Торговое название
Лазея
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма
Капсулы мягкие, 80 мг
Состав
Одна капсула содержит
активное вещество - масло лавандовое Silexan® (WS® 1265) – 80.0 мг,
вспомогательные вещества: масло рапсовое, рафинированное, глицерин 85%, желатин сукцинилированный, сорбита раствор 70% (не кристаллизующийся), кислоты карминовой лак (Е 120), титана диоксид (Е 171), синий патентованный V, 21% лак (Е 131).
Описание
Овальные, непрозрачные, мягкие желатиновые капсулы фиолетового цвета. Содержимое капсул – прозрачное масло с характерным запахом.
Фармакотерапевтическая группа
Препараты для лечения заболеваний нервной системы. Психотропные препараты. Анксиолитики. Анксиолитики другие.
Код АТХ N05BX
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
После перорального приема 80 мг масла лавандового Silexan® в клиническом исследовании фазы I, среднее значение максимальной концентрации линалоола - основного компонента эфирного масла лаванды, на уровне 22 нг/мл, регистрировалось через 30 минут после приема. Концентрации линалоола в плазме снижались в течение первых 5 часов после приема со средним значением площади под кривой «концентрация—время» (AUC) на уровне 33 нг•ч/мл.
Фармакодинамика
Лазея - лекарственное средство растительного происхождения, действующим веществом которого является масло лавандовое Silexan® (WS® 1265).
Препарат оказывает антидепрессивное, анксиолитическое и расслабляющее действие.
Исследования in vitro показали, что лавандовое масло Silexan® (WS® 1265) взаимодействует с потенциал-зависимымикальциевыми каналами, главным образом P/Q типа, однако механизм действия или специфическое место связывания с кальциевыми каналами является невыясненным.
Есть сообщения о том, что лавандовое масло модулирует ГАМКА-рецепторы. Не было получено доказательств взаимодействий с другими известными целевыми структурами для анксиолитиков или антидепрессантов, в частности, не наблюдалось взаимодействия в месте связывания бензодиазепина с ГАМКА-рецепторами.
Показания к применению
- для лечения симптомов тревожности, нервного напряжения, раздражительности и беспокойства от легкой до умеренной степени тяжести
Способ применения и дозы
Взрослым и детям старше 12 лет по 1 капсуле в день (что соответствует 80 мг масла лаванды). Капсулы следует принимать, не разжевывая, с достаточным количеством жидкости (предпочтительнее стакан питьевой воды), независимо от приема пищи.
Курс лечения назначает врач по состоянию пациента, индивидуально. Если симптомы остаются неизменными или ухудшаются после двух недель лечения, необходимо обратиться к врачу.
Побочные действия
- нарушения желудочно-кишечного тракта (в основном, отрыжка)
- аллергические кожные реакции
Противопоказания
- повышенная чувствительность к компонентам лавандового масла или к любому из компонентов препарата
- нарушения функции печени
Лекарственные взаимодействия
Не известны
Особые указания
Пациентам с редкой наследственной непереносимостью фруктозы не следует принимать Лазею.
Беременность и период лактации
Клинические данные по применению масла лавандового в период беременности отсутствуют. Лазею не рекомендуется применять во время беременности.
Безопасность применения в период кормления грудью до настоящего времени не изучалась. Не известно, проникают ли компоненты лавандового масла или их метаболиты в грудное молоко. В период лактации не рекомендуется применять Лазею.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Не известно
Передозировка
Сообщений о случаях передозировки не поступало.
Форма выпуска и упаковка
По 14 капсул помещают в контурную ячейковую упаковку из пленки ПВХ/ПВДХ и фольги алюминиевой.
По 1, 2 или 4 контурных ячейковых упаковок вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках вкладывают в картонную коробку.
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 25 °С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
5 лет
Не применять по истечении срока годности, указанного на упаковке.
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Саудалық атауы
Лазея
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Жұмсақ капсулалар, 80 мг
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – Silexan® лаванда майы (WS® 1265) – 80.0 мг,
қосымша заттар: тазартылған рапс майы, глицерин 85%, сукцинилденген желатин, сорбиттің 70% ерітіндісі (кристалданбайтын), кармин қышқылы лагы (Е 120), титанның қостотығы (Е 171), патенттелген көк V, 21% лак (Е 131).
Сипаттамасы
Сопақша, мөлдір емес, күлгін түсті жұмсақ желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – өзіне тән иісі бар мөлдір май.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған препараттар. Психотроптық препараттар. Анксиолитиктер. Басқа анксиолитиктер
АТХ коды N05BX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
I фазадағы клиникалық зерттеуде 80 мг Silexan® лаванда майын ішу арқылы қабылдағаннан кейін, лаванданың эфир майының негізгі компоненті - линалоолдың ең жоғарғы концентрациясының 22 нг/мл деңгейіндегі орташа мәні қабылдағаннан кейін 30 минуттан соң тіркелген. Линалоолдың плазмадағы концентрациялары қабылдағаннан кейінгі алғашқы 5 сағат ішінде, «концентрация—уақыт»қисығы астындағы ауданының (AUC) 33 нг•сағ/мл деңгейіндегі орташа мәнімен төмендеген.
Фармакодинамикасы
Лазея – өсімдік текті дәрілік зат, оның әсер етуші заты Silexan® (WS® 1265) лаванда майы болып табылады.
Препарат антидепрессивтік, анксиолитиктік және босаңсытқыш әсер береді.
In vitro зерттеулер, Silexan® лаванда майы (WS® 1265) потенциал-тәуелді, негізінен P/Q типті кальций өзекшелерімен өзара әрекеттесетінін көрсетті, алайда әсер етумеханизмі немесе кальций өзекшелерімен спецификалық байланысу орны анықталмаған болып табылады.
Лаванда майы ГАМҚА-рецепторларды модуляциялайтыны туралы хабарламалар бар.Анксиолитиктер немесе антидепрессанттар үшін басқа белгілі мақсатты құрылымдармен өзара әрекеттесулеріне дәлелдер алынған жоқ, атап айтқанда, бензодиазепиннің ГАМҚА-рецепторлармен байланысу орнында өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.
Қолданылуы
- үрейлену, жүйке ширығуы, ауырлық дәрежесі жеңілден орташаға дейінгі ашушаңдық пен мазасыздықтың симптомдарын емдеу үшін
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға күніне 1 капсуладан (бұл 80 мг лаванда майына сәйкес келеді). Капсулаларды шайнамай, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен (дұрысы бір стақан ауыз сумен), ас ішуге байланыссыз қабылдау керек.
Дәрігер пациенттің жеке жағдайына қарай емдеу курсын тағайындайды.
Егер симптомдары өзгеріссіз күйінде қалса немесе екі апта емдеуден кейін нашарласа, дәрігерге қаралу қажет.
Жағымсыз әсерлері
- асқазан-ішек жолының бұзылулары (негізінен, кекіру)
- терінің аллергиялық реакциялары
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- лаванда майының компоненттеріне немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
- бауырфункциясының бұзылулары
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Белгісіз
Айрықша нұсқаулар
Сирек тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы бар пациенттерге Лазеяны қабылдамау керек.
Жүктілік және бала емізу кезінде қолданылуы
Лаванда майын жүктілік кезінде қолданылуы туралы клиникалық деректер жоқ. Лазеяны жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.
Бала емізу кезінде қолданудың қауіпсіздігі қазіргі уақытқа дейін зерттелген жоқ. Лаванда майының компоненттері немесе олардың метаболиттерінің емшек сүтіне өтетін-өтпейтіндігі белгісіз. Лактация кезеңінде Лазеяны қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Белгісіз
Артық дозалануы
Артық дозаланған жағдайлар туралы хабарламалар түскен жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
14 капсуладан ПВХ/ПВДХ үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
1, 2 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз