г. Алматы
Каталог

Дисоль, р-р д/инф., 200 мл, бутылка стеклянная, Биосинтез

Действующее вещество :
Натрия ацетата тригидрат (натрий уксуснокислый 3-водный)
Рецептурный отпуск:
По рецепту
Срок хранения:
2 года
Цена от 180
Добавлено в корзину:
Нет в наличии
Наличие в аптеках
Характеристика
Описание
Генерик
Да
Дата регистрации
2018-07-17
Действующее вещество
Натрия ацетата тригидрат (натрий уксуснокислый 3-водный)
Действующее вещество 2
Натрия хлорид
Единица упаковки
мл
Код товара
00-00003496
Количество / Объем
200
Лекарственная форма
Раствор для инфузий
Регистрационный номер
РК-ЛС-5№013214
Рецептурный отпуск
По рецепту
Срок хранения
2 года
Торговое название
Дисоль
Упаковка
Бутылка стеклянная
Форма выпуска
По 200 мл, 400 мл в бутылке
Инструкция
Инструкции не найдены

Саудалық атауы

Дисоль

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған ерітінді  200 мл және 400 мл

 

Құрамы  

1 л препараттың құрамында 

белсенді заттар:                    натрий хлориді – 6,0 г,

                                                  натрий ацетаты тригидраты (3-сулы сіркеқышқылды   

                                                  натрий) – 2,0 г;

қосымша зат:                        инъекцияға арналған су – 1,0 л-ге дейін.

 

Осмолялділігі                         190-нан 260 мОсмоль/кг-ге дейін

      

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір сұйықтық.

 

Фармакотерапиялық тобы

Қан және қан түзу ағзалары. Плазма алмастыратын және  перфузиялық ерітінділер. Вена ішіне енгізуге арналған ерітінділер. Электролит теңгеріміне әсер ететін ерітінділер. Электролиттер.

АТХ коды  В05BB01

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат қан тамырлар арнасында өте аз уақыт болады, интерстициальді кеңістікте тез өтеді. Диурез ұлғаюымен бүйрек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Регидратация және уытсыздандыруға арналған біріктірілген тұзды ерітінді. Организм сусызданған кезде су-электролит теңгерімім және қышқылдық-негіздік жай-күйді қалпына келтіреді. Метаболизмдік ацидоздың дамуына кедергі келтіреді, диурезді арттырады. Плазма алмастыратын, уытсыздандыратын, регидратациялайтын әсер етеді.

 

Қолданылуы

       регидратацияда

-        гиперкалиемияда

-        сусызданудан болған уыттануда (тырысқақ,жедел дизентерия, тағамдық уытты инфекциялар)

 

Қолдану тәсілі және дозалары  

Зертханалық көрсеткіштерді бақылай отырып вена ішіне (сорғалатып және тамшылатып) енгізеді. Енгізілген сұйықтық пен диурездің арақатынасын әрбір 6 сағат сайын анықтап отырады. Ерітіндіні 1 сағат бойына науқастың 7-10% дене салмағына сәйкес мөлшерде енгізеді; одан кейін сорғалатып енгізуді жылдамдығы минутына 40-120 тамшыдан 24-48 сағат бойына тамшылатып енгізуге ауыстырады. Енгізер алдында ерітіндіні 36-38°С-ге дейін жылытады.  Ерітіндіні нәжіспен, құсық массасымен, несеппен, термен шыққан сұйықтық көлемін қалпына келтіру үшін қажетті мөлшерде енгізеді.

Аурулардың (гиповолемиялық инфекциялық-уытты шокта, теңгерілмеген метаболизмдік ацидозда, анурияда)  ауыр түрлерінде препаратты басында сорғалатып, кейіннен тамшылатып  енгізуге көше отырып, қолданады.

Аурудың едәуір жеңіл түрлерінде (организмнің уыттануы және сусыздануы, метаболизмдік ацидоз, олигурия) препаратты тамшылатып қана енгізуге болады.

Гиперкалиемияны жойғаннан кейін одан соңғы су-тұз емі «Трисоль», «Ацесоль» немесе «Хлосоль» ерітінділерімен жүргізіледі.

 

Жағымсыз әсерлері

-      ісінулер

-       тахикардия

Кейбір жағдайларда дене қалтырауы орын алуы мүмкін.

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– аса жоғары сезімталдық

– бүйрек және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен

Препаратты бүйректің бөлініс функциясының бұзылуы бар пациенттерге, гипокалиемия кезінде сақтықпен қолданған жөн.  

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

 

Айрықша нұсқаулар

Емдеуді гематокритті және қан электролиттері концентрациясын бақылай

отырып жүргізеді.

Жүктілік және лактация кезеңі

Ана үшін күтілетін пайдасы шаранаға және нәрестеге төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болады (талапқа сай және қатаң бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ).

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың тек стационарда қолданылуына байланысты деректер жоқ.

 

Артық дозалануы  

Симптомдары: гипокалиемия, гипернатриемия.

Емі: электролитті бұзылыстарды түзету; қандағы электролиттер деңгейін бақылау.

  Шығарылу түрі және қаптамасы

Инфузияға арналған ерітінді.

200 мл және 400 мл-ден, қанға, трансфузиялық және инфузиялық препараттарға арналған шыны бөтелкелерде, резеңкеден жасалған тығынмен тығындалған және алюминий немесе біріктірілген қалпақшамен қаусырылған.

200 мл-ден 24 бөтелке немесе 400 мл-ден 12 бөтелке медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тең санымен топтық қаптама- гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады (стационарлар үшін).   

 

Сақтау шарттары  

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Бөтелкенің герметикалығы сақталған жағдайда препаратты мұздатып қатыру оны қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Бөтелкенің ішкі беткейінің су өткізбейтіндігі препаратты қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды.  

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы