Торговое название
Ренни® с апельсиновым вкусом
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма
Таблетки жевательные
Состав
Одна таблетка содержит
активные вещества: кальция карбонат 680 мг,
магния карбонат основной 80 мг;
вспомогательные вещества: сахароза, крахмал кукурузный прежелатинизированный, крахмал картофельный, тальк, магния стеарат, парафин легкий жидкий, апельсиновая добавка, натрия сахарин.
Описание
Белые с кремоватым оттенком квадратные таблетки с вогнутыми поверхностями и маркировкой «RENNIE» с обеих сторон, с запахом апельсина.
Фармакотерапевтическая группа
Препараты для лечения заболеваний, связанных с нарушением кислотности.Антациды. Антациды в сочетании с другими препаратами.
Код АТХ А02AX
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
В результате взаимодействия препарата Ренни с желудочным соком в желудке образуются растворимые соли кальция и магния. Кальций и магний могут всасываться из этих растворимых солей. Тем не менее, уровень абсорбции кальция и магния зависит от дозы препарата. Максимальный уровень абсорбции кальция около 10 % и магния около 15-20 %. У здоровых людей малые количества кальция и магния, как правило, всасываются и быстро выводятся из организма через почки. При нарушении функции почек, уровень концентрации кальция и магния в плазме может возрастать. В кишечнике из растворимых солей образуются нерастворимые соединения, которые выводятся с калом.
Фармакодинамика
Антацидные вещества – кальция карбонат и магния карбонат обеспечивают быструю нейтрализацию избытка соляной кислоты желудочного сока. Принцип действия местный, не зависит от поступления действующих веществ в системный кровоток. Нейтрализующий эффект кальция карбоната усиливается добавлением магния карбоната.
Показания к применению
При изжоге и повышенной кислотности желудочного сока.
Способ применения и дозы
Взрослые и дети старше 15 лет
Обычная дозировка в течение 24 часов: по 1-2 таблетки разжевать (или держать во рту до полного рассасывания).
- При сильной боли доза может быть увеличена на короткое время до 11 таблеток в день. Максимальная суточная доза – 11 таблеток.
Продолжительность приема лекарственного средства не должна превышать 10 дней.
Побочные действия
Со стороны иммунной системы: очень редко аллергические реакции – сыпь, крапивница, отек Квинке и анафилактический шок.
Со стороны ЖКТ: тошнота, рвота, расстройство желудка и понос.
Со стороны почек и мочевыводящих путей: у пациентов с нарушением функции почек применение препарата может привести к гипермагниемии, гиперкальциемии, риск развития нефролитиаза, почечной недостаточности и алкалозу, что может спровоцировать возникновение симптомов со стороны ЖКТ (тошнота, рвота, запор или понос) и мышечную слабость.
Со стороны костно-мышечной системы:мышечная слабость.
Со стороны нервной системы:потеря вкуса, головная боль.
Побочные реакции, связанные с молочно-щелочным синдромом: астения и кальциноз.
Противопоказания
– повышенная индивидуальная чувствительность к компонентам препарата
– выраженные нарушения функции почек
– гиперкальциемия
– гиперкальциурия
– детский возраст до 15 лет
– лица с наследственной непереносимостью фруктозы, дефицитом фермента Lapp - лактазы, мальабсорцией глюкозы - галактозы.
Лекарственное взаимодействие
При одновременном приеме снижается всасывание в желудочно-кишечном тракте других лекарственных средств, принимаемых внутрь. В качестве меры предосторожности целесообразно принимать антациды отдельно от других лекарственных средств.
Рекомендуется принимать лекарственное средство Ренни за 2 часа до или после приема следующих лекарственных средств: антигистаминные препараты, атенолол, метопролол, пропранолол, бисфосфонаты, хлорохин, циклины, дифлунизал, сердечные гликозиды, этамбутол, железо (соли), фексофенадин, фтор, фторхинолоны, глюкокортикоиды, индометацин, изониазид, кетоконазол, лансопрозол, линкозамиды, левотироксин, нейролептики фенотиазинового ряда, пеницилламин, фосфаты, тироксин.
Увеличивается почечная экскреция салицилатов за счет ощелачивания мочи.
Побочные эффекты наблюдались в сочетании с тиазидными диуретиками или у пациентов, принимающих большое количество молока или молочных продуктов, особенно при длительном лечении.
Регулярно контролировать количество кальция при одновременном применении с тиазидными диуретиками (снижают экскрецию кальция).
Особые указания
Следует избегать длительного применения. Ренни не следует использовать для лечения более 10 дней.
Пациентам рекомендуется обратиться к врачу, при наличии следующих симптомов: потеря веса, затруднение глотания или постоянный дискомфорт в области желудка, нарушения пищеварения.
При назначении препарата больным с нарушением почечной функции следует регулярно контролировать концентрацию магния и кальция в сыворотке крови.
В связи с присутствием сахарозы (1 таблетке 475 мг сахарозы) препарат Ренни не рекомендуется принимать при непереносимости фруктозы, нарушении всасывания глюкозы и галактозы.
Беременность и лактация
При назначении в высоких дозах и длительном введении карбоната кальция было выявлено развитие аномалий в виде оссификации. При назначении в рекомендованных дозах данные о возникновении пороков развития или эмбриотоксических эффектов не обнаружены. Тем не менее, данные о случаях приема лекарственного средства беременными женщинами недостаточны для исключения возможного риска. Поэтому назначение препарата женщинам во время беременности может рассматриваться только в случае абсолютной необходимости.
При назначении препарата беременной женщине следует учитывать, что соли магния могут вызывать развитие диареи, при приеме солей кальция в высокой дозе в течение длительного времени существует риск гиперкальциемии с кальцинозом внутренних органов, в том числе почек.
Препарат можно принимать в период лактации при условии соблюдения рекомендаций по применению.
Особенности влияния на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Не оказывает.
Передозировка
Преимущественно у пациентов с нарушением функции почек, продолжительный прием больших доз препарата может привести к почечной недостаточности, гипермагниемии, гиперкальциемии и алкалозу, что может спровоцировать возникновение симптомов со стороны желудочно-кишечного тракта (тошнота, рвота, нарушение стула) и мышечную слабость.
Лечение: прекратить прием препарата и принять достаточное количество жидкости. Лечение симптоматическое.
Форма выпуска и упаковка
По 12 таблеток в контурную ячейковую упаковку из пленки поливинилхлоридной и фольги алюминиевой.
По 1 или 2 контурные ячейковые упаковки вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках вкладывают в картонную пачку.
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 25 °С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
3 года.
Не применять по истечении срока годности указанного на упаковке.
Условия отпуска из аптек
Без рецепта.
Саудалық атауы
Ренни® апельсин дәмімен
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Шайнайтын таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 680 мг кальций карбонаты, 80 мг негізгі магнийкарбонаты;
қосымша заттар: сахароза, желатинделген жүгері крахмалы, картоп крахмалы, тальк, магний стеараты, жеңіл сұйық парафин, апельсинді қоспа, натрийсахарині.
Сипаттамасы
Апельсин иісі, екі жағында «RENNIE» таңбаласы бар, беткейлері ойық крем реңдес квадрат пішінді ақ таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Қышқылдығы бұзылуымен байланысты ауруларды емдеуге арналған препараттар. Антацидтер. Басқа препараттармен біріктірілген антацидтер.
АТХ коды А02AX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ренни препаратының асқазан сөлімен өзара әрекеттесуі нәтижесінде асқазанда кальций мен магнийдің еритін тұздары түзіледі. Кальций және магний осы еритін тұздардан сіңуі мүмкін. Дегенмен, кальций мен магнийдің сіңірілу деңгейі препараттың дозасына байланысты. Кальцийдің ең жоғары сіңірілу деңгейі шамамен 10 % және магнийдікі 15 - 20% жуық. Дені сау адамдарда кальций мен магнийдің аз мөлшері, әдеттегідей, сіңіріледі және организмнен бүйрек арқылы жылдам шығарылады. Бүйрек функциясы бұзылуы кезінде плазмадағы кальций мен магний концентрациясының деңгейі өсуі мүмкін. Ішекте еритін тұздардан нәжіспен шығарылатын ерімейтін қосылыстар түзіледі.
Фармакодинамикасы
Антацидтік заттар – кальций карбонаты және магний карбонаты асқазан сөлінің артық тұз қышқылын жылдам бейтараптандырады. Жергілікті әсер ету қағидасы бойынша, әсер етуші заттардың қан ағымына түсуіне байланысты емес. Кальций карбонатының бейтараптандырушы әсері магний карбонаты қосылуымен күшейеді.
Қолданылуы
Қыжылда және асқазан сөлінің жоғары қышқылдығында
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер мен 15 жастан үлкен балаларға
24 сағат ішіндегі әдеттегі дозасы: 1-2 таблеткадан шайнау керек (немесе толық ерігенге дейін ауызда ұстау керек).
- Қатты ауырғанда дозаны қысқа мерзімге күніне 11 таблеткаға дейін арттыруға болады. Ең жоғары тәуліктік доза - 11 таблетка.
Дәрілік затты қабылдау ұзақтығы 10 күннен аспауы тиіс.
Жағымсыз әсерлері
Иммун жүйесі тарапынан: өте сирек аллергиялық реакциялар – бөртпе, есекжем, Квинке ісінуі және анафилаксиялық шок.
АІЖ тарапынан: жүрек айнуы, құсу, асқазан бұзылысы және іштің өтуі.
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан: бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде препаратты қолдану гипермагниемия, гиперкальциемия, нефролитиаздың даму қаупі, бүйрек жеткіліксіздігі және алкалозға әкелуі мүмкін, бұл АІЖ тарапынан симптомдардың (жүрек айнуы, құсу, іштің қатуы немесе іш өту) және бұлшықеттің әлсізденуі туындауына түрткі болуы ықтимал.
Сүйек-бұлшықет жүйесі тарапынан: бұлшықет әлсіздігі.
Жүйке жүйесі тарапынан:дәм сезбеу, бас ауыруы.
Сүтті-сілтілік синдроммен байланысты жағымсыз реакциялар:астения және кальциноз.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
– препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық
– бүйрек функциясының айқын бұзылулары
– гиперкальциемия
– гиперкальциурия
– 15 жасқа дейінгі балаларға
– тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp – лактазаферменті тапшылығы, глюкоза - галактоза мальабсорциясы бар адамдар.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Бір мезгілде қабылдағанда ішке қабылданатын басқа дәрілік заттардың асқазан-ішек жолында сіңуі төмендейді. Сақтану шарасы ретінде антацидтерді басқа дәрілік заттардан бөлек қабылдаған дұрыс. Ренни дәрілік затын мына дәрілік заттарды қабылдауға дейін 2 сағат бұрын немесе одан кейін қабылдау ұсынылады: гистаминге қарсы препараттар, атенолол, метопролол, пропранолол, бисфосфонаттар, хлорохин, циклиндер, дифлунизал, жүрек гликозидтері, этамбутол, темір (тұздар), фексофенадин, фтор, фторхинолондар, глюкокортикоидтар, индометацин, изониазид, кетоконазол, лансопрозол, линкозамидтер, левотироксин, фенотиазин қатары нейролептиктері, пеницилламин, фосфаттар, тироксин.
Несеп сілтіленуі есебінен салицилаттардың бүйрек экскрециясы ұзарады.
Тиазидті диуретиктермен үйлестіргенде немесе сүт не сүт өнімдерін көп мөлшерде қабылдайтын пациенттерде, әсіресе ұзақ емделген кезде жағымсыз әсерлері байқалған.
Тиазид диуретиктерімен бір мезгілде қолданғанда (кальций экскрециясын төмендетеді) кальций мөлшерін үнемі бақылап отыру керек.
Айрықша нұсқаулар
Ұзақ қолдануға болмайды. Ренниді ем үшін 10 күннен артық пайдалануға болмайды.
Пациенттер мынадай симптомдар болғанда дәрігерге қаралғандары дұрыс: салмақ жоғалту, жұтудың қиындауы немесе асқазан аймағындағы тұрақты жайсыздық, ас қорытудың бұзылуы.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар науқастарға препаратты тағайындаған кезде қан сарысуындағы магний және кальций концентарциясын тұрақты бақылау керек.
Құрамында сахарозаның (1 таблеткада 475 мг сахароза) болуына байланысты фруктозаны көтере алмаушылықта, глюкоза мен галактоза сіңуінің бұзылуы кезінде Ренни препаратын қолданбаған дұрыс.
Жүктілік және лактация.
Кальций карбонатын жоғары дозада тағайындағанда және ұзақ енгізгенде оссификация түріндегі аномалиялар дамуы айқындалған. Ұсынылған дозада тағайындағанда даму ақаулары немесе эмбриоуытты әсерлерінің туындауы туралы деректер анықталмаған. Дегенмен, дәрілік затты жүкті әйелдердің қабылдау жағдайлары туралы деректер ықтимал қаупін жоққа шығаруға жеткіліксіз. Сондықтан препаратты жүктілік кезінде тағайындау тек абсолютті қажеттілік жағдайында ғана қарастырылуы мүмкін.
Препаратты жүкті әйелге тағайындағанда магний тұздарының диарея дамуын туындатуы мүмкін екендігін ескерген жөн, кальций тұздарын ұзақ уақыт бойы жоғары дозада қабылдағанда ішкі ағзалардың, оның ішінде бүйректің кальциноз болатын гиперкальциемиясы қаупі бар.
Препаратты қолдану жөніндегі ұсынымдар сақталатын жағдайда лактация кезеңінде қабылдауға болады.
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Көбіне бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препараттың үлкен дозасын қабылдау бүйрек жеткіліксіздігі, гипермагниемия, гиперкальциемия және алкалозға әкелуі мүмкін, бұл асқазан-ішек жолы тарапынан симптомдардың (жүрек айнуы, құсу, нәжістің бұзылуы) және бұлшықеттің әлсізденуі туындауына түрткі болуы мүмкін.
Емі:препарат қабылдауды тоқтатып, жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішу. Емі симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 12 таблеткадан.
1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз