Природный прогестерон действует путем селективного связывания с прогестероновыми рецепторами.
Лечение прогестероном продемонстрировало свою клиническую эффективность, а преимуществом является отсутствие эффектов маскулинизации. Природный прогестерон значительно не изменяет липидный профиль, достигнутый после применения эстрогенов.
Показания к применению: предменструальный синдром, нарушение менструальных циклов с дизовуляцией или ановуляцией, пременопауза, терапия менопаузы (в дополнение к эстрогенотерапии), угроза выкидыша или предупреждение привычных выкидышей из-за установленной лютеиновой недостаточности, гипофертильность, первичное или вторичное бесплодие и др.
Торговое наименование
Гинопрогест
Международное непатентованное название
Прогестерон
Лекарственная форма, дозировка
Капсулы, 200 мг
Фармакотерапевтическая группа
Мочеполовая система и половые гормоны. Половые гормоны и модуляторы половой системы. Прогестагены. Производные прегнена. Прогестерон.
Код АТХ G03DA04
Показания к применению
Гинопрогест, вагинальные капсулы 200 мг предназначены женщинам для поддержки лютеиновой фазы во время циклов вспомогательной репродуктивной технологии (ВРТ).
Перечень сведений, необходимых до начала применения
Противопоказания
• гиперчувствительность к действующему веществу или любому из вспомогательных веществ,
• тяжелая печеночная дисфункция,
• не диагностированное вагинальное кровотечение,
• рак молочной железы или половых путей,
• тромбофлебит,
• тромбоэмболические расстройства,
• кровоизлияние в мозг,
• порфирия,
• самопроизвольный аборт.
Необходимые меры предосторожности при применении
Данное лекарственное средство содержит арахисовое масло. Его нельзя использовать, если у пациента аллергия на арахис или сою.
Взаимодействия с другими лекарственными препаратами
Гинопрогест капсулы 200 мг могут повлиять на действие бромокриптина и может повысить концентрацию циклоспорина в плазме. Гинопрогесткапсулы 200 мг могут повлиять на результаты лабораторных исследований печеночных и / или эндокринных функций.
Метаболизм вагинальных капсул Гинопрогест 200 мг ускоряется лекарствами рифамицина (такими как рифампицин) и антибактериальными средствами.
Метаболизм прогестерона микросомами печени человека ингибировался кетоконазолом (IC50 <0,1 мкМ). Кетоконазол является известным ингибитором цитохрома P450 3A4. Таким образом, эти данные предполагают, что кетоконазол может увеличивать биодоступность прогестерона. Клиническая значимость результатов in vitro неизвестна.
Специальные предупреждения
Гинопрогест капсулы 200 мг следует использовать только в течение первых трех месяцев беременности и вводить только вагинальным путем. Назначение прогестерона после первого триместра беременности может выявить гравидический холестаз.
Гинопрогест капсулы 200 мг не подходят в качестве противозачаточного средства.
Лечение должно быть прекращено после диагноза самопроизвольного аборта.
Меры предосторожности:
Гинопрогест капсулы 200 мг содержат соевый лецитин и могут вызывать реакции гиперчувствительности (крапивницу и анафилактический шок у пациентов с гиперчувствительностью). Поскольку существует возможная связь между аллергией на сою и аллергией на арахис, пациентам с аллергией на арахис следует избегать использования капсул Гинопрогест 200 мг.
Беременность
Не было обнаружено связи между употреблением природного прогестерона матерью на ранних сроках беременности и пороками развития плода.
Грудное вскармливание
Гинопрогест капсулы 200 мг не предназначены во время кормления грудью.
Прогестерон выделяется с грудным молоком.
Фертильность
Поскольку данный лекарственный препарат предназначен для поддержки лютеиновой недостаточности у женщин с бесплодием, вредного воздействия на фертильность не существует.
Особенности влияния препарата на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Гинопрогест капсулы оказывают незначительное влияние на способность управлять транспортным средством и использовать потенциально опасные механизмы.
Рекомендации по применению
Рекомендуемая дозировка составляет 600 мг/день в три приема, начиная со дня пересадки эмбрионов и по меньшей мере до 7-й недели беременности и не позднее 12-й недели беременности.
Педиатрическая популяция
В педиатрической популяции отсутствует применение капсулГинопрогест 200 мг.
Пожилые люди
Не существует соответствующего использования Гинопрогест капсулы 200 мг у пожилых людей.
Режим дозирования
Каждую вагинальную капсулу Гинопрогест 200 мг следует вводить глубоко во влагалище.
При назначении дозировки должны быть учитываться национальные и местные руководящие принципы лечения.
Метод и путь введения
Вагинально. Вставить капсулы глубоко во влагалище.
Меры, которые необходимо принять в случае передозировки
Симптомы передозировки могут включать в себя сонливость, головокружение, эйфорию или дисменорею.
Лечение наблюдательное, и, при необходимости, следует обеспечить симптоматические и поддерживающие меры.
Обратитесь за консультацией к медицинскому работнику для разъяснения способа применения лекарственного препарата
Описание нежелательных реакций, которые проявляются при стандартном применении ЛП и меры, которые следует принять в этом случае
Информация, представленная ниже, основана на обширном постмаркетинговом опыте при вагинальном введении прогестерона.
Побочные эффекты были классифицированы по частоте следующим образом: очень часто (≥1 / 10); часто (≥1 / 100 до <1/10); нечасто (≥1 / 1000 до <1/100); редко (≥1 / 10000 до <1/1000); очень редко (<1/10000); частота неизвестна (невозможно оценить по имеющимся данным).
Частота неизвестно
- вагинальное кровотечение, выделения из влагалища;
-зуд.
Дополнительные сведения
Состав лекарственного препарата
1 капсула содержит
активное вещество - прогестерон 200 мг
вспомогательные вещества : лецитин соевый, масло ореховое,
состав оболочки капсул : желатин, глицерин, титана диоксид (Е 171).
Описание внешнего вида, запаха, вкуса
Овальные мягкие желатиновые капсулы желтовато-белого цвета. Содержимое капсул – масляная суспензия белого цвета.
Форма выпуска и упаковка
По 15 капсул помещают в контурную ячейковую упаковку из пленки поливинилхлоридной/поливинилдихлоридной и фольги алюминиевой.
По 2 контурных упаковки вместе с инструкцией по медицинскому применению на казахском и русском языках вкладывают в картонную пачку.
Срок хранения
3 года
Не применять по истечении срока годности!
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 30°С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Условия отпуска из аптек
по рецепту
Саудалық атауы
Гинопрогест
Халықаралық патенттелмеген атауы
Прогестерон
Дәрілік түрі, дозалануы
Касулалар, 200 мг
Фармакотерапиялық тобы
Несеп-жыныс жүйесі және жыныс гормондары. Жыныс гормондары және жыныс жүйесінің модуляторлары. Прогестагендер. Прегнен туындылары. Прогестерон.
АТХ кодыG03DA04
Қолданылуы
Гинопрогест, 200 мг қынаптық капсулалары қосымша репродуктивтік технология (ҚРТ) циклдары кезінде лютеиндік фазаны демеу үшін әйелдерге арналған.
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
• әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық,
• бауырдың ауыр дисфункциясы,
• диагностикаланбаған қынаптық қан кету,
• сүт безінің немесе жыныс жолдарының обыры,
• тромбофлебит,
• тромбоэмболиялық бұзылыстар,
• миға қан құйылу,
• порфирия,
• өздігінен түсік тастау.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Бұл дәрілік заттың құрамында жержаңғақ майы бар. Егер пациенттің жаңғаққа немесе сояға аллергиясы бар болса, оны пайдалануына болмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Гинопрогест 200 мг капсулалары бромокриптиннің әсеріне ықпал етуі мүмкін және плазмада циклоспориннің концентрациясын жоғарылатуы ықтимал. Гинопрогест 200 мг капсулалары бауырды және/немесе эндокриндік функцияларды зертханалық зерттеу нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.
Гинопрогест 200 мг қынаптық капсулаларының метаболизмін рифамицин дәрілері (рифампицин сияқтылар) және бактерияға қарсы дәрілер жылдамдатады.
Прогестеронның адамның бауыр микросомаларымен метаболизмін кетоконазол тежейді (IC50 <0,1 мкМ). Кетоконазол P450 3A4 цитохромының белгілі тежегіші болып табылады. Осылайша, бұл деректер кетоконазол прогестеронның биожетімділігін арттыруы мүмкін екенін болжайды. In vitro нәтижелердің клиникалық маңыздылығы белгісіз.
Арнайы сақтандырулар
Гинопрогест 200 мг капсулаларын жүктіліктің алғашқы үш айы ішінде ғана пайдалану және қынаптық жолмен ғана енгізу керек. Жүктіліктің бірінші триместрінен кейін прогестеронды тағайындау гравидтік холестазды анықтауы мүмкін.
Гинопрогест 200 мг капсулалары ұрықтануға қарсы дәрі ретінде жарамсыз.
Өздігінен түсік тастау диагнозынан кейін емдеу тоқтатылуы тиіс.
Сақтық шаралары:
Гинопрогест 200 мг капсулаларының құрамында соя лецитині бар және аса жоғары сезімталдық реакцияларын (аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде есекжем және анафилаксиялық шок) туғызуы мүмкін. Сояға аллергия мен жержаңғаққа аллергияның арасында байланыс болуы мүмкін болғандықтан, жержаңғаққа аллергиясы бар пациенттер Гинопрогест 200 мг капсулаларын пайдаланудан аулақ болғаны жөн.
Жүктілік
Жүктіліктің ерте мерзімдерінде ананың табиғи прогестеронды пайдалануы мен шарана дамуындағы ақаулардың арасында байланыс анықталған жоқ.
Емшек емізу
Гинопрогест 200 мг капсулалары емшек емізу кезінде пайдалануға арналмаған.
Прогестерон емшек сүтімен бөлінеді.
Фертильділік
Бұл дәрілік препарат бедеулігі бар әйелдерде лютеиндік жеткіліксіздікті демеуге арналғандықтан, фертильділікке зиянды әсері жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Гинопрогест капсулалары көлік құралын басқару және қауіптілігі зор механизмдерді пайдалану қабілетіне елеусіз ықпалын тигізеді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Ұсынылатын дозасы эмбриондарды көшіріп салған күннен бастап және кем дегенде жүктіліктің 7-аптасына дейін және жүктіліктің 12-аптасынан асырмай, үш қабылдауға бөлінген күніне 600 мг құрайды.
Педиатриялық популяция
Педиатриялық популяцияда Гинопрогест 200 мг капсулалары қолданылмайды.
Егде жастағы адамдар
Гинопрогест 200 мг капсулалары егде жастағы адамдарда тиісті түрде пайдаланылмайды.
Дозалану режимі
Гинопрогест 200 мг қынаптық капсуласының әрқайсысын қынап ішіне терең енгізу керек.
Дозасын тағайындаған кезде емдеудің ұлттық және жергілікті жетекші ұстанымдарын ескеру қажет.
Енгізу әдісі және жолы
Қынаптық. Капсулаларды қынап ішіне терең енгізу керек.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Артық дозалану симптомдары ұйқышылдықты, бас айналуын, эйфорияны немесе дисменореяны қамтуы мүмкін.
Емдеу бақылау түрінде болады, және қажет болса, симптоматикалық және демеуші шараларды қамтамасыз ету керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алыңыз
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Төменде ұсынылған ақпарат прогестеронды қынаптық енгізу кезіндегі ауқымды постмаркетингтік тәжірибеге негізделген.
Жағымсыз әсерлері жиіліктері бойынша былай жіктелді: өте жиі (≥1 / 10); жиі (≥1 / 100 - <1/10 дейін); жиі емес (≥1 / 1000 - <1/100 дейін); сирек (≥1 / 10000 - <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).
Жиілігі белгісіз
- қынаптан қан кету, қынаптан бөлінділер;
- қышыну.
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
1 капсуланың құрамында
белсенді зат - 200 мг прогестерон
қосымша заттар: соя лецитині, жаңғақ майы,
капсула қабығының құрамы: желатин, глицерин, титанның қостотығы (Е 171).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сарғыш-ақ түсті сопақша жұмсақ желатинді капсулалар. Капсула ішіндегісі – ақ түсті майлы суспензия.
Шығарылу түрі және қаптамасы
15 капсуладан поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы