Торговое название
Хлоргексидина биглюконат
Международное непатентованное название
Хлоргексидин
Лекарственная форма
Раствор для наружного применения 0,05% Состав
100 мл препарата содержат
активное вещество - хлоргексидина биглюконат 20% раствор 0,25 мл (0,05 г)
вспомогательное вещество -вода очищенная
50 мл препарата содержат
активное вещество - хлоргексидина биглюконат 20% раствор 0,125 мл (0,025г)
вспомогательное вещество -вода очищенная
Описание
Бесцветная, прозрачная или слегка опалесцирующая жидкость, без запаха.
Фармакотерапевтическая группа
Антисептики и дезинфицирующие препараты. Бигуаниды и амидины. Хлоргексидин.
Код АТХ D08ÀС02
Фармакологические свойства
Антисептическое средство. Препарат активен в отношении вегетативных форм грамотрицательных и грамположительных бактерий, а также дрожжей, дерматофитов и липофильных вирусов, на споры бактерии действует только при повышенной температуре. Очищает и дезинфицирует кожу, не вызывая повреждений.
Показания к применению - постконтактная профилактика венерических заболеваний (сифилис, гонорея, трихомониаз, хламидиоз, генитальный герпес). - антисептическое средство в гинекологии и акушерстве.
Способ применения и дозы
Хлоргексидина биглюконат для постконтактной профилактики необходимо применять не позднее 2-часов после полового контакта, после мочеиспускания и обработки гениталий теплой водой без мыла. 2-3 мл содержимого флакона с помощью шприца без иголки ввести в мочеиспускательный канал мужчинам, женщинам 1-2 мл и во влагалище 5-10 мл на 2-3 мин. Необходимо также обработать кожу внутренних поверхностей бедер, лобка, половых органов. После процедуры не мочиться в течение 2 ч.
Для орошения влагалища женщинам ввести путем надавливания на дно флакона впрыснуть 5-10 мл раствора на 2-3 минуты, с участием медицинских работника.
Побочные действия
- сухость кожи, зуд
- дерматит
- липкость кожи рук
- аллергические реакции
- фотосенсибилизация
Противопоказания
- повышенная чувствительность к хлоргексидину
- дерматиты
С осторожностью детский возраст, беременность, период лактации.
Лекарственные взаимодействия
Применяется в нейтральной среде: при рН 5-8 разница в активности невелика, при рН более 8 выпадает осадок. При одновременном применении с препаратами иода возможно развитие дерматитов. Фармацевтически несовместим с мылом, щелочами. Этанол усиливает эффективность препарата.
Повышает чувствительность бактерий к хлорамфениколу, канамицину, неомицину, цефалоспоринам.
Совместим с препаратами, содержащими катионную группу (бензалкония хлорид, цетримония бромид).
Особые указания
Не следует пользоваться растворами хлоргексидина для обработки коньюнктивы и для промывания полостей тела, обработки глубоких ран, ожогов. В случае попадания на слизистые оболочки глаза их следует быстро и тщательно промыть водой. Бактерицидное действие усиливается с повышением температуры раствора. При температуре выше 100°С препарат частично разрушается.
Беременность и период лактации
Кормящим матерям и беременным женщинам применять с осторожностью из за риска развития аллергических реакций!
В связи с отсутствием опыта применения не рекомендуются к применению у детей.
Особенности влияние лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Препарат на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами не влияет.
Передозировка
Симптомы:данных о передозировке препаратом нет.
Лечение: при случайном попадании внутрь не абсорбируется, в этом случае необходимо сделать промывание желудка, используя молоко, сырое яйцо, желатин или большое количество воды и принять адсорбенты: 10-20 таблеток активированного угля. При необходимости провести симптоматическую терапию.
Форма выпуска и упаковка
По 100 и 50 мл в полиэтиленовые флаконы-капельницы с навинчивающимися полиэтиленовыми крышками.
По 100 флаконов с соответствующим количеством инструкций по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в гофрированные коробки.
Условия хранения
Хранить в защищенном от света месте при температуре не выше 25°С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
3 года
Не применять по истечения срока годности.
Условия отпуска
Без рецепта
Производитель
ТОО «Шаншаров-Фарм», Казахстан, г. Алматы, ул. Б. Булкышева, 4е
Владелец регистрационного удостоверения
ТОО «Шаншаров-Фарм», Казахстан
Наименование, адрес и контактные данные (телефон, факс, электронная почта) организации на территории Республики Казахстан, принимающей претензии (предложения) по качеству лекарственных средств от потребителей и ответственной за пострегистрационное наблюдение за безопасностью лекарственного средства:
ТОО «Шаншаров-Фарм», г. Алматы,
ул. Б. Булкышева, 4е
тел./факс +7727233-27-58
E-mail: farm-4@mail.ru
Саудалық атауы
Хлоргексидин биглюконаты
Халықаралық патенттелмеген атауы
Хлоргексидин
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған ерітінді 0,05 %
Құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді зат – хлоргексидин биглюконаты 20 % ерітіндісі 0,25 мл (0,05 г)
қосымша зат – тазартылған су
50 мл препараттың құрамында
белсенді зат – хлоргексидин биглюконаты 20 % ерітіндісі 0,125 мл (0,025 г)
қосымша зат – тазартылған су
Сипаттамасы
Түссіз, мөлдір немесе сәл бозаңданатын сұйықтық, иісі жоқ.
Фармакотерапиялық тобы
Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Бигуанидтер және амидиндер. Хлоргексидин.
АТХ коды D08AC02
Фармакологиялық қасиеттері
Антисептикалық дәрі. Препарат грамтеріс және грамоң бактериялардың вегетативті түрлеріне, сондай-ақ ашытқыларға, дерматофиттер мен липофильді вирустарға қатысты белсенді, бактерия спораларына тек жоғары температурада әсер етеді. Теріні зақымдануын туындатпай, тазалайды және дезинфекциялайды.
Қолданылуы
-жыныстық қатынас ауруларының (мерез, соз, трихомониаз, хламидиоз, гениталий герпесі) жанасудан кейінгі профилактикасында.
- гинекологияда және акушерліктегі антисептикалық дәрілер.
Қолдану тәсілі және дозалары
Жанасудан кейінгі профилактика үшін хлоргексидин биглюконатын несепті шығарып және гениталийді сабынсыз жылы сумен жуғаннан соң жыныстық қатынастан кейін 2 сағаттан кеш қалдырмай қолдану керек. Құты ішіндегінің 2-3 мл инесі жоқ шприцтің көмегімен ерлердің несеп шығару өзегіне, әйелдерге 1-2 мл және 2-3 минутқа қынапқа 5-10 мл енгізу керек. Сондай-ақ сан, қасаға, жыныс мүшелері ішкі беткейлерінің терісін өңдеу қажет. Ем-шарадан кейін 2 сағат ішінде несеп шығарудың болмағаны жөн.
Әйелдерде қынапты шаю үшін медициналық қызметкер қатысуымен 2-3 минут құтының түбін басу жолымен 5-10 мл ерітіндіні бүрку керек.
Жағымсыз әсерлері
- терінің құрғауы, қышыну
- дерматит
- қол терісінің жабысқақтығы
- аллергиялық реакциялар
- фотосенсибилизация
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- хлоргексидинге жоғары сезімталдық
- дерматиттер
Балалық жаста, жүктілікте, лактация кезеңінде сақ болу керек.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Бейтарап ортада қолданылады: рН 5-8 кезінде белсенділігіндегі айырмашылығы көп емес, рН 8-ден асқанда шөгінді түзіледі. Йод препараттарымен бір мезгілде қолданған кезде дерматиттер дамуы мүмкін. Сабынмен, сілтілермен фармацевтикалық үйлесімсіз. Этанол препараттың тиімділігін күшейтеді.
Хлорамфениколға, канамицинге, неомицинге, цефалоспориндерге бактериялардың сезімталдығын жоғарылатады. Құрамында катион тобы (бензалконий хлориді, цетримоний бромиді) бар препараттармен үйлесімді.
Айрықша нұсқаулар
Конъюнктиваны өңдеу үшін және дене қуыстарын шаю, терең жараларды, күйіктерді шаю үшін хлоргексидин ерітіндісін пайдаланбаған дұрыс. Көздің шырышты қабығына түскен жағдайда, оны тез арада сумен мұқият жуу керек. Ерітіндінің температурасы жоғарылауымен бірге бактерицидтік әсері күшейеді. Препарат 100°С-ден жоғары температурада ішінара бұзылады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Аллергиялық реакциялардың даму қаупіне байланысты бала емізетін аналар мен жүкті әйелдерге сақтықпен қолдану керек!
Қолдану тәжірибесі болмауына байланысты балаларға қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: препаратпен артық дозалану жөнінде деректер жоқ.
Емі: кездейсоқ ішке түссе, сіңірілмейді, мұндай жағдайда сүтті, шикі жұмыртқаны, желатинді немесе судың көп мөлшерін пайдалана отырып асқазанды шаю және адсорбенттер қабылдау керек: 10-20 таблетка белсендірілген көмір. Қажет болғанда симптоматикалық ем жүргізу керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
100 және 50 мл-ден бұрандалы полиэтилен қақпағы бар полиэтилен тамшылатқыш-құтыларда. 100 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісінше мөлшерімен гофрланған қораптарға салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Шаншаров-Фарм» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Б.Бұлқышев к-сі, 4е.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):
«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Алматы қ., Б.Бұлқышев к-сі, 4е
тел./факс +7727233-27-58
E-mail: farm-4@mail.ru