г. Алматы
Каталог

Метилурацил, 500 мг, суппозитории ректал. №10, пачка картонная, Биосинтез

Действующее вещество :
Метилурацил
Дозировка:
500 мг
Рецептурный отпуск:
По рецепту
Срок хранения:
2 года
Цена от 360
Добавлено в корзину:
Нет в наличии
Наличие в аптеках
Характеристика
Описание
Генерик
Да
Дата регистрации
2019-01-08
Действующее вещество
Метилурацил
Дозировка
500 мг
Единица упаковки
шт.
Код товара
00-00013227
Лекарственная форма
Суппозитории ректальные
Описание упаковки
№10
Регистрационный номер
РК-ЛС-5№012743
Рецептурный отпуск
По рецепту
Срок хранения
2 года
Торговое название
Метилурацил
Упаковка
Пачка картонная
Форма выпуска
По 5 суппозиториев в контурную ячейковую упаковку. По 2 контурных ячейковых упаковки в пачке из картона.
Инструкция
Инструкции не найдены

Саудалық атауы

Метилурацил

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Ректальді суппозиторийлер 0,5 г

 

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді зат

метилурацил – 0,50 г;

қосымша зат:

қатты май.

 

Сипаттамасы

Ақ немесе сарғыш немесе крем реңді ақ түсті суппозиторийлер.

 

Фармакотерапиялық тобы

Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Иммуностимуляторлар. Басқа иммуностимуляторлар.

АТХ коды L03AX

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ректальді енгізгеннен кейін препарат тік ішектен жақсы сіңеді.

Фармакодинамикасы

Анаболиялық және антикатаболизмдік белсенділігі бар. Гемопоэздік, лейкопоэздік, иммунитет көтермелеуші, қабынуға қарсы әсер береді. Нуклеин алмасуын қалпына келтіріп, жарақаттарда жасушалық регенерация үдерістерін жеделдетеді, тіндердің өсуі мен грануляциялық жетілуін және эпителизациясын жеделдетеді (оның ішінде асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығының жылдам пролиферацияланатын жасушаларында).

 

Қолданылуы

-    ректитте

-    сигмоидитте

-    ойық жаралы колитте

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Ректальді. Ересектер – 1-2 суппозиторийден тәулігіне 3-4 рет, 8-18 жастағы балалар – тәулігіне 1 суппозиторийден.

Емдеу курсы аурудың сипатына байланысты 7 күннен 4 айға дейін.  

 

Жағымсыз әсерлері

-    аллергиялық реакциялар

-    бас ауыруы, бас айналуы

-    тік ішек аумағында қысқа мерзімдік ашытуды сезіну

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

-    препаратқа жоғары сезімталдық

-    жедел және созылмалы лейкоздың лейкемиялық формалары (әсіресе миелоидты)

-    лимфогранулематоз

-    сүйек кемігінің қатерлі аурулары

-    8 жасқа дейінгі балалар

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Мәліметтер жоқ.

 

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезінде ана үшін пайдасы шарана мен балаға төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын басқару қабілетіне және жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысуға әсер етпейді.

 

Артық дозалануы

Мәліметтер жоқ.

 

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Ректальді суппозиторийлер 0,5 г.

5 суппозиторийден поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

 

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 20ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы