Торговое название
Иммунал®
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма Капли для приема внутрь, 50 мл
Состав
1 мл раствора (15 капель) содержит
активное вещество –эхинацеи пурпурной травы свежий сок (Echinaceapurpurea L. herba) 0.8 мл
вспомогательные вещества: сорбитол 70 % раствор, этанол 96 %
Описание
Раствор коричневого цвета, от прозрачного до мутного, с небольшим количеством осадка.
Фармакотерапевтическая группа
Антинеопластические и иммуномодулирующие препараты. Иммуностимуляторы. Иммуностимуляторы другие
Код АТХ L03AX
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Данные о фармакокинетических свойствах сока эхинацеи пурпурной отсутствуют.
Фармакодинамика
Иммунал является иммуностимулирующим препаратом, изготовленным из лекарственного растительного сырья.
Эхинацея пурпурная (Echinacea purpurea) содержит активные вещества,
усиливающие защитные силы организма и действующие в качестве неспецифических стимуляторов иммунитета.
Показания к применению
- профилактика и лечение начальных симптомов при простудных заболеваниях
Способ применения и дозы
Перед применением взбалтывать!
Курс приема препарата Иммунал 10 дней. Следующий курс лечения препаратом можно начинать не ранее чем через 14 дней.
Для удобства применения и правильного дозирования каждая упаковка снабжена градуированной дозировочной пипеткой.
При помощи входящей в комплект пипетки отмерьте необходимое количество раствора и выдавите его в стакан с небольшим количеством теплой воды и выпейте. Раствор также можно принимать в неразбавленном виде.
Лечение необходимо начинать с появлением начальных симптомов простудных заболеваний.
Иммунал можно принимать независимо от приема пищи.
В 1 мл содержится 15 капель препарата.
Взрослым: по 2,5 мл (35-40 капель) три раза в день.
Побочные действия
Определение частоты побочных явлений проводится в соответствии со следующими критериями: очень часто (≥ 1/10), часто (≥ от 1/100 до < 1/10), нечасто (≥ от 1/1000 до < 1/100), редко (≥ 1/10000 до < 1/1000), очень редко (< 1/10000).
Редко
- кожные реакции гиперчувствительности (зуд, кожные высыпания, крапивница)
- синдром Стивенса-Джонсона
Очень редко
- бронхоспазм с обструкцией
- астма в следствии реакции гиперчувствительности
- ангиоотек
- отек Квинке
- анафилактический шок
- аутоиммунные заболевания (рассеянный энцефалит, узловатая эритема,
аутоиммунная тромбоцитопения, синдром Шегрена с тубулярной почечной
дисфункцией)
- лейкопения при длительном применении (больше 8 недель)
Противопоказания
- повышенная чувствительность к компонентам препарата и растениям
семейства Сложноцветных
- прогрессирующие системные заболевания (туберкулез, саркоидоз)
- аутоиммунные заболевания (коллагеноз, рассеянный склероз)
- иммунодефицитные состояния (ВИЧ-инфекции, СПИД)
- иммуносупрессии (онкологическая цитостатическая терапия,
трансплантации органов в анамнезе или трансплантация костного мозга)
- агранулоцитоз, лейкоз
- пациентам с наследственной предрасположенностью к аллергическим
реакциям (крапивница, атопический дерматит, астма)
- наследственная непереносимость фруктозы (из-за содержания сорбитола)
- пациенты с заболеваниями печени, лица страдающих алкоголизмом,
эпилепсия
- беременность и период лактации
- детский возраст до 18 лет Лекарственные взаимодействия
Отсутствует информация о каком-либо взаимодействии сока эхинацеи пурпурной с другими лекарственными средствами. Тем не менее, не рекомендуется одновременное применение с иммунодепрессантами (циклоспорином и метотрексатом).
Особые указания
Если при применении препарата состояние пациента ухудшается или наблюдается повышение температуры, необходимо проконсультироваться с лечащим врачом.
Особую осторожность следует соблюдать пациентам с наследственной предрасположенностью к аллергическим реакциям (пациенты с атопическим дерматитом) вследствие возможного риска развития анафилактической реакции.
При хранении возможно помутнение раствора или выпадение хлопьевидного осадка, состоящего из активных полисахаридов. Перед употреблением необходимо тщательно встряхнуть флакон.
Каждая доза препарата Иммунал (2.5 мл) содержит 404 мг этанола, что эквивалентно 10 мл пива или 4.2 мл вина.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Исследования не проводились.
Передозировка
Случаев передозировки выявлено не было
Форма выпуска и упаковка
По 50 мл препарата во флаконы литого янтарного стекла III класса с завинчивающейся крышкой.
По 1 флакону вместе с градуированной дозировочной пипеткой и инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 25 °С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
2 года.
Срок хранения после первого вскрытия 3 месяца.
Не применять по истечении срока годности.
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Саудалық атауы
Иммунал®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішуге арналған тамшылар, 50 мл
Құрамы
1 мл ерітіндінің (15 тамшы) құрамында
белсенді зат – 0.8 мл қызылкүрең эхинацея шөбінің жаңа әзірлеген шырыны бар (Echinacea purpurea L. herba)
қосымша заттар: 70% сорбитол ерітіндісі, 96% этанол
Сипаттамасы
Аздаған мөлшерде шөгіндісі бар, мөлдірден бұлыңғырға дейінгі қоңыр түсті ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Иммуностимуляторлар. Басқа иммуностимуляторлар
АТХ коды L03AX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Қызылкүрең эхинацея шырынының фармакокинетикалық қасиеттері туралы деректер жоқ.
Фармакодинамикасы
Иммунал дәрілік өсімдік шикізатынан дайындалған иммунитетті стимуляциялаушы препарат болып табылады.
Қызылкүрең эхинацея (Echinacea purpurea) құрамында организмнің белсенді күштерін күшейтетін және спецификалық емес иммунитет стимуляциялаушы ретінде әсер ететін белсенді заттар бар.
Қолданылуы
- суық тию аурулары кезінде бастапқы симптомдардың профилактикасы және емдеу
Қолдану тәсілі және дозалары
Қолданар алдында шайқаңыз!
Иммунал препаратын қабылдау курсы 10 күн. Препаратпен емнің келесі курсын 14 күн өткеннен кейін бастауға болады.
Қолданудың ыңғайлы болуы мен дұрыс дозалануы үшін әрбір қаптама градуирленген дозалағыш пипеткамен жабдықталған.
Жиынтық құрамына кіретін пипетканың көмегімен ерітіндінің қажетті мөлшерін өлшеп алыңыз және оны сығып шығарып аздаған жылы су құйылған стақанға құйып ішіңіз. Ерітіндіні сондай-ақ араластырылмаған түрде қабылдауға болады.
Емді суық тию ауруларының бастапқы симптомдары пайда болуымен бастау керек.
Иммуналды тағам қабылдауға байланыстырмай-ақ қабылдауға болады.
1 мл құрамында 15 тамшы препарат бар.
Ересектер: 2,5 мл (35-40 тамшы) күніне үш рет.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз әсерлерінің жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000).
Сирек:
- терінің аса жоғары сезімталдық реакциялары (қышыну, тері бөртпелері, есекжем)
- Стивенс –Джонсон синдромы
Өте сирек
- обструкциямен бронхтың түйілуі
- аса жоғары сезімталдық реакциялары салдарынан болатын демікпе
- ангиоісіну
- Квинке ісінуі
- анафилаксиялық шок
- аутоиммунды аурулар (жайылған энцефалит, түйінді эритема, аутоиммунды тромбоцитопения, бүйректің тубулярлық дисфункциясымен Шегрен синдромы)
- ұзақ уақыт (8 аптадан аса) қолданғандағы лейкопения
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне және Күрделі гүлділер тұқымдастарына жататын өсімдіктерге жоғары сезімталдық
- үдемелі жүйелік аурулар (туберкулез, саркоидоз)
- аутоиммундық аурулары (коллагеноздар, жайылған склероз)
- иммун тапшылығы жағдайы (АИТВ-инфекциялары, ЖИТС)
- иммуносупрессия (онкологиялық цитостатикалық ем, анамнезінде ағзалар трансплантациясы немесе сүйек кемігінің трансплантациясы бар болса)
- агранулоцитоз, лейкоз
- аллергиялық реакцияға туа біткен бейімділігі бар пациенттерге (есекжем, атопиялық дерматит, демікпе)
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы (сорбитол болуына байланысты)
- бауыр аурулары бар пациенттер, алкоголизммен зардап шегетін адамдар, эпилепсия
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Қызылкүреңэхинацея шырынының басқа дәрілік заттармен қандай да бір өзара байланысуы туралы ақпараттар жоқ. Дегенмен иммунодепрессанттармен (циклоспоринмен және метотрексатпен) бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Айрықша нұсқаулар
Егер препаратты қолданғанда пациенттің жай-күйі төмендесе немесе температура жоғарылауы байқалса емдеуші дәрігерден кеңес алу қажет.
Анафилаксиялық реакциялардың даму қаупінің болуына байланысты аллергиялық реакцияларға туы біткен бейімділігі бар пациенттерге (атопиялық дерматиті бар пациенттерге) айрықша сақтық таныту керек.
Сақтау барысында ерітіндінің бұлыңғырлануы немесе белсенді полисахаридтерден тұратын үлпек түріндегі шөгінді тұнуы мүмкін. Қолданар алдында құтыны мұқият сілку керек.
Иммунал препаратының әрбір дозасында (2.5 мл) 404 мг этанол бар, ол 10 мл сыраға немесе 4.2 мл шарапқа баламалы.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зерттеулер жүргізілген жоқ.
Артық дозалануы
Артық дозалану жағдайлары анықталмаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
50 мл препараттан қақпағы бұрандалы құйылып жасалған III класс янтарь шыны құтыда.
1 құтыдан бөліктерге бөлінген дозалағыш пипетка және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Алғашқы ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі 3 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз