Торговое название
Имудон®
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма
Таблетки для рассасывания
Состав
Одна таблетка содержит
Активное вещество - Имудон® (смесь лизатов бактерий)* 2.70 мг (в пересчете на сухое вещество),
вспомогательные вещества: натрия дезоксихолат, тиомерсал, глицин, лактозы моногидрат, маннитол,натрия сахаринат, повидон, натрия гидрокарбонат,лимонная кислота безводная, ароматизатор мятный, магния стеарат.
* - Лизаты бактерий 0.1575 мг
(Lactobacillus johnsonii
Lactobacillus helveticus
Lactobacillus delbrueckii ss lactis
Lactobacillus fermentum
Streptococcus pyogenes groupе A
Enterococcus faecium
Enterococcus faecalis
Streptococcus gordonii
Staphylococcus aureus
Klebsiella pneumoniae ss pneumoniae
Corynebacterium pseudodiphtheriticum
Fusobacterium nucleatum ss fusiforme
Candida albicans)
Описание
Таблетки белого или почти белого цвета, плоскоцилиндрической формы, с гладкой блестящей поверхностью, со скошенными краями, с мятным запахом, допускается незначительная мраморность.
Фармакотерапевтическая группа
Пищеварительный тракт и обмен веществ. Стоматологические препараты. Противомикробные препараты для местного лечения заболеваний полости рта. Прочие.
Код АТХ А01АВ11
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Препарат преимущественно действует в полости рта, в настоящее время отсутствуют данные о системной абсорбции.
Фармакодинамика
Имудон® представляет собой поливалентный антигенный комплекс – смесь лизатов бактерий, состав которой соответствует возбудителям, наиболее часто вызывающим воспалительные процессы в полости рта и глотке.
Имудон® активирует фагоцитоз,способствует увеличению количества иммунокомпетентных клеток, повышает выработку лизоцима и интерферона, секреторного иммуноглобулина А в слюне.
Показания к применению
Адъювантное лечение инфекционных заболеваний,ограниченных полостью рта, включая язвенные поражения:
- пародонтоз, пародонтит, стоматит, глоссит, герпетический стоматит
- инфекционно-воспалительные заболевания полости рта и глотки
- язвенный гингивит
- дисбактериоз полости рта
- фарингит
- хронический тонзиллит
- травмы слизистой оболочки полости рта, вызванные зубными протезами
- инфекционные осложнения после удаления зубов, имплантация зубов
- предоперационная подготовка и послеоперационный период тонзилэктомии
Способ применения и дозы
Таблетки предназначены для местного применения, их рассасывают в ротовой
полости,не разжевывая и не запивая водой.
Суточная доза составляет от 6 до 8 таблеток.
От 6 до 14 лет суточная доза 6 таблеток.
Продолжительность курса лечения от 6 до 8 дней.
Побочные действия
Данных недостаточно чтобы определить частоту побочных реакций при лечении препаратом Имудон®. Побочные действия,о которых сообщалось, приведены ниже:
- реакции гиперчувствительности (сыпь, крапивница,ангионевротический отек), эритема, экзема
- тошнота,рвота, боли в животе, диарея
Очень редко:
- необъяснимое повышение температуры тела выше 39°С в раннем периоде лечения,ринофарингит, синусит, ларингит,бронхит, приступ астмы и изолированный кашель
- узловатая эритема, тромбоцитопения
- геморрагический васкулит
Противопоказания
- повышенная индивидуальная чувствительность к препарату или его компонентам
- детский возраст до 6 лет, из-за возможного неправильного применения (проглатывания или разжевывания)
- наличие аутоиммунных заболеваний
- беременность и период лактации
- лицам с наследственной непереносимостью галактозы,дефицитом лактазы Лаппа, мальабсорбцией глюкозы-галактозы
Лекарственные взаимодействия
Имудон®можно принимать с лекарственными препаратами других групп.
Особые указания
Показания не предполагают продолжительного использования препарата. Если симптомы сохраняются более 8 дней и не сопровождаются повышением температуры,следует пересмотреть лечение.
Так как Имудон®содержит лактозу, он противопоказан лицам с редкими врожденными заболеваниями,как синдром врожденной мальабсорбции глюкозы и галактозы или дефицит лактазы. Осторожно больным с сахарным диабетом.
Пациента следует проинформировать о возможном в редких случаях повышении температуры тела выше 39°С без видимой причины. При первых признаках такого симптома следует немедленно прекратить лечение. Однако следует отличать такое повышение температуры тела от симптоматического,связанного с заболеваниями ЛОР-органов.
У больных бронхиальной астмой были описаны случаи астматических приступов при использовании препаратов бактериальных лизатов с целью иммуностимуляции. При развитии астматического приступа не рекомендуется продолжать лечение.
В случае необходимости рот следует полоскать не ранее, чем через 1 час после применения препарата Имудон®, чтобы не снижать терапевтическую активность препарата. При назначении препарата пациентам,соблюдающим бессолевую или малосолевую диету,необходимо учитывать, что 1 таблетка препарата Имудон® содержит 15 мг натрия. Из-за содержания маннитола возможно умеренное послабляющее действие.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Не существует данных, свидетельствующих о необходимости каких-либо ограничений в период лечения на деятельность, связанную с управлением автомобилем или другими механизмами.
Передозировка
Не выявлено
Форма выпуска и упаковка
По 8 таблеток помещают в контурную ячейковую упаковку из композиционного материала полиамид/алюминий/поливинилхлорид (фирма Amcor Flexibles Singen GmbH, Германия или Constantia Pirk GmbH & Co. KG, Германия) и фольги алюминиевой печатной лакированной, или производства Amcor Flexibles Singen GmbH, Германия, или производства Amcor Flexibles Kreuzlingen AG, Швейцария.
По 3 или 5 контурных ячейковых упаковок вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона марки А или хром-эрзац.
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 25 °С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
2 года
Не применять по истечении срока годности.
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Саудалық атауы
Имудон®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Соруға арналған таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында:
Белсенді зат - Имудон® (бактерия лизаттарының қоспасы)* 2.70 мг (құрғақ затқа шаққанда),
қосымша заттар: натрий дезоксихолаты, тиомерсал, глицин, лактоза моногидраты, маннитол, натрий сахаринаты, повидон, натрий гидрокарбонаты, сусыз лимон қышқылы, жалбыз хош иістендіргіші, магний стеараты.
* - Бактерия лизаттары - 0.1575 мг
(Lactobacillus johnsonii
Lactobacillus helveticus
Lactobacillus delbrueckii ss lactis
Lactobacillus fermentum
Streptococcus pyogenes groupе A
Enterococcus faecium
Enterococcus faecalis
Streptococcus gordonii
Staphylococcus aureus
Klebsiella pneumoniae ss pneumoniae
Corynebacterium pseudodiphtheriticum
Fusobacterium nucleatum ss fusiforme
Candida albicans)
Сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішінді, беті тегіс жылтыр, шеттері қиғашталған, жалбыз иісі бар ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар, аздап мәрмәрлыққа жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Ас қорыту жолы және зат алмасу. Стоматологиялық препараттар. Ауыз қуысының ауруларын жергілікті емдеуге арналған микробқа қарсы препараттар. Басқалар.
АТХ коды А01АВ11
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препарат негізінен ауыз қуысында әсер етеді, қазіргі кезде жүйелі сіңуі
жайында мәліметтер жоқ.
Фармакодинамикасы
Имудон® поливалентті антигенді кешен – бактерия лизаттарының қоспасы болып табылады, оның құрамы ауыз қуысында және жұтқыншақта қабыну үдерісін ең жиі туындататын қоздырғыштарға сәйкес келеді.
Имудон® фагоцитозды белсенділендіреді, иммунокомпонентті жасушалар санының көбеюіне ықпал етеді, лизоцимнің және интерферонның, сілекейде секреторлы А иммуноглобулинінің өндірілуін арттырады.
Қолданылуы
Ойық жаралы зақымдануларды қоса алғанда, ауыз қуысымен шектелген инфекциялық ауруларды адъювантты емдеуде:
- пародонтоз, пародонтит, стоматит, глоссит, герпестік стоматит
- ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну аурулары
- ойық жаралы гингивит
- ауыз қуысы дисбактериозы
- фарингит
- созылмалы тонзиллит
- тіс протезінен болған ауыз қуысы шырышты қабығының жарақаты
- тіс жұлғаннан, тіс имплантациясынан кейінгі инфекциялық асқынулар
- тонзилэктомияда операцияға дейінгі дайындықта және операциядан кейінгі кезеңде
Қолдану тәсілі және дозалары
Таблеткалар жергілікті қолдануға арналған, оларды ауыз қуысында шайнамай және сумен ішпей, сорады.
Тәуліктік дозасы 6-дан 8 таблеткаға дейінді құрайды.
6-дан 14 жасқа дейін тәуліктік доза 6 таблетка.
Емдеу курсының ұзақтығы 6-дан 8 күнге дейін.
Жағымсыз әсерлері
Имудон® препаратымен емдеуде жағымсыз реакцияларының пайда болу жиілігін анықтау үшін клиникалық зерттеулердің деректері жеткілікті емес. Постмаркетингтік тәжірибеден алынған жағымсыз әсерлері жөнінде ақпарат төменде көрсетілген. Жиілігін анықтау мүмкін емес.
– аса жоғары сезімталдық реакциялары (бөртпе, есекжем, ангионевроздық ісіну), эритема, экзема
– жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, диарея
Өте сирек:
- емдеудің ерте сатысында дене температурасының түсініксіз 39°С-ден жоғары көтерілуі, ринофарингит, синусит, ларингит, бронхит, демікпе ұстамасы және жеке дара жөтел
- түйінді эритема, тромбоцитопения
- геморрагиялық васкулит
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа немесе оның компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балалар, дұрыс қолдана алмауына байланысты (жұтып қоюы немесе шайнауы)
- аутоиммунды аурулардың болуы
- жүктілік және лактация кезеңі
- тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы, глюкоза - галактоза мальабсорбциясы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Имудонды® басқа топтағы дәрілік препараттармен қолдануға болады.
Айрықша нұсқаулар
Көрсетілімдері препаратты ұзақ уақыт қолдануды талап етпейді. Егер симптомдары 8 күннен артыққа созылса және дене температурасының көтерілуімен қатар жүрмесе, емдеуді қайта қарау керек.
Имудонның®құрамында лактоза болғандықтан, оны туа біткен глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы немесе лактаза тапшылығы сияқты сирек кездесетін туа біткен аурулары бар адамдарға қолдануға болмайды. Қант диабеті бар науқастарға абай болу керек.
Пациентке сирек жағдайларда дене температурасының ешбір себепсіз 39°С-ден жоғарыға көтерілуі мүмкін екендігін ескерту керек. Мұндай симптомның алғашқы белгілерінде емдеуді жедел тоқтату қажет. Алайда, мұндай дене температурасының көтерілуін ЛОР-мүшелерінің ауруларына байланысты
симптоматикалық көтерілуден айыра білу керек.
Бронх демікпесі бар науқастарда иммунитетті күшейту мақсатында бактериялық лизаттар препараттарын қолдану кезінде демікпе ұстамаларының болғандығы жазылған. Демікпе ұстамасы дамыған кезде емдеуді жалғастыру ұсынылмайды.
Қажет болған жағдайда препараттың емдік белсенділігін төмендетпеу үшін ауызды Имудон® препаратын қолданудан кейін 1 сағаттан ерте шаймаған дұрыс.
Препаратты тұзсыз немесе тұзы аз диетаны ұстанатын пациенттерге тағайындағанда, Имудон® препаратының 1 таблеткасы құрамында 15 мг натрий бар екендігін ескеру қажет. Құрамында маннитол болуына байланысты орташа іш жүргізетін әсері болуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдеу кезеңінде автомобильді немесе басқа механизмдерді басқаруға байланысты іс-әрекетке қандай да бір шектеулердің қажеттілігін дәйектейтін деректер жоқ.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
Полиамид/алюминий/поливинилхлоридті композициялық материалдан (Amcor Flexibles Singen GmbH, Германиянемесе Constantia Pirk GmbH & Co. KG фирмасы, Германия) және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған немесе Amcor Flexibles Singen GmbH, Германияда өндірілген немесе Amcor Kreuzlingen AG, Швейцарияда өндірілген пішінді ұяшықты қаптамаға 8 таблеткадан салынған.
3 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тіліндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге А маркалы немесе хром-эрзац картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз