Торговое наименование
Травазол
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма, дозировка
Крем, 15 г
Фармакотерапевтическая группа
Дерматология. Кортикостероиды, дерматологические препараты. Кортикостероиды, другие комбинации. Кортикостероиды, сильнодействующие, другие комбинации.
Код АТХ D07ХС
Показания к применению
-начальное или этапное лечение грибковых инфекций поверхности кожи, сопровождающихся выраженными воспалительными или экземоподобными кожными симптомами, например на руках, в межпальцевых участках стоп, а также паховой области и области половых органов.
Перечень сведений, необходимых до начала применения
Противопоказания
- повышенная чувствительность к компонентам препарата
- туберкулез
- сифилис
- ветряная оспа, опоясывающий лишай
- розацеа, периоральный дерматит и кожные поствакцинальные реакции в местах нанесения препарата
- в период вакцинации живой вирусной вакциной
- беременность и период лактации
- детский возраст до 18 лет
Травазол должен использоваться без окклюзионной повязки.
Взаимодействия с другими лекарственными препаратами
Не выявлены.
Специальные предупреждения
Препарат Травазол предназначен только для наружного применения. Пациент должен быть предупрежден, что при отсутствии эффекта или при появлении любых побочных реакций следует прекратить применение препарата и обратиться к врачу.
Следует избегать попадания крема в глаза и на открытую раневую поверхность.
У пациентов с розацеа или периоральным дерматитом следует избегать нанесения препарата на кожу лица.
При наличии бактериальных дерматозов и/или дерматомикозов в дополнение к терапии Травазолом следует проводить специфическое антибактериальное лечение.
Нанесение чрезмерно большого количества местных глюкокортикостероидов на обширные поверхности кожи в течение длительного времени, особенно под окклюзионную повязку, значительно повышает риск развития побочных эффектов.
Как и при применении системных кортикостероидов, может развиться глаукома при применении местных кортикостероидов (например, после больших доз, или при обширном нанесении препарата в течение длительного времени, применения окклюзионных повязок или нанесения препарата на кожу вокруг глаз).
При инфекциях межпальцевых участков целесообразно размещение марлевых полосок с нанесенным кремом Травазола между пальцами.
Для избежания возникновения повторных инфекций следует соблюдать правила личной гигиены (ежедневная замена и кипячение полотенец, нижнего белья (предпочтительно из хлопка)).
Регулярное соблюдение мер гигиены очень важно для достижения эффекта лечения Травазолом. Следует тщательно до сухости вытирать межпальцевые области после каждого мытья стоп, а носки и колготки менять ежедневно.
Травазол содержит кетостеариловый спирт, который может вызвать местную кожную реакцию (контактный дерматит).
Пациент должен информировать врача об одновременном приеме других лекарственных препаратов.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортными средствами или потенциально опасными механизмами
Не влияет.
Рекомендации по применению
Режим дозирования
Травазол наносят тонким слоем на пораженные участки кожи и слегка втирают - процедуру проводят 2 раза/сут (утром и на ночь). Лечение Травазолом следует прекратить после регрессии воспалительного процесса и продолжить терапию кремом, не содержащим глюкокортикостероиды (ГКС). Это особенно важно при нанесении препарата на область половых органов и паховых складок.
Курс лечения 7 дней, максимальная длительность лечения - 2 недели.
Меры, которые необходимо принять в случае передозировки
Симптомы: симптомы острой передозировки не описаны, однако при чрезмерном или длительном применении препарата возможна хроническая передозировка, сопровождающаяся описанными побочными реакциями.
Лечение: симптоматическая терапия.
Описание нежелательных реакций, которые проявляются при стандартном применении ЛП и меры, которые следует принять в этом случае (при необходимости)
Как правило, Травазол хорошо переносится, даже при нанесении на чувствительную кожу.
Редко
- раздражение, зуд, чувство жжения на месте нанесения, эритема, везикуляция, сухость, мацерация. Эти явления носят легкий и временный характер и являются результатом влияния глюкокортикоидов и исчезают в процессе лечения,
- аллергические реакции к какому-либо компоненту препарата.
Эффекты, обусловленные действием ГКС
- при применении на обширных участках (10% поверхности кожи и более) и в течение длительного времени (более 4 недель) (и/или при использовании окклюзионной повязки) возможны атрофия кожи, телеангиэктазии, стрии, акнеформный дерматит, фолликулит, периоральный дерматит, гипертрихоз, присоединение вторичной бактериальной инфекции, потемнение кожи, а также системные побочные эффекты (подавление функции гипоталамо-гипофизарно-надпочечниковой системы) вследствие абсорбции ГКС.
Дополнительные сведения
Состав лекарственного препарата
15 г препарата содержат
активные вещества: изоконазола нитрат 0.150 г, дифлукортолона валерат 0.015 г,
вспомогательные вещества: минеральное масло № 6 (парафин жидкий), твин 60, натрия ЭДТА, вазелин, ланетта О (спирт кетостеариловый), арлацел 60 (сорбитана стеарат), вода очищенная.
Описание внешнего вида, запаха, вкуса
Белый гомогенный крем без запаха.
Форма выпуска и упаковка
По 15 г препарата в алюминиевую тубу с завинчивающейся крышкой белого цвета из полипропилена.
По 1 тубе вместе с инструкцией по медицинскому применению на казахском и русском языках помещают в пачку из картона.
Срок хранения
5 лет
Не применять по истечении срока годности!
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 25 °С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Условия отпуска из аптек
По рецепту
Саудалық атауы
Травазол
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
Крем, 15 г
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология.Кортикостероидтар, дерматологиялық препараттар. Кортикостероидтар,басқа біріктірілімдер. Күшті әсер ететін кортикостероидтар, басқа біріктірілімдер.
АТХ коды D07ХС
Қолданылуы
- айқын қабыну немесе экзема тәрізді тері симптомдарымен, мысалы қолдарында, табанның саусақ арасы бөліктерінде, сондай-ақ шап аймағында және жыныс мүшелерінің аймағында болатын тері беткейінің зеңді инфекцияларын бастапқы немесе кезеңді емдеу.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- туберкулез
- мерез
- желшешек, белдемелі теміреткі
- розацеа, периоральді дерматит және препарат жаққан жердегі вакцинадан кейінгі тері реакциялары
- тірі вирустық вакцинамен вакцинация кезеңінде
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар
Травазол окклюзиялық таңғышсыз пайдаланылуы тиіс.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған.
Арнайы ескертулер
Травазол препараты тек сыртқа қолдануға арналған. Әсері болмағанда немесе кез келген жағымсыз реакциялар пайда болғанда препарат қолдануды тоқтатып, дәрігерге қаралу қажет екендігі тұрғысында пациентке ескерту керек.
Кремді көзге және ашық жара беткейіне тигізіп алмау керек.
Розацеа немесе периоральді дерматиті бар пациенттер препаратты бет терісіне жақпағандары дұрыс.
Бактериялық дерматоздар және/немесе дерматомикоздар болғанда Травазолмен емдеуге қосымша ретінде арнайы антибактериялық ем жүргізген жөн.
Ұзақ уақыт бойы жергілікті глюкокортикостероидтардың шамадан тыс көп мөлшерін терінің ауқымды беткейіне, әсіресе окклюзиялық таңғыш астына жағу, жағымсыз әсерлерінің даму қаупін едәуір арттырады.
Жүйелік кортикостероидтарды қолданғандағы сияқты, жергілікті кортикостероидтарды қолданған кезде глаукома дамуы мүмкін (мысалы, үлкен дозалардан кейін, немесе препаратты ұзақ уақыт бойы ауқымды түрде жаққанда, окклюзиялық таңғыштар қолданғанда немесе препаратты көз маңы терісіне жаққанда).
Саусақтар арасы бөліктерінің инфекциялары кезінде Травазол кремі жағылған дәке жолақтарын саусақтар арасына салған дұрыс болады.
Инфекцияның қайталануын болдырмас үшін жеке гигиена ережелерін сақтаған жөн (сүлгіні, іш киімді (мақтадан болған абзал) күнделікті ауыстыру және қайнату).
Травазолмен емдеу әсеріне қол жеткізу үшін гигиена шараларын тұрақты сақтау өте маңызды. Табанды әрбір жуған сайын саусақтар арасы аймағын құрғағанша мұқият сүрту керек, ал шұлық пен колготкиді күнделікті ауыстыру керек.
Травазол құрамында кетостеарил спирті бар, ол жергілікті тері реакциясын (жанаспалы дерматит) туғызуы мүмкін.
Пациент басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдауы туралы дәрігерді хабардар етуі тиіс.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Травазолды терінің зақымданған бөліктеріне жұқалап жағып, жеңіл ысқылайды – ем-шараны тәулігіне 2 рет жүргізеді (таңертең және түнде). Травазолмен емдеуді қабыну үдерісі регрессиясынан кейін тоқтатып, емдеуді құрамында глюкокортикостероидтар (ГКС) жоқ креммен жалғастыру керек. Препаратты жыныс мүшелері аймағы мен шап қатпарларына жағу кезінде мұның маңызы зор.
Емдеу курсы 7 күн, ең ұзақ емдеу - 2 апта.
Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар
Симптомдары: жедел артық дозалану симптомдары сипатталмаған, алайда препаратты шамадан тыс немесе ұзақ қолданғанда сипатталған жағымсыз реакциялармен қатар жүретін созылмалы артық дозалану орын алуы мүмкін.
Емі: симптоматикалық ем.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда (қажет болса) қабылдау керек шаралар
Әдетте, Травазол сезімтал теріге жаққан кезде де жақсы көтерімді.
Сирек
- тітіркену, қышыну, жаққан жерде күйдіруді сезіну, эритема, везикуляция, құрғау, мацерация. Бұл құбылыстар жеңіл және уақытша сипатта болады және глюкокортикоидтар әсерінің нәтижесі болып табылады әрі емдеу үдерісінде жоғалып кетеді,
- препарат компонентінің қандай да біріне аллергиялық реакциялар.
ГКС әсер етуіне негізделген әсерлері
- ауқымды бөліктерге (тері беткейінің 10% және одан көп) және ұзақ уақыт бойы (4 аптадан астам) қолданғанда (және/немесе окклюзиялық таңғышты пайдаланғанда) тері атрофиясы, телеангиэктазия, стрия, акне пішінді дерматит, фолликулит, периоральді дерматит, гипертрихоз, салдарлы бактериялық жұқпаның қосылуы, терінің қараюы, сондай-ақ ГКС сіңірілуі салдарынан жүйелік жағымсыз әсерлері (гипоталамо-гипофизарлық-бүйрек үсті бездері жүйесі функциясының бәсеңдеуі) болуы мүмкін.
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
15 г препараттың құрамында
белсенді заттар: 0.150 г изоконазол нитраты, 0.015 г дифлукортолон валераты,
қосымша заттар: минерал майы № 6 (сұйық парафин), твин 60, натрий ЭДТА, вазелин, ланетта О (кетостеарил спирті), арлацел 60 (сорбитан стеараты), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Иіссіз гомогенді ақ крем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
15 г препараттан полипропиленнен жасалған ақ түсті бұрандалы қақпағы бар алюминий сықпада.
1 сықпа медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жердесақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы