Торговое название
Палора®
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма
Сироп, 100 мл
Состав
5 мл сиропа содержат
активное вещество – пассифлоры травы экстракт жидкий 694.444 мг,
вспомогательные вещества: сахар кристаллический, глицерин, этанол 96%, метилпарабен, пропилпарабен, вода очищенная
Описание
Прозрачная жидкость темно-коричневого цвета
Фармакотерапевтическая группа
Нервная система. Психолептики. Снотворные и седативные средства. Снотворные и седативные препараты другие.
Код АТХ N05CM
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Недостаточно данных по фармакокинетике.
Фармакодинамика
Экстракт Пассифлоры (страстоцвет) получают из растения Passiflora incarnata. Пассифлоры экстракт содержит группу алкалоидов, таких как гарман, гармол, гармалин (галлюциноген), гармин, гармалол и арибин, и некоторые флавоноиды, такие как витексин и ориентин. Экстракт также содержит апигенин, обладающий спазмолитической активностью.
Эти вещества обладают седативным, снотворным, обезболивающим, анксиолитическим и спазмолитическим свойствами.
Препарат оказывает седативное действие на центральную нервную систему в период абстиненции. Препарат устраняет невротические расстройства, улучшает настроение, сон, повышает трудоспособность, уменьшает головокружение, шум в ушах.
Показания к применению
В составе комплексной терапии:
- неврастения
- климактерический и преклимактерический периоды
- повышенная нервозность
- нарушения сна
Способ применения и дозы
Взрослые
Длядостижения успокоительного действия - по 5-10 мл мерной ложкой или мерным стаканом перед едой 3 раза в день.
При расстройстве сна принимать по 10 мл препарата, перед сном.
Средний курс лечения - 20-30 дней.
Максимальная разовая доза -10 мл, суточная - 30 мл.
Побочные действия
- сонливость
- чувство усталости
- головокружение
- мышечная слабость
- аллергические реакции
- экзантема
- расстройства желудочно-кишечного тракта (тошнота, рвота, спазмы, изжога, диарея, запор)
Противопоказания
- стенокардия
- инфаркт миокарда
- атеросклероз сосудов сердца и мозга
- индивидуальная чувствительность к одному из компонентов препарата
- заболевания печени
- хронический алкоголизм
- хроническая почечная недостаточность
- травмы головного мозга
- детский и подростковый возраст до 18 лет
- беременность и период лактации
- эпилепсия
- наследственная непереносимость фруктозы или мальабсорбция глюкозы-галактозы
Лекарственные взаимодействия
Прием препарата с веществами, угнетающими центральную нервную систему (алкоголь, барбитураты, транквилизаторы) может вызвать усиление седативного и снотворного эффекта. Следует избегать применения препарата Палора® вместе с дисульфирамом. У людей, принимающих аспартам (при фенилкетонурии), может появиться осадок в моче.
Особые указания
С осторожностью назначают при тяжёлых органических заболеваниях желудочно-кишечного тракта (язвенная болезнь, гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь (ГЭРБ), злокачественные опухоли, желчно-каменная болезнь, хронический панкреатит), при сахарном диабете.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортными средствами и потенциально опасными механизмами
В период лечения необходимо воздержаться от занятий потенциально опасными видами деятельности, требующими повышенной концентрации внимания и быстроты психомоторных реакций.
Передозировка
Симптомы: в начале - сонливость, чувство подавленности, позднее - тошнота, ощущение тяжести в желудке.
Лечение: симптоматическое. Специфического антидота нет.
Форма выпуска и упаковка
По 100 мл препарата помещают в стеклянный темный флакон с завинчивающейся крышкой с контролем первого вскрытия.
На флакон наклеивают самоклеящуюся этикетку.
По 1 флакону вместе с мерной ложкой или мерным стаканом и инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 25°С в сухом, защищённом от света месте.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
3 года
Неприменять по истечении срока годности.
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Саудалық атауы
Палора®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Шәрбат, 100 мл
Құрамы
5 мл шәрбаттың құрамында
белсенді зат -694,444 мг пассифлора шөбінің сұйық экстрактісі,
қосымша заттар:кристалды қант, глицерин, 96% этанол, метилпарабен, пропилпарабен, тазартылған су
Сипаттамасы
Қою-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Жүйке жүйесі. Психолептиктер. Ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілер. Ұйықтататын және тыныштандыратын басқа препараттар
АТХ коды N05CM
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Фармакокинетикасы бойынша деректер жеткіліксіз.
Фармакодинамикасы
Пассифлора (әуесгүл) экстрактісін Passiflora incarnate өсімдігінен алады. Пассифлора экстрактісінің құрамында гарман, гармол, гармалин (галлюциноген), гармин, гармалол және арибин сияқты алколоидтер тобы және витексин мен ориентин сияқты кейбір флавоноидтар бар. Экстракт құрамында сондай-ақ спазмолитикалық белсенділікке ие апигенин болады.
Бұл заттар тыныштандыратын, ұйықтататын, ауыруды басатын, анксиолитикалық және спазмолитикалық қасиеттерді иеленген.
Препарат орталық жүйке жүйесіне абстиненция кезеңінде тыныштандыратын әсер береді. Препарат невроздық бұзылуларды жояды, көңіл-күйді, ұйқыны жақсартады, еңбекке қабілеттілікті жоғарылатады, бас айналуын, құлақтың шуылын азайтады.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында:
- неврастения- климакстық және климакс алдындағы кезеңде - қатты ашушаңдық- ұйқының бұзылуы
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер
Тыныштандыратын әсерге қол жеткізу үшін - 5-10 мл өлшегіш қасықпен немесе өлшегіш стақанмен күніне 3 рет тамақтанар алдында.
Ұйқы бұзылғанда 10 мл препараттан ұйықтар алдында қабылдау керек. Орташа емдеу курсы – 20 - 30 күн.
Ең жоғары бір реттік доза – 10 мл, тәуліктік – 30 мл.
Жағымсыз әсерлері
- ұйқышылдық
- шаршау сезімі
- бас айналуы
- бұлшықет әлсіздігі
- аллергиялық реакциялар
- экзантема
- асқазан-ішек жолының бұзылыстары (жүрек айну, құсу, түйілулер, қыжыл, диарея, іш қатуы)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- стенокардия
- миокард инфарктісі
- ми және жүрек қантамырларының атеросклерозы
- препарат компоненттерінің біріне жеке сезімталдық
- бауыр аурулары
- созылмалы маскүнемдік
- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- ми жарақаттары
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- жүктілік және лактация кезеңі
- эпилепсия
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препаратты орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін заттармен (алкоголь, барбитураттар, транквилизаторлар) қабылдау тыныштандыратын және ұйықтататын әсерін күшейтуі мүмкін. Палора®препаратын дисульфираммен бірге қолданудан сақтанған жөн. Аспартам қабылдайтын (фенилкетонурия кезінде) адамдарда несепте шөгінді пайда болуы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Асқазан-ішек жолының ауыр органикалық ауруларында (ойық жара ауруы, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА), қатерлі ісіктер, өт-тас ауруы, созылмалы панкреатит), қант диабеті кезінде абайлап тағайындау керек.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емделу кезеңінде зейін қоюды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысуды тоқтата тұру қажет.
Артық дозалануы
Симптомдары:басталған кезде - ұйқышылдық, жабырқау сезімі, кешірек - жүрек айнуы, асқазандағы ауырлық сезімі.
Емі: симптоматикалық. Арнайы антидоты жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
100 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы қақпағы бар күңгірт шыны құтыға салынған.
Құтыға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады.
1 құтыдан өлшегіш қасығымен немесе өлшегіш стақанымен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз