Торговое название
Рибоксин
Международное непатентованное название
Инозин
Лекарственная форма
Таблетки, покрытые оболочкой 200 мг
Состав
Одна таблетка содержит
активное вещество – инозин (в пересчете на 100% вещество) – 200 мг;
вспомогательные вещества: крахмал картофельный, повидон, сахароза, кислота стеариновая, опадрай II (содержит: спирт поливиниловый, частично гидролизованный, тальк, макрогол 3350, окрашивающий пигмент желтого цвета (содержит титана диоксид E 171, железа оксид желтый E 172, алюминиевый лак на основе желтого хинолинового Е 104)).
Описание
Таблетки, покрытые оболочкой, желтого цвета, с двояковыпуклой поверхностью. На поперечном разрезе видны два слоя.
Фармакотерапевтическая группа
Сердечно-сосудистая система. Препараты для лечения заболеваний сердца. Кардиологические препараты другие.
Код АТХ С01ЕВ
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Хорошо абсорбируется в желудочно-кишечном тракте. Метаболизируется в печени с образованием глюкуроновой кислоты и последующим ее окислением. В незначительном количестве выделяется почками.
Фармакодинамика
Метаболическое средство, предшественник аденозинтрифосфата, оказывает антигипоксическое, метаболическое и антиаритмическое действие. Повышает энергетический баланс миокарда, улучшает коронарное кровообращение, предотвращает последствия интраоперационной ишемии почек. Принимает непосредственное участие в обмене глюкозы и способствует активизации обмена в условиях гипоксии и при отсутствии аденозинтрифосфата.
Активирует метаболизм пировиноградной кислоты для обеспечения нормального процесса тканевого дыхания, а также способствует активированию ксантин-дегидрогеназы. Стимулирует синтез нуклеотидов, усиливает активность некоторых ферментов цикла Кребса. Проникая в клетки, повышает энергетический уровень, оказывает положительное действие на процессы обмена в миокарде, увеличивает силу сокращений сердца и способствует более полному расслаблению миокарда в диастоле, в результате чего возрастает ударный объем крови.
Снижает агрегацию тромбоцитов, активирует регенерацию тканей (особенно миокарда и слизистой оболочки желудочно-кишечного тракта).
Показания к применению
В составе комплексной терапии:
- взрослым в комплексной терапии при ишемической болезни сердца, миокардиодистрофии, после инфаркта миокарда, нарушений ритма сердца, обусловленных применением сердечных гликозидов;
- гепатитах, циррозе, жировой дистрофии печени, вызванной алкоголем или лекарственными средствами, обострении порфирии.
Применять строго по назначению врача!
Способ применения и дозы
Применяют внутрь до еды.
Взрослым назначают в суточной дозе 600-2400 мг. Лечение начинают с применения 200 мг 3-4 раза в день. При отсутствии нежелательного действия, через 2-3 дня дозу повышают до 400 мг 3 раза в день. Продолжая повышение дозы каждые 2-3 дня, переходят на прием Рибоксина в дозе 400 мг вначале 4 раза в день, а затем – 6 раз в день. Курс лечения составляет 1-3 месяца.
При обострении порфирии препарат назначают по 400 мг 4 раза в день ежедневно в течение 1-3 месяцев.
Побочные действия
Со стороны иммунной системы, кожи и подкожной клетчатки: аллергические/анафилактические реакции (в т.ч. зуд, гиперемия кожи, крапивница, сыпь, анафилактический шок).
Со стороны обмена веществ, метаболизма: гиперурикемия, при длительном применении в больших дозах возможно обострение подагры.
Со стороны сердечно-сосудистой системы: тахикардия, артериальная гипотензия, может сопровождаться головной болью, одышкой, головокружением, тошнотой, рвотой, потливостью.
Прочие: повышение уровня мочевой кислоты в крови, общая слабость.
Противопоказания
- подагра;
- гиперчувствительность к Рибоксину;
- брадиаритмии 2-3 степени;
- cиндром слабости синусового узла;
- WPW – синдром, симптом Морганьи - Адамса – Стокса;
- детский и подростковый возраст до 18 лет.
Лекарственные взаимодействия
Усиливает эффекты анаболических стероидов и нестероидных анаболических средств при одновременном применении.
Ослабляет бронхолитический эффект теофиллина и психостимулирующее действие кофеина.
Несовместим с алкалоидами, при взаимодействии с ними происходит отделение основы алкалоида и образование нерастворимых соединений.
С танином образует осадок.
Несовместим с кислотами и спиртами, солями тяжелых металлов. Несовместим с витамином В6(пиридоксина гидрохлорид), поскольку возникает дезактивация обоих соединений.
При приеме с бета-адреноблокаторами эффект Рибоксина не уменьшается.
При сочетании с сердечными гликозидами препарат может предотвращать возникновение аритмий и усиливать инотропное действие.
Рибоксин может усиливать эффекты гепарина, увеличивая продолжительность его действия.
Совместное применение с гипоуремическими средствами ослабляет их эффект.
Возможно одновременное применение с нитроглицерином, нифедипином, фуросемидом, спиронолактоном.
Особые указания
При почечной недостаточности применение препарата возможно только тогда, когда по мнению врача, ожидаемый положительный эффект превышает возможный риск.
Во время лечения следует регулярно контролировать уровень мочевой кислоты в крови.
Лекарственное средство содержит сахарную пудру, что следует учитывать больным сахарным диабетом.
Рибоксин не применяется для экстренной коррекции нарушений деятельности сердца.
При появлении зуда и гиперемии кожи следует прекратить применение препарата.
Данное лекарственное средство противопоказано пациентам с редкой врожденной непереносимостью фруктозы или глюкозо-галактозной мальабсорбцией.
Применение в педиатрической практике
В связи с отсутствием данных применение лекарственного средства детям до 18 лет не рекомендовано.
Беременность и период лактации
Рибоксин назначается в период беременности и лактации с учетом пользы/риска.
Особенности влияния лекарственного препарата на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Прием Рибоксина не отражается на способности пациента к управлению автотранспортным средством или иной операторской деятельности.
Передозировка
При наличии явлений индивидуальной непереносимости лекарственное средство отменяют и проводят десенсибилизирующую терапию. Возможно повышение уровня мочевой кислоты в крови, которое у больных подагрой ведет к обострению, требующему отмены препарата.
Форма выпуска и упаковка
По 10 таблеток в контурную ячейковую упаковку из пленки поливинилхлоридной или плёнки из непластифицированного ПВХ для упаковки лекарственных препаратов и гибкой упаковки на основе алюминиевой фольги или фольги алюминиевой печатной лакированной или материала комбинированного на основе фольги.
5 контурных ячейковых упаковок вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона хром-эрзац илииз картона целлюлозного.
Условия хранения
В сухом, защищенном от света месте, при температуре не выше 25ºС.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
3 года
Не применять по истечении срока годности.
Условия отпуска из аптек
По рецепту.
Саудалық атауы
Рибоксин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Инозин
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған таблеткалар 200 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – инозин (100% затқа шаққанда) – 200 мг;
қосымша заттар: картоп крахмалы, повидон, сахароза, стеарин қышқылы, опадрай II (құрамында: поливинил спирті, ішінара гидролизденген, тальк, макрогол 3350), сары түсті пигмент бояғышы, (құрамында титанның қостотығы E 171, темірдің сары тотығы E 172, хинолинді сары негізіндегі алюминий лагы Е 104).
Сипаттамасы
Екі беті дөңес, сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимасында екі қабаты көрінеді.
Фармакотерапиялық тобы
Жүрек-қантамыр жүйесі. Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар. Басқа кардиологиялық препараттар.
АТХ коды С01ЕВ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препарат асқазан-ішек жолында жақсы сіңіріледі. Глюкурон қышқылын түзе және артынан оны тотықтандыра отырып, бауырда метаболизденеді. Болымсыз мөлшерде бүйрекпен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Метаболизмдік дәрі, аденозинтрифосфаттың ізашары; гипоксияға қарсы, метаболизмдік және аритмияға қарсы әсер етеді. Миокардтағы энергетикалық теңгерімді арттырады, коронарлық қан айналымын жақсартады, бүйректің операция ішілік ишемиясы салдарын болдырмайды. Глюкоза алмасуына тікелей қатысады және гипоксия жағдайы мен аденозинтрифосфат жоқ болғанда зат алмасудың белсенділенуіне ықпал етеді. Тіндік тыныс алудың қалыпты үдерісін қамтамасыз ету үшін пирожүзім қышқылының метаболизмін белсендіреді, сондай-ақ ксантиндегидрогеназаның белсенділенуіне ықпал етеді. Нуклеотидтер синтезін көтермелейді, Кребс циклының кейбір ферменттері белсенділігін күшейтеді. Жасушаларға өте отырып, энергетикалық деңгейін жоғарылатады, миокардтағы алмасу үдерісіне оңды әсер етеді, жүректің жиырылу күшін ұлғайтады және диастолада миокардтың барынша толық босаңсуына ықпал етеді, соның нәтижесінде қанның екпінді көлемі артады.
Тромбоциттер агрегациясын төмендетеді, тіндер регенерациясын (әсіресе, миокард пен асқазан-ішек жолы шырышты қабығының) белсенді етеді.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында:
- ересектерге жүректің ишемиялық аурулары, миокардиодистрофия кезінде, миокард инфарктісінен кейін, жүрек гликозидтерін қолдануға байланысты жүрек ырғағының бұзылуында;
- гепатитте, циррозда, алкоголь немесе дәрілік заттар туындатқан бауырдың майлы дистрофиясында, порфирия өршуі.
Қатаң түрде дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек!
Қолдану тәсілі мен дозалары
Ішке, тамақтануға дейін қабылдайды.
Ересектерге 600-2400 мг тәуліктік дозада тағайындау керек. Емді күніне 3-4 рет 200 мг қабылдаудан бастайды. Жағымсыз әсерлері болмаған жағдайларда 2-3 күннен кейін дозаны күніне 3 рет 400 мг дейін көтереді. Әрбір 2-3 күнде дозаны жоғарылатуды жалғастыра отырып, Рибоксинді 400 мг дозада алдымен күніне 4 рет, ал содан кейін күніне –6 рет қабылдауға көшеді. Емдеу курсы 1-3 айды құрайды.
Порфирия өршігенде препаратты күніне 4 рет 400 мг, күнделікті, 1-3 ай бойы тағайындайды.
Жағымсыз әсерлері
Иммун жүйесі, тері және тері асты шелі тарапынан: аллергиялық/ анафилаксиялық реакциялар (оның ішінде қышыну, тері гиперемиясы, есекжем, бөртпе, анафилаксиялық шок).
Зат алмасу, метаболизм тарапынан: гиперурикемия, жоғары дозада ұзақ қолданғанда подаграның өршуі мүмкін.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: бас ауыруы, ентігу, бас айналуы, жүрек айнуы, құсу, тершеңдікпен қатар жүруі мүмкін тахикардия, артериялық гипотензия.
Басқалары: қанда несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы, жалпы әлсіздік.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- подагра;
- Рибоксинге жоғары сезімталдық;
- 2-3 дәрежедегі брадиаритмия;
- синусты түйіннің әлсіздігі cиндромы;
- WPW – синдромы, Морганьи – Адамс – Стокс симптомы;
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Бір мезгілде қолданғанда анаболикалық стероидтар мен стероидты емес анаболикалық дәрілердің әсерлерін күшейтеді.
Теофиллиннің бронхолитикалық әсері мен кофеиннің психостимуляциялайтын әсерін азайтады.
Алкалоидтармен үйлеспейді, олармен өзара әрекеттесу кезінде алкалоид негізінің бөлінуі және ерімейтін қосылыстардың түзілуі жүреді.
Танинмен шөгінді түзеді.
Қышқылдармен, спирттермен, ауыр металл тұздарымен үйлеспейді. В6дәруменімен (пиридоксин гидрохлориді) үйлесімсіз, өйткені екі қосылыстың дезактивациясы туындайды.
Бета-адреноблокаторлармен қабылдаған кезде Рибоксин әсері азаймайды.
Жүрек гликозидтерімен үйлесімде препарат аритмияның пайда болуына жол бермейді және инотропты әсерін күшейтеді.
Рибоксин гепариннің әсерін күшейтеді, оның әсерінің ұзақтығын арттырады.
Гипоуремиялық дәрілермен бірге қолдану олардың әсерін бәсеңдетеді.
Нитроглицеринмен, нифедипинмен, фуросемидпен, спиронолактонмен бір мезгілде қолдануға болады.
Айрықша нұсқаулар
Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде күтілетін жағымды әсері дәрігердің пікірі бойынша ықтимал қаупінен асып түскенде ғана препаратты қолдануға болады.
Емдеу кезінде қандағы несеп қышқылы деңгейін ұдайы бақылап отыру керек.
Дәрілік заттың құрамында қант ұнтағы бар, осының қант диабетімен науқастар ескерулері керек.
Рибоксин жүрек қызметінің бұзылуларын шұғыл түзету үшін қолданылмайды.
Қышыну және тері гиперемиясы кезінде препарат қолдануды тоқтату керек.
Осы дәрілік заттты сирек туа біткен фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Педиатриялық тәжірибеде қолдану
Деректер болмауына байланысты дәрілік заттарды 18 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Рибоксин жүктілік және лактация кезеңінде пайда/қаупін ескеріп тағайындалады.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Рибоксинді қабылдау пациенттің көлік құралын басқару немесе басқа да операторлық қызметтермен айналысу қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Жекелей жақпаушылық белгілері болған жағдайда дәрілік затты қабылдауды тоқтатады және десенсибилизациялайтын ем жүргізеді. Қандағы несеп қышқылы деңгейі жоғарылауы мүмкін, ол подаграмен ауруларда препаратты қабылдауды тоқтатуды қажет ететін асқынуға әкеледі.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден немесе дәрілік препараттарды қаптауға арналған пластикатталмаған ПВХ үлбірден немесе алюминий фольга негізіндегі икемді қаптамадан немесе баспалы лакталған алюминий фольга немесе фольга негізіндегі біріктірілген материалдан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
5 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге хром-эрзац картоннан немесе целлюлоза картоннан жасалған қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы.