Торговое наименование
Назоферон®
Международное непатентованное название
Интерферон альфа-2b
Лекарственная форма, дозировка
Cпрей назальный 100000 МЕ/мл, 5 мл
Фармакотерапевтическая группа
Антинеопластические и иммуномодулирующие препараты. Иммуностимуляторы. Интерфероны. Интерферон альфа-2b.
Код ATХ L03AB05
Показания к применению
Профилактика и лечение острых респираторных вирусных инфекций (ОРВИ) у детей от 1 года и взрослых.
Перечень сведений, необходимых до начала применения
Противопоказания
- повышенная чувствительность к интерферону альфа-2b и другим компонентам, входящим в состав препарата
- тяжелые формы аллергических заболеваний в анамнезе
- период беременности или кормления грудью
Взаимодействия с другими лекарственными препаратами
Не рекомендуется одновременное применение интраназальных сосудосуживающих препаратов, поскольку они способствуют сухости слизистой оболочки носа.
Необходимые меры предосторожности при применении
Препарат содержит метилпарагидроксибензоат, который может вызывать аллергические реакции, в том числе отсроченные, в исключительных случаях бронхоспазм.
Специальные предупреждения
Не следует применять препарат в случае нарушения целостности и маркировки упаковки, при изменении физических свойств (цвета или прозрачности жидкости) и после окончания срока годности.
Чтобы избежать распространения инфекции рекомендовано индивидуальное использование.
Применение в педиатрии
Применять детям с 1 года.
Во время беременности или лактации
Применение противопоказано.
Особенности влияния препарата на способность управлять транспортом и потенциально опасными механизмами
Не влияет.
Рекомендации по применению
Режим дозирования
1 спрей-доза = 1 короткое нажатие на дозатор.
При первых признаках заболевания ОРВИ (на протяжении 5 дней)
Детям с 1 до 3 лет – по 2 спрей-дозы в каждый носовой ход 3-4 раза в сутки (разовая доза – 20000 МЕ, суточная доза – 60000-80000 МЕ);
Детям с 3 до 14 лет – по 2 спрей-дозы в каждый носовой ход4-5 раз в сутки (разовая доза – 20000 МЕ, суточная доза – 80000-100000 МЕ);
Детям с 14 до 18 лет – по 2 спрей-дозы в каждый носовой ход 5-6 раз в сутки (разовая доза – 20000 МЕ, суточная доза – 100000-120000 МЕ);
Взрослым – по 3 спрей-дозы в каждый носовой ход 5-6 раз в сутки (разовая доза – 30000 МЕ, суточная доза – 150000-180000 МЕ).
Для профилактики респираторных вирусных инфекций
При контакте с больным и при переохлаждении, у пациентов, часто и длительное время страдающих заболеваниями верхних дыхательных путей – в соответствии с возрастной дозировкой 2 раза в сутки в течение 5-7 дней. В случае необходимости профилактические курсы повторять. При однократном контакте с больным достаточно одного впрыскивания.
При сезонном повышении заболеваемости в организованных коллективах (детских и взрослых), среди групп «риска» – медицинских работников, учителей – в соответствии с возрастной дозировкой однократно утром с интервалом через 1-2 дня.
Метод и путь введения
Схема использования спрея назального:
1. Снять защитный колпачок с флакона.
2. Активировать распылитель нажатием (пробное распыление).
3. Находясь в вертикальном положении поместить конец насадки поочередно в каждый носовой ход и нажать на насос-дозатор.
4. После применения закрыть флакон колпачком.
Флакон Пробное Использование
распыление
Длительность лечения
Длительность лечения от 5 до 7 дней.
Меры, которые необходимо принять в случае передозировки
Не сообщалось о случаях передозировки, сопровождающихся острыми клиническими проявлениями. Однако, как и при передозировке любого фармакологически активного вещества, показано проводить симптоматическую терапию с частым мониторингом функций жизненно важных органов и с тщательным наблюдением за состоянием пациента.
При возникновении вопросов обратитесь за консультацией к медицинскому работнику для разъяснения способа применения лекарственного препарата
Описание нежелательных реакций, которые проявляются при стандартном применении ЛП и меры, которые следует принять в этом случае
В единичных случаях – сыпь на коже.
В случае появления нежелательных реакций следует проконсультироваться с врачом.
Дополнительные сведения
Состав лекарственного препарата
Один мл препарата содержит
активное вещество: интерферон альфа-2b рекомбинантный человека не менее 100000 МЕ,
вспомогательные вещества: трометамол, трометамола гидрохлорид, гипромелоза, динатрия эдетат, лизина гидрохлорид, калия хлорид, метилпарагидроксибензоат (Е 218), вода для инъекций.
Описание внешнего вида, запаха, вкуса
Прозрачная бесцветная жидкость.
Форма выпуска и упаковка
По 5 мл во флаконы из коричневого стекла для инъекций или во флаконы стеклянные светозащитные, закрытые насосами-дозаторами с распылителем назального назначения. На флаконы наклеивают этикетки-самоклейки.
По 1 флакону вместе с инструкцией по медицинскому применению на казахском и русском языках вкладывают в пачку из картона.
Срок хранения
3 года
Период применения после вскрытия флакона 10 суток при условии хранения (в холодильнике) при температуре от 2 °С до 8 °С.
Не применять по истечении срока годности.
Условия хранения
Хранить в защищенном от света месте при температуре от 2 °С до 8 °С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Саудалық атауы
Назоферон®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Интерферон альфа-2b
Дәрілік түрі, дозалануы
Мұрынға арналған спрей 100000 ХБ/мл, 5 мл
Фармакотерапиялық тобы
Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Иммуностимуляторлар. Интерферондар. Интерферон альфа-2b
АТХ коды L03AB05
Қолданылуы
1 жастан бастап балаларда және ересектерде жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) профилактикасы және емдеу.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- интерферон альфа-2b және препарат құрамына кіретін басқа да компоненттерге жоғары сезімталдық
- анамнездегі аллергиялық аурулардың ауыр түрлері
- жүктілік немесе емшек емізу кезеңі
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Мұрынға тамызуға арналған тамыр тарылтатын препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені олар мұрын шырышты қабығының құрғауына себепші болады.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Препараттың құрамында метилпарагидроксибензоат бар, ол аллергиялық реакцияларды, соның ішінде кейіннен болатындарын, ерекше жағдайларда бронх түйілуін тудыруы мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Препаратты қаптаманың бүтіндігі мен таңбалануы бұзылған жағдайда, физикалық қасиеттері (сұйықтықтың түсі немесе мөлдірлігі) өзгергенде және жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданбаған жөн.
Инфекцияның таралуын болдырмау үшін жекелей пайдалану ұсынылады.
Педиатрияда қолданылуы
Балаларға 1 жастан бастап қолданады.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралдарын және әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
1 спрей-доза = дозаторды 1 рет тез басу.
ЖРВИ ауруларының алғашқы белгілерінде (5 күн бойы)
1-ден 3 жасқа дейінгі балаларға – 2 спрей-дозадан әрбір мұрын жолына тәулігіне 3-4 рет (бір реттік доза – 20000 ХБ, тәуліктік доза – 60000-80000 ХБ);
3-тен 14 жасқа дейінгі балаларға – 2 спрей-дозадан әрбір мұрын жолына тәулігіне 4-5 рет (бір реттік доза – 20000 ХБ, тәуліктік доза – 80000-100000 ХБ);
14-тен 18 жасқа дейінгі балаларға – 2 спрей-дозадан әрбір мұрын жолына тәулігіне 5-6 рет (бір реттік доза – 20000 ХБ, тәуліктік доза – 100000-120000 ХБ);
Ересектерге – 3 спрей-дозадан әрбір мұрын жолына тәулігіне 5-6 рет (бір реттік доза – 30000 ХБ, тәуліктік доза – 150000-180000 ХБ).
Респираторлық вирустық инфекциялардың профилактикасы үшін
Науқаспен қарым-қатынас кезінде және қатты салқындағанда, жоғарғы тыныс жолдарының ауруларынан жиі әрі ұзақ уақыт зардап шегетін пациенттерде – жасына қарай дозалануына сәйкес тәулігіне 2 рет 5-7 күн бойы. Қажет болған жағдайда профилактикалық курстар қайталанады. Науқаспен бір реттік қарым-қатынас кезінде бір рет бүрку жеткілікті.
Ұйымдасқанұжымдарда (балалардың және ересектердің) аурудың маусымдық жоғарылауы кезінде «қауіп» топтарының – медицина қызметкерлерінің, мұғалімдердің арасында – жасына қарай дозалануына сәйкес бір рет таңертең 1-2 күн аралықпен.
Енгізу әдісі және жолы
Мұрын спрейін пайдалану сызбасы:
1. Құтыдан қорғағыш қалпақшасын шешу керек.
2. Бүріккішті басу арқылы іске қосу (сынама бүрку).
3. Тік қалыпта тұрып, қондырманың ұшын әрбір мұрын жолына кезек-кезек салып, сорғы-дозаторды басу керек.
4. Қолданғаннан кейін құты қалпақшасын жабу керек.
Құты |
Сынама бүрку |
Пайдалану |
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы 5-тен 7 күнге дейін.
Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар
Жедел клиникалық біліністермен қатар жүретін артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған. Алайда, кез келген фармакологиялық белсенді заттың артық дозаланған кезіндегідей, тіршілік үшін маңызды ағзалардың функциясына жиі мониторинг жүргізіп және пациенттің жай-күйін мұқият бақылай отырып симптоматикалық ем жүргізу көрсетілген.
Сұрақтар туындаған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну керек
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Бірлі-жарым жағдайларда – терідегі бөртпе.
Жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда дәрігерден кеңес алу керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір мл препараттың құрамында
белсенді зат – адамның рекомбинантты альфа-2b интерфероны - 100000 ХБ кем емес,
қосымша заттар: трометамол, трометамол гидрохлориді, гипромелоза, динатрий эдетаты, лизин гидрохлориді, калий хлориді, метилпарагидроксибензоат (Е 218), инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 мл-ден инъекцияға арналған қоңыр шыныдан жасалған құтыларға немесе мұрынға арналған бүріккіші бар сорғы-дозаторлармен жабылған жарықтан қорғайтын шыны құтыларға құйылады. Құтыларға өздігінен желімделетін заттаңбалар жапсырылады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі сақтау шарт бойынша 2 °С-ден 8 ºС-ге дейінгі температурада (тоңазытқышта) 10 тәулік.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 2 °С-ден 8 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз