Торговое название
КАНДИД
Международное непатентованное название
Клотримазол
Лекарственная форма
Раствор для местного применения 1 %, 15 мл
Состав
100 мл раствора содержат
активное вещество – клотримазол 1г,
вспомогательные вещества: пропиленгликоль, глицерин.
Описание
Прозрачная, бесцветная, вязкая жидкость.
Фармакотерапевтическая группа
Дерматология. Противогрибковые препараты для лечения заболеваний кожи. Противогрибковые препараты для местного применения. Имидазола и триазола производные. Клотримазол.
Код ATХ D01AС01
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Клотримазол при местном применении практически не поступает в кровоток и не оказывает системного действия. Приблизительная биодоступность составляет менее 0.5 %.
Фармакодинамика
Клотримазол – производное имидазола, обладает противогрибковым эффектом, который связан с нарушением синтеза эргостерина клеточной мембраны грибков, что приводит к повреждению клеточной стенки. Эргостерин является главным компонентом цитоплазматической мембраны грибков. Клотримазол выступая как ингибитор ферментативного превращения 2,4 метилендигидроланостерола в диметилстерол, провитамин Д2, который является основным блокатором цитоплазматической мембраны гриба. В малых концентрациях действует фунгистатически, а в больших - фунгицидно, причем не только на пролиферирующие клетки. В фунгицидных концентрациях взаимодействует с митохондриальными и пероксидазными ферментами, в результате чего происходит увеличение концентрации перекиси водорода до токсического уровня, что также способствует разрушению грибковых клеток. Другие механизмы антигрибкового действия клотримазола включают перестройку плазменной мембранной АТФазы и других мембранных ферментов, изменение мембранного транспорта и метаболизма жирных кислот.
Клотримазол обладает широким спектром действия, эффективен в отношении дерматофитов, дрожжевых грибов, оказывает противомикробное действие на возбудителя эритразмы, стрептококки и стафилококки, а также в отношении Trichomonas vaginalis.
Показания к применению
Для местного лечения при:
- кандидозном стоматите (кандидоз ротовой полости)
- фарингомикозе
Способ применения и дозы
10-20 капель (0.5 мл- 1 мл) препарата Кандида наносят ватной палочкой на пораженные участки полости рта 3-4 раза в день. При нанесении следует убедиться, что вся пораженная или воспаленная слизистая оболочка полости рта обработана раствором. Улучшение наступает на 3-5 день, лечение следует продолжать до полного исчезновения клинических проявлений заболевания. Детям препарат можно применять только по назначению врача.
Побочные действия
Определение частоты побочных явлений проводится в соответствии со следующими критериями: очень часто (≥ 1/10), часто (≥ от 1/100 до < 1/10), нечасто (≥ от 1/1000 до < 1/100), редко (≥ 1/10000 до < 1/1000), очень редко (< 1/10000).
Редко:
- местные аллергические реакции (покраснение, жжение, покалывание, зуд, отеки, крапивница)
- одышка, гипотензия, обморочные состояния
- контактный дерматит
Противопоказания
- повышенная чувствительность к компонентам препарата
- I триместр беременности
Лекарственные взаимодействия
Одновременное применение амфотерицина В или нистатина снижает активность клотримазола. Дексаметазон, применяемый в больших дозах, тормозит противогрибковое действие клотримазола. Антимикотическое действие клотримазола усиливают высокие местные концентрации пропилового эфира п-оксибензойной кислоты.
Особые указания
Только для местного применения в полости рта, не принимать внутрь, не глотать. Избегать попадания в глаза. При попадании в глаза тщательно промыть их водой. Если наблюдается ухудшение или нет улучшения после регулярного применения, обратитесь к врачу.
Применение в педиатрии
Установлена эффективность и безопасность применения клотримазола у детей, в том числе у новорожденных. Детям рекомендуется применение препарата под контролем врача в течение короткого периода времени и в низких дозах.
Беременность и период лактации
Не установлено, что применение препарата в период беременности или в период кормления грудью оказывает отрицательное влияние на здоровье женщины или плода (ребенка).
Вопрос о целесообразности назначения препарата во II-III триместре беременности должен решаться индивидуально после консультации врача. Применение в I триместре беременности противопоказано.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Не установлены.
Передозировка
Симптомы: усиление побочных эффектов.
Лечение: промыть пораженную область, симптоматическая терапия.
Форма выпуска и упаковка
По 15 мл препарата помещают в пластиковые флаконы с колпачком. На флакон наклеивают этикетку.
По 1 флакону вместе с инструкцией по применению на государственном и русском языках помещают в картонную коробку.
Условия хранения
Хранить в сухом, защищенном от света месте при температуре не выше 25º С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
3 года
Период применения после вскрытия флакона – 45 дней.
Не применять по истечении срока годности.
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Саудалық атауы
КАНДИД
Халықаралық патенттелмеген атауы
Клотримазол
Дәрілік түрі
Жергілікті қолдануға арналған 1 % ерітінді, 15 мл
Құрамы
100 мл ерітінді құрамында
белсенді зат: клотримазол 1г,
қосымша заттар: пропиленгликоль, глицерин.
Сипаттамасы
Мөлдір, түссіз, тұтқыр сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Тері ауруларын емдеуге арналған зеңге қарсы препараттар. Зеңге қарсы жергілікті қолдануға арналған препараттар. Имидазол және триазол туындылары. Клотримазол.
АТХ коды D01AС01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Клотримазолды жергілікті қолдану кезінде қан ағысына іс жүзінде түспейді және жүйелік әсер етпейді. Биожетімділігі 0,5%-дан азды құрайды.
Фармакодинамикасы
Клотримазол – имидазол туындысы, зеңге қарсы әсері бар, ол зеңнің жасушалық жарғақшасында эргостерин синтезінің бұзылуымен байланысты, бұл жасушалық қабырғаның зақымдануына әкеледі. Эргостерин зеңдердің цитоплазмалық жарғақшаларының басты компоненті болып табылады. Клотримазол 2,4 метилендигидроланостеролдың диметилстеролға, зеңнің цитоплазмалық жарғақшасының негізгі блокаторы болып табылатын Д2 дәрумен ізашарына ферменттік түрде айналуының тежегіші ретінде әсер етеді. Аз концентрацияларда фунгистатикалық, ал үлкен концентрацияларда сонымен бірге пролиферациялаушы жасушаларға ғана емес, фунгицидтік әсер де береді. Фунгицидтік концентрацияларда митохондриальді және пероксидазалы ферменттермен өзара әрекеттеседі, соның нәтижесінде сутегінің асқын тотығының концентрациясы уытты деңгейге дейін артады, бұл сондай-ақ зең жасушаларының бұзылуына мүмкіндік береді.
Плазмалық жарғақшалы АТФаза және басқа да жарғақшалы ферменттердің қайта құрылуы, жарғақша тасымалдануының және майлы қышқылдардың метаболизмі өзгеруі клотримазолдың зеңдерге қарсы әсерінің басқа механизмдеріне жатады.
Клотримазолдың әсер ету ауқымы кең, дерматофиттер, ашытқы зеңдеріне қатысты тиімді, эритразма, стрептококктар және стафилококктар, сондай-ақ Trichomonas vaginalis қоздырғыштарына қатысты микробқа қарсы әсер көрсетеді.
Қолданылуы
Жергілікті емдеу үшін:
- кандидозды стоматитте (ауыз қуысы кандидозы)
- фарингомикозда
Қолдану тәсілі мен дозалары
Кандид препаратының 10-20 тамшысын (0.5 мл - 1 мл) ауыз қуысының зақымданған бөлігіне мақта таяқшамен күніне 3-4 рет жағады. Жаққан кезде ауыз қуысындағы зақымданған немесе қабынған барлық жердің ерітіндімен өңделгеніне көз жеткізу керек. Жақсару 3-5 күні ғана басталғанына қарамастан, емдеуді аурудың клиникалық көріністер толық жойылғанша жалғастырған жөн. Препаратты тек дәрігердің тағайындауы бойынша ғана балаларға қолдануға болады.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мына критерилерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін); жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін); сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін); өте сирек (< 1/10000).
Сирек:
- жергілікті аллергиялық реакциялар (қызару, күйдіріп ашыту, шаншу, қышыну, ісіну, есекжем)
- демікпе, гипотензия,естен тану
- жанаспалы дерматит
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жүктіліктің І триместрі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Амфотерицин В немесе нистатинді бір мезгілде қолдану клотримазолдың белсенділігін төмендетеді. Дексаметазон үлкен дозада қолданғанда клотримазолдың зеңге қарсы әсерін тежейді. Клотримазолдың антимикотикалық әсері п-оксибензой қышқылы пропил эфирінің жоғары жергілікті концентрациясын күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
Ауыз қуысына жергілікті қолдануға ғана арналған, ішке қабылдауға, жұтуға болмайды. Көзге тигізіп алмау керек. Көзге тигізіп алған жағдайда оны сумен мұқият шайған жөн. Егер жүйелі қолданудан кейін нашарлау байқалса немесе жақсару болмаса, дәрігерге қаралыңыз.
Педиатрияда қолданылуы
Клотримазолды балаларда, оның ішінде жаңа туған нәрестелерде қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталған. Балаларға препаратты дәрігердің бақылауымен қысқа мерзімге және төмен дозада қолдану ұсынылады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік кезеңінде немесе бала емізу кезеңінде қолдану әйелдің немесе ұрықтың (баланың) денсаулығына кері әсер ететіні анықталмаған.
Жүктіліктің II-III триместрінде препаратты тағайындау ұтымдылығы туралы мәселе дәрігермен кеңескеннен кейін әр адамға жекелей шешілуі тиіс. Жүктіліктің І триместрінде қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Анықталмаған.
Артық дозалануы
Симптомдары:жағымсыз әсерлерінің күшеюі.
Емі: зақымданған аймақты жуып-шаю, симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
15 мл препараттан қалпақшасы бар пластик құтыға салынған. Құтыға заттаңба жапсырылады.
1 құтыдан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны алғаш ашқаннан кейінгі қолданылу кезеңі – 45 күн.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз