Торговое название
Фенкарол®25 мг
Международное непатентованное название
Хифенадин
Лекарственная форма
Таблетки
Состав
Одна таблетка содержит
активное вещество – хифенадина гидрохлорид 25 мг,
вспомогательные вещества – крахмал картофельный, сахар, кальция стеарат.
Описание
Таблетки белого или почти белого цвета, плоскоцилиндрической формы с фаской
Фармакотерапевтическая группа
Антигистаминные препараты системного действия
Антигистаминные препараты системного действия другие. Хифенадин
Код АТХ R06АХ31
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Всасывание
45 % лекарственного средства быстро всасывается из желудочно-кишечного тракта и уже через 30 минут обнаруживается в тканях организма. Максимальная концентрация активного вещества (хифенадина гидрохлорида) в плазме крови достигается через час.
Распределение
Наиболее высокая концентрация активного вещества наблюдается в печени, ниже – в легких и почках, самая низкая – в тканях головного мозга. Лекарственное средство обладает низкой липофильностью и его содержание в мозговых тканях низкое (менее 0,05 %), что объясняет отсутствие угнетающего влияния на центральную нервную систему (ЦНС), но при индивидуальной повышенной чувствительности возможен слабый седативный эффект.
Биотрансформация
Фенкарол метаболизируется в печени. Основной метаболит N-оксид – (хинуклидил-3)-дифенилкарбинол, который является менее токсичным (в два раза), чем хифенадин и 10 раз слабее в отношении антигистаминного действия, а также не оказывает влияния на ЦНС.
Элиминация
Метаболиты и неизмененная доля лекарственного средства выводятся в основном с мочой, желчью и через легкие. Из кишечника выводится неабсорбированная часть лекарственного средства. Основная часть лекарственного средства и его метаболитов (около 44 %) выводятся с мочой в течение 48 часов и еще 1% в течение следующих 48 часов.
Фармакодинамика
Фенкарол является антигистаминным средством (производным хинуклидилкарбинола), уменьшает воздействие гистамина на органы и их системы. В отличие от других классических лекарственных средств этой группы, Фенкарол обладает двойным механизмом действия. Лекарственное средство блокирует гистаминовые Н1-рецепторы в периферических тканях, а также активирует фермент диаминоксидазу (гистаминазу), таким образом снижая концентрацию гистамина в тканях. Этим объясняется эффективность Фенкарола для больных, лечение которых другими противогистаминными средствами неэффективно. Фенкарол обладает низкой липофильностью, поэтому проникает через гематоэнцефалический барьер в незначительном количестве, слабо влияет на процессы дезаминирования серотонина в мозговых тканях и на активность ферментов моноаминоксидазы. Фенкарол снижает токсическое действие гистамина, устраняет или ослабляет бронхоконстрикторное действие и спазмогенное влияние на гладкую мускулатуру кишечника, ослабляет гипотензивное действие гистамина и его влияние на проницаемость кровеносных сосудов. Фенкарол обладает умеренной противосеротонинной и слабой холинолитической активностью, не обладает адренолитической активностью. Фенкарол оказывает явно выраженное противозудное и десенсибилизирующее действие.
Показания к применению
- поллинозы
- пищевая и лекарственная аллергия, другие аллергические заболевания
- острая и хроническая крапивница
- отек (ангионевротический) Квинке
- сенная лихорадка
- аллергический ринит
- дерматозы (экзема, нейродермит, кожный зуд)
Способ применения и дозы
Фенкарол принимают внутрь сразу после еды.
Доза для взрослых – по 25-50 мг 3-4 раза в день. Максимальная суточная доза составляет 200 мг. Длительность курса лечения 10-20 дней. При необходимости курс повторяют.
Детям старше 12 лет – по 25 мг 2-3 раза в день. Длительность курса лечения составляет 10-15 дней. При необходимости курс повторяют.
Если вовремя не была принята очередная доза, прием препарата продолжают, не увеличивая дозу. При необходимости надо проконсультироваться с врачом.
Побочные действия
Так же как и все лекарственные средства, Фенкарол может вызывать побочные действия, которые проявляются не у всех пациентов.
Классификация нежелательных побочных реакций по частоте развития: очень часто (≥ 1/10); часто (≥ 1/100 до < 1/10); нечасто (≥ 1/1000 до < 1/100); редко (≥ 1/10 000 до < 1/1000); очень редко (< 1/10 000); частота проявления не известна (невозможно определить по имеющимся данным).
Нарушения со стороны нервной системы
Нечасто: головная боль, сонливость.
Нарушения со стороны желудочно-кишечного тракта
Часто: сухость во рту.
Нечасто: нарушения пищеварения (тошнота, рвота), которые обычно исчезают при снижении дозы или отмене лекарственного средства.
Если у Вас проявились какие-либо побочные действия, которые не указаны в данной инструкции, или какое-либо из упомянутых побочных действий выражено особенно сильно, просим обратиться к врачу.
Противопоказания
- повышенная чувствительность к фенкаролу или к вспомогательным компонентам препарата
- детский возраст до 12 лет
- I триместр беременности и период лактации
- пациентам с врожденной непереносимостью фруктозы, мальабсорбцией глюкозы-галактозы или недостаточностью сахаразы-изомальтазы.
Лекарственные взаимодействия
Фенкарол не усиливает угнетающее действие снотворных средств на центральную нервную систему. Фенкарол обладает слабыми М-холиноблокирующими свойствами, но при снижении моторики желудочно-кишечного тракта всасывание медленно абсорбирующихся медикаментов может усиливаться (например, антикоагулянтов непрямого действия – кумаринов).
Особые указания
Соблюдать осторожность при тяжелых заболеваниях сердечно-сосудистой системы, желудочно-кишечного тракта или печени, почек.
Применение в педиатрии
В детской практике применяют таблетки Фенкарол®10 мг.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Людям, работа которых требует быстрой физической или психомоторной реакции (водители транспорта и др.), следует предварительно установить (путем краткосрочного назначения), не оказывает ли препарат седативного действия. Необходимо соблюдать осторожность в период применения препарата.
Передозировка
Симптомы: сухость слизистых оболочек, головная боль, рвота, боли в эпигастрии и другие диспептические явления.
Лечение: симптоматическая терапия. Специфического антидота нет.
Форма выпуска и упаковка
По 10 таблеток помещают в контурную ячейковую упаковку из пленки поливинилхлоридной и фольги алюминиевой.
По 2 контурные упаковки вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках вкладывают в коробку из картона.
Условия хранения
Хранить в сухом, защищенном от света месте при температуре не выше 25 °С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
5 лет
Не применять по истечении срока годности.
Условия отпуска из аптек
По рецепту
Саудалық атауы
Фенкарол® 25 мг
Халықаралық патенттелмеген атауы
Хифенадин
Дәрілік түрі
Таблеткалар
Құрамы
Бір таблетка құрамында
белсенді зат – 25 мг хифенадин гидрохлориді,
қосымша заттар – картоп крахмалы, қант, кальций стеараты.
Сипаттамасы
Ойығы бар тегіс цилиндр пішінді, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі әсер ететін антигистаминдік препараттар
Жүйелі әсер ететін антигистаминдік басқа препараттар. Хифенадин
АТХ коды R06АХ31
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
45 % дәрілік зат асқазан-ішек жолынан жылдам сіңеді және тіпті 30 минут ішінде организм тіндерінде байқалады. Белсенді заттар (хифенадин гидрохлориді) қан плазмасында ең жоғарғы концентрациясына бір сағаттан соң жетеді.
Таралуы
Белсенді заттың барынша жоғарғы концентрациясы бауырда, төмені – өкпеде және бүйректе, ең төмені – ми тіндерінде байқалады.
Дәрілік зат төмен липофильділікке иеленген және оның мөлшері ми тіндерінде төмен (0,05 % аз), бұл оның орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) бәсеңдеткіш әсер етпейтіндігін түсіндіреді, алайда жекелей жоғары сезімталдық кезінде әлсіз седативті әсер етуі мүмкін.
Биотрансформациясы
Фенкарол бауырда метаболизденеді. Хифенадинге қарағанда уыттылығы аздау (екі есе) болып табылатын негізгі метаболит N-оксид – (хинуклидил-3)-дифенилкарбинол және гистаминге қарсы әсеріне қатысты алғанда 10 есе әлсіздеу, сондай-ақ ОЖЖ әсер етпейді.
Шығарылуы
Метаболиттер мен дәрілік заттың өзгермеген бөлігі көбіне несеппен, өтпен және өкпе арқылы шығарылады. Ішектен дәрілік заттың сіңірілмеген бөлігі шығарылады. Дәрілік заттың негізгі бөлігі және оның метаболиттері (44 % жуығы) 48 сағат ішінде несеппен және келесі 48 сағат ішінде тағы 1% шығарылады.
Фармакодинамикасы
Фенкарол – гистаминге қарсы дәрі (хинуклидилкарбинол туындысы), гистаминнің ағзаларға және жүйелерге әсерін азайтады. Осы топтың классикалық дәрілік заттарынан айырмашылығы, Фенкарол қосарлы әсер ету механизмі бар. Дәрілік зат шеткері тіндерде гистаминдік Н1-рецепторларды бөгейді, сондай-ақ диаминоксидаза (гистаминазаны) ферментін белсенді етеді, осылайша, тіндерде гистаминнің концентрациясын төмендетеді. Бұл гистаминге қарсы басқа дәрілермен емдеу тиімді болмаған науқастар үшін Фенкаролдың тиімді болуымен түсіндіріледі. Фенкаролдың липофильділігі төмен, сондықтан гематоэнцефалдық бөгет арқылы елеусіз мөлшерде өтеді, ми тіндерінде серотониннің дезаминирлену үдерісіне және моноаминоксидаза ферменттерінің белсенділігіне әлсіз ықпал етеді. Фенкарол гистаминнің уытты әсерін төмендетеді, бронхоконстрикторлы әсерін және ішектің тегіс бұлшықеттеріне спазмогендік ықпалын жояды немесе бәсеңдетеді, гистаминнің гипотензиялық әсерін және қантамырлар өткізгіштігіне ықпалын әлсіретеді. Фенкаролдың серотонинге қарсы орташа әсері және әлсіз холинолитикалық белсенділігі бар, адренолитикалық белсенділігі жоқ. Фенкарол айқын қышынуға қарсы және десенсибилизациялаушы әсер береді.
Қолданылуы
- поллиноздарда
- тағамдық және дәрілік аллергия, басқа аллергиялық ауруларда
- жедел және созылмалы есекжемде
- Квинке (ангионевроздық) ісінуде
- пішен қызбасында
- аллергиялық ринитте
- дерматоздарда (экзема, нейродермит, тері қышынуы)
Қолдану тәсілі және дозалары
Фенкаролды тамақтан соң бірден қабылдайды.
Ересектерге арналған доза –25-50 мг-ден күніне 3-4 рет. Ең жоғары тәуліктік доза 200 мг құрайды. Емдеу курсының ұзақтығы 10-20 күнді құрайды. Қажет болған кезде курс қайталанады.
12жастан асқан балаларға –25 мг-ден күніне 2-3 рет. Емдеу курсының ұзақтығы 10-15 күнді құрайды. Қажет болғанда курсты қайталайды.
Егер кезекті доза дер кезінде қабылданбаса, препарат қабылдауды дозасын арттырмай жалғастырады. Қажет болғанда дәрігерден кеңес алу керек.
Жағымсыз әсерлері
Барлық басқа дәрілік заттар сияқты пациенттерде байқала бермейтіндей жағымсыз әсерлерді туғызуы мүмкін.
Даму жиілігі бойынша қажет емес жағымсыз реакциялар жіктеуі:
өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100 < 1/10 дейін); жиі емес (≥ 1/1000
< 1/100 дейін); сирек (≥ 1/10 000 < 1/1000 дейін); өте сирек (< 1/10 000); байқалу жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес).
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі емес: бас ауыру, ұйқышылдық.
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Жиі: ауыздың құрғауы.
Жиі емес: ас қорытудың бұзылулары (жүрек айну, құсу), олар әдетте дозаны төменткенде немесе дәрілік затты тоқтатқанда жоғалады.
Егер Сізде осы нұсқаулықта көрсетілмеген қандай да бір жағымсыз әсерлер байқалса немесе ескертілген жағымсыз әсердің қандайда бірі әсіресе күшті анықталса дәрігерге көрінуді сұраймыз.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- фенкаролға немесе препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық
- 12 жасқа дейінгі балаларға
- жүктіліктің І триместрі және лактация кезеңі
- туа біткен фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттерге
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Фенкарол орталық жүйке жүйесіне ұйықтататын дәрінің бәсеңдеткіш әсерін күшейтпейді. Фенкарол әлсіз М-холиноблокаторлық қасиеттерге ие, бірақ асқазан-ішек жолының моторикасы төмендеген кезде баяу сіңірілетін дәрі-дәрмектердің (мысалы, әсер етуі тікелей емес антикоагулянттар -кумариндер) сіңуі күшеюі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Жүрек қан-тамыр жүйесінің, асқазан-ішек жолы немесе бауыр, бүйректің күрделі аурулары кезінде абай болу керек.
Педиатрияда қолданылуы
Балалар тәжірибесінде Фенкарол®10 мг таблеткаларын қолданады
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жылдам физикалық немесе психомоторлық реакцияны (көлік жүргізушілері және б.) талап ететін жұмыспен айналысатын адамдарға препараттың седативтік әсер ететін-етпейтіндігін алдын ала (қысқа мерзімдік тағайындау жолымен) анықтап алу керек. Препаратты қолдану кезінде сақ болу қажет.
Артық дозалануы
Симптомдары: шырышты қабықтардың құрғауы, бас ауыруы, құсу, іш тұсының ауыруы және басқа да диспепсиялық құбылыстар.
Емі: симптоматикалық ем. Спецификалық антидоты жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы