Торговое название
Хондроксид®
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма
Таблетки 250 мг
Состав
Одна таблетка содержит
активное вещество - хондроитина сульфат натрия – 250 мг,
вспомогательные вещества: кальция стеарат, кросповидон, повидон-К30, целлюлоза микрокристаллическая, магния гидроксикарбоната пентагидрат.
Описание
Таблетки круглой формы, с плоской поверхностью, от белого до белого с желтоватым или кремоватым оттенком цвета, с риской и фаской, допускается наличие вкраплений
Фармакотерапевтическая группа
Костно - мышечная система. Противовоспалительные и противоревматические препараты. Нестероидные противовоспалительные препараты. Нестероидные противовоспалительные препараты другие. Хондроитин сульфат
Код АТХ M01AX25
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Всасывание
При однократном приёме внутрь среднетерапевтической дозы максимальная концентрация в плазме крови достигается через 3-4 часа, в синовиальной жидкости – через 4-5 часов. Биодоступность препарата составляет 13 %.
Распределение
Накапливается, главным образом, в хрящевой ткани (максимальная концентрация в суставном хряще достигается через 48 часов); синовиальная оболочка не является препятствием для его проникновения в полость сустава.
Выведение
Выводится почками в течение 24 ч.
Фармакодинамика
Хондроксид®оказывает хондростимулирующее, регенерирующее и противовоспалительное действие, участвует в построении основного вещества хрящевой и костной ткани; влияет на обменные процессы в гиалиновом и волокнистом хрящах. Тормозит процессы дегенерации (разрушения) хрящевой ткани и стимулирует восстановительные процессы в суставном хряще.
Хондроксид®стимулирует биосинтез протеогликанов, способствует регенерации суставной сумки и хрящевых поверхностей суставов, оказывает противовоспалительное действие. Замедляет резорбцию костной ткани и снижает потери кальция, ускоряет процессы восстановления костной ткани.
Хондроксид®замедляет прогрессирование остеоартроза и остеохондроза. При применении препарата Хондроксид® уменьшается болезненность и улучшается подвижность поражённых суставов, при этом терапевтический эффект сохраняется длительное время после окончания курса терапии.
Обладая структурной схожестью с гепарином, потенциально может препятствовать образованию фибриновых тромбов в синовиальном и субхондральном микроциркуляторном русле.
Показания к применению
- дегенеративно-дистрофические заболевания суставов и позвоночника (лечение и профилактика остеоартроза, остеохондроза позвоночника)
Способ применения и дозы
Внутрь, по 0,5 г(2 таблетки) 2 раза в сутки.
Таблетки принимают, запивая небольшим количеством воды.
Рекомендуемая продолжительность начального курса составляет 6 месяцев. Следует учитывать, что терапевтическое действие препарата сохраняется в течение 3-5 месяцев после его отмены в зависимости от локализации и стадии заболевания. При необходимости возможно проведение повторных курсов лечения, продолжительность которых определяется индивидуально.
Побочные действия
Редко (от > 0,01% до < 0,1%)
- аллергические реакции
- тошнота, рвота, запор, боли в эпигастрии, метеоризм, диарея
Противопоказания
- гиперчувствительность к компонентам препарата
- детский и подростковый возраст до 18 лет
- беременность
- период лактации
- склонность к кровоточивости, тромбофлебиты
- выраженные нарушения функции почек
Лекарственные взаимодействия
Возможно усиление действия непрямых антикоагулянтов, антиагрегантов, фибринолитиков.
Особые указания
При совместном применении препарата с непрямыми антикоагулянтами, антиагрегантами, фибринолитиками требуется более частый контроль показателей свертывания крови. Не применяется при кровотечениях или склонности к ним.
Особенности влияния лекарственного препарата на способность управлять автомобилем или потенциально опасными механизмами
Не влияет на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами.
Передозировка
Симптомы: тошнота, рвота, диарея, при длительном приеме в чрезмерно высоких дозах (более 3 г/сут) возможны геморрагические высыпания.
Лечение: проведение симптоматической терапии.
Форма выпуска и упаковка
По 10 таблеток помещают в контурную ячейковую упаковку из пленки поливинилхлоридной или поливинилхлорид/поливинилиденхлорид и фольги алюминиевой печатной лакированной.
По 6 контурных упаковок вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
Условия хранения
Хранить в сухом, защищенном от света месте при температуре не выше 25 °С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
2 года
Не применять по истечении срока годности.
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Саудалық атауы
Хондроксид®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
250 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – хондроитин натрий сульфаты – 250 мг,
қосымша заттар: кальций стеараты, кросповидон, повидон-К30, микрокристалды целлюлоза, магний гидроксикарбонат пентагидраты.
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, беткейі тегіс, ойығы және сызығы бар, ақтан сарғыш немесе крем реңді ақ түске дейінгі таблеткалар, теңбілдері болуына жол беріледі
Фармакотерапиялық тобы
Сүйек-бұлшықет жүйесі. Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттар. Хондроитин сульфат
АТХ коды M01AX25
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Ішке орташа емдік дозада бір рет қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына 3-4 сағаттан соң, синовиальді сұйықтықта – 4-5 сағаттан кейін жетеді. Препараттың биожетімділігі 13 % құрайды. Таралуы
Негізінен шеміршек тінінде жинақталады (буын шеміршегінде ең жоғарғы концентрациясына 48 сағаттан соң жетеді); синовиальді қабық оның буын қуыстарына өтуі үшін кедергі болып саналмайды.
Шығарылуы
Бүйрекпен 24 сағ. ішінде шығарылады.
Фармакодинамикасы
Хондроксид® хондростимуляциялаушы, регенерациялаушы және қабынуға қарсы әсер береді, шеміршек және сүйек тінінің негізгі заттарын құруға қатысады; гиалинді және талшықты шеміршектерде зат алмасу үдерісіне әсер етеді. Шеміршек тінінің дегенерация (үгітілу) үдерістерін тежейді және буын шеміршегіндегі қалпына келу үдерістерін көтермелейді.
Хондроксид® протеогликандар биосинтезін көтермелейді, буын қалталары мен шеміршек буындары беткейінің регенерациясына ықпал етеді, қабынуға қарсы әсер етеді. Сүйек тіні резорбциясын баяулатып, кальцийдің жоғалуын азайтады, сүйек тінінің қалпына келу үдерістерін жылдамдатады.
Хондроксид® остеоартроз бен остеохондроздың өршуін баяулатады. Хондроксид® препаратын қолданған кезде зақымданған буынның ауыруын азайтады және қозғалмалылығын жақсартады, бұл ретте емдік әсері емдеу курсын аяқтаған соң ұзақ уақыт сақталады.
Гепаринмен құрылымдық ұқсастығы болғандықтан, синовиальді және субхондральді микроайналым ағынында фибринді тромбтардың түзілуіне кедергі келтіре алады.
Қолданылуы
- буын мен омыртқа бағаны дегенеративті-дистрофиялық ауруларында (омыртқа бағаны остеоартрозын, остеохондрозын емдеу және профилактикасы)
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке, 0,5 г-ден (2 таблетка) тәулігіне 2 рет.
Таблетканы судың аздаған мөлшерімен ішіп қабылдайды.
Бастапқы курстың ұсынылатын ұзақтығы 6 айды құрайды. Препараттың емдік әсері орналасқан орны мен аурудың дәрежесіне байланысты тоқтатқаннан кейін 3-5 ай бойы сақталатынын ескерген жөн. Қажет болғанда емдеу курсы қайталануы мүмкін, оның ұзақтығы әр адамға жеке анықталады.
Жағымсыз әсерлері
Сирек (> 0,01%-дан < 0,1% дейін)
- аллергиялық реакциялар
- жүрек айнуы, құсу, іш қату, эпигастрий аумағының ауыруы, метеоризм, диарея
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- жүктілік
- лактация кезеңі
- қанағыштыққа бейімділік, тромбофлебиттер
- бүйрек функциясының айқын бұзылулары
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Тікелей емес антикоагулянттардың, антиагреганттардың, фибринолитик-тердің әсерлері күшеюі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты тікелей емес антикоагулянттармен, антиагреганттармен, фибринолитиктермен бірге қолданғанда қан ұю көрсеткіштерін анағұрлым жиі бақылау қажет етіледі. Қан кету немесе оған бейімділікте қолданылмайды.
Дәрілік препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея, шамадан тыс жоғары дозаларда (тәулігіне 3 г жоғары) ұзақ уақыт қабылдаған кезде геморрагиялық бөртпелер болуы мүмкін.
Емі: симптоматикалық ем жүргізу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті немесе поливинилхлорид/поливинилиденхлорид және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
6 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз