Торговое название
Феррум Лек®
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма
Таблетки жевательные 100 мг
Состав
Одна таблетка жевательная содержит:
активное вещество – железа100.00 мг (в пересчете на железа (III) гидроксид полимальтозный комплекс 400.00 мг),
вспомогательные вещества: макрогол 6000, аспартам (Е951), шоколадная эссенция, тальк, декстраты
Описание
Таблетки круглой формы, с плоской поверхностью, с вкраплениями бело-коричневого цвета, с фаской.
Фармакотерапевтическая группа
Кровь и органы кроветворения. Антианемические препараты. Препараты железа. Препараты железа трехвалентного (Fe3+), пероральные. Оксида железа полимальтозный комплекс.
Код АТХ В03АВ05
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Железо в препарате Феррум Лек® таблетки жевательные содержится в виде комплекса гидроксида железа (III) и полимальтозы, в котором его частицы встроены в молекулы полимерного углевода (полимальтозы). В таком виде железо не оказывает вредного воздействия на желудочно-кишечный тракт и не вступает во взаимодействие с пищей. При этом повышается также биодоступность железа. Всасывание железа определяемое по уровню гемоглобина в эритроцитах, обратно пропорционально введенной дозе (чем выше доза, тем ниже уровень всасывания). Структура комплекса гидроксида железа (III) и полимальтозы подобна строению ферритина, естественного железо-запасающего протеина, содержащегося в организме. Благодаря этому сходству, железо (III) из данного комплекса всасывается при помощи процесса активной абсорбции. Самый высокий уровень всасывания отмечается в двенадцатиперстной и тощей кишках. Всосавшееся железо в основном запасается в печени в комплексе с ферритином, затем в костном мозге осуществляется его включение в состав гемоглобина. Невсосавшееся железо выводится с фекалиями. Количество железа, выводящегося из организма вместе со слущивающимися клетками эпителия желудочно-кишечного тракта и кожи также с потом, желчью и мочой, составляет около 1 мг в сутки. У женщин следует принимать во внимание потерю железа с менструальной кровью.
Фармакодинамика
Многоядерные молекулы гироксида железа (ІІІ), в препарате Феррум Лек®, окружены нековалентно со связанными с ними молекулами полимальтозы, образуя комплекс с молекулярной массой около 50 кД, который благодаря своим размерам, в сравнении с двухвалентным железом (ІІ), в 40 раз слабее проходит через мембрану слизистых оболочек кишечника с помощью механизма простой диффузии. Комплекс является стабильным, в физиологических условиях, ионы железа из него не высвобождаются.
В препарате Феррум Лек® комплекс гидроксида железа (ІІІ) и полимальтозы не обладает прооксидантными свойствами, присущих солям двухвалентного железа. Чувствительность липопротеинов очень низкой и низкой плотности к окисляющим факторам в связи с этим снижается.
Железо, входящее в состав препарата, депонируется в печени в виде комплекса с ферритином, затем включается в состав гемоглобина, тем самым быстро восполняя дефицит железа и восстанавливая уровень гемоглобина в организме. При лечении препаратом происходит постепенная регрессия клинических (слабость, утомляемость, головокружение, тахикардия, болезненность и сухость кожных покровов) и лабораторных симптомов дефицита железа.
Показания к применению
- лечение латентной железодефицитной анемии
- лечение железодефицитной анемии (с клиническими проявлениями)
- дефицит железа при беременности
Способ применения и дозы
Дозировка и продолжительность лечения зависят от степени дефицита железа.
Феррум Лек® таблетки жевательные рекомендуется принимать во время или сразу после еды. Таблетки жевательные можно разжевывать или глотать целиком. Ежедневную дозу можно поделить на несколько приемов или принять за 1 раз.
Железодефицитная анемия с клиническими проявлениями
Дети старше 12 лет, взрослые, кормящие матери
1-3 таблетки жевательные Феррум Лек® в сутки. Продолжительность лечения составляет 3-5 месяцев до нормализации уровня гемоглобина. После этого прием препарата следует продолжить еще в течение нескольких недель для восполнения запасов железа в организме.
Латентная железодефицитная анемия
1 таблетка жевательная в сутки. Лечение продолжается в течение 1-2 месяцев.
Беременные женщины
Железодефицитная анемия с клиническими проявлениями
2-3 таблетки жевательные в день до достижения нормализации величины гемоглобина. После этого терапия должна продолжаться с 1 таблеткой жевательной Феррум Лек® в день, как минимум, до родов для восполнения запасов железа.
Латентная железодефицитная анемия и профилактика железодефицитной анемии
1 таблетка жевательная Феррум Лек® в сутки
Таблица: Суточные дозы Феррум Лек®для профилактики и лечения железодефицита
|
Лекарственная форма |
Железодефицитная анемия с клиническими проявлениями |
Латентная железодефицитная анемия |
Профилактика |
Дети (> 12 лет) Взрослые Кормящие матери |
Таблетки жевательные |
1-3 табл. |
1табл. |
-- |
Беременные женщины |
Таблетки жевательные |
2-3 табл. |
1 табл. |
1 табл. |
Побочные действия
Феррум Лек® как правило, хорошо переносится пациентами. По большей части, нежелательные эффекты были легкими и преходящими.
Очень редко
- абдоминальная боль, запор, диарея, тошнота, боль в желудке, диспепсия, рвота
- крапивница, сыпь, экзантема, зуд
Противопоказания
- повышенная индивидуальная чувствительность к какому-либо из компонентов препарата
- пациентам с перегрузкой железом (например, с гемохроматозом, гемосидерозом)
- наследственная непереносимость фруктозы или мальабсорбция глюкозы-галактозы
- нарушения утилизации железа (анемия, вызванная интоксикацией свинцом, сидероахрестическая анемия, талассемия)
- анемия, не обусловленная железодефицитом (гемолитическая анемия)
Лекарственные взаимодействия
До сих пор взаимодействия не наблюдались. Так как железо связано с комплексом, невелика вероятность того, что произойдет ионное взаимодействие с компонентами пищи (фитином, оксалатами, танином и т.д.) и одновременно принимаемыми лекарствами (тетрациклины, антациды). Тест для обнаружения скрытой крови (избирательный для Hb) не нарушается и, следовательно, нет необходимости в прерывании терапии железом.
Особые указания
Препарат не вызывает окрашивания эмали зубов. Лекарственные формы препарата Феррум Лек® принимаемые внутрь и другие препараты железа могут окрашивать кал в темный цвет. Это не имеет клинической значимости.
Детям в возрасте до 12 лет в связи с необходимостью назначения препарата в низких дозах предпочтительно применение в форме сиропа. В случаях анемии, вызванной инфекционным или злокачественным заболеванием, железо накапливается в ретикуло-эндотелиальной системе, из которой мобилизуется и утилизируется только после излечения основного заболевания. При назначении препарата пациентам с сахарным диабетом следует учитывать, что одна таблетка жевательная содержит 0,04 хлебных единиц. Таблетки жевательные Феррум Лек® содержат аспартам, источник фенилаланина (предшественник фенилаланина), в количестве, эквивалентном 1,5 мг на 1 таблетку, что может послужить причиной неблагоприятного влияния на пациентов с фенилкетонурией. Пациенты с редкими наследственными проблемами непереносимости фруктозы, мальабсорбцией глюкозы-галактозы или недостаточностью сахаразы-изомальтазы не должны принимать данное лекарство.
Беременность и период лактации
Применение препарата Феррум Лек®, таблетки жевательные в период беременности и лактации возможно только после консультации с врачом. Рекомендуется оценить соотношение «польза/риск» применения препарата.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Не влияет
Передозировка
Не выявлена
Форма выпуска и упаковка
По 10 таблеток помещают в контурную безъячейковую упаковку из фольги алюминиевой.
По 3 контурных упаковки вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках вкладывают в пачку из картона.
По 10 таблеток помещают в контурные ячейковые упаковки из фольги алюминиевой.
По 3 контурных упаковки вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках вкладывают в пачку из картона.
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 25°С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
3 года
Не применять по истечении срока годности.
Условия отпуска из аптек
По рецепту
Феррум Лек®
Жоқ
Шайнайтын таблеткалар 100 мл
Құрамы
Бір шайнайтын таблетканың құрамында
белсенді зат – темір 100.00 мг (400.00 мг темір (III) гидроксиді полимальтоза кешеніне шаққанда),
қосымша заттар: макрогол 6000, аспартам (Е951), шоколад эссенциясы, тальк, декстраттар
Дөңгелек пішінді, жайпақ беткейлі, ойығы, ашық-қоңыр түсті теңбілдері бар таблеткалар.
Қан және қан түзу ағзалары. Анемияға қарсы препараттар. Темір препараттары. Ішуге арналған үш валентті темір (Fe3+) препараттары. Темір тотығының полимальтоза кешені.
АТХ коды В03АВ05
Фармакологиялық қасиеттері
Темір Феррум Лек® препараты шайнайтын таблеткаларының құрамында темір (ІІІ) гидроксиді мен полимальтоза кешені түрінде болады, оның бөлшектері полимер көмірсудың (полимальтозаның) молекулаларына кіреді. Мұндай түрінде темір асқазан-ішек жолына зиянды әсер етпейді және аспен өзара әрекеттеспейді. Бұл ретте темірдің биожетімділігі де жоғарылайды. Темірдің эритроциттердегі гемоглобин деңгейі бойынша анықталатын сіңуі енгізілген дозаға кері пропорционалды болады (неғұрлым доза жоғары болса, соғұрлым сіңу деңгейі төмен). Темір гидроксиді (ІІІ) және полимальтоза кешенінің құрылымы организмде болатын табиғи темір қорын жинағыш протеин - ферритиннің құрылымына ұқсас болады. Осы ұқсастық нәтижесінде бұл кешеннің темірі (ІІІ) белсенді сіңірілу үдерісінің көмегімен сіңеді. Сіңудің ең жоғары деңгейі он екі елі ішекте және аш ішекте байқалады. Сіңген темір негізінен ферритинмен кешенде бауырда қор болып жиналады, содан соң сүйек кемігінде оның гемоглобин құрамына енуі жүзеге асады. Сіңбеген темір нәжіспен шығарылады. Организмнен асқазан-ішек және тері эпителийінің қабыршақтанатын жасушаларымен бірге, сондай-ақ термен, өтпен және несеппен шығарылатын темірдің мөлшері тәулігіне шамамен 1 мг құрайды. Әйелдердің темірді етеккір қанымен жоғалтуын ескерген жөн.
Фармакодинамикасы
Феррум Лек® препаратындағы темір (ІІІ) гироксидінің көпядролық молекулалары олармен ковалентті емес байланысқан полимальтоза молекулаларымен молекулалық салмағы 50 кД жуық әлсіз кешен түзе отырып қоршалған, ол өзінің өлшемінің арқасында еківалентті темірмен (ІІ) салыстырғанда ішек шырышты қабығы жарғақшалары арқылы қарапайым диффузия механизмінің көмегімен 40 есе әлсіз өтеді. Кешен физиологиялық жағдайда тұрақты болып табылады, одан темір иондары босап шықпайды.
Феррум Лек® препаратында темір (ІІІ) гидроксиді және полимальтоза кешенінің еківалентті темір тұздарына тән прооксидантты қасиеттері жоқ. Тығыздығы төмен және өте төмен липопротеиндердің қышқылдандыру факторларына сезімталдығы осыған байланысты төмендейді.
Препараттың құрамына кіретін темір ферритинмен кешен түрінде бауырда жинақталады, содан соң гемоглобин құрамына қосылады, сонысымен организмде темір тапшылығын жылдам толықтырады және гемоглобин деңгейін қалпына келтіреді. Препаратпен емдеу кезінде темір тапшылығының клиникалық (әлсіздік, шаршағыштық, бас айналуы, тахикардия, тері жабындарының ауыруы мен құрғауы) және зертханалық симптомдары біртіндеп төмендей бастайды.
Қолданылуы
- латентті темір тапшылықты анемияны емдеуде
- темір тапшылықты анемияны емдеуде (клиникалық көріністерімен)
- жүктілік кезіндегі темір тапшылығында
Қолдану тәсілі және дозалары
Емдеу дозасы мен ұзақтығы темір тапшылығы дәрежесіне байланысты болады.
Феррум Лек® шайнайтын таблеткаларын тамақтану кезінде немесе тамақтан кейін бірден қабылдау ұсынылады. Шайнайтын таблеткаларды шайнап немесе тұтастай жұтуға болады. Күнделікті дозаны бірнеше қабылдауға бөлуге немесе 1 рет қабылдауға болады.
Клиникалық көріністері бар темір тапшылықты анемия
12 жастан асқан балалар, ересектер, бала емізетін аналар
Тәулігіне 1-3 Феррум Лек® шайнайтын таблеткалары. Емдеу ұзақтығы гемоглобин деңгейі қалыпқа түскенге дейін жалғасып, 3-5 айды құрайды. Осыдан кейін препаратты организмдегі темір қорын толықтыру үшін тағы да бірнеше апта бойы тағайындайды.
Латентті темір тапшылықты анемия
Тәулігіне 1 шайнайтын таблетка. Емдеу 1-2 ай бойы жалғасады.
Жүкті әйелдер
Клиникалық көріністері бар темір тапшылықты анемия
Гемоглобин мөлшері қалыпқа жеткенше күніне 2-3 шайнайтын таблетка. Бұдан кейін күніне Феррум Лек® 1 шайнайтын таблеткасымен темір қорын толықтыру үшін кем дегенде босанғанға дейін емдеу жалғастырылуы тиіс.
Латентті темір тапшылықты анемия және темір тапшылықты анемияның профилактикасы
Тәулігіне 1 Феррум Лек® шайнайтын таблеткасы.
Кесте: Темір тапшылығының профилактикасы мен емдеуге арналған Феррум Лек® тәуліктік дозалары
|
Дәрілік
түрі |
Клиникалық
көріністермен темір тапшылықты анемия |
Латентті темір
тапшылықты анемия |
Профилактика |
Балалар (> 12
жас) Ересектер Бала емізетін аналар |
Шайнайтын таблеткалар
|
1-3 табл. |
1 табл. |
-- |
Жүкті
әйелдер |
Шайнайтын
таблеткалар |
2-3 табл. |
1 табл. |
1 табл. |
Жағымсыз әсерлері
Пациенттерде Феррум Лек® көтерімділігі, әдетте жақсы. Жағымсыз әсерлері көбінде жеңіл және өтпелі болған.
Өте сирек
- абдоминальді ауыру, іш қату, диарея, жүрек айну, асқазанның ауыруы, диспепсия, құсу
- есекжем, бөртпе, экзантема, қышыну
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттерінің қандай да біріне жекелей жоғары сезімталдық
- темірмен артық жүктемесі бар (мысалы, гемохроматоз, гемосидерозы бар) пациенттерге
- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық немесе глюкоза-галактоза мальабсобциясы
- темір утилизациясының бұзылуы (мысалы,қорғасынмен уыттанудан туындаған анемия, сидероахрестикалық анемия, талассемия)
- темір тапшылығымен байланысты емес анемия (гемолиздік анемия)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Қазірге дейін өзара әрекеттесуі байқалмаған. Темір кешенмен байланысты болғандықтан тамақ компоненттерімен (фитинмен, оксалаттармен, танинмен және т.б.) және бір мезгілде қабылданатын дәрілермен (тетрациклиндер, антацидтер) иондық өзара әрекеттесу жүруінің ықтималдығы аз. Жасырын қанды анықтауға арналған тест (Hb үшін таңдамалы) бұзылмайды, демек темірмен емдеуді тоқтатудың қажеті жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Препарат тіс эмалінің боялуын туындатпайды. Феррум Лек® препаратының ішуге арналған дәрілік түрлері мен темірдің басқа да препараттары нәжісті күңгірт түске бояуы мүмкін. Мұның клиникалық мәнділігі жоқ.
12 жасқа дейінгі балаларға препаратты төменгі дозада тағайындау қажеттілігіне байланысты шәрбат түрінде қолданған дұрыс.
Инфекциялық немесе қатерлі аурулар туындатқан анемия жағдайында темір ретикуло-эндотелиальді жүйеде жинақталады, онда жасақталып, негізгі ауру жазылғаннан кейін ғана жойылады. Препаратты қант диабеті бар пациенттерге тағайындағанда бір шайнайтын таблетканың құрамында 0,04 нан бірлігі бар екендігін ескерген жөн. Феррум Лек®шайнайтын таблеткаларының құрамында 1 таблеткаға 1,5 мг баламалы мөлшерінде фенилаланин көзі саналатын (фенилаланин ізашары) аспартам бар, бұл фенилкетонуриямен пациенттерге жағымсыз әсер етудің себебі болуы мүмкін. Сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі проблемалары бар пациенттерге бұл дәрі қолданылмауы тиіс.
Жүктілік және лактация кезеңі
Феррум Лек® препараты шайнайтын таблеткаларын жүктілік және лактация кезеңінде тек дәрігермен кеңесуден кейін ғана қолдану керек.
Қолданудың «пайда/қауіп» арақатынасын бағалау ұсынылады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға салынған.
3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
10 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25°С -ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы