Торговое название
Боботик
Международное непатентованное название
Cиметикон
Лекарственная форма
Эмульсия для приема внутрь 66,66 мг/мл, 30 мл
Состав
1 мл эмульсии содержит
активное вещество - симетикон (в форме 30% эмульсии) 66,66 мг,
вспомогательные вещества: натрия сахаринат, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрия кармеллоза, кислота лимонная, ароматизатор малиновый, вода очищенная.
Описание
Густая, непрозрачная жидкость беловатого или светло-кремового цвета кисло-сладкого вкуса с фруктовым запахом.
Фармакотерапевтическая группа
Пищеварительный тракт и обмен веществ. Препараты для лечения функциональных желудочно-кишечных расстройств. Препараты, для лечения функциональных расстройств кишечника. Другие препараты для лечения функциональных расстройств кишечника. Силиконы.
Код АТX A03AX13
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Симетикон после приема внутрь не всасывается из желудочно-кишечного тракта и выводится с калом в неизмененном виде. Симетикон не влияет на всасывание пищи в кишечнике. Не изменяет pHи объем желудочного сока.
Фармакодинамика
Активным веществом препарата является симетикон (диметикон, активированный двуокисью кремния). Механизм действия симетикона основан на снижении поверхностного натяжения пленочной слизи, выстилающей стенку кишечника, путем слияния малых газовых пузырьков при помощи капель полидиметилполисилоксанов, что приводит к разрыву поверхности слизистого слоя и испусканию газа. Таким путем образующиеся газы могут всасываться в желудочно-кишечном тракте или удаляться из кишечника в результате перистальтических движений.
Во время проведения радиологических и ультразвуковых исследований желудочно-кишечного тракта симетикон улучшает визуализацию, поскольку предотвращает наложение тени газов и пенящегося содержимого кишечника на картину исследуемых органов.
Показания к применению
- состояния избыточного накопления газов в желудочно-кишечном тракте (чувство переполнения в брюшной полости, продолжительный метеоризм, послеоперационный метеоризм)
- в качестве вспомогательного средства применяется для подготовки пациента к некоторым диагностическим исследованиям, таким как рентгенологические и ультразвуковые исследования органов брюшной полости, а также при гастроскопии и дуоденоскопии
Способ применения и дозы
Применяют внутрь.
В 1 мл препарата содержится приблизительно 27 капель.
В состояниях избыточного накопления газов в желудочно-кишечном тракте:
Дети в возрасте от 28 дней до 3 лет: по 8 капель (20 мг симетикона) 4 раза в сутки.
Дети в возрасте от 3 до 6 лет: по 14 капель (35 мг симетикона) 4 раза в сутки.
Дети старше 6 лет и взрослые: по 16 капель (40 мг симетикона) 4 раза в сутки.
Обычно препарат применяют после приема пищи 3 раза в день и непосредственно перед сном.
Подготовка к диагностическим исследованиям:
Радиологическое и ультразвуковое исследование желудочно-кишечного тракта
За день до исследования:
Дети в возрасте от 28 дней до 3 лет: по 10 капель (25 мг симетикона) 2 раза в сутки.
Дети в возрасте от 3 до 6 лет: по 16 капель (40 мг симетикона) 2 раза в сутки.
Дети старше 6 лет и взрослые: по 20 капель (50 мг симетикона) 2 раза в сутки.
Утром, в день исследования, натощак, следует повторить однократную дозу.
Примечание:
Перед приемом препарата следует несколько раз тщательно взболтать содержимое флакона.
Боботик можно предварительно смешивать с небольшим объемом прокипяченной, охлажденной воды, с детским питанием или с другой негазированной жидкостью.
Лекарственный препарат не содержит сахара и может быть применен у диабетиков.
Лечение следует продолжать до исчезновения симптомов.
При необходимости Боботик можно применять более длительное время.
Начатую упаковку следует использовать в течение 2 месяцев.
Побочные действия
Сообщения о побочных эффектах отсутствуют.
Противопоказания
- повышенная чувствительность к симетикону или к какому-либо вспомогательному веществу в составе препарата.
Препарат Боботик не следует применять у новорожденных (дети в возрасте до 28 дней).
Лекарственные взаимодействия
Из некоторых сообщений следует, что симетикон может нарушать всасывание пероральных антикоагулянтов. Применение симетикона может давать ложноположительные результаты диагностических тестов с применением гваяковой смолы, однако не влияет на результаты быстрого уреазного теста (диагностика Helicobacter pylori).
Симетикон может связывать левотироксин. При одновременном приеме препарата Боботик и левотироксина всасывание левотироксина может нарушаться.
Особые указания
При применении препарата Боботик не следует употреблять газированные жидкости.
Препарат содержит метилпарагидроксибензоат и пропилпарагидроксибензоат, что может вызывать аллергические реакции (возможны реакции замедленного типа).
Беременность и период лактации
Отсутствуют данные о применении препарата у беременных и у детей на грудном вскармливании.
Препарат может применяться во время беременности только в случаях, когда, по мнению врача, польза для матери превышает потенциальную угрозу для плода. Отсутствуют данные о применении препарата в период грудного вскармливания.
Особенности влияния препарата на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Боботик не оказывает влияния на способность к управлению транспортными средствами и обслуживанию механизмов.
Передозировка
Симетикон после приема внутрь не всасывается из желудочно-кишечного тракта и не представляет угрозы для жизни или здоровья. Симптомами передозировки могут быть неконтролируемое испускание газов или отрыжка. Интенсивность симптомов передозировки в большой степени зависит от вида и объема принятой пищи.
Форма выпуска и упаковка
По 30.0 мл препарата разливают во флаконы темного стекла типа «Oster». Флаконы укупоривают полиэтиленовой завинчивающейся крышкой с уплотнительным кольцом и вертикальной капельницей.
Каждый флакон, с наклеенной этикеткой, вместе с утвержденной инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
Условия хранения
Хранить в оригинальной упаковке при температуре не выше 25°C.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
3 года
Вскрытый флакон необходимо использовать в течение 2 месяцев.
Не применять по истечении срока годности.
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Саудалық атауы
Боботик
Халықаралық патенттелмеген атауы
Cиметикон
Дәрілік түрі
Ішуге арналған 66,66 мг/мл, 30 мл эмульсия
Құрамы
1 мл эмульсияның құрамында
белсенді зат - 66,66 мг симетикон (30% эмульсия түрінде),
қосымша заттар: натрий сахаринаты, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий кармеллозасы, лимон қышқылы, таңқурай хош иістендіргіші, тазартылған су.
Сипаттамасы
Ақшыл немесе ақшыл-крем түстес, қышқыл-тәтті дәмімен, жеміс иісі бар, қою, мөлдір емес сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Ас қорыту жолы және зат алмасу. Асқазан-ішек қызметінің бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар. Ішек қызметінің бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар. Ішек қызметінің бұзылыстарын емдеуге арналған басқа препараттар. Силикондар.
АТX коды A03AX13
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Симетиконды ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолында сіңбейді және нәжіспен өзгермеген күйде шығарылады. Симетикон ішекте тамақтың сіңуіне әсер етпейді. Асқазан сөлінің рН және көлемін өзгертпейді.
Фармакодинамикасы
Препараттың әсер етуші заты симетикон (диметикон, белсендірілген кремний қостотығы) болып табылады. Симетиконның әсер ету механизмі полидиметилполисилоксан тамшылары көмегімен шағын газ көпіршіктерін біріктіру жолымен ішек қабырғасына төселетін үлбірлі шырыштың беткейлік керуін төмендетуге негізделген, бұл шырышты қабат беткейінің жарылуына және газдың шығуына алып келеді. Осылайша түзілетін газ асқазан-ішек жолында сіңуі немесе перистальтикалық қозғалыстар нәтижесінде ішектен шығарылады.
Асқазан-ішек жолының радиологиялық және ультрадыбыстық зерттеулерін жүргізген кезде симетикон шолып көруді жақсартады, өйткені зерттелетін мүшелер көрінісіне газдың және ішек ішіндегі көбіктің көлеңкесі түсуін болдырмайды.
Қолданылуы
- асқазан-ішек жолында газдың шамадан тыс жинақталу жағдайы (құрсақ қуысындағы асыра толу сезімі, ұзаққа созылған метеоризм, операциядан кейінгі метеоризм)
- пациентті кейбір құрсақ қуысы мүшелерін рентгенологиялық және ультрадыбыстық зерттеулер сияқты кейбір диагностикалық зерттеулерге дайындау үшін қосымша дәрі ретінде, сондай-ақ гастроскопия және дуоденоскопия кезінде қолданылады
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке қабылданады.
1 мл препаратта шамамен 27 тамшы болады.
Асқазан-ішек жолында газдың шамадан тыс жинақталуы жағдайында :
28 күннен бастап 3 жасқа дейінгі балалар: 8 тамшыдан (20 мг симетикон) тәулігіне 4 рет.
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға: 14 тамшыдан (35 мг симетикон) тәулігіне 4 рет.
6 жастан асқан балаларға және ересектерге: 16 тамшыдан (40 мг симетикон) тәулігіне 4 рет.
Препаратты әдетте ас ішкеннен кейін күніне 3 рет және тікелей ұйықтар алдында қолданады.
Диагностикалық зерттеулерге дайындау:
Асқазан-ішек жолының радиологиялық және ультрадыбыстық зерттеуі
Зерттеуден бір күн бұрын:
Жасы 28 күннен асқан 3 жасқа дейінгі балалар: 10 тамшыдан (25 мг симетикон) тәулігіне 2 рет.
3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар: 16 тамшыдан (40 мг симетикон) тәулігіне 2 рет.
6 жастан асқан балалар және ересектер: 20 тамшыдан (50 мг симетикон) тәулігіне 2 рет.
Зерттеу жүргізілетін күні таңертең, ашқарынға бір реттік дозаны қайталау керек.
Ескерту:
Препаратты қабылдар алдында құтының ішіндегісін бірнеше рет мұқият шайқаған жөн.
Боботикті қайнатылып, салқындатылған судың аздаған мөлшерімен, балалар тағамымен немесе басқа да газдалмаған сұйықтықпен алдын ала араластырып алуға болады.
Дәрілік препарат құрамында қант жоқ және диабеті бар адамдарға қолдануға болады.
Емдеуді симптомдар жойылғанға дейін жалғастырған жөн.
Қажет болғанда Боботик препаратын анағұрлым ұзақ уақыт қолдануға болады.
Басталған қаптаманы 2 ай ішінде пайдаланған жөн.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз әсерлері жайлы хабарламалар жоқ.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- симетиконға немесе препарат құрамындағы қандайда бір қосымша затқа жоғары сезімталдық.
Боботик препаратын жаңа туған нәрестелерге (жасы 28 күнге дейінгі балалар) қолданбаған жөн.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Кейбір хабарламалардан шығатыны, симетикон пероральді антикоагулянттардың сіңуін бұзуы мүмкін. Симетиконды қолдану гваяк шайыры қолданылатын диагностикалық тестілердің жалған оң нәтижелерін беруі мүмкін, алайда жылдам уреазды тест (Helicobacter pylori диагностикасы) нәтижесіне әсер етпейді.
Симетикон левотироксинді байланыстыра алады. Боботик препаратын және левотироксинді бір уақытта қабылдау кезінде левотироксиннің сіңуі бұзылуы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Боботик препаратын қолданғанда газдалған сұйықтықты ішуге болмайды.
Препарат құрамында аллергиялық реакциялар туындатуы мүмкін (баяулаған типті реакциялар болуы мүмкін) метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат бар.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүкті әйелдер мен емшек еметін балаларда қолдану туралы деректер жоқ.
Препарат жүктілік кезінде, дәрігердің пікірі бойынша анасы үшін пайдасы ұрыққа төнетін ықтимал қауіптен асып түскен жағдайда ғана, қолданылуы мүмкін. Емшекпен қоректендіру кезеңінде препаратты қолдану туралы деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Боботик көлік құралдарын басқару және механизмдерге қызмет көрсету қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симетикон ішке қабылдаудан кейін асқазан-ішек жолынан сіңбейді және өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндірмейді. Артық дозалану симптомдары еркінен тыс газ шығару немесе кекіру болуы мүмкін. Артық дозалану симптомдарының қарқындылығы көп дәрежеде қабылданған тамақтың түріне және көлеміне байланысты болады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30.0 мл препараттан «Oster» типті күңгірт шыны құтыларға құйылады. Құтылар нығыздағыш сақинасы мен тік тұрған тамшылатқышы бар бұрандалы полиэтилен қақпақпен тығындалады.
Заттаңба жапсырылған әр құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Ашық құтыны 2 ай ішінде пайдалану қажет.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз