Торговое название
Фарматекс®
Международное непатентованное название
Миристалкония хлорид
Лекарственная форма
Таблетки вагинальные
Состав
активное вещество: миристалкония хлорид 20,0 мг
вспомогательные вещества: натрия гидрокарбонат, кислота лимонная безводная, кремния диоксид коллоидный безводный, магния стеарат, целлюлоза микрокристаллическая, лактозы моногидрат, макрогол 6000
Описание
Круглые белые таблетки с отверстием в центре
Фармакотерапевтическая группа
Другие препараты для лечения гинекологических заболеваний. Контрацептивы для местного применения. Интравагинальные контрацептивы.
Код АТX G02BB
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Миристалкония хлорид не всасывается слизистой оболочкой влагалища. Он абсорбируется лишь на поверхности стенок влагалища и затем выводится с нормальными физиологическими выделениями или устраняется простым промыванием водой.
Фармакодинамика
Миристалкония хлорид является одновременно спермицидом и антисептиком. Действующее вещество разрушает мембраны сперматозоидов. Разрушение сперматозоидов происходит в два этапа: вначале разрушение жгутика, затем разрыв головки, что обусловливает невозможность оплодотворения.
Эффективность метода зависит от правильности и точности соблюдения рекомендаций по применению.
Сапрофитная флора под воздействием контрацептива не меняется – Фарматекс®не влияет на количество лактобацилл (палочек Додерляйна).
Не являясь гормональным препаратом, Фарматекс® не влияет на менструальный цикл, либидо, фертильность.
Миристалкония хлорид также проявляет антисептическую активность:
· in vitro,препарат активен в отношении возбудителей инфекций, передающихся половым путем, а именно: Neisseria gonorrhoeae, Chlamydia spp., Herpes simplex тип 2, ВИЧ, Trichomonas vaginalis, Staphylococcus aureus. Тем не менее, он не активен в отношении Mycoplasma spp. и низко активен в отношении Gardnerella vaginalis, Candida albicans, Haemophilus ducreyi и Treponema pallidum;
· in vivo,некоторые элементы активны в отношении возбудителей некоторых заболеваний, передающихся половым путем. Информация по применению в качестве профилактического средства отсутствует.
Показания к применению
Местная контрацепция для любой женщины репродуктивного возраста, не имеющей к этому противопоказаний, а также в случаях:
- при наличии временных или абсолютных противопоказаний к применению гормональных контрацептивов или внутриматочной спирали (ВМС)
- в период после родов и во время кормления грудью
- в период, предшествующий менопаузе
- при необходимости эпизодического предохранения от беременности
- в качестве дополнительной местной контрацепции при использовании вагинальной диафрагмы, цервикального колпачка или внутриматочной спирали (особенно при длительном применении лекарственных препаратов таких как нестероидные противовоспалительные средства).
- в качестве дополнительного метода контрацепции при пропуске или опоздании в приеме пероральных гормональных контрацептивов. В этом случае рекомендуется сочетать оба метода контрацепции на протяжении оставшихся дней менструального цикла.
Способ применения и дозы
Для вагинального применения.
В положении лежа на спине, смоченную водой таблетку вводят глубоко во влагалище не позднее, чем за 10 минут до полового акта. Длительность действия препарата - 3 часа. Обязательно вводить новую таблетку перед каждым повторным половым актом.
Разовая доза: одна таблетка рассчитана на один половой акт. Кратность использования ограничена индивидуальной субъективной переносимостью действующего вещества и частотой половых актов.
возможно применение фарматекса совместно с влагалищной диафрагмой или ВМС.
Сразу после полового акта допустим только туалет наружных половых органов простой водой.
Побочные действия
- Аллергические реакции, контактный дерматит, зуд и жжение у одного или обоих партнеров.
В случае их возникновения прекратить использование Фарматекса.
Противопоказания
- повышенная чувствительность к компонентам препарата
- кольпит, вагинит
- изъязвление и раздражение слизистой оболочки влагалища и матки
- невозможность правильного применения Фарматекса у лиц с нарушениями психики или лиц, не допускающих любые вмешательства на половых органах, которые препятствуют использованию контрацептива
- любому лицу, не способному понять или согласиться с этим видом контрацепции.
Лекарственные взаимодействия
Любое средство, введенное во влагалище, может инактивировать местное спермицидное действие Фарматекса. Действующее вещество – миристалкония хлорид, разрушается мылом, поэтому запрещается использование мыла для туалета половых органов, даже в минимальных количествах.
Особые указания
Фарматекс®является эффективным препаратом для предохранения от беременности при условии его правильного применения. Однако, метод спермицидной местной контрацепции всегда менее эффективен, по сравнению с гормональной контрацепцией, внутриматочными контрацептивами, диафрагмой, цервикальным колпачком или презервативом.
Эффективность контрацепции связана исключительно со строгим соблюдением правил его использования.
· Применять систематически перед каждым половым актом.
· Запрещается использование мыла для туалета половых органов для обоих партнёров за 2 часа до полового акта и в течение 2-х часов после полового акта, т.к. мыло, даже в остаточных количествах, разрушает действующее вещество Фарматекса.
· Сразу после полового акта возможен только наружный туалет половых органов только простой водой. Прежде чем делать влагалищное орошение, следует подождать в течение 2-х часов после полового акта.
· С Фарматексом, введенном во влагалище, нельзя принимать ванны, купаться в море, бассейне и водоемах во избежание снижения его контрацептивного действия.
· В случае если возникает необходимость лечения заболеваний влагалища и/или назначения какого-либо другого лекарственного средства вагинально, необходимо дождаться конца лечения прежде, чем возобновлять (начинать) контрацепцию с помощью Фарматекса.
· Данный метод контрацепции не защищает от инфекций, передающихся половым путем или вызванных вирусом иммунодефицита человека. От этих заболеваний есть только один метод барьерной контрацепции – презерватив.
Беременность и период лактации
Какого-либо вредного воздействия, связанного с использованием препарата во время беременности, обнаружено не было: экспертиза тератогенных свойств конечного продукта дала отрицательные результаты, так же как и экспертиза тератогенных свойств самого действующего вещества.
Проникновение в материнское молоко возможно в крайне незначительном количестве без каких-либо известных негативных последствий. Препарат может применяться в период грудного вскармливания.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Не влияет.
Передозировка
Не выявлена
Форма выпуска и упаковка
По 12 таблеток помещают в тубы пилипропиленовые, закрытые пробкой из полиэтилена с силикагелем.
По 1 тубе вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в картонную пачку
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 30 °С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
3 года
Не использовать по истечении срока годности, указанного на упаковке.
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Фарматекс®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Миристалконий хлориді
Қынаптық таблеткалар
Құрамы
белсенді зат: 20,0 мг миристалконий хлориді
қосымша заттар:натрий гидрокарбонаты, сусыз лимон қышқылы, кремнийдің коллоидты сусыз қостотығы, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, макрогол 6000
Сипаттамасы
Ортасында саңылауы бар дөңгелек ақ таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа препараттар. Жергілікті қолдануға арналған контрацептивтер. Қынапішілік контрацептивтер.
АТХ коды G02BB
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Миристалконий хлориді қынаптың шырышты қабығына сіңбейді. Ол қынап жақтаулары беткейіне ғана сіңіріледі және одан кейін қалыпты физиологиялық бөліністермен шығарылады немесе сумен жай ғана жуып-шаюмен кетіріледі.
Фармакодинамикасы
Миристалконий хлориді бір мезгілде спермицид және антисептик болып табылады. Әсер етуші зат сперматозоидтар жарғақшаларын ыдыратады. Сперматозоидтардың ыдырауы екі сатыда жүреді: басында жіпшенің ыдырауы, содан соң бас жағының жарылуы жүреді, бұл ұрықтанудың мүмкін болмауына негіз болады.
Әдістің тиімділігі қолдану жөніндегі ұсынымдардың дұрыстығына және дәл сақталуына байланысты.
Сапрофитті флора контрацептив әсерімен өзгермейді – Фарматекс® лактобацилдердің (Додерляйн таяқшалары) мөлшеріне әсер етпейді.
Фарматекс®гормональді препарат емес болғандықтан етеккір оралымына, либидо, фертильдікке әсер етпейді.
Миристалконий хлориді сондай-ақ антисептикалық белсенділік байқатады:
· in vitro,препаратжыныстық жолмен берілетін инфекция қоздырғыштарына қатысты белсенді, атап айтқанда: Neisseria gonorrhoeae, Chlamydia spp., Herpes simplex 2 типі, АИТВ, Trichomonas vaginalis, Staphylococcus aureus. Дегенмен, ол Mycoplasma spp. қатысты белсенді емес және Gardnerella vaginalis, Candida albicans, Haemophilus ducreyi және Treponema pallidum қатысты белсенділігі төмен;
· in vivo, кейбір элементтер жыныстық жолмен берілетін кейбір аурулар қоздырғыштарына қатысты белсенді. Профилактикалық дәрі ретінде қолдану жөніндегі ақпарат жоқ.
Қолданылуы
Оған қарсы көрсетілімдері болмаса, ұрпақ өрбіту жасындағы кез келген әйелге арналған жергілікті контрацепция, сондай-ақ мынадай жағдайларда:
- гормональді контрацептивтер немесежатырішілік спиральдар (ЖІС) қолдануға уақытша немесе нақты қарсы көрсетілімдер болғанда
- босанудан кейінгі кезең және бала емізу кезінде
- менопауза алдындағы кезеңде
- жүктіліктен эпизодты сақтану қажеттілігінде
- қынаптық диафрагма, цервикальді қалпақша немесе жатырішілік спираль пайдаланылғанда (әсіресе, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер сияқты дәрілік препараттарды ұзақ қолданғанда) қосымша жергілікті контрацепция ретінде.
- ішуге арналған гормональді контрацептивтер қабылдауды өткізіп немесе кешіктіріп алғанда қосымша контрацепция әдісі ретінде. Мұндай жағдайда контрацепцияның екі әдісін де етеккір оралымының қалған күндері бойына бірге қолдану ұсынылады.
Қолдану тәсілі және дозалары
Қынапқа қолдануға арналған.
Шалқасынан жатқан қалыпта, жыныстық қатынасқа дейін 10 минуттан кешіктірмей суға шыланған таблетканы қынап ішіне терең енгізеді. Препараттың әсер ету ұзақтығы – 3 сағат. Әр қайталанатын жыныстық қатынас алдында міндетті түрде жаңа таблетка енгізіледі.
Бір реттік доза: бір таблетка бір жыныстық қатынасқа есептелген. Пайдалану жиілігі әсер етуші заттың жекелей субъективті көтерімділігімен және жыныстық қатынастар жиілігімен шектелген.
Фарматексті қынаптық диафрагмамен немесе ЖІС-мен бірге қолдануға болады.
Жыныстық актіден кейін бірден сыртқы жыныс мүшелерін жай сумен ғана жууға болады.
Жағымсыз әсерлері
- Жұптастардың біреуінде немесе екеуінде де болатын аллергиялық реакциялар, жанаспалы дерматит, қышыну және ашыту.
Бұлар білінген жағдайда Фарматексті қолдануға болмайды.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- кольпит,вагинит
- қынап пен жатырдың шырышты қабығының ойық жаралануы және тітіркенуі
- психикасы бұзылған тұлғаларда немесе контрацептив пайдалануға кедергі келтіретін, жыныс мүшелеріне жасалатын кез келген араласуларға жол бермейтін тұлғаларда Фарматексті дұрыс қолдану мүмкін болмағанда
- контрацепцияның осы түрін түсінбейтін немесе келіспейтін кез келген тұлғаға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Қынапқа енгізілген кез келген дәрі Фарматекстің жергілікті спермицидтік әсерінің белсенділігін жоя алады. Әсер етуші зат – миристалконий хлориді сабынмен ыдырайды, сондықтан жыныс мүшелерін жуып-шаюға, тіпті өте аз мөлшерде де сабынды пайдалануға тыйым салынады.
Айрықша нұсқаулар
Фарматекс® оны дұрыс қолданған жағдайда жүктіліктен сақтануда тиімді препарат болып табылады. Алайда, спермицидтік жергілікті контрацепцияның, гормональді контрацепциямен, жатырішілік контрацептивтермен, диафрагмамен, цервикальді қалпақша немесе мүшеқаппен салыстырғанда әрқашан тиімділігі аздау. Контрацепцияның тиімділігі тек қана оны пайдалану ережелерін қатаң қадағалауға байланысты.
· Әр жыныстық қатынас алдында жүйелі түрде қолдану керек.
· Жыныстық қатынастан 2 сағат бұрын және жыныстық қатынастан кейінгі 2 сағат ішінде жыныс мүшелерін жуып-шаю үшін сабынды пайдалануға тыйым салынады, өйткені сабын, тіпті қалдық мөлшерінде де Фарматекстің әсер етуші затын ыдыратады.
· Жыныстық қатынастан кейін бірден жыныс мүшелерінің сыртынан ғана тек жай сумен жуып-шаюға болады. Қынапты бүркіп-шаймас бұрын жыныстық қатынастан кейін 2 сағат күте тұру керек.
· Қынапқа енгізілген Фарматекспен, оның контрацептивтік әсерінің төмендеуін болдырмас үшін, ванна қабылдауға, теңізде, бассейнде және су қойнауларында шомылуға болмайды.
· Егер қынап ауруларын емдеу қажеттілігі туындаған және/немесе қынаптық кез келген басқа дәрілік зат тағайындалған жағдайда Фарматекс көмегімен контрацепцияны жаңғыртпас (бастау) бұрын, емнің аяқталуын күте тұру қажет.
· Контрацепцияның бұл әдісі жыныс жолымен берілетін немесе адамның иммунтапшылығы вирусы туындатқан инфекциялардан қорғамайды. Мұндай аурулардан қорғайтын бөгеттік контрацепцияның бір ғана әдісі бар – ол мүшеқап.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік кезінде препаратты пайдалануға байланысты қандай да бір зиянды әсері анықталмаған: әсер етуші заттың өзінің тератогенді қасиеттерінің сараптамасы сияқты, соңғы өнімінің де тератогенді қасиеттерінің сараптамасы теріс нәтижелер берді.
Ана сүтіне өтуі қандай да болмасын белгілі жайсыз зардаптарсыз, өте елеусіз мөлшерде болуы мүмкін. Препаратты бала емізу кезеңінде қолдануға болады.
Дәрілік заттардың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Анықталмаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
12 таблеткадан силикагельді полиэтиленнен жасалған тығынмен жабылған пилипропиленді тубаға салынған.
1 тубадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз