г. AptekaOnline
Каталог

Секразол, 30 мг/5 мл, сироп д/перорал. прим. со вкусом земляники, 150 мл, пачка картонная

Действующее вещество :
Амброксола гидрохлорид
Дозировка:
30 мг/5 мл
Рецептурный отпуск:
Без рецепта
Срок хранения:
3 года
Цена от 950
Добавлено в корзину:
Наличие в аптеках
Характеристика
Описание
Генерик
Да
Дата регистрации
2018-01-15
Действующее вещество
Амброксола гидрохлорид
Дозировка
30 мг/5 мл
Единица упаковки
мл
Код товара
00-00004997
Количество / Объем
150
Лекарственная форма
Сироп для перорального применения
Описание упаковки
со вкусом земляники
Регистрационный номер
РК-ЛС-5№016348
Рецептурный отпуск
Без рецепта
Срок хранения
3 года
Торговое название
СЕКРАЗОЛ
Упаковка
Пачка картонная
Форма выпуска
По 150 мл во флаконе из стекла. По 1 флакону в пачке из картона.
Инструкция
Инструкции не найдены

Саудалық атауы

СЕКРАЗОЛ®

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Амброксол

 

Дәрілік түрі

30 мг/5 мл 150 мл шәрбат

 

Құрамы

5 мл шәрбат құрамында:

белсенді зат – 30 мг амброксол гидрохлориді;

қосымша заттар: 70% сорбитол, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий цитраты, лимон қышқылы моногидраты, бүлдірген хош иістендіргіші, тазартылған су. 

 

Сипаттамасы

Бүлдірген дәмі бар мөлдір, түссіз шәрбат.

 

Фармакотерапиялық тобы

Жөтел және суық тию симптомдарын жоюға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Муколитиктер. Амброксол.

АТХ коды R05CB06

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішу арқылы қолданғанда амброксол асқазан-ішек жолынан жақсы сіңіп, тіндерде және елеулі концентрацияларда өкпеде тез таралады. Қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы 1-2,5 сағаттан соң байқалады. Амброксол биожетімділігі 70% жуық. Плазма ақуыздарымен байланысу жылдамдығы 90% жуық құрайды. Амброксол 30% жуық бауырда метаболизденеді. Жартылай ыдырау кезеңі 10 сағатқа жуық құрайды. Амброксол белсенділігі жойылған, глюкуронидтермен байланысқан күйде несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Амброксол тыныс алу жолы секретін сұйылту әсерін көрсететін муколитик және қақырық түсіретін зат болып табылады. Секрецияны және қақыру мен жөтелуді жеңілдететін мукоцилиарлы клиренсті арттырады, тыныс алу жолының секреторлық қызметін қалыпқа түсіреді.

 

Қолданылуы

- трахея және бронхтарда қақырық іркілуімен қатар жүретін тыныс алу жолдарының жедел обструкциялық ауруларында (мысалы, бронхообструкциялық синдроммен созылмалы бронхит) қосымша симптоматикалық ем құрамында.

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Шәрбатты тамақтануға дейін немесе тамақтанудан кейін қоса берілген өлшеуіш стақан немесе өлшеуіш қасық көмегімен ішке қабылдап, жылы сұйықтықтың (су) жеткілікті мөлшерімен ішеді.

Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға

Әдетте ұсынылатын бастапқы дозасы - күніне 2 рет 5 мл (өлшеуіш стақанның 1/4 немесе 1 өлшеуіш қасық – 30 мг амброксол).

Емдеу ұзақтығы ауру ағымының ерекшеліктеріне байланысты және оны дәрігер бақылайды. Дозаны 14 күн емделуден соң жартылай азайтуға болады.

 

Жағымсыз әсерлері

Сирек ≥ 1/10,000 - < 1/1,000:

- бас ауыру, бас айналу,  ұйқышылдық, үрейлену

- жүрек айну, құсу, диарея, диспепсия, іштің ауыруы

- ауыз және тамақ гипестезиясы, дисгевзия,  ауыздың және тамақтың құрғауы

- аса жоғары сезімталдық реакциясы

- бөртпе, есекжем

Жиілігі белгісіз:

- анафилаксиялық реакциялар, анафилаксиялық шокты қоса,

- ангионевроздық ісіну, қышыну

- терінің күрделі жағымсыз реакциялары (cоның ішінде мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, жедел жайылған экзантематозды пустулез)

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- анамнездегі бромгексинге немесе оның метаболиті - амброксолға аса жоғары сезімталдық

- асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы

- этиологиясы әртүрлі құрысу синдромдары

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы

- жүктіліктің алғашқы триместрі және лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балалар

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

СекразолДЫ® бірге қолдану:

- атропинмен және амантадин, трицикл антидепрессанттары, галоперидол, гистаминді Н1 рецепторлар блокаторлары сияқты холинергияға қарсы әсерлері бар басқа препараттармен және, ипратропиум қоспағанда, кірпікшелі эпителий белсенділігін бәсеңдетіп, мукоцилиарлы клиренсті төмендететін прокаинамидпен – секрет жиналуына әкелуі мүмкін

- жөтелге қарсы препараттардың жоғары дозаларымен – жөтел рефлексінің бәсеңдеуіне әкеледі, демек, амброксол әсерінен көп мөлшерде түзілген бронх секретінің шығарылуы қиындайды.

Кодеинмен немесе құрамында кодеин бар жөтелге қарсы басқа препараттармен Секразол® қолдану ұсынылмайды.

Біріктіріп қолданғанда бактерияға қарсы дәрілердің (ампициллин, амоксициллин және т.б.) тиімділігін күшейтіп, олардың бронх секретіне өтуін арттырады.

 

Айрықша нұсқаулар

Амброксол гидрохлоридін қолданғанда эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз және жедел жайылған экзантематозды пустулез сияқты терінің ауыр зақымдану жағдайлары тіркелген. Олар, ең алдымен, негізгі аурудың ауырлығы және қатар жүргізілетін ем себебінен болады. Бұдан бөлек, Стивенс-Джонсон синдромының және уытты эпидермалық некролиздің ерте сатысында пациенттерде келесі симптомдармен спецификалық емес аурудың басталу белгілері көрініс беруі мүмкін: дене температурасының көтерілуі, бүкіл дененің ауыруы, ринит, жөтел және тамақтың ауыруы. Бұл белгілердің  білінуі суық тиюге қарсы препараттармен керексіз симтоматикалық емделуге әкелуі мүмкін. Тері зақымданулары білінген жағдайда пациент дереу дәрігерге қаралуы және препарат қабылдауды тоқтатуы тиіс.

Бауырда өндірілетін метаболиттерге тағайындалғанда сақтық шарасын қадағалау қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктіліктің бірінші триместрінде амброксол тағайындауға болмайды. Жүктіліктің екінші және үшінші кезеңінде емдеуші дәрігер пайда/қауіп арақатынасына мұқият талдау жасаған соң анасы үшін емнің зор пайдасы мен шаранаға төнуі мүмкін қауіпті бағалау керек.  

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері  

Препараттың автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі туралы деректер жоқ. Жағымсыз әсерлерін ескеріп, сақтық шарасын қадағалау керек.

 

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлер күшеюі.

Емі:  Симптоматикалық ем. Арнайы антидоты жоқ.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғашқы ашылуы бақыланатын және бұралатын қақпағы бар күңгірт шыныдан жасалған  құтыларда 150 мл. Құтыға заттаңбалық немесе жазба қағаздан жасалған қағаз заттаңба жапсырылады.

Өлшеуіш қасықпен немесе өлшеуіш стақанмен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 1 құтыдан картон  қорапшаға салынады.

 

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптаманы алғаш ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 6 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз