Торговое наименование
Левояпс
Международное непатентованное название
Левофлоксацин
Лекарственная форма, дозировка
Капли глазные 5 мг/мл, 5 мл
Фармакотерапевтическая группа
Органы чувств. Офтальмологические препараты. Противомикробные препараты. Фторхинолоны. Левофлоксацин.
Код АТХ S01AЕ05
Показания к применению
- лечение поверхностных бактериальных инфекций глаз, вызванных чувствительными к левофлоксацину микроорганизмами у взрослых пациентов и детей 8 лет и старше.
Перечень сведений, необходимых до начала применения
Противопоказания
- повышенная чувствительность к активному веществу левофлоксацину, другим препаратам группы хинолонов или к любому из вспомогательных веществ, например к бензалкония хлориду
- детский возраст младше 8 лет.
Необходимые меры предосторожности при применении
Дети: нет данных о пользе и безопасности лечения глазными каплями с левофлоксацином язв роговицы и гонококкового конъюнктивита у новорожденных.
Применение глазных капель Левояпс у детей младше 1 года не рекомендуется из-за отсутствия данных по эффективности и безопасности.
Пациенты пожилого возраста: не требуется изменения рекомендуемой дозы.
Взаимодействия с другими лекарственными препаратами
Специальные исследования лекарственных взаимодействий с глазными каплями c левофлоксацином не проводились. При одновременном применении других препаратов для местного применения в глаза, необходимо соблюдать минимальный 15 минутный промежуток между их применением.
Специальные предупреждения
Глазные капли Левояпс следует вводить так как рекомендуется в способе применения.
Подобно другим антибиотикам, продолжительное применение может привести к усиленному росту нечувствительных микроорганизмов, включая грибки. В случае ухудшения течения заболевания или при отсутствии улучшения в рекомендуемый срок лечения, необходимо прекратить применение препарата Левояпс и обратиться к врачу. При необходимости, врач может провести дополнительное исследование с помощью специального оптического офтальмологического оборудования.
При воспалительных заболеваниях глаз нельзя использовать контактные линзы.
Глазные капли Левояпс содержат консервант - бензалкония хлорид, который может вызывать воспаление передних отделов глаза, поэтому необходимо избегать контакта препарата с мягкими контактными линзами и убирать их перед применением Левояпс, а после закапывания препарата выжидать не менее 15 минут. Препараты этой группы, даже после однократного применения могут вызывать аллергические реакции. В этих случаях, применение препарата Левояпс необходимо прекратить и немедленно обратиться к врачу.
При применении левофлоксацина может развиться воспаление и разрыв сухожилий, особенно в пожилом возрасте и при одновременном приеме гормональных препаратов (кортикостероидов). При первых признаках воспаления сухожилия, необходимо прекратить применение препарата Левояпс и обратиться к врачу.
Во время беременности или лактации
Беременность: отсутствуют данные о применении левофлоксацина у беременных женщин, поэтому риск для человека не известен.
Период лактации: левофлоксацин выводится с грудным молоком. При применении лечебных доз препарата Левояпс не ожидается нежелательного воздействия на ребенка, находящегося на грудном вскармливании. Глазные капли Левояпс следует использовать во время кормления грудью, только по рекомендации врача.
Особенности влияния препарата на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
При закапывании капель Левояпс в глаза, возможно временное нарушение зрения с помутнением, слезоточивостью и раздражением. В этих случаях необходимо выждать, когда зрение прояснится и только затем садиться за руль или работать с движущимися механизмами.
Рекомендации по применению
Режим дозирования
Для всех пациентов - в первые 2 дня в пораженный глаз(глаза) закапывают по 1-2 капли препарата Левояпс через каждые 2 часа, не более 8 раз в день в период бодрствования. Затем с 3-го по 5-й день, закапывают по 4 раза в день.
Метод и путь введения
Капли закапывают во внутренний угол глаза. Для предупреждения всасывания лекарственного препарата и усиления местного действия, носослезный канал во внутреннем углу глаза после закапывания, необходимо прижимать пальцем в течение 2-3 минут.
При одновременном применении других лекарственных препаратов для глаз, необходим минимальный 15-минутный интервал между их нанесением. Если вы одновременно применяете препарат Левояпси глазную мазь, то мазь необходимо наносить в последнюю очередь. Перед закапыванием глазных капель, контактные линзы необходимо снять и снова их надеть не ранее, чем через 15 минут после закапывания.
Для предупреждения загрязнения капельницы флакона и раствора капель Левояпс, не следует прикасаться кончиком капельницы к векам и окружающим поверхностям.
Длительность лечения
Обычная длительность лечения составляет 5 дней. В некоторых случаях врач может продлить курс лечения до 2 недель. Продолжительность лечения зависит от тяжести заболевания, от клинического и бактериологического течения заболевания.
Меры, которые необходимо принять в случае передозировки
Симптомы: после случайного приема внутрь, токсических реакций не вызывает.
Лечение: при местной передозировке глазных капель Левояпс, глаз (глаза) следует промыть чистой (проточной) водой комнатной температуры. При случайном приеме внутрь, при необходимости, врач может назначить симптоматическое и поддерживающее лечение.
Рекомендации по обращению за консультацией к медицинскому работнику для разъяснения способа применения лекарственного препарата
Описание нежелательных реакций, которые проявляются при стандартном применении ЛП и меры, которые следует принять в этом случае
Часто
-жжение в глазах, снижение остроты зрения, слизистые выделения из глаз в виде тяжей.
Нечасто
-склеивание век, воспаление краев век, отек слизистой глазного яблока, воспалительная реакция слизистой глаза, отек век, дискомфорт в глазах, зуд и боль в глазах, покраснение слизистой оболочки глаза, «узелки»(фолликулы) на слизистой глаз, синдром сухого глаза, сильное покраснение века, светобоязнь
- головная боль,воспаление слизистой носа.
Редко
- не глазные аллергические реакции, включая кожную сыпь.
Очень редко
- быстрая тяжелая аллергическая реакция, представляющая опасность для жизни, отек дыхательного горла.
Частота неизвестна (невозможно оценить на основании имеющихся данных)
- у пациентов, получавших препараты группы фторхинолонов, отмечались разрывы сухожилий плеча, кисти, ахиллова и других сухожилий, по поводу которых проводили восстановительные операции и это сопровождалось длительным нарушением трудоспособности. Риск разрывов сухожилий повышается при одновременном приеме гормональных препаратов (кортикостероидов), в пожилом возрасте и на сухожилиях, имеющих повышенную нагрузку, чаще это ахиллово сухожилие.
Дополнительные сведения
Состав лекарственного препарата
5мл препарата содержат:
активное вещество - левофлоксацина гемигидрат (эквивалентно левофлоксацину) 25.0000 мг,
вспомогательные вещества: бензалкония хлорид**, натрия хлорид, кислота хлороводородная 10 %, натрия гидроксида 10 % раствор, вода для инъекций, азот*** (с низким содержанием кислорода) стерильный.
**5% избыток входит в расчетные количества хлоридалкония.
*** Используется при производстве в качестве инертной среды.
Описание внешнего вида, запаха, вкуса
Прозрачная жидкость от светло-желтого до светло-зеленовато-желтого цвета.
Форма выпуска и упаковка
По 5 мл препарата помещают в пластиковые флаконы белого цвета, укупоренные пробкой-капельницей и завинчивающейся крышкой с контролем первого вскрытия.
По 1 флакону вместе с инструкцией по медицинскому применению на казахском и русском языках помещают в пачку из картона.
Срок хранения
Срок хранения 3 года
Срок хранения после первого вскрытия флакона 28 дней при температуре не выше 25 оС.
Не применять по истечении срока годности!
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 25 ℃
Не замораживать!
Хранить в недоступном для детей месте!
Условия отпуска из аптек
По рецепту
Саудалық атауы
Левояпс
Халықаралық патенттелмеген атауы
Левофлоксацин
Дәрілік түрі, дозасы
Көзге тамызатын дәрі 5 мг/мл, 5 мл.
Фармакотерапиялық тобы
Сезім мүшелері. Офтальмологиялық препараттар. Микробқа қарсы препараттар. Фторхинолондар. Левофлоксацин.
АТХ коды S01AЕ05
Қолданылуы
- ересек пациенттерде және 8 жастан бастап және одан асқан балаларда левофлоксацинге сезімтал микроорганизмдер туындатқан көздің беткейлік бактериялық инфекцияларын емдеуде.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді зат левофлоксацинге, хинолондар тобының басқа препараттарына немесе қосымша заттардың кез келгеніне, мысалы бензалконий хлоридіне жоғары сезімталдық
- 8 жастан кіші балалар.
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Балалар: жаңа туған нәрестелерде мөлдір қабықтың ойық жарасын және гонококктық конъюнктивитті левофлоксацин көзге тамызатын дәрісімен емдеудің пайдасы мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ.
1 жастан кіші балаларда Левояпс көзге тамызатын дәрісін қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректердің болмауына байланысты ұсынылмайды.
Егде жастағы пациенттер: ұсынылатын дозаны өзгерту қажет емес.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Левофлоксацинкөзге тамызатын дәрісінің дәрілермен өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеулер жүргізілмеген. Көзге жергілікті қолдануға арналған басқа препараттарды бір мезгілде пайдаланғанда қолдану арасында кем дегенде 15 минуттық аралықты сақтау қажет.
Арнайы ескертулер
Левояпс көзге тамызатын дәрісін тек қолдану тәсілінде көрсетілгендей енгізу керек.
Басқа антибиотиктер сияқты, ұзақ қолдану зеңдерді қоса, сезімтал емес микроорганизмдердің өсуіне әкелуі мүмкін. Аурудың ағымы нашарлаған жағдайда немесе ұсынылатын емдеу мерзімінде жақсартылмаған жағдайда Левояпс препаратын қолдануды тоқтату және дәрігерге қаралу қажет. Қажет болған жағдайда, дәрігер арнайы оптикалық офтальмологиялық жабдықтың көмегімен қосымша зерттеу жүргізе алады.
Көздің қабыну аурулары кезінде жанаспалы линзаларды қолдануға болмайды.
Левояпс көзге тамызатын дәрісінің құрамында консервант - бензалконий хлориді бар, ол көздің алдыңғы бөліктерінің қабынуын тудыруы мүмкін, сондықтан препараттың жұмсақ жанаспалы линзалармен жанасуынан аулақ болу және оларды Левояпс қолданар алдында шешіп алу керек, ал препаратты тамызғаннан кейін кемінде 15 минут күту керек. Бұл топтың препараттары, тіпті бір рет қолданғаннан кейін де аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайларда Левояпс препаратын қолдануды тоқтату және дереу дәрігерге бару қажет.
Левофлоксацинді қолданған кезде, әсіресе егде жастағыларда және гормональді препараттарды (кортикостероидтарды) бір мезгілде қабылдаған кезде сіңірдің қабынуы мен үзілуі дамуы мүмкін. Сіңірдің қабынуының алғашқы белгілері кезінде Левояпс препаратын қолдануды тоқтату және дәрігерге қаралу қажет.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік: левофлоксацинді жүкті әйелдерде қолдану туралы деректер жоқ, сондықтан адам үшін қаупі белгісіз.
Лактация кезеңі: левофлоксацин емшек сүтімен шығарылады. Левояпс препаратының емдік дозаларын қолданған кезде емшек еметін сәби үшін жағымсыз әсері күтілмейді. Левояпс көзге тамызатын дәрісін бала емізетін кезде тек дәрігердің нұсқауымен пайдалану керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Левояпс тамшыларын көзге тамызған кезде бұлыңғырланумен, көзден жас ағумен және тітіркенумен көру қабілеті уақытша бұзылуы мүмкін. Бұл жағдайларда көру қабілеті түзелгенше күту керек, содан кейін барып рульге отырып немесе қозғалыстағы механизмдермен жұмыс істеуге болады.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Барлық пациенттер үшін - зақымданған көзге (екі көзге) алғашқы 2 күнде Левояпс препаратының 1-2 тамшысынан әрбір 2 сағат сайын тамызады, ояу жүрген кезеңде күніне 8 реттен көп емес. Содан кейін 3-күннен бастап 5-күнге дейін, күніне 4 рет тамызады.
Енгізу әдісі мен жолы
Тамшыларды көздің ішкі бұрышына тамызады. Дәрілік препараттың сіңуінің алдын алу және жергілікті әсерді күшейту үшін тамызғаннан кейін көздің ішкі бұрышындағы мұрын-көз жасы каналын 2-3 минут бойы саусақпен қысу қажет.
Көзге арналған басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде қолданған кезде оларды тамызу арасында ең азы 15 минуттық интервал қажет. Егер сіз Левояпс препаратын және көз жақпамайын бір мезгілде қолдансаңыз, онда жақпамайды соңғы кезекте жағу керек. Көз тамшыларын тамызар алдында жанаспалы линзаларды шешіп, тамызғаннан кейін 15 минуттан соң қайта кию қажет.
Құтының тамшылатқышы мен Левояпс тамшылары ерітіндісінің ластануын болдырмау үшін тамшылатқыштың ұшын қабаққа және айналасындағы беткейлерге тигізуге болмайды.
Емдеу ұзақтығы
Әдеттегі емдеу ұзақтығы 5 күнді құрайды. Кейбір жағдайларда дәрігер емдеу курсын 2 аптаға дейін ұзартуы мүмкін. Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына, аурудың клиникалық және бактериологиялық ағымына байланысты.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Симптомдар: кездейсоқ ішке қабылдап қойғанда уытты реакциялар тудырмайды.
Емі: Левояпс көзге тамызатын дәрісі жергілікті артық дозаланған кезде, көзді (екі көзді) бөлме температурасындағы таза (ағынды) сумен шаю керек. Кездейсоқ ішке қабылдаған кезде дәрігерқажет болса, симптоматикалық және демеуші ем жүргізеді.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну ұсынылады.
ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
Жиі
-көздің ашытуы, көру жітілігінің төмендеуі, көзден қою шырышты бөліністердің ағуы.
Жиі емес
- қабақтың жабысуы, қабақтың жиектерінің қабынуы, көз алмасы шырышының ісінуі, көз шырышының қабыну реакциясы, қабақтың ісінуі, көздегі жайсыздық, көздің қышуы және ауыруы, көз шырышының қызаруы, көз шырышының "түйіндері" (фолликулдар), көздің құрғап кету синдромы, қабақтың қатты қызаруы, көздің қарығуы
- бас ауыруы, мұрын шырышының қабынуы.
Сирек
- тері бөртпелерін қоса, көзден тыс аллергиялық реакциялар.
Өте сирек
- өмірге қауіп төндіретін жедел ауыр аллергиялық реакция, тыныс алатын тамақтың ісінуі.
Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- фторхинолондар тобының препараттарын қабылдаған пациенттерде иық, білезік, ахилл және басқа да сіңірлерінің үзілуі байқалды, соларға қатысты қалпына келтіру операциялары жүргізілді және бұл еңбекке қабілеттіліктің ұзақ бұзылуымен қатар жүрді. Гормональді препараттарды (кортикостероидтарды) бір мезгілде қабылдаған кезде, егде жаста және жоғары жүктемеге ұшырайтын сіңірлерде, көбінесе ахиллов сіңірлерінде сіңірлердің үзілу қаупі артады.
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
5 мл препараттың құрамында:
белсенді зат - левофлоксацин гемигидраты (левофлоксацинге баламалы) 25.0000 мг
қосымша заттар:бензалконий хлориді**, натрий хлориді, хлорсутек қышқылы 10 %, натрий гидроксиді 10 % ерітіндісі, инъекцияға арналған су, азот*** (оттегі мөлшері төмен) стерильді.
**5% артығы хлоридалконийдің есептік мөлшеріне кіреді.
*** Өндірісте инертті орта ретінде пайдаланылады.
Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ашық сарыдан ашық жасылдау-сары түске дейінгі мөлдір сұйықтық
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 мл препараттан тамшылатқыш-тығынмен және алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы қалпақшамен жабылған ақ түсті пластик құтыға салынады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
Сақтау мерзімі 3 жыл
Сақтау мерзімі құты алғаш ашылғаннан кейін 25°С-ден аспайтын температурада 28 күн.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы