Торговое название
Фурацилин
Международное непатентованное название
Нитрофурал
Лекарственная форма
Таблетки0,02 г
Состав
Одна таблетка содержит
активное вещество – фурацилина 0,02 г,
вспомогательное вещество – натрия хлорид
Описание
Таблетки желтого или зеленовато-желтого цвета со слегка неравномерной окраской поверхности, круглой формы, с риской.
Фармакотерапевтическая группа
Дерматология. Антисептики и дезинфицирующие препараты. Нитрафурана производные. Нитрофурал.
Код АТХ D08AF01
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Легко проходит через гистогематические барьеры и равномерно распределяется в жидкостях и тканях. Основным путем превращения в организме является восстановление нитрогруппы. Выделяется почками и частично с желчью в просвет кишечника. Максимальная концентрация в моче достигается через 6 ч после приема.
Фармакодинамика
Фурацилин противомикробное средство из группы производных нитрофурана. Оказывает бактериостатическое действие на грамположительные и грамотрицательные бактерии (стафилококки, стрептококки, кишечную палочку, протей, сальмонеллы, эшерихии), а также на трихомонады и лямблии.
Микроорганизмы, устойчивые к антибиотикам и сульфаниламидам, чувствительны к Фурацилину. Резистентность к Фурацилину развивается медленно и не достигает высокой степени.
Показания к применению
- мелкие повреждения кожи (в том числе ссадины, царапины, трещины, порезы), гнойные раны, пролежни, язвы
- ожоги II и III степени
- блефарит, конъюнктивит
- фурункулез наружного слухового прохода, острый наружный и средний отит
- гнойно-воспалительные процессы придаточных пазух носа
- эмпиема плевры (промывание полостей)
- остеомиелит
- ангина, стоматит, гингивит
Способ применения и дозы
Наружно фурацилин применяют в виде водного 0,02% (1:5000) раствора и спиртового 0,066% (1:1500) раствора.
- при гнойных ранах, пролежнях и язвах, ожогах II и III степени, для подготовки гранулирующей поверхности к пересадкам кожи и ко вторичному шву, орошают рану водным раствором фурацилина и накладывают влажные повязки
- при остеомиелите после операции промывают полость водным раствором фурацилина и накладывают влажную повязку
- при эмпиемах плевры отсасывают гной и промывают плевральную полость с последующим введением в полость 20 - 100 мл водного раствора фурацилина
- при хронических гнойных отитах, фурункулах наружного слухового прохода и эмпиемах околоносовых пазух применяют в виде капель спиртовой раствор фурацилина
- для промывания верхнечелюстной (гайморовой) и других околоносовых пазух используют водный раствор фурацилина
- при конъюнктивитах и скрофулезных заболеваниях глаз в конъюнктивальный мешок закапывают водный раствор фурацилина
- при ангинах и стоматитах назначают полоскание водным раствором препарата.
Для приготовления водного раствора 1 таблетку фурацилина растворяют в 100 мл дистиллированной воды.
Спиртовый раствор готовят на 70% этаноле (1 таблетку фурацилина растворяют в 100 мл 70% этилового спирта), при отитах - спиртовый раствор, нагретый до температуры тела, ежедневно закапывается по 5-6 кап в наружный слуховой проход.
Блефарит, конъюнктивит – инстилляция водного раствора в конъюнктивальный мешок.
Для полоскания полости рта и горла - 20 мг (1 таблетка) растворяют в 100 мл кипяченной воды.
Побочные действия
- аллергические реакции кожный зуд, дерматит
- тошнота, рвота, диарея
Противопоказания
- повышенная индивидуальная чувствительность к препарату
- хронический аллергический дерматозы
Лекарственные взаимодействия
Не установлены
Особые указания
Для изготовления водного раствора 1 часть фурацилина растворяют в 5000 частей изотонического раствора натрия хлорида или очищенной воды. Для более быстрого растворения рекомендуется кипящая или горячая вода. Спиртовый раствор фурацилина готовят на 70% спирте.
Беременность и лактация
Нет данных о неблагоприятном влиянии в период беременности и лактации.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Нет данных о неблагоприятном влиянии на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Передозировка
Не выявлена
Форма выпуска и упаковка
По 10 таблеток в контурную безъячейковую упаковку из бумаги упаковочной с полимерным покрытием с двух сторон.
По 250 контурных упаковок вместе с инструкциями по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в картонную коробку (групповая упаковка).
По 10 таблеток в контурной безъячейковой упаковке из алюминиевой фольги с покрытием пленкой ПВХ. По 200 контурных безъячейковых упаковок из алюминиевой фольги с покрытием пленкой ПВХ вместе с инструкциями по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в картонную коробку (групповая упаковка).
Условия хранения
Хранить в сухом, защищенном от света месте при температуре не выше 25 °С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
5 лет
Неприменять по истечении срока годности.
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Саудалық атауы
Фурацилин
Халықаралық патентелмеген атауы
Нитрофурал
Дәрілік түрі
0,02 г таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 0,02 г фурацилин,
қосымша зат – натрий хлориді
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, сызығы бар, сары немесе жасылдау сары түсті, беткейі сәл біркелкі емес боялған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Нитрофуран туындылары. Нитрофурал.
АТХ коды D08AF01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Гистогематикалық бөгеттер арқылы оңай өтеді және сұйықтықтар мен тіндерде біркелкі таралады. Организмде өзгеруінің негізгі жолы нитротопты қалпына келтіруі болып табылады. Бүйрекпен және ішінара өтпен ішек қуысына бөлініп шығады. Несептегі ең жоғарғы концентрациясына қабылдағаннан соң 6 сағаттан кейін жетеді.
Фармакодинамикасы
Фурацилин нитрофуран туындылары тобындағы микробқа қарсы дәрі. Грамоң және грамтеріс бактерияларға (стафилококктар, стрептококктар, ішек таяқшасы, протеялар, сальмонеллалар, эшерихиялар), сондай-ақ трихомонадалар мен лямблилерге бактериостатикалық әсер етеді.
Антибиотиктерге және сульфаниламидтерге төзімді микроорганизмдер Фурацилинге сезімтал. Фурацилинге резистенттілік баяу дамиды және жоғары дәрежесіне жетпейді.
Қолданылуы
- терінің ұсақ зақымдануларында (соның ішінде сыдырылулар, сызаттар, жарықтар, кескен жерлер), іріңді жараларда, ойылуларда, ойық жараларда
- II және III дәрежедегі күюлерде
- блефаритте, конъюнктивитте
- сыртқы есту жолының фурункулезінде, жедел сыртқы және ортаңғы отитте
- мұрынның қосалқы қойнауларының іріңді-қабыну үдерістерінде
- плевра эмпиемасында (қуыстарды жуып-шаю)
- остеомиелитте
- баспада, стоматитте, гингивитте
Қолдану тәсілі және дозалары
Фурацилинді сыртқа сулы 0,02% (1:5000) ерітінді және спиртті 0,066% (1:1500) ерітінді түрінде қолданады.
-іріңді жараларда, ойылулар мен ойық жараларда, II және III дәрежедегі күюлерде, теріні ауыстырып және екінші рет тігу үшін түйіршікті беткейді дайындау үшін жараны фурацилиннің сулы ерітіндісімен сулайды және ылғал таңғыштар салады
- остеомиелитте операциядан кейін қуысты фурацилиннің сулы ерітіндісімен жуып-шаяды және ылғал таңғыш салады
- плевра эмпиемаларында іріңді сорып алады және плевра қуысын фурацилиннің 20 - 100 мл сулы ерітіндісін енгізе отырып жуып-шаяды
- созылмалы іріңді отиттерде, сыртқы есту жолының фурункулдарында және мұрын айналасы қойнауларының эмпиемаларында фурацилиннің спиртті ерітіндісін тамшы түрінде қолданады
- жоғарғы жақсүйектік (гаймор) және мұрын айналасының басқа қойнауларын жуып-шаю үшін фурацилиннің сулы ерітіндісін пайдаланады
- конъюнктивиттерде және көздің скрофулездік ауруларында конъюнктива қалтасына фурацилиннің сулы ерітіндісін тамызады
- баспа және стоматиттерде препараттың сулы ерітіндісімен шаюды тағайындайды.
Сулы ерітіндіні дайындау үшін фурацилиннің 1 таблеткасын 100 мл дистилляцияланған суда ерітеді.
Спиртті ерітіндісін 70% этанолда (фурацилиннің 1 таблеткасын 70% этил спиртінің 100 мл-де ерітеді), отиттерде – дене температурасына дейін жылытылған спиртті ерітіндісін күн сайын 5-6 тамшыдан сыртқы есту жолына тамызады.
Блефаритте, конъюнктивитте – конъюнктива қалтасына сулы ерітіндіні инстилляциялайды.
Ауыз қуысы мен тамақты шаю үшін – 20 мг (1 таблетка) 100 мл қайнаған суда ерітеді.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар, терінің қышуы, дерматит
- жүрек айнуы, құсу, диарея
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа жекелей жоғары сезімталдық
- созылмалы аллергиялық дерматоздар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Сулы ерітіндіні дайындау үшін фурацилиннің 1 бөлігін изотониялық натрий хлориді ерітіндісі немесе тазартылған судың 5000 бөлігіне ерітеді. Жылдамырақ еріту үшін қайнап тұрған немесе ыстық су ұсынылады. Фурацилиннің спиртті ерітіндісін 70% спиртте дайындайды.
Жүктілік және лактация
Жүктілік және лактация кезіндегі жағымсыз әсерлері туралы мәліметтер жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне жағымсыз әсер ететіні туралы мәліметтер жоқ.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі мен қаптамасы
10 таблеткадан екі жағында да полимер жабыны бар қаптамалық қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада.
250 пішінді қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа (топтық қаптама) салады.
10 таблеткадан ПВХ үлбірмен жабылған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада. ПВХ үлбірмен жабылған алюминий фольгадан жасалған 200 пішінді ұяшықсыз қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа (топтық қаптама) салады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз