|
|
Торговое название
Дицинон®
Международное непатентованное название
Этамзилат
Лекарственная форма
Таблетки 250 мг
Состав
Одна таблетка содержит:
активное вещество - этамзилата 250 мг,
вспомогательные вещества: кислота лимонная безводная, крахмал кукурузный, лактозы моногидрат, повидон, магния стеарат, этанол 96%*.
* Удаляется в процессе производства
Описание
Таблетки круглой формы, с двояковыпуклой поверхностью, от белого до почти белого цвета.
Фармакотерапевтическая группа
Кровь и органы кроветворения. Антигеморрагические препараты. Витамин К и другие гемостатики. Прочие системные гемостатики. Этамзилат.
Код АТХ B02B X01
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Всасывание
После приема внутрь препарат медленно всасывается из желудочно-кишечного тракта. После приема препарата в дозе 500 мг максимальная коцентрация в плазме крови достигается через 4 ч и составляет приблизительно 15 мкг/мл.
Распределение
Степень связывания с белками плазмы крови составляет приблизительно 95%. Этамзилат проникает через плацентарный барьер. Материнская и пуповинная кровь содержат аналогичные концентрации этамзилата. Отсутствуют данные в отношении выделения этамзилата с грудным молоком.
Выведение
Этамзилат выводится почками в неизменённом виде. Период полувыведения из плазмы крови составляет около 8 ч. Около 70-80% принятой дозы выводится в течение первых 24 часов с мочой в неизмененном виде.
Фармакокинетика у пациентов с нарушениями функции печени и почек
Фармакокинетические свойства этамзилата у пациентов с нарушениями функции печени и почек не были изучены.
Фармакодинамика
Этамзилат - это синтетический кровоостанавливающий и ангиопротекторный препарат, применяемый в качестве первичного кровоостанавливающего средства (взаимодействие эндотелий-тромбоцит). Улучшая адгезивность тромбоцитов и восстанавливая резистентность капилляров, этамзилат обеспечивает значительное укорачивание времени кровотечения и уменьшение потери крови.
Этамзилат не обладает сосудосуживающим действием, не оказывает влияния на фибринолиз и не изменяет факторы коагуляции плазмы.
Показания к применению
Хирургия
Профилактика и лечение предоперационных, послеоперационных капилярных кровотечений при вмешательствах требующих особой тщательности и затрагивающих высоковаскулизированные ткани в оториноларингологии, гинекологии и акушерстве, урологии, стоматологии, офтальмологии, пластической и реконструктивной хирургии.
Внутренние болезни
Профилактика и лечение капиллярных кровотечений различной этиологии и локализации: гематурия, гематемезис, мелена, носовое кровотечение, кровоточивость дёсен.
Гинекология
Метроррагия, меноррагии, первичные меноррагии или меноррагии у женщин, использующих внутриматочные контрацептивы при отсутствии органической патологии.
Способ применения и дозы
Препарат Дицинон® таблетки принимают во время еды, запивая небольшим количеством воды.
Применение у взрослых и детей старше 14 лет
В предоперационный период: препарат Дицинон® назначают одну-две таблетки (250 – 500 мг) за один час до операции.
В послеоперационный период: препарат Дицинон® назначают одну-две таблетки (250-500 мг) каждые 4-6 часов до исчезновения риска развития кровотечения.
Внутренние болезни:препарат Дицинон® назначают по две таблетки 2-3 раза в сутки (1000-1500 мг). Следует принимать во время еды с небольшим количеством воды.
В гинекологии, при мено-/метроррагии: препарат Дицинон®назначают по две таблетки 3 раза в сутки (1500 мг) в течение 10 дней, начиная с 5-го дня от ожидаемого начала менструации до 5-го дня следующего менструального цикла.
Применение у детей
Доза для детей составляет половину дозы препарата Дицинон® для взрослых.
Пациенты с нарушениями функции печени и почек
Клинических данных относительно рекомендаций по дозированию недостаточно, поэтому у таких пациентов препарат Дицинон® следует применять с осторожностью.
Побочные действия
Побочные явления классифицированы по частоте: очень часто (≥1/10), часто (≥1/100, <1/10), нечасто (>1/1000 и <1/100), редко (≥1/10000, <1/1000), очень редко (<1/10000) и неизвестной частоты (частота которых не может быть определена на основании имеющихся данных).
Редко
- головная боль
- тошнота, диарея, боль в животе
- кожная сыпь
- боль в спине/пояснице
Очень редко
- лихорадка
- тромбоэмболия
- агранулоцитоз,нейтропения, тромбоцитопения
- реакции гиперчувствительности
- аллергические реакции
- острая порфирия
В большинстве случаев все побочные действия слабые и преходящие, однако, если симптомы не проходят должен быть рассмотрен вопрос снижения дозы или прекращения лечения.
Противопоказания
- повышенная чувствительность к активному веществу этамзилату или к любому из вспомогательных веществ
- непереносимость фруктозы, дефицитом фермента Lapp-лактазы, мальабсорбцией глюкозы-галактозы
- острая порфирия
- дети до 6 лет
Лекарственные взаимодействия
Взаимодействия с другими лекарственными средствами не известны.
Особые указания
Если препарат Дицинон®применяют для уменьшения чрезмерного и/или длительного менструального кровотечения и улучшения не отмечено, следует исключить возможные патологические причины.
Беременность и период лактации
Отсутствует клинические данные относительно применения препарата Дицинон® при беременности.
Отсутствуют данные о проникновении этамзилата в грудное молоко, поэтому грудное вскармливание во время применения препарата Дицинон® не рекомендуется. В качестве альтернативы можно приостановить, если грудное вскармливание продолжается.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Исследования по изучению влияния на способность к вождению автотранспортом и управлению механизмами не проводились.
Передозировка
На данный момент симптомы передозировки неизвестны. В случае возможной передозировки необходимо проводить симптоматическое лечение.
Форма выпуска и упаковка
По 10 таблеток помещают в контурную ячейковую упаковку из поливинилхлорида/поливинилиденхлорида и фольги алюминиевой.
По 10 контурных ячейковых упаковок вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках вкладывают в картонную пачку.
Условия хранения
Хранить в защищенном от света и влаги месте при температуре не выше 25 °С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
5 лет
Не использовать после истечения срока годности.
Условия отпуска из аптек
По рецепту
Саудалық атауы
Дицинон®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Этамзилат
Дәрілік түрі
Таблеткалар 250 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат - 250 мг этамзилат бар,
қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты, повидон, магний стеараты, этанол 96%*.
* Өндіріс үдерісінде жойылады.
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Қан және қан түзу ағзалары. Геморрагияға қарсы препараттар. К дәрумені және басқа гемостатиктер. Басқа да жүйелік гемостатиктер. Этамзилат.
АТХ коды В02ВХ01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Ішке қабылдағаннан кейін препарат асқазан-ішек жолынан баяу сіңеді. 500 мг дозада препаратты қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына 4 сағаттан соң жетеді және шамамен 15 мкг/мл құрайды.
Таралуы
Қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесі шамамен 95% құрайды. Этамзилат плацентарлық бөгет арқылы өтеді. Аналық және кіндік қаны құрамында этамзилаттың ұқсас концентрациялары бар. Этамзилаттың емшек сүтімен бөлінуі туралы деректер жоқ.
Шығарылуы
Этамзилат өзгермеген күйде бүйрекпен шығарылады. Қан плазмасынан
жартылай шығарылу кезеңі шамамен 8 сағатты құрайды. Қабылданған дозаның шамамен 70-80 %-ы алғашқы 24 сағат ішінде өзгермеген күйде несеппен шығарылады.
Бауыр мен бүйрек функцияларының бұзылуы бар пациенттердегі фармакокинетикасы
Бауыр мен бүйрек функцияларының бұзылуы бар пациенттерде этамзилаттың фармакокинетикалық қасиеттері зерттелмеген.
Фармакодинамикасы
Этамзилат - бұл бастапқы қан тоқтататын дәрі ретінде қолданылатын (эндотелий-тромбоциттің өзара әрекеттесуі) синтетикалық қан тоқтататын және ангиопротекторлық препарат. Этамзилат тромбоциттердің адгезиясын жақсартып және капиллярлар төзімділігін қалпына келтіре отырып, қан кету уақытының айтарлықтай қысқаруын және қан жоғалтудың төмендеуін қамтамасыз етеді.
Этамзилаттың тамыр тарылтқыш қасиеті жоқ, фибринолизге әсер етпейді және плазма коагуляциясының факторын өзгертпейді.
Қолданылуы
Хирургия
Оториноларингологияда, гинекологияда және акушерлікте, урологияда, стоматологияда, офтальмологияда, пластикалық және реконструктивтік хирургияда аса мұқияттылықты талап ететін араласуларда операция алдындағы, операциядан кейінгі капиллярлы қан кетулердің профилактикасы және емдеу.
Ішкі аурулар
Шығу тегі және орналасуы әртүрлі капиллярлық қан кетулердің профилактикасында және емдеуде: гематурия, гематемезис, мелена, мұрыннан қан кету, қызылиектің қанауы.
Гинекология
Метроррагия, меноррагия, бастапқы меноррагияда немесе органикалық патологиясы болмаған кезде жатырішілік контрацептивтер пайдаланатын әйелдердегі меноррагияда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Дицинон® таблеткалары препаратын азғана мөлшердегі сумен ас ішу кезінде қабылдайды.
Ересектер мен 14 жастан асқан балаларда қолданылуы
Операция алдындағы кезеңде: Дицинон® препаратының бір-екі таблеткасын (250 – 500 мг) операцияға дейін бір сағат бұрын тағайындайды.
Операциядан кейінгі кезеңде: Дицинон® препаратының бір-екі таблеткасын (250-500 мг) әр 4-6 сағат сайын қан кетудің даму қаупі жоғалғанға дейін тағайындайды.
Ішкі аурулар: Дицинон® препаратын екі таблеткадан тәулігіне 2-3 рет (1000-1500 мг) тағайындайды. Тамақтану кезінде судың аздаған мөлшерімен қабылдау керек.
Гинекологияда, мено-/метроррагияда: Дицинон® препаратын етеккірдің болжамды басталуының 5-күнінен бастап, келесі етеккір оралымының 5-күніне дейін 10 күн бойы тәулігіне 3 рет екі таблеткадан (1500 мг) тағайындау керек.
Балаларда қолдану
Балалар үшін доза ересектерге арналған Дицинон® препараты дозасының жартысын құрайды.
Бауыр мен бүйрек функцияларының бұзылуы бар пациенттер
Дозалануы бойынша ұсыныстарға қатысты клиникалық деректер жеткіліксіз, сондықтан мұндай пациенттерде Дицинон® препаратын сақтықпен қолдану керек.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз әсерлері жиілігі бойынша жіктелген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (>1/1000 және <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000), өте сирек (<1/10000) және жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде жиілігін анықтау мүмкін емес).
Сирек
- бас ауыруы
- жүрек айнуы, диарея, іштің ауыруы
- тері бөртпесі
- арқаның/белдің ауыруы
Өте сирек
- қызба
- тромбоэмболия
- агранулоцитоз, нейтропения, тромбоцитопения
- аса жоғары сезімталдық реакциялары
- аллергиялық реакциялар
- жедел порфирия
Көп жағдайда барлық жағымсыз әсерлері әлсіз және өтпелі болады, алайда егер симптомдар қайтпаса, дозаны төмендету немесе емді тоқтату мәселесі қарастырылуы тиіс.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың белсенді затына – этамзилатқа немесе кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық
- фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- жедел порфирия
- 6 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі белгісіз.
Айрықша нұсқаулар
Егер Дицинон® препаратын шамадан тыс және/немесе ұзақ етеккірлік қан кетуді азайту үшін қолданылса және жақсарту байқалмаса, болуы мүмкін патологиялық себептерді жоққа шығару керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Дицинон® препаратын жүктілік кезінде қолдануға қатысты клиникалық деректер жоқ.
Этамзилаттың емшек сүтіне енуі туралы деректер жоқ, сондықтан Дицинон®препаратын қолдану кезінде бала емізу ұсынылмайды. Егер бала емізу жалғасып жатса, альтернатива ретінде тоқтата тұруға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсерін зерттеу бойынша зерттеулер жүргізілмеген.
Артық дозалануы
Қазіргі уақытта артық дозалану симптомдары белгісіз. Артық дозалануы болған жағдайда симптоматикалық ем жүргізу керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті/поливинилиденхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
10 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан және ылғалдан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы