Торговое наименование
Левомеколь®
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма, дозировка
Мазь для наружного применения, 40 мг / 7,5 мг
Фармакотерапевтическая группа
Дерматология. Антибиотики и химиотерапевтические препараты для применения в дерматологии. Комбинация антибиотиков с противомикробными препаратами
Код АТХ D06C
Показания к применению
- местное лечение гнойных ран, инфицированных смешанной микрофлорой (включая стафилококки, синегнойную и кишечную палочки) в первой (гнойно-некротической) фазе раневого процесса
Перечень сведений, необходимых до начала применения
Противопоказания
- гиперчувствительность к компонентам препарата
- детский возраст до 2 лет
Необходимые меры предосторожности при применении
Отсутствуют.
Взаимодействия с другими лекарственными препаратами
Случаи взаимодействия или несовместимости с другими лекарственными средствами не описаны.
Специальные предупреждения
Применение в педиатрии
У новорожденных биотрансформация хлорамфеникола проходит более медленно, чем у взрослых. Препарат не рекомендуется применять у детей в возрасте до 2 лет в связи с отсутствием контролируемых клинических исследований.
Применение во время беременности или лактации
В экспериментальных исследованиях хлорамфеникола выявлен риск для плода (эмбриотоксическое действие). Контролируемые клинические исследования у беременных не проводились. В связи с этим применение препарата Левомеколь®при беременности не рекомендуется.
Хлорамфеникол выделяется с грудным молоком. В период лактации следует либо прекратить применение препарата, либо кормление грудью.
Особенности влияния препарата на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Не оказывает влияния на способность управлять автомобилем или потенциально опасными механизмами.
Рекомендации по применению
Режим дозирования
Левомеколь® предназначен для местного применения.
Перевязки производят ежедневно, один раз в день, до полного очищения раны от гнойно-некротических масс.
При больших раневых поверхностях суточная доза мази в пересчете на хлорамфеникол не должна превышать 3 г.
Метод и путь введения
Мазью пропитывают стерильные марлевые салфетки, которыми рыхло заполняют рану после ее стандартной хирургической обработки (механическое удаление некротических тканей, промывание раствором перекиси водорода).
Возможно введение препарата в гнойные полости через катетер (дренажную трубку) с помощью шприца. В этом случае мазь предварительно подогревают до 35-36 ºС.
Длительность применения
Длительность лечения зависит от тяжести и течения заболевания, и назначается врачом.
Меры, которые необходимо принять в случае передозировки
О случаях передозировки препарата ЛевомекольÒ не сообщалось.
Рекомендации по обращению за консультацией к медицинскому работнику для разъяснения способа применения лекарственного препарата
Если у Вас возникли дополнительные вопросы по применению данного препарата, обратитесь за консультацией к врачу или медицинской сестре.
Описание нежелательных реакций, которые проявляются при стандартном применении лекарственного препарата
Частота возникновения нежелательных лекарственных реакций определена в соответствии с классификацией ВОЗ: очень часто (>1/10), часто (>1/100, ≤1/10), нечасто (>1/1000, ≤1/100), редко (>1/10000, ≤1/1000), очень редко (менее 1/10000), частота неизвестна (не может быть установлена по имеющимся данным).
Частота неизвестна
- аллергические реакции (кожные высыпания)
Дополнительные сведения
Состав лекарственного препарата
1 г мази содержит
активные вещества - диоксометилтетрагидропиримидин (метилурацил), 40 мг,
хлорамфеникол, 7,5 мг,
вспомогательные вещества: макрогол-1500, макрогол-400.
Описание внешнего вида, запаха, вкуса
Мазь белого или белого с желтоватым оттенком цвета
Форма выпуска и упаковка
По 40 г препарата помещают в тубы алюминиевые или полиэтиленовые ламинатные.
Каждую тубу вместе с инструкцией по медицинскому применению на казахском и русском языках помещают в пачку из картона.
Срок хранения
3 года 6 мес.
Не применять по истечении срока годности.
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 20 ºС.
Хранить в недоступном для детей месте!
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Саудалық атауы
Левомеколь®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
Сыртқа қолдануға арналған жақпамай, 40 мг / 7,5 мг
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Дерматологияда қолдануға арналған антибиотиктер және химиотерапиялық препараттар. Антибиотиктердің микробқа қарсы препараттармен біріктірілімі
АТХ коды D06C
Қолданылуы
- жарақат үдерісінің алғашқы (іріңді-некрозды) фазасында аралас микрофлорамен (стафилококктар, көк іріңді және ішек таяқшасын қоса) инфекция жұқтырған іріңді жараларды жергілікті емдеу
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- 2 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Жоқ.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі немесе үйлесімсіздік жағдайлары
анықталмаған.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Жаңа туған нәрестелерде хлорамфеникол биотрансформациясы ересектердегіден баяуырақ жүреді. Препаратты, бақыланған клиникалық зерттеулердің болмауына байланысты, 2 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезеңінде қолдану
Хлорамфениколдың эксперименталды зерттеулерінде шаранаға қауіпі (эмбриоуытты әсері) анықталды. Жүкті әйелдерде бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілмеген. Осыған байланысты, Левомеколь® препаратын жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.
Хлорамфеникол емшек сүтімен бөлініп шығады. Лактация кезеңінде не препаратты қолдануды, не бала емізуді тоқтату керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Левомеколь®жергілікті қолдануға арналған.
Жара іріңді-некрозды массадан толық тазарғанға дейін күнделікті күніне бір рет таңылады.
Жара беткейлері ауқымды болғанда жақпамайдың тәуліктік дозасы хлорамфениколға шаққанда 3 г-ден аспауы тиіс.
Енгізу жолы және тәсілі
Жақпамайды стерильді дәке сүрткілерге сіңдіріп, жараны стандартты хирургиялық өңдеуден (некроздалған тіндерді механикалық жолмен алып тастау, сутегінің асқын тотығы ерітіндісімен жуып-шаю) кейін оны қопсытып толтырады.
Препаратты шприц көмегімен катетер (дренажды түтік) арқылы іріңді қуыстарға енгізуге болады. Ондай жағдайда жақпамайды 35-36 °С дейін алдын ала жылытады.
Емдеу ұзақтығы
Емнің ұзақтығы аурудың ауырлығы мен ағымына байланысты, дәрігермен тағайындалады.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар
ЛевомекольÒ препаратымен артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерден кеңес алу бойынша ұсынымдар
Егер Сізде осы препаратты қабылдау бойынша қосымша мәселелер туындаса, дәрігерге немесе мейірбикеге кеңес алу үшін жүгініңіз.
Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Жағымсыз дәрілік реакциялардың туындау жиілігі ДДҰ жіктеуіне сәйкес анықталған: өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, ≤1/10), жиі емес (>1/1000, ≤1/100), сирек (>1/10000, ≤1/1000), өте сирек (1/10000-ден аз), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде жиілігін анықтау мүмкін емес).
Жиілігі белгісіз
- аллергиялық реакциялар (тері бөртпелері)
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
1 г жақпамайдың құрамында
белсенді заттар - диоксометилтетрагидропиримидин (метилурацил),
40 мг,
хлорамфеникол, 7,5 мг,
қосымша заттар:макрогол-1500, макрогол-400.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті жақпамай
Шығарылу түрі және қаптамасы
40 г препараттан алюминий немесе полиэтилен ламинатты сықпаларға салынады.
Әр сықпа медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл 6 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
20 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз