Торговое название
Гербион®сироп плюща
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма
Сироп, 150 мл
Состав
1 мл сиропа содержит
активное вещество - листьев плюща экстракт сухой (Hedera helix L.,Araliaceae, folium) (5 – 7.5 : 1) – 7,0 мг,
вспомогательные вещества: сорбитол жидкий (не кристаллизующийся), глицерин, натрия бензоат, кислоты лимонной моногидрат, ароматизатор бальзама*, вода очищенная.
*Состоит из пропиленгликоля, этанола, масла цитронеллового, цитраля из Litsea cubeba, масла лимонного и масла кориандрового
Описание
Сироп желто-коричневого цвета, со специфическим запахом и вкусом. Допускается наличие незначительного осадка, характерного для субстанций природного происхождения.
Фармакотерапевтическая группа
Респираторная система. Препараты применяемые при кашле и простудных заболеваниях. Экспекторанты, исключая комбинации с подавляющими кашель. Отхаркивающие препараты. Плюща листьев экстракт.
Код АТХ R05CА12
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Фармакокинетика не изучалось
Фармакодинамика
Гербион®сироп плюща содержит сухой экстракт листьев плюща, который действует как секретолитическое и бронхоспазмолитическое средство. Основные ингредиенты сухого экстракта из листьев плюща являются тритерпеновые сапонины, в основном гедеракозиды С и альфа-гедерин. Альфа-гедерин ингибирует бета 2-адренергические рецепторы эндоцитоза, которые увеличивают активность бета 2-адренергических клеток мускулатуры бронхов и легких эпителия. Это приводит к снижению внутриклеточного уровня кальция в мускулатуре бронхов, что приводит к бронхиальной релаксации. Благодаря стимуляции бета 2-адренергических рецепторов, альвеолярные эпителиальные клетки типа II производят больше сурфактанта, который приводит к уменьшению вязкости слизи. Отхаркивание таким образом облегчается, как и кашель.
Показания к применению
В качестве симптоматического средства в комплексной терапии воспалительных заболеваний верхних дыхательных путей и легких.
Способ применения и дозы
Применять внутрь с помощью прилагаемой дозирующей ложки.
Взрослым и детям от 12 лет и старше : 5 или 7,5 мл сиропа 2 раза в день (соответствует 70-105 мг сухого экстракта листьев плюща ежедневно). Детям от 6 до 11 лет: 5 мл сиропа 2 раза в день (соответствует 70 мг сухого экстракта листьев плюща ежедневно).
Детям от 2 до 5 лет: 2,5 мл сиропа 2 раза в день (соответствует 35 мг сухого экстракта листьев плюща ежедневно).
Сироп должен применяться утром, в обед и/или вечером.
При применении Гербион® сиропа плюща рекомендуется обильное питье чая или других теплых напитков.
Гербион®сироп плюща может применяться независимо от приема пищи.
В легких случаях длительность лечения составляет 1 неделю. Если улучшение состояния пациента не наступает, следует обратиться к врачу относительно дальнейшего лечения.
В более серьезных случаях длительность лечения определяется врачом индивидуально.
Побочные действия
Очень редко
- аллергические реакции (кожный зуд, покраснение, затрудненное дыхание)
- тошнота, рвота, диарея
Противопоказания
- гиперчувствительность к действующему веществу или любому другому компоненту препарата и к растениям семейства Аралиевых
- беременность и период лактации
- детский возраст до 2-х лет из-за риска ухудшения дыхательных симптомов
- наследственная непереносимость фруктозы
Лекарственные взаимодействия
Данных о влиянии препарата на эффекты других лекарственных средств нет. О влиянии пищи на действие препарата не сообщалось.
Особые указания
Если симптомы заболевания не исчезают или появляется одышка, повышение температуры тела, а также гнойная или кровавая мокрота при откашливании, следует немедленно проконсультироваться с врачом.
Стойкий или рецидивирующий кашель у детей в возрасте от 2 до 4 лет требует медицинского диагноза до лечения.
Не рекомендуется одновременно использовать противокашлевые средства, такие как кодеин или декстрометорфан.
Осторожность рекомендуется пациентам с гастритом или язвенной болезнью желудка.
Гербион®сироп плюща содержит сорбитол (Е420). Пациенты с редкими наследственными проблемами непереносимости фруктозы не должны принимать это лекарство.
Беременность и период лактации
Применение в период беременности и кормления грудью не рекомендуется (в связи с недостаточностью клинических данных).
Особенности влияния препарата на способность управлять транспортными средствами или потенциально опасными механизмами
Применение препарата не влияет способность управлять автотранспортом или потенциально опасными механизмами.
Передозировка
Прием препарата в больших количествах, превышающих трехкратную суточную дозу, может вызвать тошноту, рвоту, диарею и возбуждение.
Лечение: симптоматическое
Форма выпуска и упаковка
По 150 мл сиропа помещают в стеклянные флаконы из темного стекла с навинчиваемой пластиковой крышкой с контролем первого вскрытия. 1 флакон с мерной ложкой и инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 25 °С.
Не хранить в холодильнике.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
2 года
Период применения после первого вскрытия флакона - 3 мес.
Не применять по истечении срока годности.
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Саудалық атауы
Гербион®шырмауық шәрбаты
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Шәрбат, 150 мл
Құрамы
1 мл шәрбаттың құрамында
белсенді зат - шырмауықжапырақтары құрғақ экстрактісі (Hedera helix L., Araliaceae, folium) (5-7.5 : 1) – 7,0 мг,
қосымша заттар: сұйық сорбитол (кристалданбайтын), глицерин, натрий бензоаты, лимон қышқылы моногидраты, бальзам хош иістендіргіші*, тазартылған су.
*Пропиленгликоль, этанол, цитронелл майы, Litsea cubeba цитралі, лимон майы және кориандр майынан тұрады
Сипаттамасы
Өзіне тән иісі және дәмі бар, сары-қоңыр түсті шәрбат.Табиғи текті субстанцияларға тән елеусіз шөгіндісінің болуына жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Жөтел және суық тию аурулары кезінде қолданылатын препараттар. Экспекторанттар, жөтелді бәсеңдететін біріктірілімді қоспағанда. Қақырық түсіретін препараттар. Шырмауық жапырақтары экстрактісі.
АТХ коды R05CА12
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Фармакокинетикасы зерттелмеген
Фармакодинамикасы
Гербион® шырмауық шәрбатының құрамында секретоликалық және бронхоспазмолитикалық дәрі ретінде әсер ететін шырмауық жапырақтарының құрғақ экстрактісі бар. Шырмауық жапырақтарынан алынған құрғақ экстрактісінің негізгі ингредиенттері тритерпен сапониндері, негізінен С гедеракозидтері және альфа-гедерин. Альфа-гедерин эндоцитоздың бета 2-адренергиялық рецепторларын тежейді, олар бронх бұлшықеттері және өкпе эпителийінің бета 2-адренергиялық жасушалары белсенділігін арттырады. Бұл бронх бұлшытеттерінде кальцийдің жасушаішілік деңгейін төмендетеді, ол өз ретінде бронхтың босаңсуына әкеледі. Бета 2-адренергиялық рецепторларын көтермелеудің нәтижесінде II типті альвеолярлы эпителийлік жасушалар сурфактантты көбірек өндіреді, бұл шырыш тұтқырлығының кемуіне алып келеді. Қақырық түсіру де, жөтел де осылайша жеңілдейді.
Қолданылуы
Жоғары тыныс алу жолдары және өкпенің қабыну ауруларын кешенді емдеуде симптоматикалық дәрі ретінде қолданылады.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ұсынылатын дозалағыш қасықтың көмегімен ішке қолдану керек.
Ересектер мен 12 жас және одан асқан балаларға: 5 немесе 7,5 мл шәрбат күніне 2 рет (күнделікті 70-105 мг шырмауық жапырақтары құрғақ экстрактісіне сәйкес келеді).
6-дан 11 жасқа дейінгі балаларға: 5 мл шәрбат күніне 2 рет (күнделікті 70 мг шырмауық жапырақтары құрғақ экстрактісіне сәйкес келеді).
2-ден 5 жасқа дейінгі балаларға: 2,5 мл шәрбат күніне 2 рет (күнделікті 35 мг шырмауық жапырақтары құрғақ экстрактісіне сәйкес келеді).
Шәрбат таңертең, түсте және/немесе кешке қабылдануы тиіс.
Гербион® шырмауық шәрбатын қабылдағанда шай немесе басқа жылы сусындарды молынан ішу ұсынылады.
Гербион® шырмауық шәрбатын тамақтануға қарамастан қолдануға болады. Жеңіл жағдайларда емдеу ұзақтығы 1 апта болады. Егер пациент жағдайының жай-күйі жақсара бастамаса, одан әрі емдеуге қатысты дәрігерге жүгінген жөн.
Күрделілеу жағдайларда емдеу ұзақтығын дәрігер әр адамға жекелей анықтайды.
Жағымсыз әсерлері
Өте сирек
- аллергиялық реакциялар (тері қышынуы, қызару, тыныс алудың қиындауы)
- жүрек айну, құсу, диарея
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затқа немесе препараттың кез келген басқа компонентіне және Аралия тұқымдас өсімдіктерге аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
- тыныс алу симптомдарының нашарлау қаупіне байланысты 2 жасқа дейінгі балаларға
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препараттың басқа дәрілік заттар әсеріне ықпал етуі жайлы деректер жоқ. Препарат әсеріне тағамның ықпал етуі туралы хабарланбаған.
Айрықша нұсқаулар
Егер ауру симптомдары кетпей жатса немесе ентігу, дене температурасының жоғарылауы, сондай-ақ жөтелген кезде іріңді немесе қанды қақырық пайда болса, дереу дәрігермен кеңесу керек.
Тұрақты немесе қайталанатын жөтел 2-ден 4 жасқа дейінгі балаларда емдеуге дейін медициналық диагнозды қажет етеді.
Кодеин немесе декстрометорфан сияқты жөтелге қарсы дәрілерді бір мезгілде пайдалануға болмайды.
Гастрит немесе асқазан ойық жарасы бар пациенттерге сақтықпен қолдану ұсынылады.
Гербион® шырмауық шәрбатының құрамында сорбитол (Е420) бар. Сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы проблемасымен пациенттер бұл препаратты қабылдамауы тиіс.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды (клиникалық деректер жеткіліксіздігіне байланысты).
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қабылдау автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Препаратты үш еселенген тәуліктік дозадан асатын көп мөлшерде қабылдау жүрек айну, құсу, диарея және қозуды туындатуы мүмкін.
Емі: симптоматикалық
Шығарылу түрі және қаптамасы
150 мл шәрбаттан алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы пластик қақпағы бар күңгірт шыныдан жасалған шыны құтыларға құйылады.
1 құтыны өлшеуіш қасықпен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.
Сақтау шарттары
25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Тоңазытқышта сақтауға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Құтының алғашқы ашылуынан кейінгі қолдану кезеңі - 3 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз