Торговое название
Назол®
Международное непатентованное название
Оксиметазолин
Лекарственная форма
Спрей назальный
Состав
1 мл препарата содержит
активное вещество - оксиметазолина гидрохлорид 0,5 мг;
вспомогательные вещества: бензалкония хлорид, макрогол 400, повидон, пропиленгликоль, динатрия фосфат дигидрат, натрия дигидрофосфата дигидрат, динатрия эдетат дигидрат, кислота хлороводородная концентрированная, вода очищенная.
Описание
Бесцветный прозрачный раствор, без запаха.
Фармакотерапевтическая группа
Респираторная система. Назальные препараты. Деконгестанты и другие назальные препараты для местного применения. Симпатомиметики, простые. Оксиметазолин
Код АТХ R01АА05
Фармакологические свойства
Фармакодинамика
Оксиметазолина гидрохлорид является синтетическим адреномиметиком. Стимулируя a-адренорецепторы сосудов, он оказывает длительное сосудосуживающее действие. Уменьшает гиперемию тканей и отек слизистых оболочек полости носа, придаточных пазух и евстахиевой трубы, тем самым восстанавливая носовое дыхание, нарушенное при гриппе, простудных и аллергических заболеваниях.
Облегчение носового дыхания наступает через 5-10 минут после впрыскивания в полость носа и длится около 12 часов.
Содержащиеся в препарате гликоли оказывают смягчающее действие на раздраженную слизистую оболочку носовой полости и защищают ее от чрезмерного высушивания.
Показания к применению
Затрудненное носовое дыхание при простудных заболеваниях, гриппе, ОРВИ, сенной лихорадке, аллергическом рините, синуситах и как дополнительное лечение при воспалении среднего уха.
Способ применения и дозы
Произведите впрыскивания поочередно в каждый носовой ход, при впрыскивании не запрокидывайте голову назад. Флакон держите вертикально.
Взрослым и детям старше 10 лет по 2 впрыскивания в каждый носовой ход. Детям от 6 до 10 лет (под наблюдением взрослых) по 1 впрыскиванию.
Повторять впрыскивания не ранее чем через 12 часов.
Длительность лечения не должна превышать 7 дней. При увеличении длительности лечения необходимо обратиться к врачу.
Побочные действия
Обычно оксиметазолин хорошо переносится и побочные действия, если они проявляются, всегда носят неострый и кратковременный характер.
Возможны:
- нарушения со стороны нервной системы: нервозность, возбуждение, тревога, помрачение сознания или головокружение, проблемы со сном, сонливость, дрожь, головная боль, галлюцинации (особенно у детей), слабость
- нарушения со стороны органа зрения: размытое зрение
- нарушения со стороны сердечно-сосудистой системы: тахикардия, учащенное сердцебиение, повышенное кровяное давление, реактивная гиперемия
- нарушения со стороны дыхательной системы: жжение в носовой полости, острая боль в носовой полости, чихание, увеличение выделений из носовой полости, увеличение заложенности носа, сухость в носу, сухость в ротовой полости, зуд в носовой полости, першение в горле, повторные застойные явления
- нарушения со стороны желудочно-кишечного тракта: тошнота
- нарушения со стороны кожи и подкожных тканей: сыпь
- нарушения со стороны скелетно-мышечной и соединительной ткани: конвульсии (особенно у детей)
- повышенная индивидуальная чувствительность к ингредиентам препарата
Противопоказания
- повышенная индивидуальная чувствительность к оксиметазолину, другим адренергическим средствам или ингредиентам препарата
- пациентам, которые получают ингибиторы МАО или пациентам, которые получали их предшествующие 2 недели
- пациентам с закрытоугольной глаукомой
- пациентам после транссфеноидальной гипофизэктомии
- в случае воспаления кожи или слизистой оболочки преддверия носа и образования корки (сухой ринит)
- тяжелая степень артериальной гипертензии, выраженный атеросклероз, нарушения сердечного ритма
- сахарный диабет, гипертиреоз
- заболевания почек с нарушением их выделительной функции, затруднение мочеиспускания вследствие гипертрофии предстательной железы
- детский возраст до 6 лет
Лекарственные взаимодействия
Прием трициклических антидепрессантов или МАО-ингибиторов одновременно или непосредственно перед применением оксиметазолина могут привести к повышению артериального давления.
Особые указания
Рекомендуется индивидуальное использование флакона во избежание распространения инфекции.
С осторожностью следует применять оксиметазолин-содержащие назальные спреи пациентам с сердечно-сосудистыми заболеваниями, артериальной гипертензией, гипертиреозом, сахарным диабетом или усложненным мочеиспусканием вследствие гиперплазии предстательной железы. Этим пациентам перед применением следует проконсультироваться с врачом.
Длительное применение может приводить к возврату заложенности.
Длительность лечения не должна превышать 7 дней, если врачом не было назначено по-другому.
Беременность и лактация
Оксиметазолин не был связан с неблагоприятным исходом беременности.
Не допускается превышать рекомендуемую дозировку. Препарат может применяться только после консультации с врачом.
С осторожностью следует применять пациентам с артериальной гипертензией или признаками сниженного плацентарного кровотока. Частое или длительное применение высоких доз может снизить плацентарный кровоток.
Нет сведений относительно выделения оксиметазолина с грудным молоком, поэтому не следует применять назальный спрей во время кормления грудью.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Не влияет.
Передозировка
Превышение рекомендованной дозы может вызвать боль или жжение, чихание и увеличение отделений из носового прохода. При избыточных дозах, особенно при длительном применении, могут наблюдаться расширенные зрачки, тошнота, цианоз, лихорадка, спазмы, тахикардия (учащение частоты сердечных сокращений), аритмия, остановка сердца, повышение артериального давления, отек легких, одышка, психические нарушения. Также возможно подавление функций центральной нервной системы, такое как сонливость, снижение температуры тела, брадикардия (урежение частоты сердечных сокращений), шокоподобная гипотензия, остановка дыхания и потеря сознания.
Применение у детей
Клиническое проявление включает признаки и симптомы со стороны центральной нервной системы: конвульсии и кому, галлюцинации, брадикардию, остановку дыхания, смену гипертензии и гипотензии.
Лечение: симптоматическое.
Форма выпуска и упаковка
По 10 мл флаконы из полиэтилена высокой плотности, оснащенных дозатором с полипропиленовым распылителем и полиэтиленовой крышкой.
По 1 флакону вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 30 °С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
3 года.
Не применять по истечении срока годности.
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Саудалық атауы
Назол®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Оксиметазолин
Дәрілік түрі
Мұрынға арналған спрей
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат: оксиметазолин гидрохлориді 0,5 мг;
қосымша заттар: бензалконий хлориді, макрогол 400, повидон, пропиленгликоль, динатрий фосфаты дигидраты, натрий дигидрофосфаты дигидраты, динатрий эдетаты дигидраты, концентрацияланған хлорсутек қышқылы, тазартылған су.
Сипаттамасы
Түссіз мөлдір, иіссіз ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Мұрынға арналған препараттар. Жергілікті қолдануға арналған деконгестанттар және мұрынға арналған басқа препараттар. Симпатомиметиктер, қарапайымдар. Оксиметазолин.
АТХ коды R01АА05.
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакодинамикасы
Оксиметазолин гидрохлориді синтетикалық адреномиметик болып табылады. Қантамырлардың a-адренорецепторларын стимуляциялай отырып, ол ұзақ уақыт тамырды тарылтатын әсер береді. Тіндердің гиперемиясын және мұрынның шырышты қабығының, қосалқы қойнаулары мен евстахий түтігінің ісінуін азайтады, сол арқылы, тұмау, суық тию және аллергиялық аурулар кезіндегі мұрынмен тыныс алу бұзылыстарын қалпына келтіреді.
Мұрынмен тыныс алудың жеңілдеуі мұрын қуысына бүріккеннен кейін 5-10 минуттан соң басталады және шамамен 12 сағатқа дейін созылады.
Препараттың құрамындағы гликольдер мұрын қуысының тітіркенген шырышты қабығына жұмсартатын әсер береді және оны шамадан тыс құрғаудан қорғайды.
Қолданылуы
- Суық тию аурулары, тұмау, ЖРВИ, пішен қызбасы, аллергиялық ринит, синуситтер кезінде мұрынмен тыныс алудың қиындауында және ортаңғы құлақтың қабынуы кезінде қосымша ем ретінде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Әр мұрын жолына кезек бүркіңіз, бүріккен кезде басыңызды кері шалқайтпаңыз. Құтыны тігінен ұстаңыз.
Ересектер мен 10 жастан асқан балаларға әр мұрын жолына 2 бүркуден. 6 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға (ересектердің қадағалауымен) 1 бүркуден.
Бүркуді кемінде 12 сағаттан соң қайталау керек.
Емдеу ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс. Емдеу ұзақтығы арттырылған жағдайда дәрігерге қаралу қажет.
Жағымсыз әсерлері
Әдетте оксиметазолин жақсы көтерімді және егер жағымсыз әсерлері пайда болса, олар үнемі жедел емес және қысқа мерзімді сипатта болады.
Болуы мүмкін:
- жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар: күйгелектік, қозу, үрей, сананың көмескіленуі немесе бас айналуы, ұйқы бұзылулары, ұйқышылдық, діріл, бас ауыруы, елестеулер (әсіресе балаларда), әлсіздік
- көру мүшесі тарапынан болатын бұзылу: бұлыңғыр көру
- жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан болатын бұзылулар: тахикардия, жүрек соғуының жиілеуі, қан қысымының жоғарылауы, реактивті гиперемия
- тыныс алу жүйесі тарапынан болатын бұзылулар: мұрын қуысының ашуы, мұрын қуысының қатты ауыруы, түшкіру, мұрын қуысынан бөліністердің бөлінуінің артуы, мұрынның бітелуінің күшеюі, мұрынның құрғауы, ауыз қуысының құрғауы, мұрын қуысының қышынуы, тамақтың жыбырлауы, қайталанатын іркілісті құбылыстар
- асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылулар: жүрек айнуы
- тері мен теріасты тіндері тарапынан болатын бұзылулар: бөртпе
- қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан болатын бұзылулар: конвульсиялар (әсіресе балаларда)
- препарат ингредиенттеріне жекелей сезімталдықтың жоғарылауы.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- оксиметазолинге, басқа адренергиялық дәрілерге немесе препарат ингредиенттеріне жекелей жоғары сезімталдық
- МАО тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерге немесе олардың осының алдындағы 2 аптада қабылдаған пациенттерге
- жабықбұрыштыглаукомасы бар пациенттерге
- транссфеноидальді гипофизэктомиядан кейінгі пациенттерге
- терінің немесе мұрынның кіреберіс шырышты қабығының қабынуы және қабыршық түзілуі (құрғақ ринит) жағдайында
- ауыр дәрежедегі артериялық гипертензия, айқын атеросклероз, жүрек ырғағының бұзылулары
- қант диабеті, гипертиреоз
- бүйректің шығару функциясының бұзылуымен жүретін аурулары, қуықасты безінің гипертрофиясы салдарынан несеп шығарудың қиындауы
- 6 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Трициклдық антидепрессанттарды немесе МАО тежегіштерін бір мезгілде немесе тура оксиметазолинді қолданар алдында қабылдау артериялық қысымның жоғарылауына алып келуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында, құтыны әр адамның жеке пайдалануы ұсынылады.
Құрамында оксиметазолин бар мұрынға арналған спрейлерді жүрек-қантамыр аурулары, артериялық гипертензиясы, гипертиреозы, қант диабеті немесе қуықасты безінің гиперплазиясы салдарынан несеп шығаруда қиындықтары бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Ол пациенттерге қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.
Ұзақ уақыт қолдану мұрын бітелуінің қайталануына алып келуі мүмкін.
Егер дәрігер басқаша тағайындамаса, емдеу ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс.
Жүктілік жәнелактация
Оксиметазолин жүктіліктің қолайсыз аяқталуымен байланыстырылмаған.
Ұсынылған дозасын арттыруға жол берілмейді. Препаратты тек дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдануға болады.
Артериялық гипертензиясы немесе плацентарлық қан ағымының төмендеуі белгілері бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Жоғары дозаларын жиі немесе ұзақ уақыт қолдану плацентарлық қан ағымын төмендетуі мүмкін.
Оксиметазолиннің емшек сүтімен бөлініп шығуына қатысты деректер жоқ,сондықтан, бала емізу кезінде мұрынға арналған спрейді қолданбаған дұрыс.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Ұсынылған дозасын арттыру мұрын жолының ауыруын немесе ашуын,түшкіруді немесе мұрын бөліністерінің артуын туғызуы мүмкін. Шамадан тыс дозалары кезінде, әсіресе ұзақ уақыт қолданғанда, қарашықтардың ұлғаюы, жүрек айнуы, цианоз, қызба,түйілулер, тахикардия (жүректің жиырылу жиілігінің артуы), аритмия, жүректің тоқтап қалуы, артериялық қысымның жоғарылауы, өкпенің ісінуі, ентігу, психикалық бұзылулар байқалуы мүмкін. Сонымен қатар, ұйқышылдық, дене температурсының төмендеуі, брадикардия (жүректің жиырылу жиілігінің сиреуі), шоктәрізді гипотензия, тыныстың тоқтап қалуы және естен тану сияқты жүйке жүйесі функциясының бәсеңдеуі болуы мүмкін.
Балаларда қолданылуы
Клиникалық көрінісіне орталық жүйке жүйесі тарапынан болатын белгілер мен симптомдар кіреді: конвульсиялар және кома, елестеулер, брадикардия, тыныстың тоқтап қалуы, гипертензия мен гипотензияның алмасуы.
Емі: симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған, полипропилен бүріккіші мен полиэтилен қақпағы бар, дозатормен жабдықталған құтыларда 10 мл-ден.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
30оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз