Торговое название
Эмопрокс
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма
Капли глазные, 1 %, 5 мл
Состав
1 мл препарата содержит
активное вещество - метилэтилпиридинола гидрохлорид 10.00 мг,
вспомогательные вещества: динатрия фосфат додекагидрат, калия дигидрофосфат, гипромеллоза, натрия бензоат, натрия сульфит безводный, вода для инъекций.
Описание
Прозрачный или слегка опалесцирующий, бесцветный или коричневато-желтого цвета раствор.
Фармакотерапевтическая группа
Органы чувств. Офтальмологические препараты. Другие препараты для лечения заболеваний глаз
Код АТХ S01XA
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
При применении глазных капель Эмопроксактивное вещество в биологически активных концентрациях не поступает в системный кровоток. Терапевтическая кон-центрация в тканях глаза достигается при однократном закапывании. Метилэтилпи-ридинол не накапливается в органах и тканях. В течение первых двух часов после применения концентрация метилэтилпиридинола в крови быстро снижается, через 24 часа лекарственное средство в крови отсутствует. В тканях глаза концентрация метилэтилпиридинола выше, чем в крови.
Фармакодинамика
Ангиопротектор, уменьшает проницаемость капилляров и укрепляет сосудистую стенку, является антиоксидантом, антигипоксантом и антиагрегантом.
Эффективно ингибирует свободнорадикальные процессы, обладает мембраностабилизирующим действием, препятствует перекисному окислению липидов клеточных мембран. Повышает устойчивость тканей к нехватке кислорода. Оказывает благоприятное влияние на систему свертывания крови: тормозит агрегацию тромбоцитов, снижает общий индекс коагуляции, удлиняет время свертывания крови. Усиливает процесс фибринолиза.
Обладает ретинопротекторными свойствами, защищает сетчатку и другие ткани глаза от повреждающего действия света высокой интенсивности, способствует рассасыванию внутриглазных кровоизлияний, улучшает микроциркуляцию глаза. Стимулирует репаративные процессы в роговице (в том числе после операции или травмы).
Показания к применению
- лечение и профилактика воспалений и ожогов роговицы;
- лечение кровоизлияний в переднюю камеру глаза;
- лечение и профилактика кровоизлияний в склеру у лиц пожилого возраста;
- тромбоз центральной вены сетчатки и ее ветвей;
- лечение осложнений близорукости;
- диабетическая ретинопатия.
Способ применения и дозы
Только для местного применения.
Препарат закапывают в конъюнктивальный мешок по 1-2 капли 2-3 раза в день. Продолжительность курса лечения зависит от течения заболевания (обычно составляет 3-30 дней) и определяется врачом. При необходимости и хорошей переносимости курс лечения может быть продлен до 6 месяцев. Курс лечения может повторяться 2-3 раза в год.
Следует избегать прикосновения кончика капельницы к каким-либо поверхностям, чтобы избежать микробного загрязнения содержимого флакона.
Побочные действия
Ощущение жжения, зуд, кратковременная гиперемия конъюнктивы, редко - местные аллергические реакции.
Противопоказания
- гиперчувствительность к метилэтилпиридинолу или к другим компонентам препарата;
- беременность и период лактации;
- детский и подростковый возраст до 18 лет.
Лекарственные взаимодействия
Негативных проявлений при применении метилэтилпиридинола на фоне терапии другими лекарственными препаратами не описано.
Особые указания
При необходимости одновременного использования других офтальмологических лекарственных средств Эмопрокс следует закапывать последним, после полного всасывания предшествующих лекарственных препаратов (не менее чем через 10-15 минут).
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Пациентам, у которых после применения препарата временно теряется четкость зрения, следует избегать потенциально опасных видов деятельности, требующих повышенного внимания и скорости психомоторных реакций.
Передозировка
Случаев передозировки не зарегистрировано.
Форма выпуска и упаковка
По 5 мл препарата помещают в пластиковый флакон с пробкой-капельницей и завинчивающимся защитным колпачком, снабженным предохранительным кольцом.
По 1 флакону вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках вкладывают в пачку из картона.
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 25°С.
Период применения после вскрытия флакона не более 4 недель.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
3 года
Не применять по истечении срока хранения.
Условия отпуска из аптек
По рецепту
Саудалық атауы
Эмопрокс
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Көзге тамызатын дәрі 1 %, 5 мл
Құрамы
1 мл препарат құрамында
белсенді зат - 10.00 мг метилэтилпиридинол гидрохлориді,
қосымша заттар: динатрий фосфат додекагидраты, калий дигидрофосфаты, гипромеллоза, натрий бензоаты, сусыз натрий сульфиті, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір немесе сәл бозаңданатын, түссіз немесе қоңыр-сары түсті ертінді.
Фармакотерапиялық тобы
Сезім ағзалары. Офтальмологиялық препараттар. Көз ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар.
АТХ коды S01XA
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Эмопрокс көзге тамызатын дәрісін қолдану кезінде биологиялық белсенді концентрациялардағы белсенді зат жүйелі қан ағымына түспейді. Емдік концентрациясы көз тіндеріне бір рет тамызу кезінде жетеді. Метилэтилпи-ридинол ағзалар мен тіндерде жинақталмайды. Қолданғаннан кейін алғашқы екі сағат ішінде қандағы метилэтилпиридинол концентрациясы тез төмендейді, 24 сағаттан кейін қанда дәрілік зат болмайды. Көз тіндеріндегі метилэтилпиридинол концентрациясы қандағыға қарағанда жоғары.
Фармакодинамикасы
Ангиопротектор, капиллярлардың өткізгіштігін азайтады және қан тамырларының кенересін нығайтады, антиоксидант, антигипоксант және антиагрегант болып табылады
Бос радикалды үдерістерді тиімді тежейді, жарғақша тұрақтандыратын әсерге ие, жасуша жарғақшаларының липидтерінің асқын тотығуына кедергі жасайды. Оттегі жеткіліксіздігіне тіндердің төзімділігін жоғарылатады. Қан ұю жүйесіне жағымды әсер етеді: тромбоциттердің агрегациясын тежейді, коагуляцияның жалпы индексін төмендетеді, қанның ұю уақытын ұзартады. Фибринолиз үдерісін күшейтеді.
Ретинопротекторлы қасиеттерге ие, жоғары қарқындылықтағы зақымдайтын жарықтың әсерінен көздің торқабығын және басқа да тіндерін қорғайды, көзішілік қанталаудың қайтуына ықпал етеді, көздегі микроайналымды жақсартады. Мөлдір қабықта репарациялық үдерісті (оның ішінде операциядан немесе жарақаттан кейін) көтермелейді.
Қолданылуы
- мөлдір қабықтың қабынуын және күйіп қалуын емдеу және профилактика;
- көздің алдыңғы камерасына қан құйылуды емдеу;
- егде жастағы тұлғаларда аққабыққа қан құйылуды емдеу және профилактика;
- торқабықтың орталық венасының және оның тармақтарының тромбозы;
- алыстан нашар көрудің асқынуын емдеу;
- диабеттік ретинопатия.
Қолдану тәсілі және дозалары
Жергілікті қолдануға ғана арналған.
Препаратты конъюнктивальді қалтаға күніне 1-2 тамшыдан 2-3 рет тамызады. Емдеу курсының ұзақтығы аурудың ағымына байланысты (әдетте 3-30 күнді құрайды) және дәрігер тағайындайды.Қажет болса және жағымдылығы жақсы болған кезде емдеу курсы 6 айға дейін созылуы мүмкін. Емдеу курсын жылына 2-3 рет қайталануы мүмкін.
Құты ішіндегісінің микробты ластануын болдырмас үшін, тамшылатқыштың ұштығын ешқандай беткейлерге тигізбеу қажет.
Жағымсыз әсерлері
Аштуды сезіну,қышыну, конъюнктиваның қысқа мерзімді гиперемиясы, сирек
- жергілікті аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- метилэтилпиридинолға немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық;
- жүктілік және лактация кезеңі;
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік препараттармен емдеу аясында метилэтилпиридинолды қатар қолдану кезінде жағымсыз көріністер сипатталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Басқа да офтальмологиялық дәрілік заттарды бір мезгілде пайдалану қажет болған кезде Эмопроксты алдыңғы тамызған дәрі толық сіңгеннен кейін (кемінде 10-15 минут өткен соң) соңынан тамызу керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты тамызғаннан кейін көру айқындығын уақытша жоғалатын пациенттерге, жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялар шапшаңдығын талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін орындаудан аулақ болу керек.
Артық дозалануы
Артық дозалану жағдайлары тіркелмеген.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 мл препараттан сақтандырғыш сақинасымен жабдықталған, бұралып жабылатын қорғағыш қалпақшасы және тамшылатқыш-тығыны бар пластик құтыға құйылған.
1 құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 4 аптадан артық емес.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы