Торговое название
Троксерутин Софарма
Международное непатентованное название
Троксерутин
Лекарственная форма
Гель 2%, 40 г
Состав
40 г геля содержат
активное вещество: троксерутин 0,8 г;
вспомогательные вещества: карбомер, динатрия эдетат, бензалкония хлорид, натрия гидроксид, вода очищенная.
Описание
Гель желто-зеленого цвета, без запаха.
Фармакотерапевтическая группа
Препараты для лечения заболеваний сердечно-сосудистой системы. Ангиопротекторы. Препараты, снижающие проницаемость капилляров. Биофлавоноиды. Троксерутин.
Код АТХ C05CA04
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
При нанесении геля на область поражения, активное вещество быстро проникает через эпидермис, через 30 минут обнаруживается в дерме, а через 2-5 часов – в подкожной жировой клетчатке.
Гелевая основа препарата подобрана таким образом, чтобы обеспечивать достаточное высвобождение активного вещества и его проникновения через кожу, создавая высокую концентрацию лекарственного компонента в пораженных тканях.
Фармакодинамика
Троксерутин представляет собой флавоноид (производное рутина). Обладает Р-витаминной активностью; оказывает венотонизирующее, венопротекторное, противоотечное, противовоспалительное, противосвертывающее и антиоксидантное действие. Уменьшает проницаемость и ломкость капилляров, повышает их тонус. Увеличивает плотность сосудистой стенки, уменьшает экссудацию жидкой части плазмы и диапедез клеток крови.
Снижает воспаление в сосудистой стенке, ограничивая прилипание тромбоцитов к ее поверхности.
Пациентам с хронической венозной недостаточностью рекомендуется применение как в начальных, так и в поздних стадиях заболевания.
Показания к применению
- хроническая венозная недостаточность
- варикозное расширение вен
- поверхностный тромбофлебит, перифлебит и флеботромбоз
- посттромботический синдром
- посттравматический отек, гематомы.
Способ применения и дозы
Гель применяется наружно.
Гель наносят утром и вечером на область поражения с помощью легких массирующих движений снизу вверх до его полного впитывания в кожу. При необходимости гель можно наносить под окклюзионные повязки.
Эффективность лечения препаратом в большой степени зависит от его регулярного применения в течение длительного времени.
Если по каким-либо причинам использование препарата пропущено, пациент может нанести его в любое время, соблюдая интервал между двумя сеансами лечения не менее 10-12 часов.
Длительность лечения: 4-6 недель до полного исчезновения отеков и других симптомов.
Если симптомы течения заболевания ухудшаются или не проходят через 6-7 дней ежедневного применения препарата, пациенту следует обратиться к врачу.
Побочные действия
Редко
- покраснение, зуд, сыпь, дерматит
- головная боль
Противопоказания
- повышенная чувствительность к компонентам препарата
- нарушение целостности кожных покровов
- детский возраст до 15 лет
- беременность I триместр, период лактации.
С осторожностью при почечной недостаточности (длительное использование).
Лекарственные взаимодействия
Не наблюдались клинически значимые лекарственные и другие взаимодействия.
Особые указания
Не наносить на слизистые оболочки и открытые раны!
В составе препарата содержится бензалкония хлорид, который может оказать раздражающее действие на кожу.
Беременность
Применение во II и III триместре возможно в том случае, если ожидаемая польза для матери преобладает над возможным риском для плода.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Лекарственный препарат не влияет на выполнение потенциально опасных видов деятельности, требующих особого внимания и быстрых реакций.
Передозировка
При местном применении препарата нет данных о передозировке. При случайном приеме больших количеств внутрь необходимо промыть полость рта и желудок. При необходимости назначают симптоматическое лечение.
Форма выпуска и упаковка
По 40 г геля помещают в алюминиевые тубы с мембраной, покрытые лаком с внутренней стороны, с пластмассовыми колпачками из полипропилена.
1 тубу вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках вкладывают в пачку из картона, покрытого пигментом с одной стороны.
Условия хранения
В защищенном от света месте, при температуре не выше 25 °С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
5 лет
Срок годности после вскрытия тубы- 1 месяц.
Не применять препарат по истечении срока годности.
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Саудалық атауы
Троксерутин Софарма
Халықаралықпатенттелмеген атауы
Троксерутин
Дәрілік түрі
Гель 2%, 40 г
Құрамы
40 г гельдің құрамында
белсенді зат: троксерутин 0,8 г;
қосымша заттар: карбомер 980, динатрий эдетаты, бензалконий хлориді, натрий гидроксиді, тазартылған су.
Сипаттамасы
Сарғыш-жасыл түсті, иіссіз гель.
Фармакотерапиялық тобы
Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларын емдеуге арналған препараттар. Ангиопротекторлар. Капиллярлар өткізгіштігін төмендететін препараттар. Биофлавоноидтар. Троксерутин.
АТХ коды C05CA04
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Гельді зақымданған аймаққа жаққан кезде, белсенді заты эпидермис арқылы жылдам өтіп, 30 минуттар соң дермада, ал 2-5 сағаттан соң – теріасты шелмайында анықталады.
Препараттың гельді негізі, зақымданған тіндерде дәрілік компонентінің жоғары концентрациясын түзе отырып, белсенді затының жеткілікті босап шығуы мен оның тері арқылы өтуін қамтамасыз ететіндей болып таңдалған.
Фармакодинамикасы
Троксерутин флавоноид (рутин туындысы) түрінде келеді. Р-дәрумендік белсенділігі бар; венаны сергітетін, венопротекторлық, ісінуге қарсы, қабынуға қарсы, ұюға қарсы және антиоксиданттық әсер береді. Капиллярлардың өткізгіштігі мен үзілгіштігін азайтады, олардың тонусын жоғарылатады. Тамыр қабырғасының тығыздығын арттырады, плазманың сұйық бөлігінің экссудациясы мен қан жасушалары диапедезін азайтады.
Тромбоциттердің тамыр беткейіне жабысуын шектей отырып, тамыр қабырғасының қабынуын төмендетеді.
Венаның созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерге аурудың бастапқы және кейінгі сатыларында да қолдану ұсынылады.
Қолданылуы
- венаның созылмалы жеткіліксіздігі
- веналардың варикозды кеңеюі
- беткейлік тромбофлебит, перифлебит және флеботромбоз
- тромбоздан кейінгі синдром
- жарақаттан кейінгі ісіну, гематома.
Қолдану тәсілі және дозалары
Гель сыртқа қолданылады.
Гельді таңертең және кешке зақымданған аймаққа төменнен жоғары қарай жеңіл уқалау қимылдарының көмегімен, оны теріге толық сіңгенге дейін жағады. Қажет болса гельді окклюзиялық таңғыштың астына жағуға болады.
Препаратпен емдеудің тиімділігі көп дәрежеде оның ұзақ уақыт бойы жүйелі қолданылуына байланысты.
Егер қандай-да бір себептермен, препаратты пайдалану өткізіліп алса, пациент екі сеанстың кемінде 10-12 аралығын сақтай отырып, кез келген уақытта жағуына болады.
Емдеу ұзақтығы: ісінулер мен басқа симптомдар толық жойылғанға дейін 4-6 апта.
Егер ауру ағымының симптомдары нашарлай берсе немесе препаратты 6-7 күн бойы күнделікті қолданғаннан кейін басылмаса, пациент дәрігерге қаралуы керек.
Жағымсыз әсерлері
Сирек
- қызару, қышыну, бөртпе, дерматит
- бас ауыруы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- тері жабындары бүтіндігінің бұзылуы
- 15 жасқа дейінгі балалар
- жүктіліктің I триместрі, лактация кезеңі
Сақтықпен бүйрек жеткіліксіздігінде (ұзақ уақыт пайдалану).
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Клиникалық тұрғыдан елеулі дәрілік және басқа да өзара әрекеттесулері байқалмаған.
Айрықша нұсқаулар
Шырышты қабықтар мен ашық жараларға жағуға болмайды!
Препараттың құрамында бензалконий хлориді бар, ол теріге тітіркендіретін әсер беруі мүмкін.
Жүктілік
II және III триместрде тек, егер ана үшін күтілетін пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қауіптен басым түсетін жағдайда ғана қолдануға болады.
Дәрілік заттардың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік препарат айрықша назар аудару мен жылдам реакцияларды қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін орындауға әсер етпейді.
Артық дозалануы
Препаратты жергілікті қолданғанда артық дозалануы жөніндегі мәліметтер жоқ. Байқаусызда көп мөлшерде ішке қабылданған жағдайда, ауыз қуысы мен асқазанды жуып-шаю керек. Қажет болса,симптоматикалық ем тағайындайды.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
40 г гельден жарғақшасы бар, ішкі жағы лакпен қапталған, полипропиленнен жасалған пластмасса қалпақшалары бар алюминий сықпаларға салады.
1 сықпаны медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалып, бір жағынан пигментпен қапталған қорапшаға салады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Сықпаны ашқаннан кейінгі жарамдылық мерзімі - 1 ай.
Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз