Натрия хлорид, 0,9%, р-р д/инф., 500 мл, флакон пластиковый, Huashidan
Торговое название
Натрия хлорид
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма
Раствор для инфузий 0.9 %
Состав
1 литр препарата содержит
активное вещество - натрия хлорид 9.0 г
вспомогательное вещество - вода для инъекций до 1.0 л
Описание
Прозрачная бесцветная жидкость солоноватого вкуса.
Фармакотерапевтическая группа
Плазмозамещающие и перфузионные растворы. Растворы, влияющие на водно-электролитный баланс. Электролиты.
Код АТХ В05ВВ01
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Раствор натрия хлорида 0,9 % при внутривенном введении быстро выводится из сосудистого русла и переходит в интерстициальный сектор и внутрь клеток. Т1/2 – около 1 часа. Экскретируется почками в неизмененном виде.
Фармакодинамика
Плазмозамещающее средство, регулирующее водно-солевое и кислотно-основное равновесие. Препарат способствует восстановлению осмотического давления крови и межклеточной жидкости, пополняет объем крови в кровяном русле при его снижении, нормализует ионное равновесие. Оказывает дезинтоксикационный эффект. Стимулирует процессы обмена веществ, улучшает антитоксическую функцию печени, повышает диурез.
Нормализует нарушенный водно-солевой гомеостаз, в основном при уменьшении объема жидкости в организме. В связи с тем, что 0,9% раствор натрия хлорида изотоничен плазме крови человека, препарат быстро выводится из сосудистого русла и лишь временно увеличивает объем жидкости, циркулирующей в сосудах. При кровопотере и шоке недостаточно эффективен.
Показания к применению
- плазмоизотоническое замещение жидкости (токсическая диспепсия, холера, диарея, «неукротимая» рвота, обширные ожоги с сильной экссудацией)
- гипохлоремия и гипонатриемия с обезвоживанием
- интоксикации различной этиологии
- поддержание объема экстрацеллюлярной жидкости во время и после операций
- для промывания ран, глаз, слизистой оболочки носа
- для растворения и разведения лекарственных средств, увлажнения перевязочного материала
Способ применения и дозы
Назначается внутривенно капельно, подкожно, ректально в клизмах и местно (для промывания ран, глаз, слизистой оболочки носа), для увлажнения перевязочного материала.
Доза определяется в зависимости от потери организмом жидкости, ионов натрия и хлора. Перед введением препарат следует подогреть до 36 - 38°С.
Средняя доза 1000 мл в сутки в качестве внутривенной продолжительной капельной инфузии при скорости введения 540 мл/час (до 180 капель/минуту). При больших потерях жидкости и выраженной интоксикации возможно введение до 3000 мл в сутки. Длительное введение больших доз изотонического раствора натрия хлорида необходимо проводить под контролем лабораторных исследований.
Детям при острой дегидратации (без определения лабораторных параметров) вводят 20 – 30 мл/кг. В дальнейшем режим дозирования корректируют в зависимости от лабораторных показателей.
Побочные действия
- хлоридный ацидоз
- гипергидратация
- гипокалиемия
- гипернатриемия
- жажда, слезотечение, потливость, лихорадка
- тошнота, рвота, спазмы в области желудка, диарея
- тахикардия, артериальная гипертензия
- нарушение функции почек, отеки
- беспокойство, слабость
- подергивание и гипертонус мышц
- боль и раздражение в месте введения, тромбофлебит
Противопоказания
- гипернатриемия, гиперхлоремия, гипокалиемия, ацидоз
- внеклеточная гипергидратация, внутриклеточная дегидратация
- циркуляторные нарушения, угрожающие отеком мозга и легких
- отек мозга, отек легких
- острая левожелудочковая недостаточность
- сопутствующая терапия кортикостероидами в больших дозах
Лекарственные взаимодействия
Совместим с коллоидными гемодинамическими кровезаменителями (взаимное усиление эффекта). При применении с кортикостероидами потенцируется гипернатриемия.
При прибавлении к раствору других препаратов необходимо визуально контролировать совместимость (тем не менее, возможна невидимая и терапевтическая несовместимость).
Особые указания
Использовать только неповрежденный флакон.
С осторожностью применять в случае сердечной недостаточности в стадии декомпенсации, артериальной гипертензии, нарушении функции почек (олигурия, анурия), периферических отеках, токсикозе беременных. Одновременное назначение с кортикостероидами и кортикотропином требует постоянного контроля уровня электролитов крови. При длительном введении больших доз необходимо проводить контроль кислотно-основного состояния и электролитов в плазме крови и моче. При значительном обезвоживании при невозможности внутривенного введения вводят подкожно или ректально.
Беременность и период лактации
Возможно применение по строгим показаниям. Необходимо внимательно дозировать в случае развития гестоза.
Особенности влияния на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Не влияет
Передозировка
Симптомы: введение больших объемов 0,9% раствора натрия хлорида может привести к хлоридному ацидозу и гипергидратации.
Лечение: при передозировке препарат следует отменить и провести симптоматическую терапию. При гипергидратации провести терапию осмотическими диуретиками. При тяжелой сердечной недостаточности отеки можно устранить с помощью диализа.
Форма выпуска и упаковка
По 100 мл, 250 мл и 500 мл препарата во флаконыиз стекломассы или полипропилена с петлей - держателем, укупоренные комбинированным колпачком синего цвета с логотипом компании.
На флаконы наклеивают этикетку из бумаги этикеточной (самоклеющейся).
Флаконы вместе с инструкциями по медицинскому применению на государственном и русском языках в соответствующем количестве укладывают в картонную коробку.
Клапаны крышки коробки должны быть заклеены.
Условия хранения
Хранить при температуре от 15°С до 30 °С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
3 года
Не применять по истечении срока годности.
Условия отпуска из аптек
По рецепту
Саудалық атауы
Натрий хлориді
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Инфузияға арналған 0.9 % ерітінді
Құрамы
1 литр препараттың құрамында
белсенді зат – 9.0 г натрий хлориді,
қосымша зат: инъекцияға арналған су 1.0 л-ге дейін.
Сипаттамасы
Кермек дәмі бар мөлдір түссіз сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер. Су-электролит теңгеріміне әсер ететін ерітінділер. Электролиттер.
АТХ коды В05ВВ01
Фармакологиялық қасиетттері
Фармакокинетикасы
Натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі вена ішіне енгізген кезде тамыр арнасынан жылдам шығады және интерстициальді секторға және жасушалар ішіне өтеді. Т1/2 – 1 сағатқа жуық. Өзгермеген күйі бүйрек арқылы шығарылады.
Фармакодинамикасы
Су-тұз және қышқылдық-негіздік тепе-теңдікті реттейтін плазмоалмастырғыш дәрі. Препарат қанның осмостық қысымының және жасушааралық сұйықтықтың қалпына келуіне ықпал етеді, қан арнасындағы қан көлемінің төмендеуі кезінде оны толықтырады, иондық тепе-теңдікті қалыпты етеді. Уытсыздандыратын әсер көрсетеді. Зат алмасу үдерістерін көтермелейді, бауырдың уытқа қарсы функциясын көтермелейді, диурезді арттырады.
Негізінен организмде сұйықтық көлемі азайғанда бұзылған су-тұз гомеостазын қалпына келтіреді. Натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі адам қанының плазмасына изотониялы болуына байланысты препарат тамыр арнасынан жылдам шығарылады және тек тамырларда айналымда болатын сұйықтық көлемін уақытша ғана арттырады. Қан жоғалтуда және шокта тиімділігі жеткіліксіз.
Қолданылуы
- сұйықтықтыплазмаизотониялық түрде алмастырғанда (уытты диспепсия, тырысқақ, диарея, «толассыз» құсу, қатты экссудациямен ауқымды күюлер)
- сусызданумен гипохлоремия жәнегипонатриемия
- шығу тегі әртүрлі уыттануда
- операция кезінде және одан кейін экстрацеллюляры сұйықтықтың көлемін ұстап тұруға
- жараларды, көзді, мұрын шырышты қабығын шаю үшін
- дәрілік заттарды еріту және сұйылту, таңғыш материалды сулау үшін
Қолдану тәсілі мен дозалары
Вена ішіне тамшылатып, тері астына, клизма ретінде ректальді және жергілікті (жараларды, көзді, мұрын шырышты қабығын шаю үшін), таңғыш материалды сулау үшін тағайындалады.
Дозасы организмнің сұйықтықты, натрий және хлор иондарын жоғалтуына байланысты белгіленеді. Енгізудің алдында препаратты 36 - 38°С-ге дейін қыздыру керек.
Орташа дозасы тәулігіне 1000 мл, вена ішіне 540 мл/сағ (минутына 180 тамшыға дейін) жылдамдықпен тамшылататын ұзақ инфузия ретінде жүргізіледі. Сұйықтықты көп жоғалтқанда және айқын уыттануда тәулігіне 3000 мл-ге дейін енгізілуі мүмкін. Натрий хлориді изотониялық ерітіндісінің үлкен дозаларын ұзақ енгізуді зертханалық тексерулермен бақылау арқылы жүргізген жөн.
Балаларға жедел сусыздануда (зертханалық параметрлерін анықтамастан) 20 - 30 мл/кг енгізеді. Одан әрі қарай дозалау режимі зертханалық көрсеткіштерге қарай реттеледі.
Жағымсыз әсерлері
- хлоридті ацидоз
- гипергидратация
- гипокалиемия
- гипернатриемия
- шөлдеу, көздің жасаурауы, тершеңдік, қызба
- жүрек айнуы, құсу, асқазан аймағындағы түйілулер, диарея
- тахикардия, артериялық гипертензия
- бүйрек функциясының бұзылуы, ісінулер
- мазасыздық, әлсіздік
- бұлшықеттердің тартылуы және гипертонусы
- енгізілген жердің ауыруы және тітіркенуі, тромбофлебит
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- гипернатриемияда, гиперхлоремияда, гипокалиемияда, ацидозда
- жасушадан тыс гипергидратацияда, жасушаішілік дегидратацияда
- ми мен өкпенің ісіну қаупі бар айналымдық бұзылуларда
- мидың ісінуінде, өкпе ісінуінде
- сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігінде
- кортикостероидтардың үлкен дозаларымен қатар жүргізілетін емде
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Коллоидты гемодинамикалық қан алмастырғыштармен үйлесімді (әсері өзара күшейеді). Кортикостероидтармен қолданғанда гипернатриемия күшейеді.
Ерітіндіге басқа препараттарды қосқанда үйлесімділігін көзбен қарап бақылау керек (дегенмен, көзге көрінбейтін емдік үйлесімсіздігі де болуы ықтимал).
Айрықша нұсқаулар
Тек зақымданбаған құтыны қолдану керек.
Декомпенсацияланған сатыдағы жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, бүйрек функциясының бұзылуы (олигурия, анурия), шеткергі ісінулер, жүктілердің токсикозы жағдайында абайлап қолдану керек. Кортикостероидтармен және кортикотропинмен бір мезгілде тағайындау қан электролиттерінің деңгейін тұрақты бақылауды қажет етеді. Үлкен дозаларды ұзақ қолданған кезде қышқылдық-негізді жай-күйіне және қан плазмасы мен несептегі электролиттерге бақылау жүргізу керек. Елеулі сусызданғанда вена ішіне енгізу мүмкін болмағанда теріастына немесе ректальді енгізеді.
Жүктілік пен лактация кезеңі
Қатаң көрсетілімдер бойынша қолданылуы мүмкін. Гестоз өршіген жағдайда мұқиятпен дозалау қажет.
Көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Симптомдары:натрий хлориді 0,9% ерітіндісінің үлкен мөлшерлерін енгізу хоридті ацидозды және гипергидратацияны туғызуы мүмкін.
Емі: артық дозаланғанда препаратты қолдануды тоқтату және симптоматикалық ем жүргізу керек. Гипергидратацияда осмостық диуретиктермен ем жүргізу керек. Жүректің ауыр жеткіліксіздігінде ісінулерді диализдің көмегімен жоюға болады.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
Компанияның логотипі бар көк түсті біріктірілген қалпақшамен тығындалған шыны массадан немесе ілмек-ұстағышы бар полипропиленнен жасалған құтыларда препарат 100 мл, 250 мл және 500 мл-ден.
Құтыларға заттаңбалық қағаздан жасалған (өздігінен желімделетін) заттаңба жапсырылған.
Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен бірге картон қорапқа салынады.
Қораптағы қақпақ клапаны желімденген болуы тиіс.
Сақтау шарттары
15°С-ден 30 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы