Торговое название
Ксимелин® Эко с ментолом
Международное непатентованное название
Ксилометазолин
Лекарственная форма
Cпрей назальный дозированный, 0.1%
Cостав
1 мл препарата содержит
активное вещество- ксилометазолина гидрохлорида 1.0 мг
вспомогательные вещества: сорбитол, макроголглицеролгидроксистеарат, левоментол, цинеол (эвкалиптол), натрия хлорид, динатрия гидрофосфата дигидрат, натрия дигидрофосфата дигидрат, динатрия эдетат, вода очищенная.
Описание
Прозрачная или слегка непрозрачная, бесцветная или слегка окрашенная жидкость с запахом ментола без видимых кристаллов.
Фармакотерапевтическая группа
Респираторная система. Назальные препараты. Деконгестанты и другие назальные препараты для местного применения. Симпатомиметики, простые. Ксилометазолин.
Код АТХ R01AА07
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
После местного назального применения ксилометазолина может произойти системное всасывание. Препарат не предназначен для системного использования.
Фармакодинамика
Ксилометазолин относится к группе местных сосудосуживающих средств (деконгенсантов) с альфа-адреномиметическим действием, вызывает сужение кровеносных сосудов слизистой полости носа, устраняя, таким образом, отек, облегчая носовое дыхание и дренаж в полости носа и околоносовых пазухах.
Ксимелин®Эко с ментолом не содержит консервантов. В терапевтических концентрациях не раздражает слизистую полости носа, не вызывает гиперемию. Действие наступает через несколько минут и продолжается до 10 часов.Ксимелин® Эко с ментолом, как правило, хорошо переносится и не нарушает функцию мерцательного эпителия.
Показания к применению
- симптоматическое лечение заложенности носа, связанное с простудой, круглогодичным и аллергическим ринитом (включая сенную лихорадку) или синуситом
- в диагностических целях при риноскопии полости носа.
Способ применения и дозы
Перед применением необходимо очистить носовые ходы.
Для взрослых и детей старше 12 лет: по 1 впрыскиванию в каждый носовой ход; не следует применять более 3 раз в сутки.
Препарат применяется не более 7 дней.
Способ введения
Для местного применения.
Перед использованием помпы в первый раз, спрей следует прокачать несколько раз, пока не будет достигнута плавная подача жидкости.
Во время введения препарата флакон следует держать в вертикальном положении.
Побочные действия
Частота побочных эффектов препарата расценивается следующим образом:
Частые: ³ 1/100, < 1/10
Нечастые: ³ 1/1000,< 1/100
Редкие: ³ 1/10 000, < 1/1000
Очень редкие: < 1/10 000
Нарушения со стороны иммунной системы
Очень редко: системные аллергические реакции
Нарушения со стороны нервной системы
Очень редко: головная боль
Нарушения со стороны органов зрения
Очень редко: преходящее нарушение четкости зрительного восприятия
Нарушения со стороны дыхательной системы, органов грудной клетки и средостения
Часто: преходящее ощущение жжения, раздражения и/или сухости слизистой оболочки носа, чихание, гиперсекреция слизистой оболочки носоглотки
Нарушения со стороны желудочно-кишечного тракта
Редко: тошнота, рвота
Противопоказания
- повышенная чувствительность к ксилометазолину или компонентам препарата
- закрытоугольная глаукома
- атрофический ринит
- после хирургических вмешательств на твердой мозговой оболочке (при транссфеноидальной гипофизэктомии и других трансназальных операциях)
- беременность
- детский возраст до 12 лет
Лекарственные взаимодействия
Одновременное применение с ингибиторами моноаминооксидазы может привести к значительному повышению артериального давления. Симпатомиметические препараты вызывают высвобождение катехоламинов, что приводит к интенсивному высвобождению норадреналина, обладающим, в свою очередь, сосудосуживающим эффектом, в результате которого повышается артериальное давление. При критическом повышении артериального давления лечение Ксимелин®Эко с ментолом следует отменить и назначить симптоматическое лечение.
Одновременный прием с три- и тетрациклическими антидепрессантами и ингибиторами моноаминоксидазы может усилить симпатомиметический эффект ксилометазолина. Поэтому препарат не рекомендуется.
Особые указания
Продолжительность лечения не должна быть более 7 дней, так как длительное и частое использование препарата может вызвать отек слизистой оболочки носа и гиперсекрецию, вызванную повышенной чувствительностью клеток («эффект отмены»).
Ксилометазолин следует с осторожностью назначать лицам, чувствительным к адренергическим препаратам, у которых могут возникать реакции в виде нарушений сна, головокружения, тремора, сердечной аритмии или повышения артериального давления. Не превышайте указанную дозу. Препарат не рекомендуется применять младенцам или детям в возрасте до 12 лет, также если имеется чувствительность к любому из компонентов препарата или после недавней перенесеннной нейрохирургии. Некоторые пациенты с чувствительными носовыми ходами могут ощущать некоторый локальный дискомфорт при применении препарата. Препарат должен быть использован одним лицом, чтобы предотвратить перекрестное заражение. По гигиеническим причинам не использовать препарат более чем 28 дней после вскрытия.
Ксилометазолин следует применять с осторожностью и только после назначения врачом пациентам с гипертиреозом, сахарным диабетом, артериальной гипертензией, артериосклерозом, аневризмами, ишемической болезнью сердца, аритмиями и тахикардией, проблемами с мочеиспусканием из-за увеличенной простаты у пациентов, получавших ингибиторы МАО и другие лекарственные средства, которые могут повышать артериальное давление, а также увеличивать феохромоцитому.
При применении ксилометазолина пациенты с синдромом удлиненного интервала QT могут подвергаться повышенному риску серьезных желудочковых аритмий.
Если симптомы заболевания ухудшаются или состояние больного не улучшается необходимо проконсультироваться с врачом.
Беременность и лактация
Ксилометазолин не следует использовать во время беременности из-за возможного системного вазоконстрикторного действия.
Неизвестно, выделяется ли ксилометазолин с грудным молоком, поэтому во время кормления грудью следует использовать Ксимелин® Эко с ментолом только по назначению врача.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Ксимелин® Эко с ментолом не влияет на способность к управлению транспортными средствами и потенциально опасными механизмами.
Передозировка
Передозировка ксилометазолином возможна при местном введении чрезмерной дозы или при случайном приеме внутрь.
Симптомы: сильное головокружение, усиленный и неравномерный пульс, повышение артериального давления, потеря сознания. Вслед за повышением артериального давления может наблюдаться его резкое снижение.
Лечение: Соответствующие поддерживающие меры должны приниматься при любых подозрениях на передозировку, в некоторых случаях показано незамедлительное симптоматическое лечение под наблюдением врача.
В случае тяжелого отравления с остановкой сердца реанимационные действия должны продолжаться не менее 1 часа.
Форма выпуска и упаковка
По 10 мл препарата (не менее 60 доз) в пластиковом флаконе, снабженном помповым дозирующим устройством с наконечником и защитным колпачком из полиэтилена.
1 флакон вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в коробку картонную.
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 25 °С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
2.5 года
Не применять препарат после истечения срока годности.
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Саудалық атауы
Ксимелин®Эко ментолмен
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ксилометазолин
Дәрілік түрі
Мұрынға арналған дозаланған спрей, 0.1%
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат: 1.0 мг ксилометазолин гидрохлориді
қосымша заттар: сорбитол, макроголглицеролгидроксистеарат, левоментол, цинеол (эвкалиптол), натрий хлориді, динатрий гидрофосфаты дигидраты, натрий дигидрофосфаты дигидраты, динатрий эдетаты, тазартылған су.
Сипаттамасы
Көрінетін кристалдарсыз, ментол иісі бар мөлдір немесе сәл мөлдір, түссіз немесе сәл боялған сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Мұрынға арналған препараттар. Жергілікті қолдануға арналған деконгестанттар мен мұрынға арналған басқа препараттар. Симпатомиметиктер, қарапайымдар. Ксилометазолин.
АТХ коды R01AА07
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Мұрынға жергілікті қолданғаннан кейін ксилометазолин жүйелі сіңірілуі мүмкін. Препарат жүйелі түрде қолдануға арналмаған.
Фармакодинамикасы
Ксилометазолин альфа-адреномиметикалық әсер ететін жергілікті тамыр тарылтатын дәрілер (деконгенсанттар) тобына жатады, мұрын шырышты қуысының қан тамырларының тарылуын тудырады, осылайша, ісінуді болдырмайды, мұрынның тыныс алуын және мұрын қуысындағы және мұрын маңы қойнауларындағы дренажды жеңілдетеді.
Ксимелин®Эко ментолмен препараты құрамында консерванттар жоқ. Емдік концентрацияларында мұрын қуысының шырышты қабығын тітіркендірмейді, гиперемияны тудырмайды. Әсер етуі бірнеше минуттан кейін басталады және 10 сағатқа дейін жалғасады. Ксимелин® Эко ментолмен, әдетте, жақсы көтерімді және жыпылықтағыш эпителий функциясын бұзбайды.
Қолданылуы
- суық тиюмен, жыл бойғы аллергиялық ринитпен (шөп қызбасын қоса алғанда) және синуситпен байланысты мұрын бітелуін симптоматикалық емдеу.
- мұрын қуысының риноскопиясы кезінде диагностикалық мақсатта
Қолдану тәсілі және дозалары
Қолданар алдында мұрын жолдарын тазалау қажет.
Ересектер және 12 жастан асқан балалар үшін: әр мұрын жолына 1 бүркуден; тәулігіне 3 реттен көп қолдануға болмайды.
Препарат 7 күннен артық қолданылмайды.
Енгізу тәсілі
Жергілікті қолдануға арналған.
Помпаны бірінші рет қолданар алдында сұйықтық бірқалыпты болып шыққанша, спрейді бірнеше рет басып тарту керек.
Препаратты енгізу кезінде құтыны тік күйде ұстау керек
Жағымсыз әсерлері
Препараттың жағымсыз әсерлерінің жиілігі былайша бағаланады:
Жиі: ³ 1/100, < 1/10
Жиі емес: ³ 1/1000, < 1/100
Сирек: ³ 1/10 000, < 1/1000
Өте сирек: < 1/10 000
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Өте сирек: жүйелі аллергиялық реакциялар
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте сирек: бас ауыруы
Көру мүшелері тарапынан бұзылулар
Өте сирек: көріп қабылдау айқындығының өтпелі бұзылуы
Тыныс алу жүйесі, кеуде мен көкірекорта ағзалары тарапынан бұзылулар
Жиі: мұрын шырышты қабығының ашуы, тітіркенуі және/немесе құрғақтығының өтпелі сезімі, түшкіру, мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының гиперсекрециясы
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Сирек: жүрек айнуы, құсу
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- ксилометазолинге немесе препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жабық бұрышты глаукомада
- атрофиялық ринит
- қатты ми қабығына хирургиялық араласулардан кейін (транссфеноидальді гипофизэктомияда және басқа да мұрын арқылы жасалатын операцияларда)
- жүктілік
- 12 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Моноаминоксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қолдану артериялық қысымның едәуір жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Симпатомиметикалық препараттар катехоламиндердің босап шығуын тудырады, бұл өз кезегінде, тамыр тарылтушы әсері бар норадреналиннің қарқынды босап шығуына әкеледі, соның нәтижесінде артериялық қысым көтеріледі. Артериялық қысымның қауіпті түрде жоғарылауы кезінде Ксимелин®Эко ментолмен емдеуді тоқтату және симптоматикалық ем тағайындау керек.
Үш және тетрациклді антидепрессанттармен және моноаминоксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау ксилометазолиннің симпатомиметикалық әсерін күшейтуі мүмкін. Сондықтан препарат ұсынылмайды.
Ерекше нұсқаулар.
Емдеу ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс, себебі препаратты ұзақ және жиі қолдану мұрынның шырышты қабығының ісінуін және жасушалардың жоғары сезімталдығынан туындаған гиперсекрецияны ("тоқтату әсері") туындатуы мүмкін. Ксилометазолинді ұйқының бұзылуы, бастың айналуы, тремор, жүрек аритмиясы немесе артериялық қысымның көтерілуі түрінде реакциялар туындауы мүмкін адренергиялық препараттарға сезімтал адамдарға сақтықпен тағайындау керек.
Көрсетілген дозасынан асырмаңыз.
Препаратты нәрестелерге немесе 12 жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ егер препараттың кез келген компоненттеріне сезімталдық бар болса немесе жақында өткерген нейрохирургиядан кейін қолдануға болмайды. Мұрын жолдары сезімтал кейбір емделушілер препаратты қолданған кезде жергілікті жайсыздықты сезінуі мүмкін. Препаратты ауру жұқтырудың алдын алу үшін бір адам ғана пайдалануы керек. Гигиеналық себептермен препаратты ашқаннан кейін 28 күннен артық пайдаланбаңыз.
Ксилометазолинді сақтықпен пайдалану керек және гипертиреозы, қант диабеті, артериялық гипертензиясы, атеросклерозы, аневризмі, жүректің ишемиялық ауруы, аритмиясы және тахикардиясы бар пациенттерге, простата ұлғаюы себепті несеп шығару проблемалары бар, артериялық қысымды көтеретін, сондай-ақ феохромоцитоманы арттыратын МАО тежегіштері мен басқа да дәрілік заттарды қабылдаған емделушілерге дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолданған жөн.
Ксилометазолинді қолданған кезде QT аралығының ұзару синдромы бар науқастар қарыншалық күрделі аритмиялардың жоғары қаупіне ұшырауы мүмкін.
Егер ауру белгілері нашарласа немесе науқастың жағдайы жақсармаса, дәрігермен кеңесу қажет.
Жүктілік және лактация
Ксилометазолинді болуы мүмкін жүйелік қантамыр тарылтатын әсеріне байланысты жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Ксилометазолиннің емшек сүтімен бөлінетіні белгісіз, сондықтан емшекпен емізу кезінде Ксимелин® Эко ментолмен препаратын тек дәрігердің тағайындауымен ғана қолданған жөн.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ксимелин® Эко ментолмен препараты көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Ксилометазолинмен артық дозалану шамадан тыс дозасын жергілікті енгізгенде немесе кездейсоқ ішке қабылдағанда болуы мүмкін.
Симптомдары: қатты бас айналуы, күшейтілген және бірқалыпты емес пульс, артериялық қысымның жоғарылауы, естен тану. Артериялық қысымның артуынан кейін оның күрт төмендеуі байқалуы мүмкін.
Емі: кез келген артық дозалануына күдік болғанда тиісті демеуші шаралар қолданылуы тиіс, кейбір жағдайларда дәрігердің бақылауымен шұғыл симптоматикалық ем көрсетіледі.
Жүрек тоқтауымен бірге ауыр улану жағдайында реанимациялық әрекеттер кемінде 1 сағат жалғасуы тиіс.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 мл препараттан (кемінде 60 доза), ұштығы бар дозалайтын помпалық құрылғымен жабдықталған және полиэтиленнен жасалған қорғаныш қалпақшасы бар пластик құтыда.
1 құтыны медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2.5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз