмен, клостридийлердің басқа түрлері (Clostridium sporogenes, Clostridium tertium) клиндамицин әсеріне төзімді болғандықтан клостридийлер туғызған инфекцияларда антибиотикограмманы анықтап алу керек. Клиникалық тұрғыда Mycoplasma pneumonia, Haemophilus influenza, Helicobacter pylori, Neisseria meningitides, Neisseria gonorrhoeae, Ureaplasma urealyticum қарсы тиімді емес. Клиндамицин және линкомицин арасында айқаспалы төзімділік бар.
Қолданылуы
- инфекциялық лейкореяда, қынаптық кандидозда, бактериялық вагинитте, трихомониазда, аралас инфекция мен спецификалық емес вагинитте.
Қолдану тәсілі және дозалары
Қынап ішіне. Суппозиторийді пішінді қаптамадан шығарып алады, жатқан күйде мүмкіндігінше қынапқа тереңдете енгізеді. Жедел вагиниттерде – 1 суппозиторийден тәулігіне 1 рет (кешке), 3 күн бойы.
Жағымсыз әсерлері
Болуы мүмкін
- аллергиялық реакциялар (терінің қышуы, күйдіру, шырышты қабықтың ісінуі және гиперемиясы, қынаптан бөлініс, вагинит)
Өте сирек (1% аз)
- вульвоқынаптық бұзылыстар, қынаптық ауыру, қынаптық кандидоз және зеңдік инфекциялар
- етеккір оралымының бұзылуы
- дизурия
- пиелонефрит
- іштің жалпы және жергілікті ауыруы
- температураның жоғарылауы
- бас ауыруы, қабырға астының ауыруы, жалпы дімкәстік
- жүрек айнуы, құсу, жалған колит, диарея, іш қатуы
- несеп шығарудың жиілеуі, интеркуррентті цистит
- естен тану, гипертензия, ентігу
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- жүктіліктің I триместрі
- лактация кезеңі
- 18 жасқа дейін (қыздығы бұзылмаған қыз балаларға).
- энтерит, ойық жаралы колит, антибиотиктер қабылдаумен байланысты колит (оның ішінде сыртартқыда)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препарат антикоагулянттардың әсерін күшейтеді. Дексаметазон жоғары дозаларда клотримазолдың зеңге қарсы әсерін бәсеңдетеді. Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер мен сульфаниламидтер препараттың әсерін үдетеді.
Клиндамициннің басқа да жүйке-бұлшықеттік бөгегіш дәрілік заттар әсерін күшейтетін жүйкелік-бөгегіш қасиеттері бар. Сондықтан, сақтықпен пайдаланған жөн.
Клотримазол латексті контрацептивтерді тиімділігін азайта отырып, зақымдануына әкелуі мүмкін. Пациенттер сақтанудың баламалы дәрілерін, тым болмаса, клотримазол пайдаланғаннан кейін бес күн бойы пайдаланғандары жөн.
Айрықша нұсқаулар
Емдеу кезінде алкоголь ішімдіктерін қолдануға болмайды.
Жыныстық инфекциялар қайталануын болдырмас үшін жыныстық қатынастардан аулақ болған және қорғану үшін мүшеқаптар пайдаланған жөн.
Жыныстық жұптасын инфекция симптомдарының байқалуына байланыссыз бір мезгілде емдеу қажет.
Егер пациентте мына симптомдардың қайсы бірі болса, препаратты қолданбаған жөн: қынаптан жүйесіз қан кету немесе қанды бөліністер, вульвалар немесе қынаптық ойық жаралар, сулы бөртпе немесе кішкене ойық жаралар, іштің төменгі бөлігі ауыруы немесе дизурия, емдеумен байланысты қызару, тітіркену немесе ісіну сияқты кез келген реакция, дене температурасының жоғарылауы немесе қалтырау, жүрек айну немесе құсу, диарея, қынаптан жағымсыз иіс болуы.
Жалған жарғақшалы колит диагнозы анықталғаннан кейін моноемдеуді жалған жарғақшалы колиттің жеңіл түрі жағдайында ғана бастауға болады. Клотримазолмен орташа және ауыр жағдайларда емдеу жалған жарғақшалы колит кезінде клиникалық тиімді бактерияға қарсы препаратпен қатар жүруі тиіс.
Аса жоғары сезімталдық белгілері немесе тері тітіркенуі пайда болған кезде емдеуді тоқтатады. Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда бауырдың функционалдық жағдайын мезгіл-мезгіл бақылап отырған жөн.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктіліктің II және III триместрінде препаратты пайда/қауіп арақатынасын ескере отырып, басқа әдістермен емдеу тиімсіз болғанда ғана тағайындайды. Емдеу кезеңінде бала емізуді тоқтату керек. Емшекпен қоректендіруді емдеу аяқталғаннан кейін 24-48 сағаттан соң жаңғыртуға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Препараттың артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
3 суппозиторийден поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы