Торговое название
Диофлан®
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой, по 500 мг
Состав
Одна таблетка содержит
активное вещество: очищенная микронизированная флавоноидная фракция 500 мг, содержащая: диосмина 450 мг и гесперидина1 50 мг,
вспомогательные вещества: целлюлоза микрокристаллическая, натрия крахмала гликолят (тип А), гипромеллоза, натрия лаурилсульфат, тальк, магния стеарат, смесь для покрытия «Opaglos 2 Orange» № 97А239672
1- Под названием «гесперидин» имеется в виду смесь флавоноидов: изороифолина, гесперидина, линарина, диосметина
2- Смесь для покрытия «Opaglos 2 Orange» № 97А23967 содержит: натрия карбоксиметилцеллюлозу, мальтодекстрин, декстрозы моногидрат, титана диоксид (Е 171), кислоту стеариновую, тальк, железа оксид желтый (Е 172), железа оксид красный (Е 172), желтый солнечный закат FCF (Е 110)
Описание
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой бледно-розового цвета, овальной формы, с двояковыпуклой поверхностью, с риской с одной стороны таблетки и надписью «КМП» с другой стороны. На разломе видно ядро бежевого цвета.
Фармакотерапевтическая группа
Ангиопротекторы. Препараты, снижающие проницаемость капилляров. Биофлавоноиды. Диосмин в комбинации с другими препаратами.
Код АТХ С05СА53
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Период полувыведения составляет 11 часов. Выведение действующего вещества препарата происходит, главным образом, через кишечник. Через мочу выводится в среднем 14 % дозы.
Фармакодинамика
Препарат обладает венотоническим и ангиопротекторным действием, повышает венозный тонус, уменьшает растяжимость вен и веностаз, улучшает микроциркуляцию, уменьшает проницаемость капилляров и повышает их резистентность, улучшает лимфатический дренаж, увеличивает лимфатический отток. Препарат также уменьшает взаимодействие лейкоцитов и эндотелия, адгезию лейкоцитов в посткапиллярных венулах. Это снижает повреждающее действие медиаторов воспаления на стенки вен и створки клапанов вен.
Показания к применению
- симптоматическое лечение венозно-лимфатической недостаточности (тяжесть в ногах, боль, отеки и судороги)
- функциональные симптомы, связанные с острыми приступами геморроя.
Способ применения и дозы
Рекомендуемая доза составляет 2 таблетки в день, 1 таблетка в середине дня и 1 таблетка вечером во время приема пищи.
При остром приступе геморроя: 6 таблеток в день в первые 4 дня (по 2 таблетки 3 раза в день), затем – по 4 таблетки в последующие 3 дня (по 2 таблетки 2 раза в день).
Длительность курса лечения определяется лечащим врачом.
Средняя продолжительность лечения составляет 2–3 месяца.
Побочные действия
Нежелательные реакции классифицированы по частоте развития и системе органов. Категории частоты определяются в соответствии со следующими условными обозначениями: очень часто (≥ 1/10), часто (≥ 1/100 до <1/10), не часто (≥1/1000 до <1/100), редко (≥1/10000 до <1/1000), очень редко (<1/10000), частота не установлена (исходя из известных данных, не может быть оценена). Часто
- диарея, диспепсия, тошнота, рвота
Нечасто
- колит
Редко
- головокружение, головная боль, общее недомогание
- кожная сыпь, зуд, крапивница
Частота не установлена
- боль в животе
- отек лица, губ, век и отек Квинке
Противопоказания
- повышенная чувствительность к какому-либо компоненту препарата в анамнезе;
- период лактации;
- детский и подростковый возраст до 18 лет
Лекарственные взаимодействия
Исследования взаимодействия не проводились. Данные о случаях взаимодействия отсутствуют.
Особые указания
При острых приступах геморроя применение Диофлана не заменяет специфического лечения других заболеваний аноректальной области. Препарат назначают коротким курсом. При неэффективности проведенного лечения следует провести дополнительное обследование и скорректировать терапию. При назначении препарата пациентам с нарушениями венозного кровообращения следует проинформировать их о необходимости предохранения от длительного пребывания на солнце, длительного стояния на ногах, снижения массы тела и ношения специальных чулок, улучшающих циркуляцию крови.
Возможно возникновение аллергических реакций на красители и вспомогательные вещества, которые входят в состав препарата.
Беременность
Вэкспериментальных исследованияхтератогенного эффекта не выявлено.
До настоящего времени о каких-либо побочных эффектах при применении препарата у беременных не сообщалось.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять автотранспортным средством и потенциально опасными механизмами
Диофлан не влияет на способность управлять автотранспортом и потенциально опасными механизмами.
Передозировка
О случаях передозировки не сообщалось.
В случае превышения рекомендованных доз следует промыть желудок, принять сорбент и обратиться к врачу. Возможно усиление побочных эффектов.
Лечение: симптоматическое.
Форма выпуска и упаковка
По 10 таблеток в контурной ячейковой упаковке из пленки поливинилхлоридной и фольги алюминиевой печатной лакированной.
По 3 или 6 контурных ячейковых упаковоквместе с инструкцией по медицинскому применению помещают в пачку из картона.
Условия хранения
Хранить в оригинальной упаковке, при температуре не выше 25 0С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
3 года
Не применять после истечения срока годности, указанного на упаковке.
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Саудалық атауы
Диофлан®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: 500 мг тазартылған микрондалған флавоноидты фракция,оның құрамында: 450 мг диосмин және 50 мг гесперидин1,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты (А типі), гипромеллоза, натрий лаурилсульфаты, тальк, магний стеараты, бүркеуге арналған «Opaglos 2 Orange» № 97А239672қоспасы
1- «Гесперидин» деген атау флавоноидтар қоспасын білдіреді: изороифолин, гесперидин, линарин, диосметин
2- Бүркеуге арналған «Opaglos 2 Orange» № 97А23967 қоспасының құрамында: натрий
карбоксиметилцеллюлозасы, мальтодекстрин, декстроза моногидраты, титанның
қостотығы (Е 171), стеарин қышқылы, тальк, темірдің сары тотығы (Е 172), темірдің
қызыл тотығы (Е 172), күн батар түстес сары FCF (Е 110)
Сипаттамасы
Сопақша пішінді, екі беті дөңес, бір жағында сызығы және екінші жағында «КМП» деген жазуы бар, бозғыл-қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Сындыратын жерінде сарғыш түсті ядросы көрінеді.
Фармакотерапиялық тобы
Ангиопротекторлар. Капиллярлар өткізгіштігін төмендететін препараттар. Биофлавоноидтар. Басқа препараттармен біріктірілген диосмин.
АТХ коды С05СА53
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жартылай шығарылу кезеңі 11 сағатты құрайды. Препараттың әсер етуші заттары негізінен ішек арқылы шығарылады. Несеппен орташа алғанда дозаның 14 % шығарылады.
Фармакодинамикасы
Препарат венотонустық және ангиопротекторлық әсерлерге ие, веналық тонусты жоғарылатады, веналар созылымдығы мен веностазды азайтады, микроциркуляцияны жақсартады, капиллярлар өткізгіштігін азайтып, олардың төзімділігін жоғарылатады, лимфа дренажын жақсартады, лимфа ағып шығуын арттырады. Препарат сондай-ақ лейкоциттер мен эндотелийдің өзара әрекеттесуін, капиллярдан кейінгі венулада лейкоциттер адгезиясын азайтады. Бұл қабыну медиаторларының вена қабырғалары мен вена қақпақшалары жармаларына зақымдаушы әсерін төмендетеді.
Қолданылуы
- вена-лимфа жеткіліксіздігін (аяқта ауырлықты сезіну, ауыру, ісіну және құрысулар) симптоматикалық емдеуде
- геморрой жедел ұстамаларымен байланысты функционалдық симптомдар.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ұсынылатын доза күніне 2 таблетка, күннің ортасында 1 таблетка, 1 таблетка кешке тамақтану кезінде.
Геморрой жедел ұстамасы кезінде: бастапқы 4 күнде 6 таблетка (2 таблетка күніне 3 рет), содан соң – одан кейінгі 3 күнде 4 таблеткадан (2 таблеткадан күніне 2 рет).
Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.
Емдеудің орташа ұзақтығы 2–3 айды құрайды.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз реакциялар даму жиілігі және ағзалар жүйесі бойынша жіктелген. Жиілік санаты мынадай шартты белгілерге сәйкес анықталады: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 до <1/100), сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), жиілігі анықталмаған (белгілі деректерге сүйеніп бағалау мүмкін емес). Жиі
- диарея, диспепсия, жүрек айну, құсу
Жиі емес
- колит
Сирек
- бас айналу, бас ауыру, жалпы дімкәстік
- тері бөртпесі, қышыну, есекжем
Жиілігі белгісіз
- іштің ауыруы
- беттің, еріннің, қабақтың ісінуі және Квинке ісінуі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- анамнезде препараттың қандай да бір компонентіне жоғары сезімталдық;
- лактация кезеңі;
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеген. Өзара әрекеттесу жағдайлары туралы деректер жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Геморрой жедел ұстамалары кезінде Диофлан қолдану аноректальді аймақтың басқа аурулары спецификалық емін алмастырмайды. Препарат қысқа курсқа тағайындалады. Жүргізілген ем тиімсіз болғанда, қосымша тексеру жүргізіп, емді түзету керек. Препаратты вена қан айналымының бұзылуы бар пациенттерге тағайындаған кезде оларды күн астында ұзақ болудан сақтану, аяқпен ұзақ тұру, дене салмағын төмендету және қан айналымын жақсартатын арнайы шұлықтар кию қажеттілігі жайында хабардар еткен жөн.
Препарат құрамына кіретін бояғыштарға және қосымша заттарға аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін.
Жүктілік
Тәжірибелік зерттеулерде тератогендік әсері айқындалмаған.
Қазіргі кезге дейін жүкті әйелдерге препаратты қолданған кездегі қандай да бір жағымсыз әсерлері хабарланбаған.
Дәрілік заттың автокөлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Диофлан автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Артық дозаланужағдайлары туралы хабарланбаған.
Ұсынылған дозадан асырып жіберген жағдайда асқазанды шайып, сорбент қабылдап, дәрігерге қаралу керек. Жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.
Емі: симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
3 немесе 6 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз