Панавир, 200 мкг, суппозитории вагинал. №5, упаковка контурная ячейковая, Альтфарм
Торговое название
Панавир®.
Международное непатентованное название
Нет.
Лекарственная форма
Cуппозитории вагинальные, 200 мкг.
Состав
Один суппозиторий содержит:
активное вещество - Панавир® (полисахариды побегов Solanum tuberosum) - 200 мкг;
вспомогательные вещества: полиэтиленоксид 1500 (макрогол 1500), полиэтиленоксид 400 (макрогол 400).
Описание
Суппозитории серовато-белого цвета, полупрозрачные, конусообразной или цилиндрической формы.
Фармакотерапевтическая группа
Противовирусные препараты для системного применения. Противовирусные препараты прямого действия. Противовирусные препараты прочие.
Код АТХ J05AX.
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Фармакокинетика препарата не изучалась в связи с его химической природой и малыми действующими дозами.
Фармакодинамика
Основное действующее вещество - гексозный гликозид, состоящий из глюкозы, рамнозы, арабинозы, маннозы, ксилозы, галактозы, уроновых кислот.
Препарат Панавир® является противовирусным и иммуномодулирующим средством. Обладает противовирусным действием в отношении вирусов простого герпеса 1 и 2 типов.
Повышает неспецифическую резистентность организма к различным инфекциям и способствует индукции интерферонов.
Показания к применению
- генитальный герпес у женщин (в комплексной терапии)
Способ применения и дозы
Интравагинально. Вагинальные суппозитории вводят вечером во влагалище, как можно глубже, в положении лежа на спине при слегка согнутых ногах, ежедневно в течение 5 дней по 1 вагинальному суппозиторию. Повторный курс лечения возможен после консультации врача.
Побочные действия
В терапевтических дозах препарат хорошо переносится.
Редко:
- аллергические реакции
При появлении каких-либо нежелательных побочных эффектов необходимо прекратить применение препарата и проконсультироваться с врачом.
Если Вы заметили любые другие побочные эффекты, не указанные в инструкции, сообщите об этом врачу.
Противопоказания
- повышенная чувствительность к компонентам препарата
- беременность, период лактации
- детский возраст до 18 лет
- тяжелые патологии почек, селезенки
Особые указания
Для предотвращения урогенитальной реинфекции необходимо одновременное лечение половых партнеров.
При отсутствии эффекта следует подтвердить диагноз.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Не влияет.
Передозировка
Случаи передозировкине зарегистрированы.
Форма выпуска и упаковка
По 5 суппозиториев в контурной ячейковой упаковке из поливинилхлоридной пленки, ламинированной полиэтиленом, контурную ячейковую упаковку вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
Условия хранения
В сухом, защищенном от света месте, при температуре от 2 °С до 25 °С.
Хранить в недоступном для детей месте.
Срок годности
3 года.
Не использовать по истечении срока годности, указанного на упаковке.
Условия отпуска из аптек
По рецепту.
Саудалық атауы
Панавир®.
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ.
Дәрілік түрі
Қынаптық суппозиторийлер, 200 мкг.
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында:
белсенді зат – Панавир® (Salanum tuberosumөркендерінің полисахаридтері) – 200 мкг;
қосымша заттар: полиэтиленоксид 1500 (макрогол 1500), полиэтиленоксид 400 (макрогол 400).
Сипаттамасы
Жартылай мөлдір, конус тәрізді немесе цилиндр түріндегі, сұрғылт-ақ түсті суппозиторийлер.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі қолданылатын вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсерлі вирусқа қарсы препараттар. Вирусқа қарсы басқа да препараттар.
АТХ коды J05AX.
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препараттың фармакокинетикасы оның химиялық шығу тегіне және дозаларының әсер етуінің төмендігіне байланысты зерттелмеді.
Фармакодинамикасы
Негізгі әсер етуші заты - глюкозадан, рамнозадан, арабинозадан, маннозадан, ксилозадан, галактозадан, урон қышқылдарынан тұратын гексоздық гликозид. Панавир®препараты вирусқа қарсы және иммунмодуляциялаушы дәрі болып табылады. 1 және 2 типтердегі қарапайым герпес вирустарына қатысты вирусқа қарсы әсерге ие. Организмнің түрлі инфекцияларға спецификалық емес төзімділігін жоғарылатады және интерферон индукциясына ықпал етеді.
Қолданылуы
- әйелдердегі генитальді герпесте (кешенді емде)
Қолдану тәсілдері және дозасы
Қынап ішіне. Қынаптық суппозиторийлерді кешке қынапқа 5 күн бойы 1 қынаптық суппозиторийден күнделікті, аяқты аздап бүгіп шалқасынан жатқан күйде барынша тереңге енгізеді. Дәрігермен кеңескеннен кейін қайта емдеу курсын жүргізуге болады.
Жағымсыз әсерлері
Емдік дозада препарат жақсы көтерімді.
Сирек:
- аллергиялық реакция
Қандай да бір жағымсыз әсерлер пайда болса препарат қолдануды тоқтатып, дәрігерден кеңес алу керек.
Егер сіз нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген басқа жағымсыз әсерлер байқасаңыз бұл туралы дәрігерге хабарлаңыз.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жүктілікте, лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар
- бүйректің, көкбауырдың ауыр патологиясы
Айрықша нұсқаулар
Урогенитальді реинфекцияның алдын алу үшін жыныстық серіктестерді бір уақытта емдеу қажет.
Әсер болмаған жағдайда диагнозды растау керек.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Артық дозалану жағдайы тіркелмеген.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 суппозиторийден полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлорид үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада, пішінді ұяшықты қаптама мемлекеттік және орыс тілдерінде медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 2 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі
3 жыл.
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы.