Торговое наименование Лонгидаза® Международное непатентованное название Бовгиалуронидаза азоксимер Лекарственная форма, дозировка Суппозитории вагинальные и ректальные, 3000 МЕ Фармакотерапевтическая группа Прочие препараты. Другие терапевтические препараты все. Другие лекарственные препараты. Код АТХ V03AX Показания к применению Взрослым в виде монотерапии и в составе комплексной терапии заболеваний, сопровождающихся гиперплазией соединительной ткани, в том числе и на фоне воспалительного процесса: - в урологии: хронический простатит (в том числе для профилактики рецидивов), интерстициальный цистит, стриктуры уретры и мочеточников, болезнь Пейрони, начальная стадия доброкачественной гиперплазии предстательной железы, профилактика образования рубцов и стриктур после оперативных вмешательств на уретре, мочевом пузыре, мочеточниках; - в гинекологии: спаечный процесс (профилактика и лечение) в малом тазу при хронических воспалительных заболеваниях внутренних половых органов, после гинекологических манипуляций, в том числе искусственных абортов, перенесенных ранее оперативных вмешательств на органах малого таза; внутриматочные синехии, трубно-перитонеальное бесплодие, хронический эндомиометрит; - в дерматовенерологии: ограниченная склеродермия, профилактика фиброзных осложнений инфекций, передающихся половым путем; - в хирургии: профилактика и лечение спаечного процесса после оперативных вмешательств на органах брюшной полости; длительно незаживающие раны; - в пульмонологии и фтизиатрии: пневмофиброз (пневмосклероз), сидероз, туберкулез (кавернозно-фиброзный, инфильтративный, туберкулема), интерстициальная пневмония, фиброзирующий альвеолит, плеврит; - для увеличения биодоступности антибактериальной терапии в урологии, гинекологии, дерматовенерологии, хирургии, пульмонологии и др. Перечень сведений, необходимых до начала применения Противопоказания - гиперчувствительность к действующему веществу или любому другому компоненту препарата - легочное кровотечение и кровохарканье - свежее кровоизлияние в стекловидное тело - острая почечная недостаточность - детский возраст до 18 лет (результаты клинических исследований отсутствуют) - беременность Необходимые меры предосторожности при применении С осторожностью применять не чаще 1 раза в неделю у больных с хронической болезнью почек, легочными кровотечениями в анамнезе. Взаимодействия с другими лекарственными препаратами Препарат Лонгидаза® можно комбинировать с антибиотиками, противовирусными, противогрибковыми препаратами, бронхолитиками. При назначении в комбинации с другими лекарственными средствами (антибиотики, местные анестетики, диуретики) следует учитывать возможность увеличения биодоступности и усиления их действия. При совместном применении с большими дозами нестероидных противовоспалительных средств (НПВС), кортизона, адренокортикотропного гормона (АКТГ), эстрогенов или антигистаминных препаратов может быть снижена ферментативная активность препарата Лонгидаза®. Не следует применять препарат Лонгидаза® одновременно с фуросемидом, бензодиазепинами, фенитоином и адреналином. Специальные предупреждения При приеме препарата неукоснительно следуйте данным в инструкции указаниям. Если у вас возникнут вопросы, то обратитесь за разъяснением к вашему врачу или фармацевту. При развитии нежелательных реакций необходимо прекратить применение препарата Лонгидаза® и обратиться к лечащему врачу. При применении на фоне обострения очагов инфекции для предупреждения распространения инфекции необходимо назначать под прикрытием антимикробных средств. Так как возможно непрогнозируемое ускорение адсорбции и увеличение системного действия, необходимо соблюдать осторожность и учитывать фармакокинетические характеристики лекарственных средств, назначаемых в комбинации с препаратом Лонгидаза®. Не использовать препарат при наличии визуальных признаков его непригодности (дефект упаковки, изменение цвета суппозитория). В случае пропуска введения очередной дозы препарата далее применять в обычном режиме (не вводить удвоенную дозу). При необходимости прекращения приема препарата Лонгидаза® отмену можно осуществить сразу, без постепенного уменьшения дозы. Во время беременности или лактации Применение при беременности противопоказано (нет данных о безопасности препарата при беременности). Согласно имеющимся данным доклинических исследований введение препарата в дозах, в 10 раз превышающих эквитерапевтические, отрицательного воздействия на лактацию и развитие потомства, не оказывает. Особенности влияния на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами Применение препарата Лонгидаза® не влияет на способность управления транспортными средствами, обслуживание механизмов и другие виды работ, требующих повышенной концентрации внимания и быстроты психомоторных реакций. Рекомендации по применению Режим дозирования Взрослым ректально: по 1 суппозиторию 1 раз в сутки после очищения кишечника. Взрослым вагинально: по 1 суппозиторию 1 раз в сутки (на ночь) суппозиторий вводится во влагалище в положении лежа. Схема введения корректируется в зависимости от тяжести, стадии и длительности заболевания: Лонгидаза® назначается через день или с перерывами в 2-3 дня. Рекомендуемые схемы и дозы: - в урологии: по 1 суппозиторию через день 10 введений, далее через 2-3 дня 10 введений, общим курсом 20 суппозиториев. - в гинекологии: ректально или вагинально по 1 суппозиторию через 2 дня 10 введений, далее при необходимости назначается поддерживающая терапия. - в дерматовенерологии: по 1 суппозиторию через 1-2 дня 10-15 введений. - в хирургии: по 1 суппозиторию через 2-3 дня 10 введений. - в пульмонологии и фтизиатрии: по 1 суппозиторию через 2-4 дня 10-20 введений. Метод и путь введения Лонгидаза® суппозитории 3000 МЕ рекомендуется для ректального или вагинального применения один раз в сутки на ночь курсом от 10 до 20 введений. Длительность лечения При необходимости рекомендуется повторный курс препарата Лонгидаза® не ранее, чем через три месяца или длительная поддерживающая терапия по 1 суппозиторию 1 раз в 5-7 дней в течение 3-4 мес. Меры, которые необходимо принять в случае передозировки Симптомы передозировки могут проявляться ознобом, повышением температуры, головокружением, гипотензией. Введение препарата прекращают и назначают симптоматическую терапию. Описание нежелательных реакций, которые проявляются при стандартном применении ЛП и меры, которые следует принять в этом случае Частота нежелательных реакций представлена по следующей классификации: очень частые ≥ 10 %; частые ≥ 1 % и < 10%; нечастые ≥ 0,1 % и < 1 %; редкие ≥ 0,01 % и < 0,1 %; очень редкие < 0,001 %. Очень редко: местные реакции в виде покраснения, отека, зуда перианальной зоны, вагинального зуда в связи с индивидуальной чувствительностью к компонентам препарата. Если Вы заметили какие-либо побочные эффекты, сообщите об этом врачу. Дополнительные сведения Состав лекарственного препарата Состав на один суппозиторий активное вещество - бовгиалуронидаза азоксимер (Лонгидаза®) – 3000 МЕ, вспомогательное вещество: какао семян масло (масло какао) – до получения суппозитория массой 1.3 г. Описание внешнего вида, запаха, вкуса Суппозитории торпедообразной формы, светло-желтого цвета со слабым характерным запахом масла какао, допускается мраморность окрашивания. На срезе допускается наличие воздушного стержня или воронкообразного углубления. Форма выпуска и упаковка По 5 суппозиториев упаковывают в контурную ячейковую упаковку из пленки поливинилхлоридной. По 1, 2 или 4 контурные ячейковые упаковки вместе с инструкцией по медицинскому применению на казахском и русском языках помещают в пачку из картона. Срок хранения 2 года Не применять после истечения срока годности. Условия хранения Хранить при температуре не выше 15 °С. Не замораживать! Хранить в недоступном для детей месте! Условия отпуска из аптек Без рецепта
Саудалық атауы Лонгидаза® Халықаралық патенттелмеген атауы Бовгиалуронидаза азоксимер Дәрілік түрі, дозалануы Қынаптық және ректальді суппозиторийлер, 3000 ХБ Фармакотерапиялық тобы Басқа да препараттар. Басқа емдік препараттар, барлығы. Басқа дәрілік препараттар. АТХ коды V03AX Қолданылуы Дәнекер тінінің гиперплазиясымен қоса жүретін ауруларда, соның ішінде қабыну үдерісі аясында ересектерге монотерапия түрінде немесе кешенді ем құрамында: - урологияда: созылмалы простатит (соның ішінде рецидивтің алдын алу үшін), интерстициальді цистит, уретра және несепағар стриктуралары, Пейрони ауруы, қуықасты бездерінің қатерсіз гиперплазиясының бастапқы сатысы, уретраға, қуыққа, несепағарға операциялық араласымнан кейін тыртықтардың және стриктуралардың түзілуінің профилактикасы; - гинекологияда: ішкі жыныс ағзаларының созылмалы қабыну ауруларында кіші жамбастағы дәнекерлеу үдерісі (профилактика және емдеу), гинекологиялық манипуляциялардан, соның ішінде бұрын кіші жамбас ағзаларына операциялық араласым жасалған жасанды түсіктерден кейін; жатырішілік синехиялар, түтіктік-перитонеальді бедеулік, созылмалы эндомиометрит; - дерматовенерологияда: шектеулі склеродермия, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың фиброздық асқынуларына профилактика; - хирургияда: құрсақ қуысының ағзаларына операциялық араласымнан кейін дәнекерлену үдерісінің профилактикасы және емі; жараның ұзақ уақыт жазылмауы; - пульмонологияда және фтизиатрияда: пневмофиброз (пневмосклероз), сидероз, туберкулез (кавернозды-фиброзды, инфильтративті, туберкулема), интерстициальді пневмония, фиброзданатын альвеолит, плеврит; - урологияда, гинекологияда, дерматовенерологияда, хирургияда, пульмонологияда және басқаларында бактерияларға қарсы емнің биожетімділігін арттыру үшін. Қолдануды бастағанға дейінгі қажетті мәліметтер тізімі Қолдануға болмайтын жағдайлар - әсер етші затқа немесе препараттың кез келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық - өкпеден қан кету және қан түкіру - шыны тәріздес денеге жаңадан қан құйылу - бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (клиникалық зерттеу нәтижелері жоқ) - жүктілік Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары Анамнезінде бүйректің созылмалы ауруы, өкпеден қан кетулер болған науқастарда сақтықпен, аптасына 1 реттен асырмай қолдану керек. Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулері Лонгидаза® препаратын антибиотиктермен, вирустарға қарсы, зеңдерге қарсы препараттармен, бронхолитиктермен біріктіруге болады. Басқа дәрілік заттармен (антибиотиктер, жергілікті анестетиктер, диуретиктер) біріктіріп қолданғанда Лонгидаза® олардың биожетімділігін арттырады және әсерін күшейтеді. Гепаринмен, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілердің (ҚҚСД), кортизонның, адренокортикотроптық гормонның (АКТГ), эстрогендердің немесе антигистаминдік препараттардың үлкен дозаларымен бірге қолданғанда Лонгидаза® препаратының ферментативтік белсенділігі төмендеуі мүмкін. Лонгидаза® препаратын фуросемидпен, бензодиазепиндермен, фенитоинмен және адреналинмен бір мезгілде қолданбау керек. Арнайы ескертулер Препаратты қабылдаған кезде нұсқаулықта берілген нұсқауларды мүлтіксіз орындаңыз. Егер сізде сұрақтар туындаса, онда түсінік алу үшін өз дәрігеріңізге немесе фармацевтке барыңыз. Жағымсыз реакциялар дамыған кезде Лонгидаза препаратын қолдануды доғару керек және емдеуші дәрігерге қаралу қажет. Инфекция ошақтарының өршуі аясында қолданғанда, оның таралуына жол бермеу үшін, Лонгидаза® препаратын микробтарға қарсы заттарды қалқалай отырып тағайындау қажет. Сіңуінің болжамсыз тездетілуі және жүйелік әсерінің артуы мүмкін болғандықтан, сақтық таныту және Лонгидаза® препаратымен біріктіріп тағайындалатын дәрілік заттардың фармакокинетикалық сипаттамасын ескеру қажет. Жарамсыздығының көзге көрінетін белгілері бар (қаптаманың бүлінуі, суппозиторий түсінің өзгеруі) препаратты пайдаланбау керек. Препараттың кезекті дозасын өткізіп алған жағдайда әрі қарай әдеттегі режимде қолдану керек (екі еселенген доза енгізуге болмайды). Лонгидаза® препаратын қабылдауды тоқтату қажет болғанда, дозаны біртіндеп азайтусыз, бірден тоқтату арқылы жүзеге асыруға болады. Жүктілік немесе лактация кезінде Жүктілік кезінде қолдануға тыйым салынады (жүктілік кезінде препараттың қауіпсіздігі туралы мәліметтер жоқ). Клиникаға дейінгі зерттеулердің қолда бар деректері бойынша препаратты эквитерапевтікке қарағанда 10 есе жоғары дозада енгізу лактацияға және ұрпақтың дамуына кері әсерін тигізбейді. Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері Лонгидаза® препаратын қолдану көлік құралдарын басқару, механизмдермен қызмет көрсету қабілетіне және жоғары зейін қоюды және психомоторлы реакциялардың жылдамдығын қажет ететін басқа да жұмыс түрлеріне ықпалын тигізбейді. Қолдану жөніндегі нұсқаулар Дозалау режимі Ересектерге ректальді: ішекті тазартқаннан кейін тәулігіне 1 рет 1 суппозиторийден. Ересектерге қынап ішіне: жатқан қалыпта қынапқа тәулігіне (түнге қарай) 1 рет 1 суппозиторийден енгізіледі. Енгізу сызбасы аурудың ауырлығына, сатысына және ұзақтығына байланысты түзетіледі: Лонгидаза® күнара немесе 2-3 күн үзіліспен тағайындалады. Ұсынылатын схемалар және дозалар: - урологияда: күнара 1 суппозиторийден 10 күн енгізу, әрі қарай 2-3 күн сайын 10 енгізу, жалпы курсы 20 суппозиторий. - гинекологияда: ректальді немесе қынап ішіне 2 күн сайын 1 суппозиторийден 10 енгізу, әрі қарай қажеттілік болғанда демеуші ем тағайындалады. - дерматовенерологияда: 1-2 күн сайын 1 суппозиторийден 10-15 енгізу. - хирургияда: 2-3 күн сайын 1 суппозиторийден 10 енгізу. - пульмонологияда және фтизиатрияда: 2-4 күн сайын 1 суппозиторийден 10-20 енгізу. Енгізу әдісі және жолы 3000 ХБ Лонгидаза® суппозиторийлері 10-нан бастап 20 енгізуге дейінгі курспен, тәулігіне бір рет түнге қарай ректальді немесе қынаптық қолдану үшін ұсынылады. Емдеу ұзақтығы Қажет болған кезде Лонгидаза® препаратының курсын кем дегенде үш айдан кейін қайталау немесе ұзақ уақыт демеуші ем ретінде 3-4 ай бойы 5-7 күнде 1 рет 1 суппозиторийден ұсынылады. Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет шаралар Артық дозалану симптомдары қалтыраумен, температураның жоғарылауымен, бас айналумен, гипотензиямен көрініс беруі мүмкін. Препаратты енгізуді тоқтатады және симптоматикалық ем тағайындайды. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар Жағымсыз реакцияларының жиілігі келесі жіктеме бойынша берілген: өте жиі ≥ 10 %; жиі≥ 1 % және < 10%; жиі емес ≥ 0,1 % және < 1 %; сирек ≥ 0,01 % және < 0,1 %; өте сирек < 0,001 %. Өте сирек: препарат компоненттеріне жекелей сезімталдығына байланысты қызару, ісіну, перианальді аймақтың қышуы, қынаптық қышыну сияқты жергілікті реакциялар. Егер Сіз қандай да болсын жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, мұны дәрігерге хабарлаңыз. Қосымша мәліметтер Дәрілік препараттың құрамы Бір суппозиторийдің құрамында белсенді зат: бовгиалуронидаза азоксимер (Лонгидаза®) – 3000 ХБ, қосымша зат: какао тұқымының майы (какао майы) – салмағы 1.3 г суппозиторий алынғанша. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Какао майының өзіне тән әлсіз иісі бар, ақшыл-сары түсті, торпедо пішінді суппозиторийлер, мәрмәр өңді болуы да мүмкін. Кесіндіде ауа стержені немесе шұңғыма тәріздес үңгісі бар. Шығарылу түрі және қаптамасы Поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 суппозиторийден салынған. Пішінді ұяшықты 1, 2 немесе 4 қаптама медициналық қолдану жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған. Сақтау мерзімі 2 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды. Сақтау шарттары 15°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды! Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек! Дәріханалардан босатылу шарттары Рецептісіз