Торговое название
Мираксидин – DF®
Международное непатентованное название
Хлоргексидин
Лекарственная форма
0,05% раствор для наружного применения по 10 мл, 50 мл и 100 мл
Состав
1 мл препарата содержит
активное вещество - хлоргексидина диглюконата 20 % раствор - 0,0025 мл,
вспомогательное вещество - вода очищенная до 1 мл
Описание
Бесцветная прозрачная или слегка опалесцирующая жидкость без запаха.
Фармакотерапевтическая группа
Антисептики и дезинфицирующие препараты. Бигуаниды и амидины.
Хлоргексидин
Код АТХ D08AC02
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Практически не всасывается из желудочно-кишечного тракта. После случайного проглатывания 300 мг Сmax (максимальная концентрация) достигается через 30 мин и составляет 0,206 мкг/л. Выводится в основном с каловыми массами (90%), менее 1% выделяется с почками.
Фармакодинамика
Мираксидин-DF® – это антисептическое и дезинфицирующее средство, являясь дихлорсодержащим производным бигуанида, блокирует аминогруппы клеточных белков. Проникает во внутриклеточные мембраны бактериальных клеток, осаждается на цитоплазме и внедряется в мембранную функцию, препятствуя потреблению кислорода, что приводит к уменьшению уровня клеточной АТФ и гибели клетки. Разрушает ДНК и нарушает синтез ДНК у микроорганизмов.
Бактерицидное действие оказывает при температуре +22оС и воздействии в течение 1 мин. Фунгицидное и вирулицидное действие оказывает при температуре +22оС и воздействии в течение 10 мин.
Препарат активен в отношении вегетативных форм грамположительных и грамотрицательных бактерий, аэробных и анаэробных бактерий в виде монокультур и микробных ассоциаций, включая госпитальные штаммы с полирезистентностью к антибиотикам. Эффективен в отношении возбудителей венерических болезней: трепанем, гонококков, трихомонад,хламидий, герпеса. На споры бактерий действует только при повышенной температуре. Не действует на кислотоустойчивые формы бактерий.
Противогрибковое действие оказывает на аскомицеты, дрожжевые грибы, дерматофиты.
Сохраняет активность (хотя несколько сниженную) в присутствии крови, гноя, различных секретов и органических веществ.
Показания к применению
- послеоперационный уход за больными в отделениях ЛОР и стоматологии
- гнойные раны, инфицированные ожоги, бактериальные и грибковые заболевания кожи и слизистых оболочек в стоматологии (гингивит, стоматит, афты, парадонтит, альвеолит)
- профилактика инфекций в хирургии, урологии, акушерстве и гинекологии
- профилактика инфекций, передаваемых половым путем (хламидиоз, уреаплазмоз, трихомониаз, гонорея, сифилис, генитальный герпес)
- обеззараживание кожных покровов (потертости, трещины)
- индивидуальная профилактика бактериальных, грибковых заболеваний после посещения общественных мест (бассейны, сауны)
Способ применения и дозы
Мираксидин-DF®0,05% раствор применяют взрослым и детям старше 3 лет в качестве профилактического и лечебного средства наружно и местно в виде орошений, полосканий и аппликаций (5-10 мл наносят на пораженную поверхность кожи или слизистых оболочек):
- при послеоперационном уходе за больными в отделениях ЛОР и стоматологии Мираксидин-DF®назначают в виде полосканий 2-3 раза в сутки
- при комплексном лечении уретритов и уретропростатитов Мираксидин-DF® впрыскивают в уретру по 2-3 мл 1-2 раза в день, курс лечения – 10 дней, процедуры назначают через день
- для профилактики заболеваний, передаваемых половым путем Мираксидин-DF®необходимо использовать не позднее 2-х часов после полового акта. Перед использованием препарата необходимо опорожнить мочевой пузырь и обработать область гениталий теплой водой без мыла. Содержимое флакона с помощью насадки ввести в мочеиспускательный канал мужчинам (2-3 мл), женщинам (1-2 мл) и во влагалище (5-10 мл) на 2-3 мин. Необходимо также обработать кожу внутренних поверхностей бедер, лобка, половых органов. После процедуры не мочиться в течение 2 ч.
Для орошения влагалища женщинам Мираксидин-DF® выпускается по 50 мл в гофрированном флаконе в комплекте со специальной насадкой. Перед применением необходимо заменить колпачок от флакона с готовым раствором на специальную насадку, ввести во влагалище и путем надавливания на дно флакона впрыснуть 5-10мл раствора на 2 – 3 минуты.
Побочные действия
Часто
- липкость кожи рук в течение 3-5 мин
Редко
- сухость и зуд кожи
- дерматит
- окрашивание зубов
- отложение зубного камня
- нарушение вкуса (при лечении гингивитов)
Очень редко
- аллергические реакции (кожная сыпь)
- фотосенсибилизация
Противопоказания
- склонность к аллергическим реакциям
- дерматиты
- индивидуальная непереносимость хлоргексидина
- детский возраст до 3 лет
Лекарственные взаимодействия
Мираксидин-DF® не совместим с мылом, а также с детергентами, содержащими анионную группу (сапонины, натрия лаурилсульфат, натрия карбоксиметилцеллюлоза). Совместим с препаратами, содержащими катионную группу (бензалконий хлорид, цетримоний бромид).
Не совместим с карбонатами, хлоридами, цитратами, фосфатами, сульфатами, создавая труднорастворимые осадки по истечении 24 часов.
Повышает чувствительность бактерий к хлорамфениколу, канамицину, неомицину, цефалоспоринам.
Этанол усиливает антисептическую активность препарата.
При одновременном применении с препаратами йода возможно развитие дерматитов.
Особые указания
У пациентов с открытой черепно-мозговой травмой, повреждениями спинного мозга, перфорацией барабанной перепонки следует избегать попадания препарата на поверхность головного мозга, мозговых оболочек и в барабанную полость.
Не следует смешивать Мираксидин-DF® с другими лекарственными препаратами.
При наружном применении препарата рекомендуется наносить на чистую сухую кожу, тщательно смыв остатки мыла.
Не следует пользоваться Мираксидином-DF® для обработки коньюктивы и для промывания полостей тела, обработки глубоких ран и ожогов.
Одежду, которая была в контакте с препаратом не подвергать действию гипохлоритов и др. соединений, выделяющих активный хлор, из-за возможности появления на них коричневых пятен.
В случае попадания на слизистые оболочки глаз их следует быстро и тщательно промыть водой.
Беременность и период лактации
Кормящим матерям и беременным женщинам применять с осторожностью из-за риска развития аллергических реакций!
Особенности влияние лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Препарат на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами не влияет.
Передозировка
Симптомы: Данных о передозировке препаратом нет.
Лечение: При случайном попадании внутрь Мираксидин-DF® не абсорбируется, в этом случае необходимо сделать промывание желудка, используя молоко, сырое яйцо, желатин или большое количество воды и принять адсорбенты (активированный угль). При необходимости провести симптоматическую терапию.
Форма выпуска и упаковка
По 10 мл, 50 мл, 100 мл препарата в круглые или плоские полиэтиленовые флаконы-капельницы, а также по 50 мл в полиэтиленовый гофрированный флакон (спринцовка) с завинчивающейся крышкой дополнительно со специальной насадкой. На каждый флакон наклеивают этикетку. Флаконы вместе с инструкциями по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачки картонные.
Условия хранения
Хранить в защищенном от света месте, при температуре не выше 25 оС.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
3 года.
Не применять по истечении срока годности.
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Саудалық атауы
Мираксидин – DF®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Хлоргексидин
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған 0,05% ерітінді, 10 мл, 50 мл және 100 мл
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - 20% хлоргексидин диглюконаты ерітіндісі – 0,0025 мл,
қосымша зат – тазартылған су 1 мл-ге дейін.
Сипаттамасы
Түссіз мөлдір немесе сәл бозаңданатын, иіссіз сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Бигуанидтер және амидиндер. Хлоргексидин
АТХ коды D08AC02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Іс жүзінде асқазан-ішек жолынан сіңбейді. Байқамай 300 мг жұтып қойғаннан кейін Сmax(ең жоғары концентрациясына) 30 минуттан соң жетеді және 0,206 мкг/л құрайды. Негізінен нәжіспен (90%) шығарылады, бүйрек арқылы 1%-дан азы бөлініп шығады.
Фармакодинамикасы
Мираксидин-DF®– бұл антисептикалық және дезинфекциялайтын дәрі, құрамында дихлоры бар бигуанид туындысы болып табылады, жасушалық ақуыздардың амин топтарын бөгейді. Бактериялық жасушалардың жасушаішілік жарғақшаларына өтеді, цитоплазмада шөгеді және жарғақша функциясына еніп, оттегіні тұтынуына кедергі жасайды, ол жасушалық АТФ деңгейінің азаюына және жасушалардың өліміне әкеп соғады. Микроорганизмдерде ДНҚ-ны бұзады және ДНҚ синтезін бұзады.
+22oC температурада және 1 минут әсер еткенде бактерицидті әсер береді. +22oC температурада және 10 минут бойы әсер еткенде фунгицидті және вирулицидті әсер береді.
Препарат грамоң және грамтеріс бактериялардың вегетативті түрлеріне, антибиотиктерге полирезистентті госпитальді штаммдарды қосқанда, моноөсірінді және микробты ассоциация түріндегі, аэробты және анаэробты бактерияларға қатысты белсенді. Венерологиялық ауру қоздырғыштарына: трепанемаға, гонококктарға, трихомонадаға, хламидияларға, герпеске қатысты тиімді. Бактериялардың спораларына тек жоғары температурада ғана әсер етеді. Бактериялардың қышқылға төзімді түрлеріне әсер етпейді.
Аскомициттерге, ашытқы саңырауқұлақтарға, дерматофиттерге зеңдерге қарсы әсер береді.
Қан, ірің, әртүрлі секреттер мен органикалық заттар бар болғанда белсенділігін (сәл төмен болса да) сақтайды.
Қолданылуы
- ЛОР және стоматология бөлімдерінде науқастарға операциядан кейінгі күтім
- іріңді жаралар, инфекцияланған күйіктер, стоматологияда терінің және шырышты қабықтардың бактериялық және зеңдік аурулары (гингивит, стоматит, афталар, парадонтит, альвеолит)
- хирургияда, урологияда, акушерлікте және гинекологияда инфекцияның профилактикасы
- жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (хламидиоз, уреаплазмоз, трихомониаз, соз, мерез, генитальді герпес) профилактикасы
- тері жабындарын залалсыздандыру (сыдырылуды, сызаттарды)
- қоғамдық орындарда (бассейнде, саунада) болғаннан кейінгі бактериялық, зеңдік аурулардың жекелей профилактикасы
Қолдану тәсілі және дозасы
0,05% Мираксидин-DF® ерітіндісін ересектерге және 3 жастан асқан балаларға сыртқа және жергілікті бүрку, шаю және жапсыру түрінде профилактикалық және емдік дәрілер ретінде қолданылады (терінің немесе шырышты қабықтың зақымданған жеріне 5-10 мл жағады):
- ЛОР және стоматология бөлімдерінде науқастардың операциядан кейінгі күтімінде Мираксидин-DF® препаратын тәулігіне 2-3 рет шаю түрінде қолдануға тағайындайды
- уретриттердің және уретропростатиттердің кешенді емінде Мираксидин-DF® уретраға күніне 1-2 рет 2-3 мл-ден бүркеді, емдеу курсы – 10 күн, емшараны күнара тағайындайды.
- жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу үшін Мираксидин-DF® жыныстық қатынастан кейін 2 сағаттан кешіктірмей қолдану қажет. Препаратты қолданар алдында қуықты босатып алу қажет және жыныс мүшелері аймағын сабынсыз жылы сумен өңдеу керек. Құтының ішіндегі затты қондырманың жәрдемімен еркектің (2-3 мл), әйелдердің (1-2 мл) несеп шығару өзекшесіне және қынапқа (5-10 мл) 2-3 минутқа енгізу керек. Санның, қасағаның, жыныс мүшелерінің ішкі бетінің терісін де өңдеу қажет. Емшарадан кейін 2 сағат бойы дәрет сындырмау керек.
Әйелдерде қынаптық бүркіп-шаюға арналған 50 мл Мираксидин-DF® жиынтықтағы арнайы қондырмасы бар гофрланған құтыда шығарылады. Қолданар алдында ішінде дайын ерітіндісі бар құтының қақпағын арнайы қондырмаға алмастырып салып, қынапқа енгізеді және құтының түбін басу арқылы 5-10 мл ерітіндіні 2-3 минут бойы бүркеді.
Жағымсыз әсерлері
Жиі
- қол терісінің 3-5 минут бойы жабысқақтығы
Сирек
- терінің құрғауы және қышуы
- дерматит
- тістердің боялуы
- тіс тасының жиналуы
- дәм сезудің бұзылуы (гингивиттерді емдеген кезде)
Өте сирек
- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі)
- фотосенсибилизация
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- аллергиялық реакцияларға бейімділік
- дерматит
- хлоргексидиннің жекелей жақпаушылығы
- 3 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Мираксидин-DF®сабынмен, сондай-ақ құрамында анион тобы бар детергенттермен (сапониндер, натрий лаурилсульфаты, натрий карбоксиметилцеллюлозасы) үйлесімсіз. Құрамында катион тобы бар препараттармен (бензалконий хлоридімен, цетримоний бромидімен) үйлеседі.
Карбонаттармен, хлоридтермен, цитраттармен, фосфаттармен, сульфаттармен үйлесімсіз, олармен 24 сағат бойы қиын еритін тұнба түзеді.
Бактериялардың хлорамфениколға, канамицинге, неомицинге, цефалоспориндерге сезімталдығын арттырады.
Этанол препараттың антисептикалық белсенділігін күшейтеді.
Йод препараттарымен бір мезгілде қолданған кезде дерматиттер дамуы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Бас сүйек-ми жарақаты ашық, жұлыны зақымданған, барабан жарғағы тесілген пациенттерге препараттың миға, ми қабықшаларына және барабан қуысына түсіп кетуіне жол бермеген жөн.
Мираксидин-DF®басқа дәрілік препараттармен араластырмаған жөн.
Препаратты сыртқа қолданған кезде сабынның қалдығын мұқият шайып, таза құрғақ теріге жағу керек.
Мираксидин-DF®конъюнктиваны өңдеу үшін және дене қуыстарын шаю үшін, тереңдегі жаралар мен күйіктерді өңдеу үшін қолданбаған жөн.
Препарат тиген киімді, оларда қоңыр дақ пайда болуы мүмкіндігіне байланысты, гипохлориттердің және белсенді хлор бөліп шығаратын басқадай қосылыстардың әсерінен сақтау керек.
Көздің шырышты қабығына тиіп кеткен жағдайда оларды сумен тездетіп және мұқият шайған жөн.
Жүктілік және лактация кезеңі
Бала емізетін аналарға және жүкті әйелдерге, аллергиялық реакцияның даму қаупі бар болғандықтан, сақтықпен қолдану керек!
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: Препараттың артық дозалануы жөнінде деректер жоқ.
Емі: Мираксидин-DF® абайсызда ішке түссе, сіңбейді, мұндай жағдайда сүтті, шикі жұмыртқаны, желатинді немесе көп мөлшерлі суды қолдана отырып асқазанды шаю және адсорбент: (белсенділендірілген көмір) қабылдау керек. Қажет болған жағдайда симптоматикалық ем жүргізу керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Препарат 10 мл, 50 мл, 100 мл-ден дөңгелек немесе жалпақ полиэтилен құты-тамызғыштарда, сондай-ақ арнайы қондырмасы бар қосымша қақпақпен бұралатын полиэтиленді гофрланған құтыда (бүркіп-шаю) 50 мл-ден. Әрбір құтыға заттаңба жапсырылады. Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтарымен бірге картон қорапшаларға салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 oС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз