Торговое название
Цитовир®-3
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма
Капсулы
Состав
Одна капсула содержит
активные вещества:тимоген®натрий 0.5 мг, аскорбиновая кислота 50 мг, бендазола гидрохлорид (дибазол) 20мг,
вспомогательные вещества: лактозы моногидрат, кальция стеарат,
состав оболочки капсулы: краситель азорубин (Е122), краситель солнечный закат жёлтый (Е110), титана диоксид (Е171), желатин.
Описание
Твердые желатиновые капсулы № 3 с белым корпусом и оранжевой крышечкой. Содержимое капсул – порошок от белого до желтого цвета без запаха.
Фармакотерапевтическая группа
L - Антинеопластические и иммуномодулирующие препараты.
L03 - Иммуностимуляторы
L03A - Иммуностимуляторы
L03AX - Иммуностимуляторы другие.
Код АТХ L03AХ
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
При приеме внутрь препарат полностью всасывается из желудочно-кишечного тракта. Биодоступность бендазола – около 80 %, альфа-глутамил-триптофана – не более 15 %, аскорбиновой кислоты – до 90 %. Метаболиты аскорбиновой кислоты и бендазола выводятся с мочой. Альфа-глутамил-триптофан под воздействием пептидаз расщепляется на L-глутаминовую кислоту и L-триптофан, которые используются организмом в пептидном синтезе.
Фармакодинамика
Препарат является средством этиотропной и иммуностимулирующей терапии, обладает опосредованным противовирусным действием в отношении вирусов гриппа А и В и других вирусов, вызывающих острые респираторные заболевания. Препарат увеличивает содержание секреторного иммуноглобулина А (sIgA) в слизистой носоглотки - входных воротах инфекции, повышая иммунорезистентность организма к респираторным инфекциям вирусной и бактериальной природы, а в случае возникновения заболевания способствует его неосложненному течению.
Препарат снижает выраженность основных клинических симптомов гриппа и ОРВИ, а также сокращает продолжительность заболевания.
Бендазол индуцирует в организме выработку эндогенного интерферона, обладает иммуномодулирующим действием (нормализует иммунный ответ организма на различные инфекционные агенты). Ферменты, выработка которых индуцируется интерфероном в клетках различных органов, ингибируют репликацию вирусов.
Альфа-глутамил-триптофан (тимоген) является синергистом иммуномодулирующего действия бендазола, нормализуя Т-клеточное звено иммунитета.
Аскорбиновая кислота активирует гуморальное звено иммунитета, нормализует проницаемость капилляров, уменьшая тем самым воспаление, проявляет антиоксидантные свойства, нейтрализуя кислородные радикалы, сопровождающие воспалительный процесс, повышает устойчивость организма к инфекции.
Показания к применению
- в качестве профилактики и в составе комплексной терапии гриппа и острых респираторных вирусных инфекций.
Способ применения и дозы
Внутрь, за 30 минут до еды. Разовая доза - 1 капсула.
Для лечения: по одной капсуле 3 раза в день - 4 дня.
Для профилактики:
- при непосредственном контакте с больным гриппом и другими ОРВИ по одной капсуле 3 раза в день - 4 дня.
- в период эпидемического подъема заболеваемости гриппом и другими ОРВИ по одной капсуле 1 раз в день - 12 дней.
Профилактические курсы, при необходимости, повторяют через 3 недели (до нормализации эпидемической обстановки).
Побочные действия
- аллергические реакции
- кратковременное снижение артериального давления
Противопоказания
- повышенная индивидуальная чувствительность к компонентам препарата
- детский возраст до 18 лет
- беременность и период лактации
- лицам с наследственной непереносимостью фруктозы, дефицитом фермента Lapp (ЛАПП)-лактазы, мальабсорбцией глюкозы-галактозы
Лекарственные взаимодействия
Взаимодействие альфа-глутамил-триптофана с лекарственными средствами не выявлено.
Бендазол препятствует увеличению общего периферического сопротивления сосудов, обусловленному применением неселективных бета-адреноблокаторов. Усиливает гипотензивное (снижение артериального давления) действие гипотензивных и диуретических лекарственных средств. Фентоламин усиливает гипотензивное действие бендазола.
Аскорбиновая кислота - повышает концентрацию в крови антибактериальных препаратов тетрациклинового ряда и бензилпенициллина. Улучшает всасывание в кишечнике препаратов железа (Fe). Снижает эффективность гепарина и непрямых антикоагулянтов. Ацетилсалициловая кислота (АСК), пероральные контрацептивы, свежие соки и щелочное питье снижают ее всасывание и усвоение. При одновременном применении с АСК повышается выделение с мочой аскорбиновой кислоты и снижается выделение АСК. АСК снижает абсорбцию аскорбиновой кислоты примерно на 30%. Аскорбиновая кислота увеличивает риск развития кристаллурии при применении препаратов, содержащих ацетилсалициловую кислоту (АСК) и сульфаниламиды короткого действия, замедляет выведение почками кислот, увеличивает выведение лекарственных средств имеющих щелочную реакцию (в т.ч. алкалоидов), снижает концентрацию в крови пероральных контрацептивов. При одновременном применении уменьшает хронотропное действие изопреналина. Уменьшает терапевтическое действие антипсихотических лекарственных средств (нейролептиков) – производных фенотиазина, канальцевую реабсорбцию амфетамина и трициклических антидепрессантов. Барбитураты и примидон повышают выведение аскорбиновой кислоты с мочой.
Возможно одновременное применение с противовирусными препаратами и средствами симптоматической терапии гриппа и ОРВИ.
Проконсультируйтесь с врачом, если Вы принимаете указанные в разделе или другие препараты.
Особые указания
Возможны аллергические реакции: крапивница. В этих случаях применение препарата прекращают и назначают симптоматическое лечение, антигистаминные средства.
Особенности влияния лекарственного препарата на способность управлять транспортными средствами или потенциально опасными механизмами
Не оказывает влияния.
Передозировка
Симптомы: кратковременное снижение артериального давления у больных с вегетососудистой дистонией, пожилого возраста. Необходим контроль за функцией почек, артериального давления и концентрации глюкозы в крови.
Форма выпуска и упаковка
По 12 капсул в контурную ячейковую упаковку из плёнки ПВХ/ПХТФЭ/ПВХ
(поливинилхлорид/полихлортрифтор-этилен/поливинилхлорид) или ПВХ/ ПВДХ/ПВХ (поливинилхлорид/поливинилиденхлорид/поливинилхлорид) и фольги алюминиевой печатной лакированной.
Одна, или две, или четыре контурные ячейковые упаковки вместе с инструкцией по медицинскому применению на казахском и русском языках помещают в пачку из картона.
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 25 ºС.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
3 года
Не применять по истечении срока годности
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Производитель
Cytomed Oy, Финляндия,
55300 Рауха, Лааститие 1
Держатель регистрационного удостоверения
АО «Медико-биологический научно-производственный комплекс «Цитомед», Россия, 194356, г. Санкт-Петербург, Орлово-Денисовский проспект, д. 14, строение 1
Тел./факс: 8(800)505-03-01, www.cytomed.ru
Наименование, адрес и контактные данные (телефон, факс, электронная почта) организации на территории Республики Казахстан, принимающей претензии (предложения) по качеству лекарственных средств от потребителей и ответственной за пострегистрационное наблюдение за безопасностью лекарственного средства:
ТОО «PARASAT PHARMA MEDICAL», Республика Казахстан,
г. Алматы, пр. Абая, д. 150/230, офис 867, блок 11
Тел.: +7 (702) 490-31-10
E-mail: zhenyagr78@mail.ru
Саудалық атауы
Цитовир®-3
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Капсулалар
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар: тимоген® натрий 0.5 мг, аскорбин қышқылы 50 мг, бендазол гидрохлориді (дибазол) 20 мг,
қосымша заттар:лактоза моногидраты, кальций стеараты,
капсула қабығының құрамы: азорубин бояғыш (Е122), күн батар түстес сары бояғыш (Е110), титанның қостотығы (Е171), желатин.
Сипаттамасы
Ақ түсті корпусы мен қызғылт сары түсті қақпақшасы бар қатты желатин № 3 капсулалар. Капсула ішіндегісі – иіссіз ақтан сары түске дейінгі ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы
L - Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар.
L03 - Иммуностимуляторлар
L03A - Иммуностимуляторлар
L03AX - Басқа иммуностимуляторлар.
АТХ коды L03AХ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағанда препарат асқазан-ішек жолынан толық сіңіріледі. Бендазолдың биожетімділігі – шамамен 80%, альфа-глутамил-триптофан –15%-дан көп емес және аскорбин қышқылында – 90% дейін. Аскорбин қышқылы мен бендазолдың метаболиттері несеппен шығарылады. Альфа-глутамил-триптофан пептидазалардың әсерімен L-глутамин қышқылына және L-триптофанға ыдырайды, олар организмде пептидтік синтезде пайдаланылады.
Фармакодинамикасы
Препарат этиотропты және иммуностимуляциялайтын емдеу дәрісі болып табылады, А және В тұмауы вирустарына және жедел респираторлық ауруларды тудыратын басқа да вирустарға қатысты вирусқа қарсы жанама әсерге иеленген. Препарат мұрын-жұтқыншақ шырышы - инфекцияның ену жолындағы секреторлы иммуноглобулин А (sIgA) мөлшерін арттырады, вирусты және бактериялық табиғаттың респираторлық инфекцияларына организмнің иммунорезистенттілігін арттырады, ал ауру пайда болған жағдайда оның асқынбаған ағымына ықпал етеді.
Препарат тұмау мен ЖРВИ негізгі клиникалық симптомдарының айқындығын төмендетеді, сондай-ақ аурудың ұзақтығын қысқартады.
Бендазол организмде эндогенді интерферонның өндірілуін индукциялайды, иммуномодуляциялаушы әсерге ие (организмнің түрлі инфекциялық агенттерге иммундық жауабын қалыпқа келтіреді). Әртүрлі ағзалардың жасушаларында интерферонмен индукцияланатын ферменттер вирустардың репликациясын тежейді.
Альфа-глутамил-триптофан (тимоген) иммунитеттің Т-жасушалық буынын қалыпқа келтіре отырып, бендазолдың иммуномодуляциялық әсерініңсинергисі болып табылады.
Аскорбин қышқылы иммунитеттің гуморальді буынын белсендіреді, капиллярлардың өткізгіштігін қалыпқа келтіреді, қабынуды азайта отырып, қабынуға қарсы антиоксиданттық қасиеттерді көрсетеді, қабыну үдерісімен қатар жүретін оттегі радикалдарын бейтараптандырады, организмнің инфекцияға төзімділігін арттырады.
Қолданылуы
- тұмаудың және жедел респираторлық вирустық инфекциялардың профилактикасы ретінде және кешенді емдеу құрамында.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке, тамақтануға дейін 30 минут бұрын. Бір реттік дозасы - 1 капсула.
Ем үшін: бір капсуладан күніне 3 рет - 4 күн.
Профилактика үшін:
- тұмаумен және басқа да ЖРВИ ауырған науқаспен тікелей байланыста болған кезде бір капсуладан күніне 3 рет - 4 күн.
- тұмаумен және басқа да ЖРВИ ауруларының эпидемиялық маусым кезінде күніне 1 рет - 12 күн.
Профилактикалық курстарды, қажет болған жағдайда 3 аптадан кейін (эпидемиялық жағдай қалпына келтірілгенге дейін) қайталайды.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар
- артериялық қысымды қысқа мерзімдік төмендету
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және лактация кезеңі
- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Альфа-глутамил-триптофанның дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.
Бендазолселективті емес бета-адреноблокаторлармен байланысты тамырлардың жалпы шеткері қарсыласуының артуына кедергі жасайды.
Гипотензиялық және диуретиктік дәрілік заттардың гипотензиялық (артериялық қысымның төмендеуі) әсерін күшейтеді. Фентоламин бендазолдың гипотензиялық әсерін күшейтеді.
Аскорбин қышқылы – қандағы тетрациклин қатарындағы бактерияға қарсы препараттардың және бензилпенициллиннің концентрациясын арттырады. Ішекте темір (Fe) препараттарының сіңірілуін жақсартады. Гепарин мен тікелей емес антикоагулянттар тиімділігін төмендетеді. Ацетилсалицил қышқылы (АСҚ), пероральді контрацептивтер, жаңадан алынған шырындар және сілтілік сусын оның сіңірілуін төмендетеді. АСҚ-мен бір уақытта қолданғанда аскорбин қышқылының несеппен шығарылуы арттырылады және АСҚ шығарылуы төмендейді. АСҚ аскорбин қышқылының сіңірілуін шамамен 30%-ға төмендетеді. Аскорбин қышқылы құрамында ацетилсалицил қышқылы (АСҚ) және қысқа әсер ететін сульфаниламидтер бар препараттарды қолданған кезде кристаллурияның даму қаупін арттырады, қышқылдардың бүйрекпен шығарылуын баяулатады, сілтілік реакциясы бар дәрілік заттардың (оның ішінде алкалоидтардың)шығарылуын арттырады, қандағы пероральді контрацептивтердің концентрациясын төмендетеді. Бір уақытта қолданғанда изопреналиннің хронотроптық әсерін төмендетеді. Фенотиазин туындылары – психозға қарсы дәрілік заттардың (нейролептиктердің) емдік әсерін, амфетамин мен трициклді антидепрессанттардың өзекшелік реабсорбциясын төмендетеді. Барбитураттар мен примидон аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын арттырады.
Вирусқа қарсы препараттармен және тұмау мен ЖРВИ симптоматикалық емдеу заттарымен бір мезгілде қолданылуы мүмкін.
Егер сіз бөлімде көрсетілген немесе басқа препараттарды қабылдап жүрсеңіз, дәрігермен кеңесіңіз.
Айрықша нұсқаулар
Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін: есекжем. Бұл жағдайларда препаратты қолдануды тоқтатады және симптоматикалық ем, антигистаминді дәрілер тағайындайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: вегетативті қантамырлық дистониясы бар, егде жастағы науқастарда артериялық қысымның қысқа мерзімді төмендеуі. Бүйрек функциясын, артериялық қысымды және қандағы глюкоза концентрациясын бақылау қажет.
Шығарылу түрі және қаптамасы
12 капсуладан ПВХ/ПХТФЭ/ПВХ (поливинилхлорид/полихлортрифтор-этилен/поливинилхлорид) немесе ПВХ/ПВДХ/ПВХ (поливинилхлорид/поливинилиденхлорид/поливинилхлорид) үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
Бір немесе екі немесе төрт пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Cytomed Oy, Финляндия,
55300 Рауха, Лааститие 1
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Цитомед» Медициналық-биологиялық ғылыми-өндірістік кешені» АҚ, Ресей, 194356, Санкт-Петербург қ., Орлов-Денисов даңғылы, 14 үй,
1 құрылыс
Тел./факс: 8(800)505-03-01, www.cytomed.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):
«PARASAT PHARMA MEDICAL» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай даңғ., 150/230 үй, 867 кеңсе, блок 11
Тел.: +7 (702) 490-31-10
E-mail: zhenyagr78@mail.ru