г. AptekaOnline
Каталог

Октенисепт, спрей д/местн. и наруж. прим., 250 мл, флакон из полиэтилена

Действующее вещество :
Октенидин дигидрохлорид
Рецептурный отпуск:
Без рецепта
Срок хранения:
5 лет
Цена от 5 720
Добавлено в корзину:
Нет в наличии
Наличие в аптеках
Характеристика
Описание
Генерик
Да
Действующее вещество
Октенидин дигидрохлорид
Действующее вещество 2
Феноксиэтанол
Единица упаковки
мл
Код товара
00-00028836
Количество / Объем
250
Лекарственная форма
Спрей для местного и наружного применения
Описание упаковки
с распылителем
Регистрационный номер
РК-ИМН-5№017993
Рецептурный отпуск
Без рецепта
Срок хранения
5 лет
Торговое название
Октенисепт
Упаковка
Флакон из полиэтилена
Форма выпуска
Раствор во флаконах по 50 мл, 250 мл
Инструкция
Выбор языка RU KZ


Медициналық мақсаттағы бұйымның атауы
Тері мен шырышты қабықты өңдеуге арналған Октенисепт® дәрісі

Бұйымның құрамы мен сипаттамасы
Әлсіз өзіне тән иісі бар іс жүзінде көзге көрінетін бөлшектер жоқ 100 мл препараттың құрамында:
Белсенді заттар: 0,10 г октенидин дигидрохлориді,  2,00 г феноксиэтанол
Қосымша заттар: кокамидопропилбетаин, натрий D-глюконаты, 85%, глицерол натрий хлоридітазартылған су бар.
Микробиологиялық әсері*
Грамоң және грамтеріс бактериялар, соның ішінде пневмококктар - Streptococcus pneumoniae; стафилококктар - Staphylococcus aureus spp.соның ішінде мультирезистентті алтын түстес стафилококк (MRSA)энтерококктар - Enterococcus faecium, соның ішінде  ванкомицин-резистентті энтерококк (VRE)Klebsiella spp патогенді клебсиеллалар мен Escherichia coli эшиерихиялар – спектр ауқымы кең продуценты бета-лактамазалар өндірушілер (ESBL, extended spectrum beta-lactamases) жөнінде тиімдіхимиотерапиялық препараттарға төзімді басқа микробтық флоралар жөнінде белсенділікке иеКөкшіл іріңді таяқша  - Pseudomonas aeruginosa, шигеллалар - Shigella spp.; менингококктар, эхинококктар – Echinococcus spp., протеялар - Proteus mirabilis;   дифтерия коринебактериялары -  Corynebacterium diphtheriae; гарднереллалар - Gardnerella vaginalis; микоплазмалар - Mycoplasma spp., уреаплазмалар - Ureaplasma spp.. хламидиялар - Chlamydia trachomatis;  урогенитальді трихомонад - Trichomonas vaginalis, нейссерия тегіндегі гонококктар - Neisseria gonorrhoeae жөнінде тиімді.
Зеңдер, соның ішінде ақ Кандида - Candida albicans, аскомицеттер – Ascomycota spp., дерматофитондар (Trichophyton spp.) тегіндегі зеңдер туындататын - эпидермофития,  Microsporum spp  тегіндегі зеңдер туындататын дерматофития, Microsporum spp тегіндегі зеңдер – қырма теміреткі зеңі,  липофильді вирустар, соның ішінде B және C гепатиттері, қарапайым герпес вирусы, адам иммунотапшылығы вирусы– АИТВ жөнінде тиімді.
*Деректер in vitro зертханалық зерттеулер нәтижесінде алынған

Өндіруші ұйымның атауы және (немесе) тауарлық белгісі
Компания «Schülke & Mayr GmbH»

Қолданылу саласы
Педиатрия, хирургия, пластикалық  хирургия, акушерлік пен гинекология, травматология, проктология, урология, дерматология/демеуші ем, дерматовенерология, отоларингология, стоматология, комбустиология. 

Қолдану тәсілі
СыртқаЖергілікті.

Тағайындалуы
Педиатрия:
кіндіктің жарасын өңдеу
тері қатпарларын өңдеу
Хирургия: 
контаминацияланған жарақаттық (кесілген, үшкір зат кірген,  тесілген-кесілген, жыртылған, тістелген, тыртықты, мыжылған, соғылған, оқтан жараланған, уланған) жараларды өңдеу
- операциялық жараларды өңдеу
жұмсақ тіндер іріңді-қабыну үдерістерін өңдеу; тілікті қабынулар,  эризипелоид, декубитальді ойық аралар, трофикалық ойық жаралар, «диабеттік табан», флегмоналар, абсцестер, фистулалар, іріңді ісіктер, «қалталар», соның ішінде MRSA туындатқандары
- перитониттер
Акушерия және гинекология:
- операциялық араласуға дейінгі және одан кейінгі қынап санациясы
- вагиниттер
- кольпиттер
- уретриттер
- цервициттер
- кандидоз
- сүт бездері еміздіктерінің жарылуын өңдеу 
Травматология:
-сүйек-бұлшықет жүйесінің іріңді-қабынбалы аурулары (созылмалы  остеомиелит, іріңді артрит, бурсит)
Проктология:
- парапроктиттер.
Дерматология:
- акне
- дерматофитиялар
- терінің іріңді аурулары (соның ішінде MRSA туындатқандары)
- пиодермия
- лабиальді герпес
- табан микоздары
- күнге күю
Венерология:
- хламидиялар
- уреаплазма
- микоплазма
соз
- трихомонадтар
- генитальді герпес
- гарднереллез
АИТВ профилактикасыB,C,D гепатиттерінің профилактикасы.  
Отоларингология:
бактериялық, зеңдік, және вирустық этиологиядағы мұрын маңы қойнауларының аурулары
- аденоидтар
баспалар
- фарингиттер
- ларингиттер
Стоматология:
- стоматиттер
- гингивиттер
- пародонтиттер
- глосситтер
- периодонтиттер.
Комбустиология:
- термиялық күюлер  
үсікке шалыну, соның ішінде инфекция асқындырған үсікке шалыну.
Жел шешегі:
папуловезикулезді бөртпені өңдеу 
Педиатрия:  кіндік жарасын өңдеуді бүрку тәсілімен (қалпақшаға 1-2 басумен) немесе Октенисепт молынан батырылған стерильді мақта тампонмен жүргізедіӨңдеу күніне 2 рет жүргізіледіБазданулардың профилактикасы мақсатында тері қатпарларын Октенисепт молынан батырылған стерильді мақта тампонмен өңдеу керек.
Хирургия:  бастапқы тігістерді салумен және  бітеп тігумен контаминацияланған жарақаттық жараларды бастапқы өңдеуді жараны Октенисептпен жуумен немесе жараның іріңдеу қаупі факторларының болуында дренаждар қалдыру жолымен жүргізеді. Бұл жағдайда  1:3  (Октенисепттің 1 бөлігі және физиологиялық ерітіндінің 3 бөлігі) сұйылтылуындағы Октенисептпен ағысты-жуу дренаждау дұрыс, манипулияцияны тәулігіне 1-2 рет жүргізеді.  Беткейлік жаралар кезінде сұйылтылмаған ерітіндімен аппликациялау  пайдаланылады, таңғыштарды 12-14 сағатқа төсейді. Курсы жараның толық тазартылуына дейін.
Тілмелі қабыну, эризипелоид  - сұйылтылмаған ерітіндімен немесе 1:1 (1 бөлігі және физиологиялық ерітіндінің 1 бөлігі ) сұйылтылуындағы  Октенисептпен сулау тәсілі пайдаланылады. Эризипелоид кезінде де Октенисептпен қатырылған мұз шаршыларымен  ысқылап өңдеумен, бұдан әрі антисептикпен суланған таңғышты төсеуді қолданумен жүргізеді. Таңғышты тәулігіне 2 рет ауыстырады. Емдеу курсы 7-10 күн.
Декубитальді, трофикалық ойық жаралар, «диабеттік табан»: қабыну фазасында сұйылтылмаған  немесе 1:1 сұйылтуындағы  ерітіндімен суланған таңғышты пайдалану ұсынылады, бұл орайда ол 12 сағатқа төселеді. Таңғышты тәулігіне 2 рет ауыстырады. Регенерация фазасында Октенисепт  сұйылтылмаған ерітіндіні туәлігіне 1 рет бүрку  тәсілімен немесе антисептикпен молынан суланған тампонның көмегімен ысқылау тәсілімен пайдаланылады.
«Диабеттік  табан» синдромы  -  сұйылтылмаған ерітіндінімен суланған немесе  1:1 сұйылтуындағы  ерітіндімен суланған таңғышты  аппликациялық төсеу тиімді. Таңғышты тәулігіне 2 рет ауыстыру жүргізіледі курс эпителизациялану фазасы дамығанға дейін жалғасады;
Флегмоналар, абсцестер, фистулалар, іріңді ісіктер, «қалталар», соның ішінде MRSA (мультирезистентті стафилококк): бұдан әрі қарай жараны жуу мен дренаждаумен қуысты кесіп ашу жүргізіледі. Кесіп ашқан іріңді ошақтың және ісіктің қуысын жуу үшін  Октенисептті  1:3 арақатынасында (Октенисепттің 1 бөлігі мен физиологиялық ерітіндінің 3 бөлігін) сұйылтады, манипуляцияны тәулігіне 1-2 рет жүргізеді. Қуысты жуу үшін қажетті дайын ерітіндінің мөлшері оның  өлшеміне байланысты, орташа алғанда 1 емшараға 30-70 мл. Курсы – жара толық тазаланғанға дейін.
Перитониттер кезінде антисептикпен құрсақ қуысының лаважы міндетті түрде жүргізіледі.  Октенисептпен 1:4 – 1:6 сұйылтылуында құрсақ қуысын интраоперациялық 1 жуу жүргізіледі. Шектелген перитонитте  400- 500 мл сұйылтылған, жайылған перитонитте 1 литрге жуық және жаппай перитонитте бір жууға  – 4-5 литр  ерітінді қажет. Экспозициялау уақыты 5-10 минут, антисептикті қолданудан кейін құрсақ қуысын физиологиялық ерітіндімен жуу керек.
Операциядан кейінгі кезеңде ағынды-аспирауциялық жүйені  пайдаланумен құрсақ қуысын белсенді дренаждау тәсілі ұсынылған. Октенисептпен лаваж 1:4-1:6 (Октенисептің 1 бөлігі және физиологиялық ерітіндінің  тиісінше 4 немесе 6 бөлігін)  сұйылтумен жүргізеді. Бір жуу үшін 500-700 мл  сұйылтылған ерітінді қажет, емшараны 3-5 күн бойы қайталайды.
Сыртқы жыланкөздерді, фистулаларды жергілікті емдеген кезде стомалар қалыптасқан кезде инфекциялық-қабыну ауруларының алдын алу үшін Октенисептті  1:4 сұйылтылуында қолданады, жууды жараның толық тазартылуына дейін тәулігіне 1-2 реттен жүргізеді.
Акушерия және гинекология:  босануға дейін және одан кейін босану жолдарын санациялау: Босану күнінің алдында босану жолдарының санациясын қынаптық аппликаторды  пайдалана отырып, сұйылтылмаған ерітіндімен немесе  1:3-1:4 сұйылтылуындағы Октенисептпен тәулігіне 1 рет 5-7 күн бойы жүргізеді. Босанудан кейінгі инфекцияның профилактикалау мақсатында препаратты 1:4 - 1:6 сұйылтылуында күніне 2 рет 7 күн бойы қынаптық спринцовкалау түрінде қолданады.
Сүт бездерінің жарылуларын өңдеу :  Еміздіктерді  профилактикалау мақсатында өңдеу үшін бала емізуден кейін еміздік жарылуларын дереу сұйылтылмаған Октенисепт ерітіндісімен өңдеу қажет. Тікелей келесі бала емізудің алдында сүт бездерін қайнақ сумен суланған мақта матамен сүрту керек.
Бактериялық және вирустық  этиологиядағы  вагиниттер, кольпиттер, уретриттер, цервициттер: Октенисептті жергілікті қолдану үшін бүріккіші бар аппликатордың көмегімен қынапқа енгізіледі.  Бір енгізуге клапанды 10 рет басып, емшараны күніне 2 рет қайталау қажет, курсы  -7 күн; немесе 1:3 – 1:4 сұйылтылуында спринцовкалау тәсілімен  күніне 2 рет, курсы –7 күн
Апликаторды пайдаланғанда жеңіл бактериялық немесе зеңдік (микоздарды) емдеу.
Қынаптық пайдалану: Егер басқаша жазылмаса, емдеудің бірінші күні  (таңертең және кешке) аппликаторды қынапқа терең енгізіңіз және аппликатордың бүріккіш қондырмасын он рет басыңыз. Келесі күндерді бұл емшараны  бір рет (кешке) қайталаңыз. Емдеу ұзақтығы жеті күнді құрайды. Лактобациллалар көмегімен емдеу курсынан кейін қынап табиғи микрофлораларының, микробтық қайта шоғырлануы  жағымды бола бастайды.
Травматология: остеомиелитті емдеуді 1:3 сұйылтылуындағы  Октенисептпен лаважбен, одан әрі қарай арнаны тәулігіне 2-3 рет фракционды жуумен жүргізеді, іріңді артрит пен бурситті емдеуді 1:10 сұйылтылуында фракционды жуудың көмегімен жүргізеді, енгізу жылдамдығы минутына 3-4 тамшы. Қуысты ерітіндімен лаваждау -8-10 сағат, жууды тәулігіне бір рет жүргізеді. Емшараны – 2-3 тәуліктен кейін қайталайды.
Проктология:  әрі қарай жараны жумен және дренаждаумен қуысты ашуды жүргізеді. Ашылған іріңді ошақ қуысы мен ісікті жуу үшін  Октенисепті 1:3 (Октенисепті 1 бөлігі және физиологиялық ерітіндінің 3 бөлігі)  арақатынасында сұйылтады, манипуляцияны тәулігіне 1-2 рет жүргізеді.  Қуысты жуу үшін қажетті дайын ерітіндінің мөлшері оның  өлшеміне байланысты, орташа алғанда 1 емшараға 30-70 мл. Курсы – жара толық тазаланғанға дейін.
Дерматология: акне – Мақта-мата тампонның көмегімен Октенисептпен «тесіктер тереңдігіне  дейін» молынан сүрту қолданылады. Бірінші күні күніне 1 рет (кешке), одан әрі қарай көтерімділігі жақсы болғанда  күніне 2 рет (таңертең және кешке) өңдейді. Бөртпелер қатты қабынған аймақтарда  Октенисептке батырылған тампонды 1-2 минут төсейді.
Дерматофитиялар, табан микоздары мен тері жабындарының басқа да зеңдік зақымданулары – өңдеуді сұйылтылмаған ерітіндінің көмегімен күніне 2 рет 10-14 күн бойы, сондай-ақ  Октенисептке молынан сіңірілген сүрткімен зақымданған жерлерді сүртумен жүргізеді.
Терінің, соның ішінде  MRSA  туындатқан іріңді аурулары – өңдеуді сұйылтылмаған ерітіндінің көмегімен  күніне 2 рет, 10-14 күн бойы жүргізеді.
Әсіресе MRSA  туындатқан пиодермиясы бар пациенттерде  Октенисепттің 1:1 (Октенисепттің бір бөлігі мен физиологиялық ерітіндінің  бір бөлігі) сұйылтылуында бүкіл денені күніне 2 рет 7-9 күн жууды жүргізеді. Қолданудың алдында ерітіндіні дене температурасына дейін жылытады. Лабильді герпесті сұйылтылмаған ерітіндінің көмегімен  күніне 4 рет сулау тәсілімен жүргізеді немесе зақымданған бөліктерді Октенисептпен молынан суланған дәке сүрткішпен 7-10 күн бойы сүрту керек. Бөртпелер бар аймақтарда  Октенисептке батырылған тампонды 1-2 минут төсейді.
Күнге күюлерді зақымданған аймақтарды сулау тәсімен немесе Октенисептпен 1:1 сұйылтылуындағы суланған таңғышпен өңдейді
Венерология:  ЖЖҚА профилактикасы үшін: еркектер емшараны бастаудың алдында кіші дәретке бару керек. Сыртқы жыныс мүшелерін, жамбастың ішкі беткейін Октенисептпен өңдеу керек. Емшарадан кейін бір сағат бойы кіші дәретке бармау керек, әйелдерге Октенисепті қынаптың аппликатордың немесе спринцовканың көмегімен қынабына 2-3 мл көлемінде енгізу керек.
Емшарадан кейін бір сағат бойы кіші дәретке баруға болмайды.
Емшараны жыныс қатынасынан кейін 30 минуттан кешіктірмей жүргізу керек.
ЖЖҚА-мен кешенді емдеу: жергілікті қолдану үшін Октенисепт бүріккіші бар аппликатордың көмегімен қынапқа енгізіледі. Емшараны бір енгізуге клапанды 10 реттен баса отырып күніне 2 рет жүргізу керек, курсы - 7 күн. Немесе 1:3 – 1:4 2  сұйылтылуында спринцовкалау тәсілімен енгізеді, курсы – 7 күн.                                               
Отоларингология:  мұрын маңы қойнауларының бактериялық, зеңдік немесе вирустық этиологиядағы қабыну аурулары: Октенисепт  1:6 сұйылтылуында жуу тәсілімен пайдаланылады. Дайын ерітіндінің бір емшараға қажетті мөлшері -  – 50-70 мл.жууды күніне 2 рет жүргізеді. Курсы – 5-7 күн.  Октенисепт біріктірілген емнің бір бөлігі ретінде де және жекелей де тағайындалуы мүмкін.                                                                  
Аденоидтар: мұрын жұтқыншақты  1:5  сұйылтуында әрбір мұрын жолына емшараға 5-10 мл-ден күніне 2 рет жуу керек.
Баспа, Созылмалы тонзиллит, фарингит, ларингит: өңдеу 1:3 – 1:4 сұйылтылуында шаюы тәсілімен немесе пульверизаторы бар құтыдан сұйылтылмаған ерітіндімен  сулау тәсілімен жүргізеді. Шаю үшін дайын ерітіндінің 20-30 мл-ін пайдаланады, шаюды екі рет жүргізеді, емшараны күніне 2 рет қайталайды. Сулау кезінде  пульверизаторды 3-4 рет басып күніне 2-3 рет жүргізеді курсы – 7 күн.  Созылмалы тонзилиттерді емдеген кезде лакуналарды жууды препараттың 1:3 сұйылтылуында, 7-10 күн бойы жүргізеді.
Стоматология: өңдеу 1:3 – 1:4 сұйылтылуында шаю немесе пульверизаторы бар құтыдан сұйылтылмаған ерітіндімен  сулау тәсілімен жүргізеді. Шаю үшін дайын ерітіндінің 20-30 мл-ін пайдаланады, шаюды екі рет жүргізеді, емшараны күніне 2 рет қайталайды.
Сулау кезінде   пульверизаторды 3-4 рет басып күніне 2-3 рет жүргізеді курсы – 7 күн. Асқынған созылмалы  периодонтиттерде өңдеуді 2 мл Октенисептпен тіс түбірі арнасын иригациялаудың көмегімен  жүргізеді артынан арнаға мақта турундыны 24 сағатқа салады.
Комбустиология:  термиялық күюлер мен үсіктерді Октенисептті 1:1 (Октенисепттің 1 бөлігін немесе физиологиялық ерітіндінің  1 бөлігін) сұйылтылуында суланған таңғышты пайдалана отырып немесе сұйылтылмаған ерітіндіні бүрку  тәсілімен жүргізеді. таңғышты тәулігіне 1 рет ауыстырады. Жақсы тиімділікке қол жеткізу үшін дұрысы заманауй интерактивті таңғыштарды қатар пайдалану керек. Регенерация фазасында Октенисептті  сұйылтылмаған ерітіндіні  тәулігіне 2 рет бүрку тәсілімен немесе антисептикпен молынан суланған тампонның көмегімен сүрту тәсілімен пайдаланады.
Жел шешегі: терінің қайта инфекциясының пайда болуын болғызбау, қышуды тоқтату және жылдам жағылуы үшін бөртулерді Октенисептпен күніне 2-3 рет өңдейді. Курсы – толық жазылғанға дейін  

Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада, жарықтан қорғалған, балалардың қолы жетпейтін  жерде.

Жарамдылық мерзімі
250 мл және 1 л құтылардағы ерітінді - 5 жыл.
50 мл-к құтылардағы ерітінді  - 3 жыл.
Бөтелке ашылғаннан кейін ерітінді 3 жыл бойы тұрақты.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Осыған сәйкес медициналық мақсаттағы бұйым өндірілген нормативтік құжат
Өндірушінің техникалық стандарттарына сәйкес.

Жағымсыз әсерлері
Қолданған жерде қысқа уақыт күйдіру болуы мүмкін. Ауыз қуысын шаю кезінде ащы дәм сезілуі мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар
Препараттың жеке компоненттеріне аса жоғары сезімталдық. Мұрынға, дабыл жарғақсасында қолданбау немесе қуыққа енгізбеу немесе инфузия, құрсақ қуысын шаю  жасамау керек.

Сақтық (қауіпсіздік) шаралары 
Тіннің зақымдану ықтималдығын болғызбау үшін препаратты ешқашан шприцтің көмегімен тінге терең  енгізбеу керек. Өнім тек сыртқы беткейге  қолдануға арналған (тампонның немесе бүріккіш қондырманың көмегімен пайдаланады).
Жұтуға болмайды. Егер өнімнің елеулі мөлшері асқазанға кездейсоқ түссе ол мол мөлшердегі сумен  тазартылуы тиіс. Препаратты дәрігердің қадағалауынсыз 14 күннен асыра пайдалануға болмайды.
Жүктілік және лактация:
Жүктілік және лактация кезінде Октенисептті қолдану жөніндегі қолда бар деректер оның зиянды  әсер етпейтінін растайды.
Басқа препараттармен өзара әрекеттесуі
Құрамында повидон-йод бар антисептиктермен бірге пайдалануға болмайды, өйткені жақын маңдағы тіндер қоңыр немесе күлгін түске боялуы мүмкін.  Октенисептті анионды беткейлік-белсенді заттармен (сабынмен, кір жуғыш ұнтақпен) бірге қолдануға болмайды, өйткені олар Октенисепттің әсерін азайтуы немесе жоққа шығаруы мүмкін.
Сұйылту кезінде: физиологиялық ерітіндіні, дистилляцияланған суды, қайнатылған суды үй жағдайында   бөлме  температурасында пайдалану керек.