Торговое наименование
Фитолизин®
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма, дозировка
Паста для приема внутрь
Фармакотерапевтическая группа
Мочеполовая система и половые гормоны. Урологические препараты. Препараты для лечения нефроуролитиаза
Код АТХ G04BC
Показания к применению
В составе комплексной терапии:
- инфекционно-воспалительные заболевания мочевыводящих путей: пиелонефрит, цистит, простатит, уретрит
- уролитиаз (при наличии мелких конкрементов, «песка») и в качестве профилактики кристаллизации минеральных компонентов мочи
Перечень сведений, необходимых до начала применения
Противопоказания
- повышенная индивидуальная чувствительность к компонентам препарата
(аллергические реакции на компоненты препарата)
- гломерулонефрит
- гепатит
- желчекаменная болезнь
- почечная недостаточность
- сердечная недостаточность
- отеки, вызванные недостаточностью сердца или почек
- детский и подростковый возраст до 18 лет
- аллергическая реакция на пшеничный крахмал
- беременность и период лактации
- алкоголизм
- эпилепсия
Необходимые меры предосторожности при применении
Благодаря сахароснижающему эффекту пажитника, следует осуществлять тщательный контроль за уровнем сахара крови у пациентов, получающих лечение от диабета.
Если появится боль, затруднение при мочеиспускании, кровь в моче, при усилении симптомов или при появлении сопутствующей лихорадки, необходимо немедленно обратиться к врачу.
Взаимодействия с другими лекарственными препаратами
До сих пор не выявлено.
В связи с мочегонным действием препарата следует учитывать возможность ускоренного выведения других, одновременно применяемых лекарственных средств.
Фитолизин может усиливать действие:
- антикоагулянтов, нестероидных противовоспалительных препаратов
- гипогликемических лекарственных средств (лекарственные препараты,
применяемые для лечения сахарного диабета)
- лекарственных средств, содержащих соли лития
- ингибиторов моноаминооксидазы (лекарственные препараты, применяемые для лечения депрессии)
- пролонгировать действие пентобарбитала (снотворный лекарственный препарат), аминопирина и парацетамола (нестероидные противовоспалительне препараты).
Фитолизин может уменьшить всасывание бета-каротина, альфа-токоферола (витамин Е), холестерина и лекарственных средств в тонком кишечнике.
Сообщите врачу, если Вы принимаете или недавно принимали любые другие лекарственные средства, включая лекарства, приобретенные без рецепта.
Специальные предупреждения
Фитолизин содержит в качестве вспомогательного вещества глицерин. Может вызвать головную боль, расстройство желудка и диарею.
Фитолизин содержит также пшеничный крахмал. Пшеничный крахмал может содержать глютен, но в незначительном количестве, и поэтому считается безопасным для пациентов с целиакией. Пациентам с аллергией на пшеницу (но не целиакией) не следует принимать этот препарат.
Фитолизин содержит также этилпарагидроксибензоат (E214), который может вызвать аллергические реакции (возможно замедленного типа).
Фитолизинсодержит этиловый спирт в количестве примерно 200 мг в разовой дозе. Содержание этилового спирта необходимо учитывать пациентам, страдающим алкоголизмом, беременным и кормящим женщинам, пациентам с заболеваниями печени и эпилепсией.
Применение в педиатрии
Противопоказано детям и подросткам до 18 лет в связи с недостаточностью данных о применении препарата в данной возрастной группе.
Во время беременности или лактации
Препарат Фитолизин не применяется при беременности и в период грудного вскармливания.
Особенности влияния препарата на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
До сих пор не отмечено отрицательного влияния на способность к выполнению потенциально опасных видов деятельности, требующих повышенной концентрации внимания и быстроты психомоторных реакций (в том числе управление автомобилем и другими транспортными средствами, работа с движущимися механизмами и т.п.). Однако следует учитывать содержание этанола в препарате.
Рекомендации по применению
Режим дозирования
Взрослые
1 чайную ложку пасты растворить в 100 мл (½ стакана) теплой подслащенной кипяченой воды. Применяют по 1 чайной ложке Фитолизина (пасты) 3-4 раза в день.
Пациенты пожилого возраста
У пациентов пожилого возраста не требуется корректировка дозы препарата.
Пациенты с нарушением функции почек
Корректировка дозы может быть необходима для пациентов с нарушением функции почек, в зависимости от степени нарушения функции почек.
Фитолизин противопоказан пациентам с почечной недостаточностью.
Пожалуйста, свяжитесь с Вашим врачом, если Вы страдаете нарушением функции почек.
Пациенты с нарушением функции печени
Фитолизин противопоказан пациентам с гепатитом и желчекаменной болезнью.
Метод и путь введения
Внутрь после еды.
Длительность лечения
Не следует принимать препарат без консультации врача дольше, чем 2-4 недели. Если во время приема препарата состояние пациента не улучшается, признаки заболевания не проходят или состояние ухудшается, следует проконсультироваться с врачом или другим квалифицированным медицинским работником.
Во время применения препарата Фитолизин рекомендуется употреблять большое количество жидкости.
Меры, которые необходимо принять в случае передозировки
До настоящего времени о случаях передозировки не сообщалось.
Меры, необходимые при пропуске одной или нескольких доз лекарственного препарата
При пропуске очередной дозы препарата следует принять ее как можно скорее. Если до приема очередной дозы осталось немного времени, следует принять ее в запланированное время. Не следует принимать двойную дозу препарата, чтобы скомпенсировать пропущенную.
Обратитесь к врачу или фармацевту за советом прежде, чем применять лекарственный препарат.
Описание нежелательных реакций, которые проявляются при стандартном применении ЛП и меры, которые следует принять в этом случае
Частота возникновения побочных действий классифицирована по частоте
возникновения следующим образом: очень частые (≥ 1/10), частые (≥ 1/100 и < 1/10), нечастые (≥ 1/1000 и < 1/100), редкие (≥ 1/10000 и < 1/1000), очень редкие (< 1/10000), частота неизвестна (не могут быть оценены на основе имеющихся данных).
Частота не известна:
- аллергические реакции (зуд, сыпь, крапивница, аллергический ринит)
- тошнота, рвота, вздутие, диарея
- фотосенсибилизация (при повышенной чувствительности к ультрафиолетовым лучам)
- головокружение.
При появлении побочных эффектов следует отменить препарат и уведомить лечащего врача.
Если любые из указанных в инструкции побочных эффектов усугубляются, или Вы заметили любые другие побочные эффекты не указанные в инструкции, сообщите об этом врачу.
Дополнительные сведения
Состав лекарственного препарата
100 г пасты содержат
активное вещество - сгущенный экстракт (1:1.3-1.6; спирт 45 %) смеси: петрушки корней, пажитника семян, горца птичьего травы, пырея корневищ, березы листьев, хвоща полевого травы, любистока корней, золотарника обыкновенного травы, лука репчатого шелухи (7/6/6/5/4/4/4/2/2) – 67.2 г; шалфея мускатного масло – 1.0 г; мяты перечной масло – 0.5 г; сосны обыкновенной масло – 0.2 г; апельсина сладкого масло – 0.15 г
вспомогательные вещества – глицерин 99.5%, крахмал пшеничный, этилпарагидроксибензоат (E 214), агар, ванилин, вода очищенная
Описание внешнего вида, запаха, вкуса
Паста мягкой консистенции, буро-зеленого цвета, со специфическим ароматным запахом.
Форма выпуска и упаковка
По 100 г препарата помещают в тубы алюминиевые, покрытые изнутри лаком.
Каждую тубу вместе с инструкцией по медицинскому применению на казахском и русском языках помещают в пачку из картона.
Срок хранения
3 года.
Не применять по истечении срока годности!
Условия хранения
Хранить в закрытой упаковке при температуре не выше 25 °С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Условия отпуска из аптек
Без рецепта.
Саудалық атауы
Фитолизин®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
Ішке қабылдауға арналған паста
Фармакотерапиялық тобы
Несеп-жыныс жүйесі және жыныс гормондары. Урологиялық препараттар. Нефроуролитиазды емдеуге арналған препараттар.
АТХ коды G04BC
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында:
- несеп шығару жолдарының инфекциялық-қабыну ауруларында: пиелонефритте, циститте, простатитте, уретритте
- уролитиазда (ұсақ конкременттер, «құмдар» бар болғанда) және несептің минералды компоненттері кристаллизациясының профилактикасы ретінде
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
(препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар)
- гломерулонефрит
- гепатит
- өт-тас ауруы
- бүйрек жеткіліксіздігі
- жүрек жеткіліксіздігі
- жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігінен туындаған ісінулер
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- бидай крахмалына аллергиялық реакция
- жүктілік және лактация кезеңі
- маскүнемдік
- эпилепсия
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Бойдананың қантты төмендететін әсерінің арқасында диабеттен ем алатын пациенттерде қандағы қант деңгейін мұқият бақылауды жүзеге асыру керек.
Егер ауыру пайда болса, несеп шығару кезінде қиындық болса, несепте қан, симптомдар күшейгенде немесе ілеспе қызба пайда болса, дереу дәрігерге қаралу қажет.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Күні бүгінге дейін білінген жоқ.
Препараттың несеп айдайтын әсеріне байланысты бір мезгілде қолданылатын басқа дәрілік заттардың тездетіп шығарылуы мүмкін екендігін ескерген жөн.
Фитолизин® мыналардың әсерін күшейтуі мүмкін:
- антикоагулянттардың, қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың
- гипогликемиялық дәрілік заттардың (қант диабетін емдеу үшін қолданылатын дәрілік препараттар)
- құрамында литий тұздары бар дәрілік заттар
- моноаминооксидаза тежегіштері (депрессияны емдеу үшін қолданылатын дәрілік препараттар)
- пентобарбиталдың (ұйықтататын дәрілік препараттың), аминопирин және парацетамолдың (қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың) әсерін ұзартатын
Фитолизин® препараты бета-каротиннің, альфа-токоферолдың (Е дәрумені), холестериннің және дәрілік заттардың жіңішке ішекте сіңуін азайтуы мүмкін.
Егер Сіз рецептісіз сатып алған дәрілерді қоса, кез келген басқа дәрілік заттарды қабылдап жүрсеңіз немесе жақын арада қабылдаған болсаңыз, дәрігеріңізді бұдан хабар етіңіз.
Арнайы ескертулер
Фитолизин® препаратының құрамында қосымша зат ретінде глицерин бар. Бас ауыру, асқазан бұзылысы және диарея туындауы мүмкін.
Фитолизин®препаратының құрамында сондай-ақ бидай крахмалы да бар. Бидай крахмалында глютен болуы мүмкін, бірақ аздаған мөлшерде болады, сондықтан целиакиясы бар пациенттер үшін қауіпсіз деп саналады. Бидайға аллергиясы бар (бірақ целакия емес) пациенттер бұл препаратты қабылдамағаны жөн.
Фитолизин®құрамында сондай-ақ этилпарагидроксибензоат (E214) бар, ол аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін (баяу типті болуы мүмкін).
Фитолизин® құрамында бір реттік шамамен 200 мг мөлшерде этил спирті бар. Этил спиртінің болатындығын маскүнемдіктен зардап шегіп жүрген пациенттер, жүкті және бала емізетін әйелдер, бауыр аурулары және эпилепсиясы бар пациенттер ескеруі қажет.
Педиатрияда қолдану
Осы жас тобындағыларға препаратты қолдану туралы деректердің жеткіліксіздігіне байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Жүктілік және лактация кезінде
Жүктілік және бала емізу кезеңінде Фитолизин препараты қолданылмайды.
Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері
Зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың жылдамдығын қажет ететін потенциалды қауіпті қызмет түрлерін атқару қабілетіне (соның ішінде автомобильді және басқа да көлік құралдарын басқаруға, қозғалыстағы механизмдермен және т.б. жұмыс жасауға) теріс ықпалы күні бүгінге дейін байқалған жоқ. Алайда препараттағы этанолдың мөлшерін ескерген жөн.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Ересектер
1 шай қасық пастаны тәттілендірген қайнаған жылы судың 100 мл (½ стақан) ерітеді. Күніне Фитолизинді® (пастаны) 1 шай қасықтан 3-4 рет ішу керек.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде препарат дозасын түзету қажет емес.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Дозаны түзету бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін, бүйрек функциясының бұзылу дәрежесіне байланысты, қажет болуы мүмкін.
Фитолизинді® препаратын бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Егер Сіз бүйрек функциясының бұзылуынан зардап шегіп жүрсеңіз, өз дәрігеріңізбен байланыс жасауыңызды өтінеміз.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Фитолизинді препаратын гепатиті және өт-тас ауруы бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Тамақтанудан кейін ішке.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты дәрігердің кеңесінсіз 2-4 аптадан артық қабылдауға болмайды. Егер препаратты қабылдау кезінде пациенттің жағдайы жақсармаса, ауру белгілері өтпесе немесе жағдайы нашарласа, дәрігермен немесе басқа да білікті медицина қызметкерімен кеңесу керек.
Фитолизин препаратын қолдану кезінде сұйықтықты мол мөлшерде пайдалану ұсынылады.
Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар
Осы уақытқа дейін артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Препараттың кезекті дозасын өткізіп алған кезде оны мүмкіндігінше тезірек қабылдау керек. Егер кезекті дозаны қабылдағанға дейін біраз уақыт қалса, оны жоспарланған уақытта қабылдау керек. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін дозаны қосарлап қабылдамау керек.
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгініңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігі туындау жиілігі бойынша былайша жіктелген: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 және < 1/10), жиі емес (≥ 1/1000 және < 1/100), сирек (≥ 1/10000 және < 1/1000), өте сирек (< 1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес).
Жиілігі белгісіз:
- аллергиялық реакциялар (қышыну, бөртпе, есекжем, аллергиялық ринит)
- жүректің айнуы, құсу, іштің кебуі, диарея
- фотосенсибилизация (ультракүлгін сәулелерге жоғары сезімталдықта).
- бас айналу
Жағымсыз әсерлер пайда болған кезде препарат қабылдауды тоқтатқан және емдеуді дәрігерді бұдан хабардар еткен жөн.
Егер нұсқаулықта көрсетілгендердің кез келгені өршісе, немесе Сіз нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген басқа жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, мұны дәрігерге шұғыл түрде мәлімдеңіз.
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
100 г пастаның құрамында
белсенді заттар: Қою экстракт қоспасы (1:1.3-1.6; спирт 45 %): ақжелкен тамыры, бойдана дәндері, құс оты шөбі, бидайық тамырсабақтары, қайың жапырақтары, дала қырықбуыны шөбі, сүйментамыр тамырлары, кәдімгі сарыраушан шөбі, қатпарлы пияз қабығы (7/6/6/5/4/4/4/2/2) – 67.2 г
мускатты сәлбен майы – 1.0 г; бұрыш жалбыз майы – 0.5 г; кәдімгі қарағай майы – 0.2 г; тәтті апельсин майы – 0.15 г
қосымша заттар: глицерин 99.5%, бидай крахмалы, этилпарагидроксибензоат (E 214), агар, ванилин, тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән хош иісі бар, қоңыр-жасыл түсті жұмсақ консистенциялы паста
Шығарылу түрі және қаптамасы
Іші лакпен қапталған алюминий сықпаға 100 г препараттан салынған.
Әрбір сықпа медициналық қолдану жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жабық қаптамада, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз