Торговое название:
Циннабсин
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма
Таблетки
Состав
Одна таблетка (250 мг) содержит:
активные вещества: Cinnabaris trit. D3 (Циннабарис трит. Д3) 25.00 мг,
Hydrastis trit. D3 (Гидрастис трит. Д3) 25.00 мг, Kalium bichromicum
trit. D3 (Калиум бихромикум трит. Д3) 25.00 мг, Echinacea trit. D1 (Эхинацея трит. Д1) 25.00 мг;
вспомогательные вещества: лактозы моногидрат, пшеничный крахмал, магния стеарат.
Описание
Таблетки почти белого цвета, плоскоцилиндрической формы с фаской. Иногда с отдельными темными точками.
Фармакотерапевтическая группа
Прочие препараты. Другие терапевтические препараты все.
Код АТХ V03А
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Исследовать фармакокинетические свойства гомеопатических препаратов не представляется возможным.
Фармакодинамика
Циннабсин - комплексный гомеопатический препарат для лечения заболеваний органов дыхания, при различных симптомах острого и хронического риносинусита. Хотя действие Циннабсина, как гомеопатического средства, не основано на принципах рациональной фармакотерапии, препарат стимулирует собственные защитные механизмы организма и тем самым активизирует способность к самовосстановлению.
Cinnabaris уменьшает характерные симптомы воспаления околоносовых пазух (головная боль, состояние прострации и слезотечение) и лицевой невралгии.
Hydrastis хорошо зарекомендовал себя в целом при инфекциях слизистых с клейкими носовыми выделениями. Он обычно используется для лечения воспалений со специфическими слизистыми выделениями. Hydrastis может использоваться у пациентов с типичными жалобами при синусите, такими как вялость и давящая головная боль в лобной доле. Облегчает ощущение заложенности, густой и клейкой слизи в носу и задней стенке носоглотки, уменьшает водянистые слизистые выделения.
Kalium bichromicum может применяться для лечения воспалений глотки, гортани, бронхов и носа, в случаях с трудновыводимой, плотной и вязкой слизью. Он хорошо себя зарекомендовал при лечении острого и хронического синусита с типичными жалобами, такими, как гнойные выделения из носа. Все три ингредиента способствуют снятию отёка слизистых оболочек и восстановлению носового дыхания.
Echinacea стимулирует защитные механизмы организма в основном при бактериальных инфекциях. Использутся для лечения синусита с выделениями, имеющими неприятный запах. Улучшает состояние при воспалении дыхательных путей, облегчает ощущения заложенности и болезненности носа, частое чихание
Показания к применению
- острый и хронический синусит
Способ применения и дозы
При отсутствии иных указаний Циннабсин применяют следующим образом:
при остром течении заболевания: детям в возрасте 2 - 5 лет назначают по 1 таблетке 3 раза в день, до наступления улучшения. При дальнейшем лечении продолжать принимать по 1 таблетке 3 раза в сутки до исчезновения симптомов заболевания.
Детям в возрасте 6 - 11 лет назначаютпо 1 таблетке через каждые 2 часа (но не более 6 таблеток в сутки) до улучшения состояния. При дальнейшем лечении продолжать принимать по 1 таблетке 3 раза в сутки.
Детям рекомендуется для удобства применения растворять таблетку в небольшом количестве воды.
Взрослым и детям старше 12 лет назначают по 1 таблетке через каждый час (но не более 12 таблеток в день) до наступления улучшения. При дальнейшем лечении принимать по 1-2 таблетке 3 раза в сутки до исчезновения симптомов заболевания.
При острых состояниях лечение рекомендуется продолжать в течение 10 дней. В случае сохранения острого состояния или ухудшения в течение первых 3 дней применения препарата его следует отменить и проконсультироваться с врачом по поводу дальнейшего лечения.
При хроническом синусите: взрослые и дети принимают по 1 таблетке 3 раза в день; лечение рекомендуется продолжать в течение 4-6 недель.
Циннабсин не рекомендуется принимать более 4 недель, не проконсультировавшись с врачом.
Таблетки следует принимать за полчаса до или через полчаса после еды, давая им медленно раствориться во рту.
Побочные действия
Очень редко
У пациентов, принимающих Циннабсин, наблюдаются реакции гиперчувствительности:
- сыпь и зуд, желудочно-кишечные расстройства, в редких случаях возможны лицевые отеки, диспноэ, головокружение и артериальная гипотензия.
- усиленное слюноотделение
Эхинацея может вызывать аллергические реакции у пациентов с атопией (например, пациентов с сенной лихорадкой, нейродермитом, аллергической астмой).
-анафилактический шок
Противопоказания
- известная гиперчувствительность к хрому, Echinacea, другим сложноцветным или одному из прочих ингредиентов
- прогрессирующие системные заболевания (например, туберкулез, саркоидоз)
- системные заболевания кроветворной системы (лейкемия, лейкоз)
- аутоиммунные болезни (например, воспалительные заболевания соединительной ткани - коллагенозы, рассеянный склероз)
- иммунодефицитные состояния (СПИД, ВИЧ-инфекция и другие)
- при угнетенном состоянии иммунитета (например, после трансплантации органов или костного мозга, химиотерапии)
- при хронических вирусных заболеваниях
- дети до 2 лет
- наследственная непереносимость галактозы, дефицит фермента Lapp-лактазы, мальабсорбция глюкозы-галактозы.
- беременность
Лекарственные взаимодействия
Не установлены.
Пациенты с аллергией на пшеницу не должны принимать данный лекарственный препарат (за исключением больных с целиакией). Циннабсин разрешен для лечения пациентов с заболеванием - целиакией.
Пшеничный крахмал в лекарственном препаратесодержит исключительно низкий уровень глютена (считается безглютеновым) и обычно не вызываетпроблем при целиакии у пациента. Одна таблетка содержит не более 9.5 мкг глютена.
Необходима консультация с врачом перед применением данного препарата в следующих случаях:
- терапия у пациентов с атопией.
- непереносимость каких-либо сахаров у пациента. Циннабсин содержит лактозу.
- возникновение следующих симптомов: отек лица, лихорадкаили сильная головная боль или другие дополнительные жалобы.
При приеме гомеопатических лекарственных средств возможно преходящее усиление существующих симптомов заболевания (первоначальное ухудшение). В этом случае следует прекратить прием препарата и проконсультироваться с врачом.
При развитии побочных действий следует отменить препарат и проконсультироваться с врачом.
При усиленном слюноотделении рекомендуется снизить дозу Циннабсина или прекратить прием препарата.
Во время беременности или лактации
Препарат не показан к применению в период беременности, с учетом характеристик действующих веществ.
Принимать препарат в периоде лактации можно только после тщательной оценки соотношения между ожидаемой пользой для матери и возможного риска для плода/ребенка.
Особенности влияния препарата на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Не влияет
Передозировка
Не выявлена.
Форма выпуска и упаковка
По 20 таблеток в контурной ячейковой упаковке из пленки ПВХ и фольги алюминиевой печатной лакированной.
По 5 контурных упаковок вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
Условия хранения
Хранить при температуре от 15 °С до 25 °С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
5 лет
Не применять по истечении срока годности.
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Торговое название:
Циннабсин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың (250 мг) құрамында:
белсенді заттар: Cinnabaris trit. D3 (Циннабарис трит. Д3) 25.00 мг,
Hydrastis trit. D3 (Гидрастис трит. Д3) 25.00 мг, Kalium bichromicum
trit. D3 (Калиум бихромикум трит. Д3) 25.00 мг, Echinacea trit. D1 (Эхинацея трит. Д1) 25.00 мг;
қосымша заттар: лактоза моногидраты, бидай крахмалы, магний стеараты.
Сипаттамасы
Ойығы бар, жалпақ цилиндр пішінді, түсі ақ дерлік таблеткалар.Кейде жеке қара нүктелері болады.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да препараттар. Басқа емдік препараттар, барлығы.
АТХ коды V03А
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттеріне зерттеу жүргізу мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Циннабсин –жедел және созылмалы риносинуситтің әртүрлі симптомдары кезінде тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеуге арналған кешенді гомеопатиялық препарат. Циннабсиннің әсері гомеопатиялық дәрі ретінде оңтайлы фармакотерапияға негізделмегендіктен, препарат организмнің жеке қорғаныш механизмдерін көтермелейді және сонысымен өздігінен қалпына келу қабілетін белсендіреді.
Cinnabaris мұрын маңы қойнаулары қабынуының (бас ауыруы, прострация жай-күйі және көзден жас ағу) және бет невралгиясының өзіне тән симптомдарын азайтады.
Hydrastis жалпы алғанда, жабысқақ мұрын бөліністері болатын шырышты қабықтың инфекциялары кезінде өзін жақсы танытты. Ол әдетте өзіне тән шырышты бөліністер болатын қабынуды емдеу үшін пайдаланылады. Hydrastis синусит кезінде сылбырлық және бастың маңдай бөлігінде батып ауыруы сияқты әдеттегі шағымдары болатын пациенттерде пайдаланылуы мүмкін. Мұрын бітелуін сезінуді жеңілдетеді, мұрындағы және мұрын-жұтқыншақтың артқы жақтауындағы қою және жабысқақ шырышын, сулы шырышты бөлінулерді азайтады.
Kalium bichromicum шығарылуы қиын, тығыз және тұтқыр шырыш болатын жағдайларда жұтқыншақ, көмей, бронхтар мен мұрынның қабынуын емдеуге қолданылуы мүмкін. Ол өзін мұрыннан іріңді бөліністер сияқты әдеттегі шағымдар болған жедел және созылмалы синуситті емдегенде жақсы жағынан көрсеткен. Барлық үш ингредиент те шырышты қабықтың ісінуін қайтаруға және мұрынмен тыныс алуды қалпына келтіруге ықпал етеді.
Echinacea негізінен бактериялық инфекциялар кезінде организмнің қорғаныш механизмін көтермелейді. Жағымсыз иісі болатын бөліністері бар синуситті емдегенде пайдаланылады. Тыныс алу жолдарының қабынуы кезінде жай-күйді жақсартады, мұрынның бітелуі мен ауырсынуды сезінуді, жиі түшкіруді жеңілдетеді.
Қолданылуы
- жедел және созылмалы синуситте
Қолдану тәсілі мен дозалары
Басқа нұсқаулар болмағанда Циннабсинді төмендегідей қолданады:
аурудың жедел ағымында: 2 - 5 жастағы балаларға жай-күйі жақсарғанша 1 таблеткадан күніне 3 рет тағайындайды. Одан кейінгі емдеуде ауру симптомдары жоғалғанға дейін 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет қабылдауды жалғастыру керек.
6 - 11 жастағы балаларға жай-күйі жақсарғанша 1 таблеткадан әр 2 сағат сайын тағайындайды (бірақ тәулігіне 6 таблеткадан көп емес). Одан кейінгі емдеуде 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет қабылдауды жалғастыру керек.
Балаларға қолдану ыңғайлығы үшін таблетканы азғантай мөлшердегі суға еріту ұсынылады.
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға жақсарғанша 1 таблеткадан сағат сайын тағайындайды (бірақ күніне 12 таблеткадан көп емес). Одан кейінгі емдеуде ауру симптомдары жоғалғанға дейін тәулігіне 3 рет 1-2 таблеткадан қабылдау керек.
Жедел жағдайларда емді 10 күн бойы жалғастыру ұсынылады. Жедел жай-күй сақталған жағдайда немесе препаратты қолданудың алғашқы 3 күнінде нашарлаған жағдайда препаратты тоқтату керек және одан кейінгі ем жайлы дәрігермен кеңесу қажет.
Созылмалы синуситте: ересектер мен балалар 1 таблеткадан күніне 3 рет қабылдайды; емді 4-6 апта бойы жалғастыру ұсынылады.
Циннабсинді дәрігермен кеңесіп алмай, 4 аптадан ұзақ қабылдау ұсынылмайды.
Таблеткаларды ауызда баяу еруіне мүмкіндік бере отырып, тамақтануға дейін жарты сағат бұрын немесе тамақтанғаннан кейін жарты сағаттан соң қабылдау керек
Жағымсыз әсерлері
Өте сирек
Циннабсин қабылдайтын пациенттерде аса жоғары сезімталдық реакциялары байқалады:
- бөртпе және қышыну, асқазан-ішек бұзылыстары, сирек жағдайларда беттің ісінуі, диспноэ, бас айналу және артериялық гипотензия болуы мүмкін.
- сілекейдің көп бөлінуі
Эхинацея атопиясы бар пациенттерде (мысалы, пішен қызбасы, нейродермит, аллергиялық демікпесі бар пациенттерде) аллергиялық реакциялар туындатуы мүмкін.
-анафилаксиялық шок
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- хромға, Echinacea, басқа күрделігүлділер немесе басқа да ингредиенттердің біріне белгілі аса жоғары сезімталдық
- үдемелі жүйелі аурулар (мысалы, туберкулез, саркоидоз)
- қан түзу жүйесінің жүйелік аурулары (лейкемия, лейкоз)
- аутоиммундық ауырулар (мысалы, дәнекер тіннің қабыну аурулары - коллагеноз, жайылған склероз)
- иммун тапшылығы жағдайлары (ЖИТС, АИТВ-инфекция және басқалар)
- иммунитеттің бәсеңдеген жағдайларында (мысалы, ағзалар немесе сүйек кемігі трансплантациясынан, химиотерапиядан кейін)
- созылмалы вирустық аурулар кезінде
- 2 жасқа дейінгі балаларға
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
- жүктілік
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған.
Бидайға аллергиясы бар пациенттер бұл дәрілік препаратты (целиакиямен ауыратын науқастарды қоспағанда) қабылдамаулары тиіс. Целиакия ауруына шалдыққан пациенттерді емдеу үшін Циннабсинді қолдануға рұқсат етілген.
Дәрілік препаратта бидай крахмалының құрамында глютен тек төмен деңгейде болады (глютенсіз деп саналады) және әдетте целиакия кезінде пациентте проблема туындатпайды. Бір таблетканың құрамында 9.5 мкг глютеннен аспайды.
Осы дәрілік препаратты қолданар алдында мынадай жағдайларда дәрігердің кеңесі қажет:
- атопиясы бар пациенттерді емдеуде.
- пациенттегі қандай да бір қанттың жақпаушылығы. Циннабсин құрамында лактоза бар.
- мынадай симптомдардың туындауы: беттің ісінуі, қызба немесе күшті бас ауыруы немесе басқа да қосымша шағымдар.
Гомеопатиялық дәрілік заттарды қабылдаған кезде аурудың бұрыннан бар симптомдары өтпелі күшеюі мүмкін (бастапқы нашарлауы). Бұл жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек және дәрігермен кеңесу қажет.
Жағымсыз әсерлері дамыған кезде препаратты тоқтатып, дәрігермен кеңесу қажет.
Сілекей бөлінуі күшейген кезде Циннабсиннің дозасын төмендету ұсынылады немесе препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Жүктілік және лактация кезінде
Әсер етуші заттардың сипаттамасын ескере отырып, препарат жүктілік кезеңінде қолдануға арналмаған.
Препаратты лактация кезеңінде ана үшін күтілетін пайдасы мен шаранаға/балаға төнетін ықтимал қауіп арасындағы арақатынасты мұқият бағалаудан кейін ғана қабылдауға болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Анықталмаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
20 таблеткадан ПВХ үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
5 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
15 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз