Торговое название
Глюкоза
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма
Раствор для внутривенного введения 400 мг/мл, 10 мл
Состав
1 мл раствора содержит
активное вещество – декстрозы моногидрат (глюкозы моногидрат) в пересчете на сухое вещество – 400 мг
вспомогательные вещества -натрия хлорид, хлористоводородной кислоты раствор 1 М до рН 3.0-4.0, вода для инъекций.
Описание
Прозрачная бесцветная или слегка окрашенная жидкость.
Фармакотерапевтическая группа
Кровь и органы кроветворения. Кровезаменители и перфузионные растворы. Ирригационные растворы. Прочие ирригационные растворы. Глюкоза.
Код АТХ В05СХ01
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Декстроза, распадаясь на пировиноградную или молочную кислоту (анаэробный гликолиз), метаболизируется до двуокиси углерода и воды с высвобождением энергии.
Глюкоза полностью усваивается организмом, почками не выводится (появление в моче является патологическим признаком).
Фармакодинамика
Глюкоза усиливает окислительно-восстановительные процессы в организме, улучшает антитоксическую функцию печени, покрывает часть энергетических расходов организма, так как является источником легкоусвояемых углеводов.
Декстроза, поступая в ткани, фосфорилируется, превращаясь в глюкозо-6-фосфат, который активно включается во многие звенья обмена веществ организма.
Раствор глюкозы 400 мг/мл является гипертоническим. При введении в вену гипертонического раствора повышается осмотическое давление крови, усиливается сократительная деятельность сердечной мышцы, расширяются сосуды, улучшается детоксикационная функция печени, увеличивается диурез.
Показания к применению
- гипогликемия
- недостаточность углеводного питания
Способ применения и дозы
Вводят только внутривенно, струйно по 10-50 мл однократно. Максимальная суточная доза для взрослых – 250 мл.
Побочные действия
- нарушение ионного баланса
- гипергликемия
- острая левожелудочковая недостаточность
- лихорадка
- гипергликемическая гиперосмолярная кома
- нарушение водно-электролитного баланса
- при повышении скорости введения – осмотический диурез с потерей воды, электролитов и развитием гиперосмолярной комы
В месте введения - развитие инфекции, иногда тромбофлебит
При многократном введении раствора возможны нарушения функционального состояния печени и истощение инсулярного аппарата поджелудочной железы.
Противопоказания
- повышенная чувствительность к препарату
- гипергликемия
- гиперлактацидемия
- гипергидратация
- гиперосмолярная кома
- отёк головного мозга
- отёк лёгких
- острая левожелудочковая недостаточность
- послеоперационные нарушения утилизации глюкозы
- циркуляторные нарушения угрожающие отёком головного мозга и лёгких
- декомпенсированный сахарный диабет
С осторожностью:
Декомпенсированная хроническая сердечная недостаточность, хроническая почечная недостаточность (олиго - анурия), гипонатриемия, сахарный диабет.
Лекарственные взаимодействия
При комбинации с другими лекарственными средствами необходимо контролировать фармацевтическую совместимость, в т.ч. визуально.
При совместном применении с раствором натрия хлорида оказывает аддитивное действие в отношении осмолярности раствора.
В связи с тем, что глюкоза представляет собой достаточно сильный окислитель, её не следует вводить в одном шприце с гексаметилентетрамином.
Раствор глюкозы не рекомендуется смешивать в одном шприце с общими анестетиками и снотворными (снижается их активность), растворами алкалоидов (происходит их распад).
Глюкоза ослабляет действие анальгетиков, адреномиметиков, инактивирует стрептомицин, снижает эффективность нистатина.
Для лучшего усвоения глюкозы при нормогликемических состояниях введение препарата желательно сочетать с назначением 4-8 ЕД инсулина короткого действия.
Особые указания
Раствор глюкозы нельзя вводить быстро или длительное время. Если в процессе инфузии раствора возникнет озноб, введение следует немедленно прекратить. Для предотвращения тромбофлебита, следует вводить медленно, через крупные вены.
Для более полного и быстрого усвоения декстрозы можно ввести п/к 4-5 ЕД инсулина короткого действия, из расчёта 1 ЕД инсулина короткого действия на 4-5 г декстрозы.
Наблюдение за пациентом должно включать в себя регулярный мониторинг концентрации глюкозы в крови, водного баланса, концентрации электролитов в плазме, в частности, калия и кислотно-щелочного баланса.
Не рекомендуется назначать раствор глюкозы в острый период тяжёлой черепно-мозговой травмы, при остром нарушении мозгового кровообращения, так как препарат может увеличивать повреждение структур мозга и ухудшать течение заболевания (кроме случая коррекции гипогликемии).
При гипокалиемии введение раствора глюкозы необходимо сочетать одновременно с коррекцией дефицита калия (из-за опасности усиления гипокалиемии).
При гипотонической дегидратации – применение препарата показано одновременно с введением гипертонических солевых растворов.
Больным диабетом декстрозу вводят под контролем содержания сахара в крови и моче.
При почечной недостаточности, декомпенсированной сердечной недостаточности, гипонатриемии требуется особая осторожность при назначении глюкозы, необходим контроль показателей центральной гемодинамики.
Использование в педиатрии
Не рекомендуется применять у новорождённых и недоношенных детей 40 % раствор глюкозы в дозах более 1 мл/кг веса, поскольку высок риск развития энцефалопатии вызванной введением гипертонического раствора.
Беременность и лактация
Применение в период грудного вскармливания, с учетом превышения предполагаемой пользы для матери и потенциального риска для ребенка при условии, что электролитный баланс и баланс жидкости контролируются и находятся в физиологических пределах. Возможно применение при необходимости с осторожностью, у беременных со сниженной толерантностью к глюкозе, под контролем уровня глюкозы крови.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами.
Препарат не влияет на способность управлять транспортными средствами, механизмами, а так же заниматься потенциально опасными видами деятельности, требующими повышенной концентрации внимания и быстроты психомоторных реакций.
Передозировка
Симптомы:гипергликемия, глюкозурия, гипергликемическая гиперосмолярная кома, гипергидратация, нарушение водно-электролитного баланса, усиление липонеогенеза с повышенной продукцией СО2, что приводит к резкому возрастанию минутного дыхательного объёма, и, как следствие, частоты дыхания; жировая инфильтрация печени.
Лечение: прекратить введение глюкозы, ввести инсулин короткого действия, симптоматическая терапия.
Форма выпуска и упаковка
По 10 мл в ампулы из нейтрального стекла.
По 10 ампул помещают в коробку из картона. В каждую коробку вкладывают инструкцию по медицинскому применению на государственном и русском языках и нож для вскрытия ампул или скарификатор ампульный.
По 5 или 10 ампул помещают в контурную ячейковую упаковку из пленки поливинилхлоридной.
По 1 (по 10 ампул) или 2 (по 5 ампул) контурных ячейковых упаковки с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках и ножом для вскрытия ампул или скарификатором ампульным помещают в пачку из картона.
При упаковке ампул с кольцом излома или точкой надлома нож для вскрытия ампул или скарификатор ампульный не вкладывают.
Условия хранения
Хранить при температуре от 5 ºС до 30 ºС.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
6 лет
Не применять по истечении срока годности.
Условия отпуска из аптек
По рецепту
Саудалық атауы
Глюкоза
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Вена ішіне енгізуге арналған 400 мг/мл, 10 мл ерітінді
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – құрғақ затқа шаққанда декстроза моногидраты (глюкоза моногидраты) – 400 мг
қосымша заттар – натрий хлориді, хлорсутек қышқылының 1 М ерітіндісі рН 3.0-4.0 дейін, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сәл боялған сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Қан және қан түзу ағзалары. Қан алмастырғыштар және перфузиялық ерітінділер. Ирригациялық ерітінділер. Басқа да ирригациялық ерітінділер. Глюкоза.
АТХ коды В05СХ01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Декстроза пирожүзім немесе сүт қышқылына (анаэробты гликолиз) ыдырай отырып, энергияның босап шығуы мен көміртектің қостотығына және суға дейін метаболизденеді.
Глюкоза организмге толық сіңіріледі, бүйрекпен шығарылмайды (несепте пайда болуы патологиялық белгі болып табылады).
Фармакодинамикасы
Глюкоза организмдегі тотығу-тотықсыздану үдерістерін күшейтеді, бауырдың уыттануға қарсы функциясын жақсартады, организмнің энергиялық шығындарының бір бөлігін жабады, өйткені ол жеңіл сіңірілетін көмірсу көзі болып табылады.
Декстроза организмде зат алмасудың көптеген буындарына белсенді қосылатын глюкоза-6-фосфатына өзгере отырып, тіндерге түскенде фосфорланады.
Глюкозаның 400 мг/мл ерітіндісі гипертониялық болып табылады. Гипертониялық ерітіндіні венаға енгізгенде, қанның осмостық қысымы жоғарылайды, жүрек бұлшықеттерінің жиырылу қызметі күшейеді, тамырлар кеңейеді, бауырдың уытсыздану функциясы жақсарады, диурез ұлғаяды.
Қолданылуы
- гипогликемияда
- көмірсумен қоректену жеткіліксіздігінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Тек вена ішіне, 10-50 мл-ден бір рет сорғалатып енгізеді. Ересектер үшін ең жоғары тәуліктік дозасы – 250 мл.
Жағымсыз әсерлері
- иондық теңгерімнің бұзылуы
- гипергликемия
- жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік
- қызба
- гипергликемиялықгиперосмолярлық кома
- су-электролиттік теңгерімнің бұзылуы
- енгізу жылдамдығын арттырғанда – су, электролиттер жоғалтумен бірге жүретін осмостық диурез және гиперосмолярлық кома дамуы
Енгізу орнында – инфекцияның дамуы, кейде тромбофлебит
Ерітіндіні көп мәрте енгізген кезде бауырдың функционалдық жағдайы бұзылуы және ұйқы бездерінің инсулярлық аппаратының әлсізденуі мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа жоғары сезімталдық
- гипергликемия
- гиперлактацидемия
- гипергидратация
- гиперосмолярлық кома
- мидың ісінуі
- өкпенің ісінуі
- жедел сол қарыншалық жеткіліксіздік
- операциядан кейінгі глюкоза утилизациясының бұзылуы
- ми мен өкпенің ісінуімен қауіп төндіретін циркуляторлық бұзылулар
- декомпенсацияланған қант диабеті
Сақтықпен:
Декомпенсацияланған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (олиго - анурия), гипонатриемия, қант диабеті.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен біріктіргенде фармацевтикалық үйлесімділігін, соның ішінде көзбен көріп бақылау қажет.
Натрий хлоридінің ерітіндісімен біріктіріп қолданғанда, ерітіндінің осмолярлығына қатысты аддитивті әсер береді.
Глюкоза күшті тотықтырғыш болғандықтан, оны гексаметилентетраминмен бір шприцте енгізуге болмайды.
Глюкозаның ерітіндісін жалпы анестетиктермен және ұйықтататын дәрілермен (олардың белсенділігі төмендейді), алкалоидтар ерітінділерімен (олардың ыдырауы жүреді) бір шприцте араластыруға болмайды.
Глюкоза аналгетиктердің, адреномиметиктердің әсерін әлсіретеді, стрептомициннің белсенділігін жояды, нистатиннің тиімділігін төмендетеді.
Гликемияның қалыпты жағдайларында глюкозаның жақсы сіңірілуі үшін препаратты енгізуді қысқа әсер ететін 4-8 ӘБ инсулинмен үйлестіріп тағайындаған дұрыс.
Айрықша нұсқаулар
Глюкоза ерітіндісін тез немесе ұзақ уақыт енгізуге болмайды. Егер ерітінді инфузиясы барысында қалтырау туындаса, енгізуді дереу тоқтату керек. Тромбофлебиттің алдын алу үшін, ірі веналар арқылы баяу енгізу керек.
Декстрозаның толығырақ және тез сіңірілуі үшін, 4-5 г декстрозаға қысқа әсер ететін 1 ӘБ инсулин есебінен, инсулиннің 4-5 ӘБ т/а енгізуге болады.
Пациентті бақылауға оның ішіне қандағы глюкоза концентрациясына, су теңгеріміне, плазмадағы электролиттер – атап айтқанда калийдің концентрациясына және қышқылды-сілтілі теңгерімге ұдайы мониторинг жүргізу кіруі тиіс.
Глюкоза ерітіндісін ауыр бассүйек-ми жарақатының жедел кезеңінде, ми қанайналымының жедел бұзылуында тағайындау ұсынылмайды, өйткені препарат ми құрылымының зақымдануын ұлғайтуы және ауру ағымын нашарлатуы мүмкін (гипогликемияның түзелген жағдайынан басқа).
Гипокалиемия кезінде глюкоза ерітіндісін енгізуді бір мезгілде калий тапшылығын түзетумен үйлестіру (гипокалиемияның күшею қаупіне байланысты) қажет.
Гипотониялық дегидратацияда – препаратты гипертониялық тұзды ерітінділерді енгізумен бір мезгілде қолдану көрсетілген.
Диабетпен науқастарға декстрозаны қан мен несептегі қант құрамын бақылай отырып, енгізеді.
Бүйрек жеткіліксіздігінде, декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігінде, гипонатриемияда глюкозаны тағайындағанда аса сақ болып, орталық гемодинамика көрсеткіштерін бақылау қажет.
Педиатрияда пайдалану
Жаңа туған сәбилер мен шала туған нәрестелерде глюкозаның 40 % ерітіндісін дене салмағына 1 мл/кг-ден артық дозаларда қолдану ұсынылмайды, өйткені, гипертониялық ерітіндіні енгізуден туындайтын энцефалопатияның даму қаупі жоғары.
Жүктілік және лактация
Бала емізу кезінде ана үшін күтілетін пайданың бала үшін ықтимал қауіптен асып түсуін ескере отырып, электролиттік теңгерім мен сұйықтық теңгерімі бақыланып отырған және физиологиялық шегінде болған жағдайда ғана, қолданады. Қажет болған жағдайда глюкозаға төзімділігі төмен жүкті әйелдерде сақтықпен, қандағы глюкоза деңгейін бақылай отырып, қолданылуы мүмкін.
Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын, механизмдерді басқару қабілетіне, сондай-ақ жоғары зейін қою және психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысуға әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: гипергликемия, глюкозурия, гипергликемиялық гиперосмолярлық кома, гипергидратация, су-электролиттік теңгерімнің бұзылуы, СО2 өнімі жоғарылауымен липонеогенездің күшеюі, бұл минуттық тыныс алу көлемінің күрт өсуіне, және салдары ретінде тыныс алу жиілігінің артуына алып келеді; бауырдың майлы инфильтрациясы.
Емі: глюкозаны енгізуді тоқтатып, қысқа әсер ететін инсулин енгізу, симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 мл-ден бейтарап шыны ампулада.
10 ампуладан картон қорапқа салынады. Әр қорапқа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулық пен ампула ашуға арналған пышақ немесе ампулалық скарификатор салынады.
5 немесе 10 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
1 (10 ампуладан) немесе 2 (5 ампуладан) пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен және ампула ашуға арналған пышақ немесе ампулалық скарификатормен картон қорапшаға салынады.
Сындыру сақинасы немесе сындыру нүктесі бар ампулалар қапталғанда, ампула ашуға арналған пышақ немесе ампулалық скарификатор салынбайды.
Сақтау шарттары
5 ºС-ден 30 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
6 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы