Торговое название
Димексид
Международное непатентованное название
Диметил сульфоксид
Лекарственная форма
Жидкость для наружного применения, 50 мл
Состав
1 флакон содержит
активное вещество: диметилсульфоксида - 50 мл.
Описание
Бесцветная жидкость или бесцветные кристаллы. Гигроскопичен.
Фармакотерапевтическая группа
Препараты для лечения заболеваний костно-мышечной системы. Препараты для местного лечения заболеваний опорно-двигательного аппарата. Другие препараты для местного лечения заболеваний опорно-двигательного аппарата. Диметил сульфоксид.
Код АТХ М02А Х03
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
При аппликации раствора Димексида (90%) на кожу он обнаруживается в крови через 5 минут, достигая максимальной концентрации через 4-6 часов с сохранением почти неизмененного уровня в течение 1,5-3 суток. Диметилсульфоксид выделяется с мочой и калом как в неизменном виде, так и в виде диметилсульфона.
Фармакодинамика
Диметилсульфоксид имеет свойство проникать через биологические мембраны, включая барьеры кожи, реализуя таким образом свои специфические эффекты, к которым принадлежат противовоспалительный, антипиретический, анальгетический, антисептический, умеренный фибринолитический. Препарат усиливает проникновение сквозь неповрежденную кожу и слизистые оболочки лекарственных средств (транспортирующая способность).
Показания к применению
В составе комплексной терапии воспалительных заболеваний опорно-двигательного аппарата:
- ревматоидный артрит, болезнь Бехтерева, деформирующий остеоартроз, артропатии, растяжениях связок
- ушибы, травматические инфильтраты, воспалительные отеки
- гнойные раны, абсцессы, острый и хронический остеомиелит
- узловая эритема, стрептодермия
- в кожно-пластической хирургии, для консервирования кожных гомотрансплантатов.
Способ применения и дозы
Применять в виде водных растворов (30-50% концентрации) для компрессов, тампонов.
Марлевые салфетки, смоченные раствором Димексида, накладывать на пораженные участки, захватывая прилегающие здоровые участки кожи, 1 раз в сутки в течение 20-30 минут. Поверх салфетки накладывать полиэтиленовую пленку и хлопчатобумажную или льняную ткань.
При диффузных стрептодермиях рекомендуются компрессы с 40-90% раствором препарата Димексид.
При гнойничковых заболеваниях кожи применять 40% раствор.
В кожно-пластической хирургии использовать повязки с 10-20% раствором препарата на ауто- и гомотрансплантаты непосредственно после операции и в последующие дни до стойкого приживления трансплантата. Длительность лечения 10-15 дней.
Как консервирующее средство для хранения кожных гомотрансплантатов применять 5% раствор препарата в растворе Рингера.
Рекомендации по приготовлению водных растворов препарата указанных концентраций:
Концентрация раствора, % |
Количество препарата, в объемных частях |
Количество воды, в объемных частях |
10 20 30 40 50 90 |
1 1 3 2 1 9 |
9 4 7 3 1 1 |
Побочные действия
Диметилсульфоксид обычно хорошо переносится, но у некоторых пациентов возможны:
Со стороны иммунной системы: аллергические реакции, включая дерматиты, кожную сыпь, ангионевротический отек, зуд, жжение, гиперемию кожи, эритему, сухость кожи.
Со стороны желудочно-кишечного тракта: тошнота, рвота, диарея.
Со стороны центральной и периферической нервной системы: головная боль, головокружение, бессонница, адинамия.
Со стороны органов дыхания: бронхоспазм.
Противопоказания
- повышенная чувствительность к препарату
- выраженная сердечно-сосудистая недостаточность, атеросклероз, стенокардия
- инфаркт миокарда
- нарушения функции почек или печени
- инсульт, коматозные состояния
- беременность, период лактации
- глаукома, катаракта
- детский возраст до 12 лет.
Лекарственные взаимодействия
Диметилсульфоксид усиливает действие этанола (алкоголь тормозит выведение препарата) и инсулина, кислоты ацетилсалициловой, бутадиона; препаратов дигиталиса, хинидина, нитроглицерина, антибиотиков (стрептомицина, мономицина), хлорамфеникола, рифампицина, гризеофульвина, сенсибилизирует организм к средствам для наркоза. Следует учесть усиление препаратом как специфической активности, так и токсичности лекарственных средств. Можно применять вместе с нестероидными противовоспалительными средствами в комплексной терапии деформирующего остеоартроза и ревматоидного артрита; в комбинации с антимикробными средствами местного действия (линимент синтомицина) – для лечения стрептодермии.
Особые указания
Не наносить на поврежденную кожу и кожу с проявлениями аллергии. Не наносить на кожу лица.
Перед применением препарата необходимо провести пробу на чувствительность. Для этого Димексид наносить на кожу с помощью ватного тампона, смоченного Димексидом. Резкое покраснение и зуд кожи после нанесения Димексида свидетельствуют об индивидуальной повышенной чувствительности к препарату.
Пациенты пожилого возраста могут применять препарат после предварительной консультации с врачом.
Не допускать попадания препарата на слизистые оболочки и в глаза. При случайном попадании препарата в глаза их следует немедленно промыть проточной водой.
При температуре 18 °С возможна кристаллизация диметилсульфоксида, которая не влияет на качество препарата. Для расплавления кристаллов следует осторожно разогревать флакон с препаратом на водяной бане (температура воды около 60 °С).
Не следует нарушать правила применения лекарственного средства, это может навредить здоровью!
Период беременности и лактации.
Препарат противопоказан к применению в период беременности. Во время лечения диметилсульфоксидом следует прекратить кормление грудью.
Дети. Не применять препарат детям до 12 лет.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами.
Следует применять с осторожностью с учетом влияния на центральную нервную систему, в частности вероятности возникновения головокружения.
Передозировка
Передозировка препарата может вызвать возникновение аллергических реакций (крапивница, отек) и усиление проявлений побочного действия.
Лечение. Отмена препарат. Симптоматическая терапия.
Форма выпуска и упаковка
По50 мл препарата во флаконе, укупоренном пробкой и навинчиваемой пластмассовой крышкой. На флакон наклеивают этикетку.
По 1 флакону вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
Условия хранения
Хранить в оригинальной упаковке при температуре не выше 25 оС.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
3 года
Не применять по истечении срока хранения, указанного на упаковке.
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Саудалық атауы
Димексид
Халықаралық патенттелмеген атауы
Диметил сульфоксид
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған сұйықтық, 50 мл
Құрамы
1 құтының ішінде
белсенді зат: диметилсульфоксид - 50 мл.
Сипаттамасы
Түссіз сұйықтық немесе түссіз кристалдар. Гигроскопиялы.
Фармакотерапиялық тобы
Сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларын емдеуге арналған препараттар. Тірек- қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған препараттар. Тірек- қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа препараттар. Диметил сульфоксиді.
АТХ кодыМ02А Х03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Димексидті (90%) теріге ерітіндіні аппликациялау кезінде ол 1,5-3 тәулік ішінде өзгермеген деңгейде сақтаумен, 4-6 сағаттан соң ең жоғары концентрацияларға жете отырып, қанда 5 минуттан соң анықталады. Диметилсульфоксид өзгермеген түрде, сондай-ақ диметилсульфон түрінде несеппен және нәжіспен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Диметилсульфоксид терінің бөгеттерін қоса, ол қабынуға қарсы, антипиретикалық, анальгетикалық, антисептикалық, орташа фибринолитикалық сияқты өзінің ерекше әсерлерін іске асыратын биологиялық жарғақша арқылы өту қасиеті бар. Препарат дәрілік заттың зақымданбаған тері және шырышты қабық арқылы өтуін күшейтеді (тасымалдаушы қабілеті).
Қолданылуы
Тірек-қимыл аппаратының қабыну ауруларының кешенді емінің құрамында:
- ревматоидты артрит, Бехтерев ауруы, деформацияланатын остеоартроз, артропатиялар, байламдардың созылуында
- соғылу, жарақаттық инфильтраттар, қабыну ісінулері
- іріңді жаралар, абсцестер, жедел және созылмалы остеомиелит
- түйіндік эритема, стрептодермия
- тері-пластикалық хирургияда, тері гомотрансплантаттарын сақтауға арналған.
Қолдану тәсілі және дозалары
Компрестер, тампондар үшін сулы ерітінділер (30-50% концентрация) түрінде қолдану керек.
Димексид ерітіндісі сіңдірілген дәке майлықтарды зақымданған жерлерге терінің сау жерлерін қоса, тәулігіне 1 рет 20-30 минут бойы қою керек. Майлықтың бетіне полиэтилен үлбір және мақта қағаз немесе зығыр мата қою керек.
Диффузиялы стрептодермияларда Димексид препаратының 40-90% ерітіндісімен компрестер ұсынылады.
Терінің ірі ауруларында 40% ертіндіні қолдану керек.
Тері-пластикалық хирургияда ауто- және гомотрансплантаттарға тікелей операциялар күні және одан соң трансплантатта препараттың 10-20% ерітіндісімен таңғыштарды пайдалану керек. Емдеу ұзақтығы 10-15күн бойы.
Тері гомотрансплантаттарды сақтауға арналған сақтаушы зат ретінде Рингер ерітіндідегі препараттың 5% ерітіндісі.
Көрсетілген концентрацияда препараттың сулы ерітіндісін дайындау жөніндегі ұсыныстар:
Ерітіндінің концентрациясы, % |
Препараттың мөлшері, көлемді бөліктерде |
Судың мөлшері,
көлемді бөліктерде |
10 20 30 40 50 90 |
1 1 3 2 1 9 |
9 4 7 3 1 1 |
Жағымсыз әсерлері
Диметилсульфоксидті пациенттер әдетте жақсы көтереді, бірақ кейбіреулерінде мыналар:
Иммун жүйесі тарапынан: дерматиттерді, тері бөртпесі, ангионевроздық ісінулер, қышыну, тері гиперемиясы, эритема, терінің құрғауын қоса, аллергиялық реакциялар
Асқазан-ішек жолдары тарапынан: жүрек айнуы, құсу, диарея.
Орталық және шеткері жүйке жүйесі тарапынан: бас ауыруы, бас айналуы, ұйқысыздық, адинамия.
Тыныс алу ағзалары тарапынан: бронх түйілуі.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа аса жоғары сезімталдықта
- айқын жүрек-тамыр жеткіліксіздігі, атеросклероз, стенокардияда
- миокард инфарктісінде
- бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуында
- инсульт, коматозды жай-күйде
- жүктілік, лактация кезеңінде
- глаукома, катарактада
- 12 жасқа дейінгі балаларда.
Дәрілермен өзара әрекеттестігі
Диметилсульфоксид этанолдың (алкоголь препараттың шығарылуын тежейді) және инсулиннің, ацетилсалицил қышқылының, бутадионның; дигиталис, хинидин, нитроглицерин препараттарының, антибиотиктердің (стрептомициннің, мономициннің), хлорамфениколдың, рифампицин, гризеофульвиннің әсерін күшейтеді, организмді наркоз заттарын сенсибилизациялайды. Препаратпен ерекше белсенділіктің, сондай-ақ дәрілік заттың уыттылығының күшеюін ескеру керек. Деформацияланатын остеоартроз және ревматоидты артритте стероидты емес қабынуға қарсы дәрілермен кешенді терапияда қолдануға болады; жергілікті қолдануға арналған микробқа қарсы заттармен біріктіріп (синтомицин линименті) – стрептодермияны емдеуге арналған.
Айрықша нұсқаулар
Зақымданған теріге және аллергия байқалған теріге жағуға болмайды. Беттің терісіне жақпау керек.
Препаратты қолданар алдында сезімталдыққа сынама жүргізу керек. Бұл үшін Димексидті теріге Димексид сіңдірілген мақта тампонынының көмегімен жағу керек. Димексидті жаққаннан кейінгі күрт қызару және тері қышынуы препаратқа жеке жоғары сезімталдықты растайды.
Егде жастағы пациенттер препаратты алдымен дәрігерден консультация алғаннан соң қолдануы керек.
Препараттың шырышты қабыққа және көзге түсуіне жол бермеу керек. Препарат көзге кездейсоқ түскен жағдайда тез арада ағын сумен шаю керек.
18 °С температурада препараттың сапасына әсер етпейтін диметилсульфоксидтің кристаллизациясы орын алуы мүмкін. Кристалдарды еріту үшін препараты бар құтыны су моншасында абайлап қыздыру керек (судың температурасы шамамен 60 °С).
Дәрілік затты қолдану ережесін бұзбау керек, бұл денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін!
Жүктілік және лактация кезеңі.
Препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Диметилсульфоксидпен емдеу кезінде бала емізуді тоқтату керек.
Балалар. Препаратты 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Орталық жүйке жүйесіне әсерін, атап айтқанда, бас айналуы мүмкіндігін ескере отырып сақтықпен қолданған жөн.
Артық дозалануы
Препаратты артық дозалау аллергиялық реакциялар (есекжем, ісіну) дамуын туғызуы және жағымсыз әсерлер байқалуын күшейтуі мүмкін.
Емдеу. Препаратты қабылдауды тоқтату керек. Симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
50 мл препарат тығынмен және бұралып жабылатын пластмасс қақпақпен қапсырылған құтыда. Құтыға заттаңба желімденген.
1 құты мемлекеттік және орыс тіліндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз