Торговое название
Нуклео Ц.М.Ф. ФОРТЕ
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма
Порошок лиофилизированный для приготовления раствора для внутримышечного введения в комплекте с растворителем
Состав
Одна ампула препарата содержит
активные вещества: цитидин 5'- динатрий монофосфат 10.00
уридин 5'-тринатрий трифосфат
уридин 5'-динатрий дифосфат
уридин 5'-динатрий монофосфат (всего) 6.00
(эквивалентно содержанию уридина 2.66)
вспомогательные вещества: маннитол
Состав растворителя: натрия хлорида, вода для инъекции.
Описание
Порошок лиофилизированный белого или почти белого цвета, гигроскопичен.
Растворитель – прозрачная бесцветная жидкость без запаха.
Фармакотерапевтическая группа
Препараты для лечения заболеваний нервной системы другие. Препараты для лечения заболеваний нервной системы прочие
Код АТХ N07XX
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Компоненты этого препарата имеют органическое происхождение, которые уже присутствуют в биологических жидкостях, обусловливает трудность проведения фармакокинетических исследований препарата, и это послужило основанием проведения исследования с использованием продукта, меченного радиоактивными изотопами. Цели этого исследования заключались в оценке абсорбции и фармакокинетики УМФ, ЦМФ, а также УТФ.
После применения 14С-УМФ дозой 4,97 мг/кг, максимальные концентрации в плазме (Cmax), составляющие 1,749 мг/кг, достигались через 10 минут. Затем радиоактивность быстро выводилась с периодами полувыведения 0,5 и 0,6 часа для альфа-распределения и бета-элиминации, соответственно.
После применения 14С-ЦМФ дозой 4,83 мг/кг, значение Cmax, составляющие 1,567 мг/кг, достигались через 20 минут. Затем радиоактивность быстро выводилась с соответствующими периодами полувыведения 1,0 и 3,8 часа.
После применения 14С-УТФ дозой 4,86 мг/кг, значение Cmax, составляющие 1,291 мг/кг, достигались через 20 минут. Затем радиоактивность быстро выводилась с соответствующими периодами полувыведения 1,2 и 5,0 часов.
Был обнаружен тот же самый путь метаболизма у УМФ и УТФ, т.е. быстрое превращение через урацил до, как минимум, одной более полярной радиоактивной фракции.
Соединение ЦМФ быстро превращалось в цитозин, урацил и, как минимум, одну более полярную радиоактивную фракцию. Поэтому цитозин, в основном, превращался в урацил. Эти результаты указывают на то, что в крови наблюдался менее быстрый метаболизм урацила в присутствии цитозина, который образовывался из исходного принятого соединения – ЦМФ.
Фармакодинамика
Нуклео ЦМФ Форте содержит ряд нуклеотидов: цитидина монофосфат (ЦМФ), уридина трифосфат (УТФ), которые широко используют для лечения заболеваний ПНС (периферической нервной системы).
С биохимической точки зрения, действие этих двух компонентов можно описать следующим образом: ЦМФ принимает участие в синтезе комплекса липидов, которые образуют нейрональную мембрану, главным образом сфингомиелин — основной компонент миелиновой оболочки. ЦМФ также является предшественником нуклеиновых кислот (ДНК и РНК), которые, в свою очередь, являются основными элементами клеточного метаболизма (например, в белковом синтезе). УТФ действует как кофермент в синтезе гликолипидов, нейрональных структур и миелиновой оболочки, дополняя действие ЦМФ. Кроме того, он действует как источник энергии в процессе сокращения мышц. В общем, ЦМФ и УТФ принимают участие в синтезе фосфолипидов и гликолипидов, которые, в основном, составляют миелиновую оболочку и другие нервные структуры. Это приводит к интенсивной метаболической активности, способствующей, в свою очередь, процессу регенерации миелиновой оболочки, регулируя демиелинизацию при периферических нервных повреждениях. Таким образом, объединение действия ЦМФ и УТФ способствует регенерации миелиновой оболочки, правильному проведению нервного возбуждения и восстановлению мышечной трофики. Нуклео Ц.М.Ф. Форте обеспечивает организм фосфатными группами, необходимыми для объединения моносахаридов с кераминами для формирования нервных оболочек, и фосфатидными кислотами, составляющими сфингомиелин и глицерофосфолипиды - основные компоненты миелиновой оболочки. Таким образом, обеспечивается устойчивый трофический эффект, более полное созревание и регенерация аксональных нервных волокон. В результате чего уменьшается воспаление и нормализуется чувствительность поврежденного участка аксона, что способствует восстановлению аксонального транспорта.
Показания к применению
- ишиалгия
- радикулиты
- диабетическая полинейропатия
- алкогольные полиневриты
- опоясывающий лишай
- невралгия лицевого, тройничного, межреберных нервов
- люмбаго.
Способ применения
Порошок лиофилизированный растворить в 2 мл растворителя и вводить внутримышечно сразу после разведения.
Взрослым: по 2 мл (1 ампула) 1 раз в день.
Курс лечения до 21 дня.
Детям с 2-х лет: 2 мл (1 ампула) 1 раз в 2 дня.
Курс лечения 6 - 12 дней.
Побочные действия
Не были описаны, но в случае возникновения любых неблагоприятных реакций, связанных с применением препарата, проконсультируйтесь с вашим лечащим врачом.
Противопоказания
- повышенная чувствительность к компонентам препарата
- детский возраст до 2-х лет
Лекарственные взаимодействия
Не известны
Особые указания
Беременность и период лактации.
Целесообразность приема устанавливается в зависимости от преобладания преимуществ приема над потенциальным риском
Особенности влияния на способность управлять автотранспортом или другими потенциально опасными механизмами
Не влияет
Передозировка
В связи с малой токсичностью препарата вероятность передозировки мала.
Форма выпуска и упаковка
Порошок лиофилизированный помещают в ампулы оранжевого нейтрального стекла с кольцом для вскрытия.
По 2 мл растворителя в ампулы бесцветного нейтрального стекла
с кольцом для вскрытия.
По 3 ампулы с препаратом и 3 ампулы с растворителем вкладывают в контурную ячейковую упаковку из пленки поливинилхлоридной.
По 1 контурной ячейковой упаковке вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках вкладывают в пачку из картона.
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 300С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
2 года
Не применять по истечении срока годности.
Условия отпуска из аптек
По рецепту
Саудалық атауы
Нуклео Ц.М.Ф. ФОРТЕ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді дайындау үшін лиофилизацияланған ұнтақ еріткішімен жиынтықта
Құрамы
Бір ампула препараттың құрамында
белсенді заттар: цитидин 5'-динатрий монофосфаты 10.00 мг
уридин 5'-тринатрий трифосфаты
уридин 5'-динатрий дифосфаты
уридин 5'-динатрий монофосфаты (барлығы) 6.00 мг
(уридин құрамына баламалы - 2.66 мг)
қосымша заттар: маннитол
еріткіштің құрамы: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Түсі ақ немесе ақ дерлік лиофилизацияланған ұнтақ, гигроскопиялы.
Еріткіш – иіссіз мөлдір түссіз сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар
АТХ коды N07XX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Бұл препарат компоненттерінің шығу тегі органикалық, олар биологиялық сұйықтықтардың құрамында болғандықтан препаратқа фармакокинетикалық зерттеу жүргізуде қиындық туғызады және бұл радиоактивті изотоптармен таңбаланған өнімді пайдалана отырып, зерттеу жүргізуге негіз болды. Осы зерттеудің мақсаты УМФ, ЦМФ, сондай-ақ УТФ сіңірілуі мен фармакокинетикасын бағалау болатын.
4,97 мг/кг дозамен 14С-УМФ қолданудан кейін, 1,749 мг/кг құрайтын плазмадағы (Cmax) ең жоғары концентрациясына 10 минуттан кейін жеткен. Содан соң радиоактивтілігі альфа-таралу және бета-элиминация үшін сәйкесінше 0,5 және 0,6 сағат жартылай шығарылу кезеңімен жылдам шығарылған.
4,83 мг/кг дозамен 14С-ЦМФ қолданудан кейін 1,567 мг/кг құрайтын Cmax мәніне 20 минуттан кейін жеткен. Сосын радиоактивтілігі сәйкесінше 1,0 және 3,8 сағат жартылай шығарылу кезеңімен жылдам шығарылған.
4,86 мг/кг дозамен 14С-УТФ қолданудан кейін, 1,291 мг/кг құрайтын Cmax мәніне 20 минуттан кейін жеткен. Сосын радиоактивтілігі сәйкесінше 1,2 және 5,0 сағат жартылай шығарылу кезеңімен жылдам шығарылған.
Метаболизмнің осы бір жолы УМФ мен УТФ-да, яғни урацил арқылы кем дегенде анағұрлым полярлы радиоактивті бір фракцияға дейін жылдам өзгеруі анықталған.
ЦМФ қосылысы цитозинге, урацилге және кем дегенде бір анағұрлым полярлы радиоактивті фракцияға дейін жылдам өзгерген. Сондықтан цитозин негізінен урацилге өзгерген. Бұл нәтижелер қанда цитозин қатысуымен болатын урацилдің жылдамдығы аздау метаболизмі байқалғанын көрсетеді, бұл бастапқы қабылданған қосылыс – ЦМФ-ден пайда болған.
Фармакодинамикасы
Нуклео ЦМФ Форте құрамында нуклеотидтер қатары: ШЖЖ (шеткері жүйке жүйесі) ауруларын емдеуде кеңінен пайдаланылатын цитидин монофосфаты (ЦМФ), уридин трифосфаты (УТФ) бар.
Биохимиялық көзқарас тұрғысынан бұл екі компоненттің әсерін мынадай түрде сипаттауға болады: ЦМФ нейрональді жарғақшаны, ең бастысы миелин қабығының негізгі компоненті – сфингомиелинді түзетін липидтер кешенінің синтезіне қатысады. ЦМФ сондай-ақ нуклеинқышқылдарының (ДНҚ және РНҚ) ізашары саналады, олар өз кезегінде жасушалық метаболизмнің (мысалы, ақуыздар синтезінде) негізгі элементтері болып табылады. УТФ гликолипидтер, нейрондық құрылымдар мен миелин қабығының синтезінде, ЦМФ әсерін толықтырып, кофермент ретінде әсер етеді. Мұнымен қоса, ол бұлшықеттің жиырылуы үдерісінде қуат көзі ретінде әрекет етеді. Жалпы алғанда, ЦМФ және УТФнегізінен миелин қабығы мен басқа да жүйке құрылымдарын құрайтын фосфолипидтер мен гликолипидтер синтезіне қатысады. Бұл шеткері жүйке зақымданулары кезіндегі демиелинизацияны реттей отырып, өз кезегінде миелин қабығы регенерациясы үдерісіне ықпал ететін қарқынды метаболизмдік белсенділікке алып келеді. Осылайша, ЦМФ мен УТФ әсерлерінің бірігуі миелин қабығы регенерациясына, жүйке қозуының дұрыс жүруі мен бұлшықет трофикасының қалпына келуіне ықпалын тигізеді. Нуклео Ц.М.Ф.ФОРТЕ организмді жүйке қабықтарын қалыптастыру үшін моносахаридтерді кераминдермен біріктіруге қажетті фосфатты топтармен, және де миелин қабығының негізгі компоненттері – сфингомиелин мен глицерофосфолипидтер құрайтын фосфатидті қышқылдармен қамтамасыз етеді. Осылайша тұрақты трофикалық әсер, аксональді жүйке талшықтарының барынша толық жетілуі мен регенерациясы қамтамасыз етіледі. Осының нәтижесінде қабыну азайып, аксонның зақымданған бөлігінің сезімталдығы дұрысталады, бұл аксональді тасымалданудың қалпына келуіне ықпал етеді.
Қолданылуы
- ишиалгия
- радикулиттер
- диабеттік полинейропатия
- алкоголдік полиневриттер
- белдемелі теміреткі
- бет, үштік, қабырғааралық жүйкелер невралгиясы
- люмбаго.
Қолдану тәсілі
Лиофилизацияланған ұнтақты 2 мл еріткіште ерітіп, сұйылтылғаннан кейін бірден бұлшықетке енгізу керек.
Ересектерге: 2 мл (1 ампула) күніне 1 рет.
Емдеу курсы 21күнге дейін.
2 жасқа дейінгі балаларға: 2 мл (1 ампула) 2 күнде 1 рет.
Емдеу курсы 6 - 12 күн.
Жағымсыз әсерлері
Сипатталмаған, бірақ препаратты қолдануға байланысты кез келген жағымсыз реакциялар туындаған жағдайда өз дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- 2 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Белгісіз
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік және лактация кезеңі.
Қабылдаудың мақсатқа лайықтылығы ықтимал қатерден қабылдаудың артықшылығы асып түсуіне байланысты анықталады
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Препарат уыттылығының аздығына байланысты артық дозалану мүмкіндігі аз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Лиофилизацияланған ұнтақ ашуға арналған сақинасы бар қызыл-сары бейтарап шыны ампулаларға салынған.
2 мл еріткіштен ашуға арналған сақинасы бар түссіз бейтарап шыны ампулаларға салынған.
Препаратымен 3 ампула және еріткішімен 3 ампула полвинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы.