Торговое наименование Терикс® Международное непатентованное название Цетиризин Лекарственная форма, дозировка Таблетки, покрытые оболочкой, 10 мг Фармакотерапевтическая группа Респираторная система. Антигистаминные препараты системного действия. Пиперазина производные. Цетиризин. Код АТХ R06АE07 Показания к применению Для взрослых и детей старше 6 лет - облегчение назальных и глазных симптомов сезонного и круглогодичного аллергического ринита - облегчение симптомов хронической идиопатической крапивницы Перечень сведений, необходимых до начала применения Противопоказания - гиперчувствительность к действующему веществу, к любому из вспомогательных веществ, к гидроксизину или любому производному пиперазина в анамнезе - тяжелая почечная недостаточность (клиренс креатинина менее 10 мл/мин) - наследственная непереносимость фруктозы, галактозы, дефицит фермента Lapp-лактазы, мальабсорбция глюкозы-галактозы - период лактации - детский возраст до 6 лет Необходимые меры предосторожности при применении В терапевтических дозах не отмечено значимого клинического взаимодействия с алкоголем (при уровне алкоголя в крови 0,5 г/л). Тем не менее, рекомендуется соблюдать осторожность, если алкоголь принимается одновременно с препаратом. У пациентов с повышенной чувствительностью, при одновременном применении препарата с алкоголем или другими депрессантами ЦНС, может возникнуть дополнительное снижение внимания и ухудшение производительности. Препарат содержит 64 мг лактозы. Пациенты с наследственной непереносимостью галактозы, дефицитом Lapp-лактазы или мальабсорбцией глюкозо-галактозы не должны принимать данный препарат. Одновременное применение цетиризина и оральных контрацептивов не снижает эффективность контрацептивных препаратов. После прекращения лечения возможно появление крапивницы и/или зуда, даже при их отсутствии до начала терапии. Данные симптомы могут быть выраженными, и в некоторых случаях потребовать возобновление приема препарата. После перезапуска терапии симптомы проходят. Взаимодействия с другими лекарственными препаратами В связи с фармакокинетическим и фармакодинамическим профилем цетиризина взаимодействие с этим антигистаминным препаратом отсутствует. В исследованиях лекарственного взаимодействия, проведенных с псевдоэфедрином или теофиллином (400 мг/сут), наблюдалось отсутствие значимых фармакодинамических или фармакокинетических взаимодействий. Степень всасывания цетиризина при приеме с пищей не снижается, однако скорость всасывания уменьшается. У чувствительных пациентов одновременное употребление алкоголя или других депрессантов ЦНС может вызвать дополнительное снижение внимательности и ухудшение работоспособности. Отдельно цетиризин данным эффектом не обладает, но потенцируется действием алкоголя (0,5 г / л в крови). Специальные предупреждения Следует учитывать повышенный риск развития судорог у пациентов с эпилепсией. Особое внимание рекомендуется обратить пациентам с факторами предрасполагающими к задержке мочи (например, проблемы со спинным мозгом, гиперплазия предстательной железы), так как цетиризин может увеличить риск возникновения задержки мочи. Применение в педиатрии Данная лекарственная форма не применяется у детей до 6 лет. Беременность и период лактации Необходимо соблюдать осторожность при применении препарата в период беременности. Цетиризин выделяется с грудным молоком. Поэтому, не рекомендуется применять препарат в период лактации. Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами Не следует превышать рекомендуемую дозу (10 мг), необходимо контролировать реакцию своего организма на препарат. В случае появления сонливости, следует воздержаться от управления транспортным средством, участия в потенциально опасных видах деятельности. Рекомендации по применению Режим дозирования Детям в возрасте от 6 до 12 лет По 5 мг (½ таблетки) 2 раза в день. Взрослым и детям старше 12 лет По 10 мг (1 таблетка) 1 раз в день. Пожилые пациенты При нормальном функционировании почек, коррекция дозы для данных пациентов не требуется. Пациенты с печеночной недостаточностью Нет необходимости в коррекции дозы пациентам, имеющим только печеночную недостаточность. Пациенты с печеночной и почечной недостаточностью Рекомендуется коррекция дозы с учетом выраженности почечной недостаточности. Пациенты с почечной недостаточностью У данных пациентов, доза препарата и интервал между приемами должны быть подобраны индивидуально, в зависимости от функции почек (с учетом уровня креатинина в крови).
Группа |
Клиренс
креатинина, мл/мин |
Доза и
частота приёма |
Нормальная функция почек |
≥80 |
10 мг 1 раз в день |
Умеренное нарушение функции почек |
50-79 |
10 мг 1 раз в день |
Нарушение функции почек средней степени |
30-49 |
5 мг 1 раз в день |
Тяжёлое нарушение функции почек |
˂30 |
5 мг 1 раз в 2 дня |
Почечная недостаточность, диализ |
≤10 |
Противопоказано |
У детей с почечной недостаточностью, доза должна быть скорректирована индивидуально (с учетом почечного клиренса, возраста и массы тела ребенка). Метод и путь введения Для приема внутрь. Частота применения с указанием времени приема Принимать независимо от приема пищи. Частоту приема см. в разделе «Режим дозирования». Длительность лечения Длительность лечения зависит от показаний к применению и определяется врачом. Меры, которые необходимо принять в случае передозировки Симптомы передозировка цетиризина, в основном, связаны с эффектами ЦНС или с эффектами, предполагающими антихолинергическую активность. При приеме дозы, превышающей, по крайней мере в 5 раз, рекомендуемую суточную дозу, возможны симптомы: спутанность сознания, диарея, головокружение, усталость, головная боль, недомогание, расширение зрачков, зуд, беспокойство, седативный эффект, сонливость, ступор, тахикардия, тремор, задержка мочи. Лечение: при первых симптомах передозировки - промывания желудка, симптоматическая и поддерживающая терапия. Специфического антидота нет. Диализ неэффективен. Указание на наличие риска симптомов отмены После прекращения лечения возможно появление крапивницы и/или зуда, даже при их отсутствии до начала терапии. Данные симптомы могут быть выраженными, и в некоторых случаях потребовать возобновление приема препарата. После перезапуска терапии симптомы проходят. Рекомендации по обращению за консультацией к медицинскому работнику для разъяснения способа применения лекарственного препарата При наличии вопросов по применению препарата обратитесь к лечащему врачу или работнику аптеки. Описание нежелательных реакций, которые проявляются при стандартном применении ЛП и меры, которые следует принять в этом случае Очень редко - тромбоцитопения - анафилактический шок - тики - дисгевзия, дискинезия, дистония, обморок, тремор - нарушение аккомодации, ухудшение зрения, окулогирация - ангионевротический отек, фиксированная лекарственная сыпь - дизурия, энурез Нечасто - возбуждение - парестезия - диарея - зуд, сыпь - астения, недомогание Редко - гиперчувствительность - агрессия, растерянность, депрессия, галлюцинации, бессонница - судороги, двигательные расстройства - тахикардия - нарушение печеночной функции (увеличенные трансаминазы, щелочной фосфатазы, γ-GT и билирубина) - крапивница - увеличение веса. Неизвестно - повышенный аппетит - суицидальные мысли - амнезия, нарушение памяти - головокружение - задержка мочи Дополнительные сведения Состав лекарственного препарата Одна таблетка содержит: активное вещество - цетиризина дигидрохлорид, 10.00 мг вспомогательные вещества: крахмал кукурузный, лактоза, повидон К-30, магния стеарат; Состав оболочки Sheffcoat White 04 5X00257 / 5X00266: гидроксипропилметилцеллюлоза 6 cps, титана диоксид (Е 171), полиэтиленгликоль 400. Описание внешнего вида, запаха, вкуса Таблетки продолговатой формы, покрытые пленочной оболочкой белого цвета, с риской с обеих сторон. Форма выпуска и упаковка По 10 таблеток помещают в контурную ячейковую упаковку из поливинилиденхлорида (ПВДХ) и фольги алюминиевой. По 1 контурной ячейковой упаковке вместе с инструкцией по медицинскому применению на казахском и русском языках вкладывают в пачку картонную. Срок хранения 3 года Не применять по истечении срока годности! Условия хранения Хранить в сухом месте при температуре не выше 25 оС. Хранить в недоступном для детей месте! Условия отпуска из аптек По рецепту
Саудалық атауы Терикс® Халықаралық патенттелмеген атауы Цетиризин Дәрілік түрі, дозалануы Қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг Фармакотерапиялық тобы Респираторлық жүйе. Жүйелі әсер ететін антигистаминдік препараттар. Пиперазин туындылары. Цетиризин. АТХ коды R06АE07 Қолданылуы Ересектер мен 6 жастан асқан балалар үшін маусымдық және жыл бойғы аллергиялық риниттің мұрын мен көздегі симптомдарын жеңілдету үшін созылмалы идиопатиялық есекжем симптомдарын жеңілдету Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі Қолдануға болмайтын жағдайлар - әсер етуші затына, қосымша заттарының кез келгеніне, анамнездегі, гидроксизинге немесе пиперазин туындыларының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10 мл/минуттан аз) - тұқым қуалайтын фруктоза, галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы - лактация кезеңі - 6 жасқа дейінгі балаларға Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары Емдік дозаларында алкогольмен клиникалық тұрғыдан елеулі өзара әрекеттесулері байқалмады (алкогольдің қандағы 0,5 г/л деңгейі жағдайында). Дегенмен, егер алкоголь препаратпен бір мезгілде қабылданса, сақтық таныту ұсынылады. Сезімталдығы жоғары пациенттерде препаратты алкогольмен немесе ОЖЖ басқа депрессанттарымен бір мезгілде қолданғанда, зейін қоюдың қосымша төмендеуі және қабілеттіліктің нашарлауы туындауы мүмкін. Препараттың құрамында 64 мг лактоза бар. Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер препаратты қабылдамауы тиіс. Цетиризин мен оральді контрацептивтерді бір мезгілде қолдану, контрацептивтік препараттардың тиімділігін төмендетпейді. Емдеуді тоқтатқаннан кейін, тіпті олар емдеуді бастағанға дейін болмаса да, есекжем және/немесе қышыну пайда болуы мүмкін. Аталған симптомдар айқын болуы, және кей жағдайларда препаратты қабылдауды қайта бастауды қажет етуі мүмкін. Емдеуді қайта бастағаннан кейін симптомдар басылады. Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі Цетиризиннің фармакокинетикалық және фармакодинамикалық бейініне байланысты, бұл антигистаминдік препаратпен өзара әрекеттестік болмайды. Псевдоэфедринмен немесе теофиллинмен (тәулігіне 400 мг) жүргізілген, дәрілермен өзара әрекеттесулерін зерттеулерде елеулі фармакодинамикалық немесе фармакокинетикалық өзара әрекеттесулердің болмағаны байқалды. Тамақпен бірге қабылдағанда цетиризиннің сіңірілу дәрежесі төмендемейді, алайда, сіңірілу жылдамдығы азаяды. Сезімтал пациенттерде алкогольді немесе ОЖЖ басқа депрессанттарын бір мезгілде қолдану зейін қоюдың қосымша төмендеуін және еңбекке қабілеттіліктің нашарлауын туғызуы мүмкін. Цетиризиннің өзінің ондай әсері жоқ, бірақ алкогольдің (қандағы 0,5 г / л) әсері күшейеді. Арнайы ескертулер Эпилепсиясы бар пациенттерде құрысулардың дамуы қаупінің жоғарылығын ескеру керек. Несеп іркілісіне бейімдейтін факторлары (мысалы, жұлынға қатысты қиындықтары, қуықасты безінің гиперплазиясы) бар пациенттерге ерекше көңіл бөлу ұсынылады, өйткені цетиризин несеп іркілісінің туындауы қаупін арттыруы мүмкін. Педиатрияда қолдану Бұл дәрілік түрі 6 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды. Жүктілік және лактация кезеңі Препаратты жүктілік кезінде қолданғанда сақтық таныту қажет. Цетиризин емшек сүтімен бөлініп шығады. Сондықтан, препаратты лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды. Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Ұсынылған дозасын (10 мг) арттырмау керек, өз организміңіздің препаратқа реакциясын бақылау қажет. Ұйқышылдық пайда болған жағдайда, көлік құралын басқарудан, қауіптілігі зор қызмет түрлеріне атсалысудан бас тарту керек. Қолдану жөніндегі нұсқаулар Дозалану режимі 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға Күніне 2 рет 5 мг-ден (½ таблетка). Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға Күніне 1 рет 10 мг (1 таблетка). Егде жастағы пациенттер Аталған пациенттер үшін, бүйрек функциясы қалыпты болған жағдайда дозасын түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Тек бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозасын түзету қажет емес. Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозасын бүйрек жеткіліксіздігінің айқындығын ескере отырып түзету ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Аталған пациенттерде, препараттың дозасы мен қабылданулары арасындағы аралық бүйрек функциясына байланысты (қандағы креатинин деңгейін ескере отырып) жекелей таңдалуы тиіс.
Топ |
Креатинин клиренсі, мл/мин |
Дозасы мен қабылдау
жиілігі |
Қалыпты бүйрек функциясы |
≥80 |
күніне 1 рет 10 мг |
Бүйрек функциясының болар-болмас бұзылуы |
50-79 |
күніне 1 рет 10 мг |
Бүйрек функциясының орташа дәрежедегі бұзылуы |
30-49 |
күніне 1 рет 5 мг |
Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы |
˂30 |
2 күнде 1 рет 5 мг |
Бүйрек жеткіліксіздігі, диализ |
≤10 |
Қарсы көрсетілімді |
Бүйрек жеткіліксіздігі бар балаларда дозасы жекелей (баланың бүйректік клиренсін, жас шамасы мен дене салмағын ескере отырып) түзетілуі тиіс. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Қабылдау уақыты көрсетілген қолданылу жиілігі Ас ішуге байланыссыз қабылдау керек. Қабылдану жиілігін «Дозалану режимі» бөлімінен қараңыз. Емдеу ұзақтығы Емдеудің ұзақтығы қолданылу көрсетілімдеріне тәуелді және дәрігер белгілейді. Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар Цетиризиннің артық дозалануының симптомдары негізінен, ОЖЖ әсерлерімен немесе антихолинергиялық белсенділігін білдіруі ықтимал әсерлерімен байланысты. Ұсынылған тәуліктік дозасынан кемінде 5 есе артық дозасын қабылдағанда, келесі симптомдар болуы мүмкін: сананың шатасуы, диарея, бас айналуы, шаршау, бас ауыруы, дімкәстану, қарашықтардың кеңеюі, қышыну, мазасыздық, тыныштандыратын әсері, ұйқышылдық, мелшию, тахикардия, тремор, несеп іркілуі. Емі: артық дозалануының алғашқы симптомдары жағдайларында – асқазанды шаю, симптоматикалық және демеуші ем. Арнайы антидоты жоқ. Диализ тиімсіз. Тоқтату симптомдары қаупінің бар-жоқтығы жөніндегі нұсқау Емдеуді тоқтатқаннан кейін, тіпті емдеуді бастағанға дейін болмаса да, есекжем және/немесе қышыну пайда болуы мүмкін. Аталған симптомдар айқын болуы, және кей жағдайларда препаратты қабылдауды қайта бастауды қажет етуі мүмкін. Емдеуді қайта бастағаннан кейін симптомдар басылады. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар Препаратты қолдану жөнінде сұрақтарыңыз болса, емдеуші дәрігерге немесе дәріхана қызметкеріне жүгініңіз. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар Өте сирек - тромбоцитопения - анафилаксиялық шок - тартылулар - дисгевзия, дискинезия, дистония, естен тану, тремор - аккомодация бұзылуы, көрудің нашарлауы, окулогирация - ангионевроздық ісіну, орныққан дәрілік бөртпе - дизурия, энурез Жиі емес - қозу - парестезия - диарея - қышыну, бөртпе - астения, дімкәстану Сирек - аса жоғары сезімталдық - озбырлық, абыржу, депрессия, елестеулер, ұйқысыздық - құрысулар, қимыл-қозғалыс бұзылыстары - тахикардия - бауыр функциясының бұзылуы (трансаминазаның, сілтілік фосфатазаның, γ-GT және билирубиннің жоғарылауы) - есекжем - салмақ жоғарылауы. Белгісіз - тәбеттің артуы - суицидтік ойлар - амнезия, жады бұзылуы - бас айналуы - несеп іркілуі Қосымша мәліметтер Дәрілік препараттың құрамы Бір таблетканың құрамында: белсенді зат - цетиризин дигидрохлориді, 10.00 мг қосымша заттар: жүгері крахмалы, лактоза, повидон К-30, магний стеараты; Sheffcoat White 04 5X00257 / 5X00266 қабығының құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза 6 cps, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль 400. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ұзынша пішінді, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жағында да сызығы бар таблеткалар. Шығарылу түрі және қаптамасы Поливинилиденхлорид (ПВДХ) пен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған Пішінді ұяшықты 1 қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. Сақтау мерзімі 3 жыл Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды! Сақтау шарттары Құрғақ жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек! Дәріханалардан босатылу шарттары Рецепт арқылы