г. AptekaOnline
Каталог

Метрогил Дента, гель д/местн. прим., 20 гр, пачка картонная

Действующее вещество :
Метронидазола бензоата (эквивалентно метронидазолу)
Рецептурный отпуск:
Без рецепта
Срок хранения:
3 года
Цена от 3 790
Добавлено в корзину:
Наличие в аптеках
Характеристика
Описание
Генерик
Да
Дата регистрации
2017-12-27
Действующее вещество
Метронидазола бензоата (эквивалентно метронидазолу)
Действующее вещество 2
Хлоргексидина глюконата в виде 20 % раствора (эквивалентно хлоргексидину глюконату)
Единица упаковки
гр
Код товара
00-00016928
Количество / Объем
20
Лекарственная форма
Гель для местного применения
Регистрационный номер
РК-ЛС-5№005653
Рецептурный отпуск
Без рецепта
Срок хранения
3 года
Торговое название
Метрогил Дента
Упаковка
Пачка картонная
Форма выпуска
По 20 г препарата в пластиковой ламинированной тубе. По 1 пластиковой тубе в пачке из картона.
Инструкция
Выбор языка RU KZ

Торговое название

Метрогил ДентаÒ

 

Международное непатентованное название 

Нет

 

Лекарственная форма

Гель стоматологический

 

Состав

1 г геля содержит

активные вещества:

метронидазола бензоат ……………………………… 16 мг

(эквивалентно метронидазолу ……………………… 10 мг)

хлоргексидина глюконат в виде 20 % раствора ….. 2,50 мг

(эквивалентно хлоргексидину глюконату ………… 0,5 мг),

вспомогательные вещества: пропиленгликоль, карбомер 980, динатрия эдетат, сахарин, левоментол, натрия гидроксид, вода очищенная

 

Описание

Опалесцирующий мягкий гель белого или почти белого цвета

 

Фармакотерапевтическая группа

Пищеварительный тракт и обмен веществ. Стоматологические препараты. Стоматологические препараты. Противомикробные препараты и антисептики для местного лечения заболеваний полости рта. Прочие.  

Код АТХ A01AB11

 

 

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Действие стоматологического геля Метрогил Дента® является совокупным действием его компонентов, поэтому проведение фармакокинетических исследований не представляется возможным. При местном применении гель Метрогил Дента® практически не всасывается.

Фармакодинамика

Эффективностьстоматологического геля Метрогил Дента®обусловлена наличием в его составе двух антибактериальных компонентов.

Метронидазол обладает антибактериальным действием против анаэробных бактерий, вызывающих заболевания пародонта: Porphyromonas gingivalis,Prevotella intermedia, Fusobacterium fusiformis,Wolinella recta, Eikenella corrodens,Borrelia vincenti, Bacteroides melaninogenicus, Selenomonas spp.

Хлоргексидин антисептик широкого спектра, обладающий бактерицидным действием в отношении вегетативных форм грамотрицательных и грамположительных микроорганизмов, а также дрожжей, дерматофитов и липофильных вирусов.

 

Показания к применению

-     острый и хронический гингивит

-     острый язвенно-некротический гингивит Венсана

-     острый и хронический пародонтит

-     юношеский пародонтит

-     пародонтоз, осложненный гингивитом

-     афтозный стоматит

-     хейлит

-     воспаление слизистой оболочки полости рта при ношении протезов

-     постэкстракционный альвеолит (воспаление лунки после удаления зуба)

-     периодонтит (в составе комбинированной терапии)

 

Способ применения и дозы

Местно, только для стоматологического применения.

При воспалении десен (гингивите): Метрогил Дента® наносится на область десен 2 раза в день, смывать гель не рекомендуется. После нанесения геля следует воздержаться от питья и приема пищи в течение 30 минут. Длительность курса лечения составляет в среднем 7-10 дней.

При пародонтите: после снятия зубных отложений, пародонтальные карманы обрабатываются гелем Метрогил Дента® и производится аппликация геля на область десен. Время экспозиции – 30 минут. Количество процедур зависит от тяжести заболевания. В дальнейшем аппликации геля больной может проводить самостоятельно: Метрогил Дента®наносится   на   область  десен  2 раза в день в течение 7-10 дней.

При афтозном стоматите: Метрогил Дента® наносится на пораженную область слизистой оболочки полости рта 2 раза в день в течение 7-10 дней.

Для профилактики обострений хронического гингивита и пародонтита: стоматологический гель Метрогил Дента® наносят на область десен 2 раза в день в течение 7-10 дней. Профилактические курсы лечения проводятся 2-3 раза в год.

Для профилактики постэкстракционного альвеолита: после удаления зуба лунка обрабатывается гелем Метрогил Дента®, затем гель применяется амбулаторно 2-3 раза в день в течение 7-10 дней.

 

Побочные действия

При местном применении геля Метрогил Дента® риск развития системных побочных явлений низкий.

Иногда:

головная боль

-        аллергические реакции (кожная сыпь, зуд, крапивница, анафилактические реакции, в том числе, анафилактический шок).

 

Противопоказания

-        индивидуальная непереносимость метронидазола, хлоргексидина, а также производных нитроимидазола;

-        непереносимость любых компонентов, входящих в состав препарата; 

-        заболевания системы крови, в том числе в анамнезе;

-        заболевания периферической и центральной нервной системы;

-        детский возраст до 18 лет;

-        первый триместр беременности.

 

Лекарственные взаимодействия

При местном применении в рекомендованных дозах системного взаимодействия геля МетрогилДента® с другими лекарственными средствамине выявлено.

 

Особые указания

Применение геля Метрогил Дента® не заменяет гигиенической чистки зубов, поэтому во время курса лечения препаратом чистка зубов должна быть продолжена.

Препарат следует хранить в недоступном для детей месте. При случайном или преднамеренном проглатывании препарата ребенком следует немедленно обратиться за медицинской помощью.

Случайное или преднамеренное проглатывание большого количества геля может стать причиной усиления побочных эффектов, обусловленных в основном, метронидазолом (хлоргексидин практически не всасывается из желудочно-кишечного тракта). Могут наблюдаться: тошнота, рвота, головокружение, в более тяжелых случаях парестезии и судороги. Лечение: промывание желудка, при необходимости симптоматическая терапия.

Беременность и лактация

Во втором и третьем триместрах беременности препарат применяют только по назначению врача с учетом соотношения польза/риск. В период

лактации следует решить вопрос о прекращении грудного вскармливания.

Особенности влияния лекарственного препарата на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами

Не влияет

  Передозировка

Не выявлена

 

Форма выпуска и упаковка

По 20 г препарата в пластиковые ламинированные тубы, запечатанные алюминиевой фольгой и ламинированным полиэтиленом и укупоренные навинчивающимися крышками из полиэтилена или навинчивающимися крышками из полиэтилена с выступом для перфорации мембраны.

По 1 пластиковой тубе вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.

 

Условия хранения

Хранить при температуре не выше 25 °С.

Хранить в недоступном для детей месте!

 

Срок хранения

3 года

Не применять по истечении срока годности.

 

Условия отпуска из аптек

Без рецепта


 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті төрағасының

201_ жылғы «___» ___________

№ _____ бұйрығымен

 

Саудалық атауы

Метрогил Дента®

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Стоматологиялық  гель

 

Құрамы

1 г гельдің құрамында  

белсенді заттар:

метронидазол бензоаты ……………………………… 16 мг

(метронидазолға баламалы ………………………….. 10 мг)

хлоргексидин глюконаты 20 % ерітінді түрінде …. 2,50 мг

(хлоргексидин глюконатына баламалы ..................... 0,5 мг)

қосымша заттар: пропиленгликоль, карбомер 980, динатрий эдетаты, сахарин, левоментол, натрий гидроксиді, тазартылған су

 

Сипаттамасы

Ақ түсті немесе ақ дерлік түсті бозаңданатын жұмсақ гель  

 

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Стоматологиялық препараттар. Стоматологиялық препараттар. Ауыз қуысы ауруларын жергілікті емдеуге арналған микробқа қарсы препараттар және антисептиктер. Басқалар. 

АТХ  коды A01AB11

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Стоматологиялық  Метрогил Дента®  гелінің әсері оның компоненттерінің жиынтықты әсері болып табылады, сондықтан оған фармакокинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес. Жергілікті қолданған кезде Метрогил Дента® гелі іс жүзінде сіңбейді.

Фармакодинамикасы

Стоматологиялық Метрогил Дента® гелінің тиімділігі оның құрамында бактерияларға қарсы екі компоненттің болуымен жүзеге асады.  

Метронидазолдың пародонт ауруларын тудыратын мына анаэробты бактерияларға қарсы бактерияға қарсы әсері бар:  Porphyromonas gingivalis, Prevotella intermedia, Fusobacterium fusiformis, Wolinella recta, Eikenella corrodens, Borrelia vincenti, Bacteroides melaninogenicus, Selenomonas spp.

Хлоргексидин грамтеріс және грамоң микроорганизмдердің вегетативті түрлеріне, сондай-ақ ашытқыларға, дерматофиттерге және липофильді вирустарға қатысты бактерицидтік әсері бар кең ауқымды антисептик.   

 

Қолданылуы

-     жедел және созылмалы гингивитте

-     жедел ойық жаралы-некроздық Венсан гингивитінде 

-     жедел және созылмалы пародонтитте

-     жасөспірімпародонтитінде

-     гингивитпен асқынғанпародонтозда

-     афтозды  стоматитте

-     хейлитте

-      протез киген жағдайда ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуында 

-      постэкстракциялық альвеолитте (тісті жұлғаннан кейін ойығы қабынғанда)  

-     периодонтитте (біріктірілген ем құрамында)

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті, тек стоматологиялық қолдануға арналған. 

Қызыл иек қабынғанда (гингивитте): Метрогил Дента® қызылиек аймағына күніне 2 рет жағылады, гельді шайып тастауға болмайды. Гельді жаққаннан кейін 30 минут бойы тамақ және сусын ішуден бас тартқан жөн. Емделу курсының ұзақтығы орта есеппен 7-10 күнді құрайды.

Пародонтитте: тіс қақтарын алып тастағаннан кейін пародонтальді қалталарды Метрогил Дента® гелімен өңдейді және қызылиек аймағына гельді аппликациялайды. Экспозиция уақыты – 30 минут. Емшара саны аурудың ауырлығына байланысты. Әрі қарай гельді науқастың өзі аппликациялайды: Метрогил Дента® қызылиек аймағына күніне 2 рет 7-10 күн бойы жағылады.

Афтозды стоматитте: Метрогил Дента® ауыз қуысының шырышты қабығының зақымданған аймағына күніне 2 рет 7-10 күн бойы жағылады.

Созылмалы гингивиттің және пародонтиттің асқынуының профилактикасы үшін: стоматологиялық Метрогил Дента® гелін қызылиек аймағына күніне 2 рет 7-10 күн бойы жағады. Профилактикалық емдеу курсы жылына 2-3 рет жүргізіледі.

Постэкстракциялық альвеолиттің профилактикасы үшін: тісті жұлғаннан кейін ойығын Метрогил Дента® гелімен өңдейді, содан кейін гель амбулаторлық түрде күніне 2-3 рет 7-10 күн бойы қолданылады.

 

Жағымсыз әсерлері

Метрогил Дента® гелін жергілікті қолданған кезде жүйелік жағымсыз құбылыстардың даму қаупі төмен. 

Кейде:

бас ауыруы

- аллергиялық  реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, есекжем), анафилаксиялық реакциялар, оның ішінде, анафилаксиялық шок). 

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- метронидазолдың, хлоргексидиннің, сондай-ақ нитроимидазол туындыларының жеке жақпаушылығы ;

- препарат құрамына кіретін кез келген компонеттердің жақпаушылығы;

- қан жүйесінің аурулары, оның ішінде анамнезде;

- шеткері және орталық жүйке жүйесінің аурулары;  

- 18 жасқа дейінгі балаларға;

- жүктіліктің бірінші триместрі.

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ұсынылатын дозаларда жергілікті қолданған кезде МетрогилДента® гелінің басқа дәрілік заттармен жүйелік өзара әрекеттесуі білінген жоқ.  

 

Айрықша нұсқаулар

Метрогил Дента® гелін қолдану тістерді гигиеналық тазалауды алмастыра алмайды, сондықтан препаратпен емделу курсы кезінде тістерді тазалау жалғастырылуы тиіс.

Препаратты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек. Бала препаратты кездейсоқ немесе әдейі жұтып қойған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

Гельдің көп мөлшерін кездейсоқ немесе әдейі жұтып қою негізінен  метронидазолға (хлоргексидин іс жүзінде асқазан-ішек жолынан сіңбейді) негізделген жағымсыз әсерлері күшеюінің себебі болуы мүмкін. Байқалуы мүмкін: жүрек айну, құсу, бас айналу, анағұрлым ауыр жағдайларда – парестезия және құрысулар. Емдеу: асқазанды шаю, қажет болғанда симптоматикалық ем. 

Жүктілік және лактация

Жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде препаратты пайда/қауіп арақатынасын ескере отырып, тек дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қолданады. Лактация кезеңінде емшек емізуді тоқтату жөніндегі мәселені шешкен жөн.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

 

Артық дозалануы

Анықталған жоқ

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 г препараттан алюминий фольгамен және ламинацияланған полиэтиленмен жабылған және бұралатын полиэтилен қақпақтармен немесе жарғақшаны тесуге арналған кертігі бар бұралатын полиэтилен қақпақтармен тығындалған ламинацияланған пластик сықпаларда.

1 пластик сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілінде жазылған нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған. 

 

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды. 

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз