Торговое наименование
Гастритол
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма, дозировка
Капли для приема внутрь
Фармакотерапевтическая группа
Пищеварительный тракт и обмен веществ. Препараты, способствующие пищеварению, включая ферменты
код АТХ А09А
Показания к применению
- нарушение пищеварения, ощущение переполнения желудка, метеоризм и изжога
- при легких спазмах в желудочно-кишечном тракте
- для стимулирования функции кишечника при неспецифическом поносе
- для повышения аппетита
Примечание: Гастритол является традиционным лекарственным средством растительного происхождения, зарегистрированным для данной области применения исключительно на основании многолетнего применения
Перечень сведений, необходимых до начала применения
Противопоказания
- гиперчувствительность к действующим веществам или к любому из вспомогательных веществ препарата.
- желчный проток закрыт, воспаление желчного протока или заболевания печени
- период беременности и кормления грудью
- детский и подростковый возраст до 18 лет
Необходимые меры предосторожности при применении
Гастритол разводят в небольшом количестве воды и принимают до или после еды.
Взаимодействия с другими лекарственными препаратами
Не установлены.
Возможно нарушение или усиление эффектов других лекарственных препаратов из-за наличия этилового спирта в составе препарата. Пациенты должны сообщать врачу или фармацевтическому работнику о приеме или применении других медикаментов.
Специальные предупреждения
Лекарственное средство содержит 40 об.% спирта, поэтому не рекомен-дуется применение пациентам с алкоголизмом, эпилепсией, беременным и в период лактации, больным с заболеваниями печени, желчекаменной болезнью, другими заболеваниями желчных путей.
Применение в педиатрии
Данная лекарственная форма не применяется у детей до 18 лет. Опыт применения препарата у детей ограничен.
Во время беременности или лактации
Не рекомендуется применять препарат Гастритол при беременности и в период лактации в связи с отсутствием достоверных клинических данных, подтверждающих безопасность применения препарата в эти периоды.
Особенности влияния препарата на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Не влияет
Рекомендации по применению
Режим дозирования
1 мл соответствует 23 каплям.
Если не назначено ничего другого, взрослым и детям старше 18 лет необходимо принимать внутрь по 30 капель Гастритола 3 раза в день.
При обострениях принимают каждый час или каждые полчаса по 15 – 25 капель.
Гастритол разводят в небольшом количестве воды и принимают до или после еды.
Метод и путь введения
Капли для приема внутрь
Длительность лечения
Возможно длительное применение этого лекарственного средства. Если симптомы сохраняются в течение 4-6 недель, следует проконсультироваться с врачом
Меры, которые необходимо принять в случае передозировки
До настоящего времени случаев передозировки и интоксикации отмечено не было.
Рекомендации по обращению за консультацией к медицинскому работнику для разъяснения способа применения лекарственного препарата
Пациенту необходимо сообщать врачу или фармацевтическому работнику о приеме или применении других медикаментов.
При первых признаках повышенной индивидуальной чувствительности (например, кожная сыпь) следует прекратить прием лекарства.
При значительном ухудшении за счет побочных реакций следует обратиться к врачу
Описание нежелательных реакций, которые проявляются при стандартном применении ЛП и меры, которые следует принять в этом случае
Редко
- повышенная индивидуальная чувствительность и аллергические реакции (например, кожная сыпь)
Очень редко
- у пациентов с очень высокой светочувствительностью кожи могут возникнуть кожные реакции, по типу солнечного ожога, развивающиеся под действием интенсивного солнечного излучения.
Перечень включает все известные побочные явления при лечении травой лапчатки гусиной, цветами ромашки, корнем солодки, корнем дягиля, травой карбобенедикта и травой полыни, а также побочные явления при повышенной дозировке и длительном лечении.
Дополнительные сведения
Состав
100 мл препарата содержат, в миллилитрах
активные вещества:
Травы лапчатки гусиной экстракта
жидкого (1:1.7-2.2)(экстрагент этанол 40 %, об/об) 35.0
Цветков ромашки экстракта жидкого (1:1.7-2.2)
(экстрагент этанол 45 %, об/об) 20.0
Корней солодки экстракта жидкого (1:1.7-2.2)
(экстрагент этанол 40 %, об/об) 15.0
Корней дягиляэкстракта жидкого (1:1.7-2.2)
(экстрагент этанол 40 %, об/об) 5.0
Травы кардобенедиктаэкстракта жидкого
(1:1.7-2.2) (экстрагент этанол 40 %, об/об) 5.0
Травы полыниэкстракта жидкого (1:1.7-2.2)
(экстрагент этанол 40 %, об/об) 5.0
вспомогательные вещества:этанол 96 %, вода очищенная
Описание внешнего вида, запаха, вкуса
Жидкость коричневого цвета
Форма выпуска и упаковка
По 20 мл, 50 мл или 100 мл препарата во флаконе из темного стекла, снабженном капельницей из полиэтилена низкой плотности и полипропиленовой завинчивающейся крышкой.
1 флакон вместе с инструкцией по медицинскому применению на казахскоми русском языках помещают в картонную коробку.
Срок хранения
3 года
Период применения после первого вскрытия контейнера – 3 месяца.
Не применять по истечении срока годности!
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 25 °С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Саудалық атауы Гастритол
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
Ішуге арналған тамшылар
Фармакотерапиялық тобы
Ас қорыту жолы және зат алмасу. Ас қорыту жолына әсер ететін препараттар, ферменттерді қоса
АТХ коды А09А
Қолданылуы
- ас қорытудың бұзылуы, асқазанның толуын сезіну, метеоризм және қыжылда
- асқазан-ішек жолындағы жеңіл түйілулерде
- спецификалық емес іш өтуінде ішек функциясын көтермелеу үшін
- тәбетті арттыру үшін
Ескертпе: Гастритол осы қолдану саласы үшін тек көп жылдық қолдану негізінде тіркелген өсімдік тектес дәстүрлі дәрілік зат болып табылады
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші заттарға немесе препараттың кез келген қосымша затына аса жоғары сезімталдық.
- өт жолының бітелуі, өт жолының қабынуы немесе бауыр ауруы
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Гастритолды судың аздаған мөлшерінде ерітіп тамаққа дейін немесе тамақтан кейін қабылдайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған.
Препарат құрамында этил спирті болғандықтан басқа дәрілік препараттар әсерлерінің бұзылуы немесе күшеюі мүмкін. Пациенттер дәрігерге немесе фармацевтика қызметкеріне басқа дәрі-дәрмектерді қабылдап немесе қолданып жүргені туралы хабарлауы тиіс.
Арнайы ескертулер
Дәрілік заттың құрамында 40 к.% спирт бар, сондықтан алкоголизмі, эпилепсиясы бар пациенттерге, жүктілерге және лактация кезеңінде, бауыр аурулары, өттас аурулары, өт жолының басқа да аурулары бар науқастарға қолдану ұсынылмайды.
Педиатрияда қолдану
Аталған дәрілік түрі 18 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды. Балаларда қолдану тәжірибесі шектеулі.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Гастритол препаратын жүктілік және лактация кезеңінде препаратты бұл кезеңдерде қолданудың қауіпсіздігін растайтын клиникалық деректердің жоқтығына байланысты қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
1 мл 23 тамшыға сай келеді.
Егер басқа еш нәрсе тағайындалмаса, ересектер мен 18 жастан асқан балаларға Гастритолдың 30 тамшысын күніне 3 рет ішке қабылдау қажет.
Асқыну кезінде 15-25 тамшыдан әр сағат сайын немесе әр жарты сағат сайын қабылдайды. Гастритолды судың аздаған мөлшерінде ерітіп тамаққа дейін немесе тамақтан кейін қабылдайды.
Енгізу әдісі және жолы
Ішуге арналған тамшылар
Емдеу ұзақтығы
Бұл дәрілік затты ұзақ қолдануға болады. Егер симптомдар 4-6 апта бойы сақталса, дәрігерден кеңес алу керек.
Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар
Осы уақытқа дейін артық дозалау және уыттану жағдайлары байқалған жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін анықтау үшін медициналық қызметкерден кеңес алу ұсынымдары
Пациенттер дәрігерге немесе фармацевтика қызметкеріне басқа дәрі-дәрмектерді қабылдап немесе қолданып жүргені туралы хабарлауы тиіс.
Жоғары жеке сезімталдықтың алғашқы белгілері кезінде (мысалы, тері бөртпелері) дәрі қабылдауды тоқтату керек.
Жағымсыз реакциялар есебінен айтарлықтай нашарлаған жағдайда дәрігерге жүгіну керек
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қолдану керек шаралар
Сирек
- жекелей жоғары сезімталдық және аллергиялық реакция (мысалы, тері бөртпесі)
Өте сирек
- терісінің өте жоғары жарыққа сезімталдығы бар пациенттерде қарқынды күн сәулеленудің әсерімен дамитын күннен күю типі бойынша тері реакциялары туындауы мүмкін.
Тізбеге қазтабан шөбімен, түймедақ гүлдерімен, мия тамырымен, аюбалдырған тамырымен, сүйкімді арқал шөбімен және жусан шөбімен емдегенде барлық белгілі жағымсыз әсерлер, сонымен қатар жоғары дозалау және ұзақ емдеу кезіндегі жағымсыз құбылыстар кіреді.
Қосымша мәліметтер
Құрамы
100 мл препараттың құрамында, миллилитрде
белсенді заттар:
Қазтабан шөбі сұйық экстрактісі (1:1.7-2.2)
(экстрагент этанол 40 %, к/к) 35.0
Түймедақ гүлдері сұйық экстрактісі (1:1.7-2.2)
(экстрагент этанол 45 %, к/к) 20.0
Мия тамырлары сұйық экстрактісі (1:1.7-2.2)
(экстрагент этанол 40 %, к/к) 15.0
Аюбалдырған тамырлары сұйық экстрактісі (1:1.7-2.2)
(экстрагент этанол 40 %, к/к) 5.0
Сүйкімді арқал шөбі сұйық экстрактісі (1:1.7-2.2)
(экстрагент этанол 40 %, к/к) 5.0
Жусан шөбі сұйық экстрактісі (1:1.7-2.2)
(экстрагент этанол 40 %, к/к) 5.0
қосымша заттар: этанол 96 %, тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қоңыр түсті сұйықтық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
20 мл, 50 мл немесе 100 мл препараттан тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған тамшылатқышпен және бұралатын полипропилен қақпақпен жабдықталған күңгірт шыны құтыларда.
1 құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Контейнерді бірінші ашқаннан кейінгі қолдану мерзімі – 3 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз