Торговое название
Блогир-3
Международное непатентованное название
Дезлоратадин
Лекарственная форма
Таблетки для рассасывания, 5 мг
Состав
1 таблетка содержит
активное вещество - дезлоратадин 5 мг,
вспомогательные вещества: калия полакрилин, кислоты лимонной моногидрат, железа (III) оксид красный (Е172), магния стеарат, натрия кроскармеллоза, ароматизатор Тутти Фрутти, аспартам, целлюлоза микрокристаллическая, маннитол, калия гидроксид, вода очищенная.
Описание
Таблетки кирпично-красного цвета, круглой формы, с плоской поверхностью, со скошенными краями и гравировкой «5» на одной стороне.
Фармакотерапевтическая группа
Респираторная система. Антигистаминные препараты системного действия. Антигистаминные препараты системного действия другие. Дезлоратадин.
Код АТХ R06AX27
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Всасывание
После приема внутрь дезлоратадин хорошо всасывается в желудочно-кишечном тракте, определяется в плазме крови через 30 мин после приема внутрь. Биодоступность дезлоратадина пропорциональна дозе в диапазоне от 5 до 20 мг. Максимальная концентрация Cmaxдостигается примерно через 3 ч.
Распределение
Связывание дезлоратадина с белками плазмы составляет 83-87%. При применении у взрослых и подростков в течение 14 дней в дозе от 5 мг до 20 мг 1 раз в сутки признаков клинически значимой кумуляции дезлоратадина не выявлено. Одновременный прием пищи или грейпфрутового сока не влияет на распределение дезлоратадина (при приеме в дозе 7,5 мг 1 раз в сутки). Не проникает через гематоэнцефалический барьер.
Метаболизм
Подвергается интенсивному метаболизму в печени путем гидроксилирования с образованием 3-ОН-дезлоратадина, соединенного с глюкуронидом. Не является ингибитором изоферментов CYP3A4 и CYP2D6 и не является субстратом или ингибитором Р-гликопротеина.
Выведение
Дезлоратадин выводится из организма в виде глюкуронидного соединения и в небольшом количестве (менее 2%) почками и через кишечник (менее 7%) в неизмененном виде. Период полувыведения T1/2составляет в среднем 27 ч.
Фармакодинамика
Неседативный антигистаминный препарат длительного действия. Является первичным активным метаболитом лоратадина. Селективно блокирует активность периферических Н1 гистаминовых рецепторов. Подавляет высвобождение гистамина из тучных клеток. Ингибирует каскад реакций аллергического воспаления, в том числе высвобождение противовоспалительных цитокинов, включая интерлейкины ИЛ-4, ИЛ-6, ИЛ-8, ИЛ-13, выделение молекул адгезии, таких как Р-селектин. Таким образом, предупреждает развитие и облегчает течение аллергических реакций, обладает противозудным и антиэкссудативным действием, уменьшает проницаемость капилляров, предупреждает развитие отека тканей, спазма гладкой мускулатуры.
Препарат не оказывает воздействия на центральную нервную систему, практически не обладает седативным эффектом (не вызывает сонливости) и не влияет на скорость психомоторных реакций. Не вызывает удлинения интервала QT на ЭКГ.
Показания к применению
Для купирования симптомов, связанных с:
- аллергическим ринитом
- крапивницей
Способ применения и дозы
Внутрь, независимо от приема пищи. Необходимо осторожно вскрыть контурную ячейковую упаковку и вынуть таблетку, не разламывая ее. Таблетку для рассасывания кладут на язык, где она растворяется, после чего ее проглатывают со слюной, не запивая водой или другой жидкостью. Таблетку следует принять сразу после вскрытия контурной ячейковой упаковки.
Взрослые и подростки от 12 лет: по 1 таблетке для рассасывания (5 мг) 1 раз в сутки.
При сезонном (интермиттирующем) аллергическом рините (при наличии симптомов продолжительностью менее 4 дней в неделю или менее 4 недель в году) необходимо оценивать течение заболевания. При исчезновении симптомов, прием препарата следует прекратить, при повторном появлении симптомов прием препарата необходимо возобновить.
При круглогодичном (персистирующем) аллергическом рините (при наличии симптомов продолжительностью более 4 дней в неделю или более 4 недель в году) лекарственный препарат следует принимать в течение всего периода экспозиции аллергена.
Применение у детей
Эффективность и безопасность препарата у детей в возрасте младше 12 лет не установлена.
Побочные действия
Часто (от ≥ 1/100 до < 1/10):
- головная боль
- сухость во рту
- утомляемость/слабость
Очень редко (< 1/10000)
- галлюцинации
- головокружение, сонливость, бессонница, психомоторная
гиперактивность, судороги
- тахикардия, учащенное сердцебиение
- боли в области живота, тошнота, рвота, диспепсия, диарея
- повышение активности печеночных ферментов, повышение уровня
билирубина, гепатит
- миалгия
- реакции гиперчувствительности (анафилаксия, отек Квинке, одышка, зуд,
сыпь, крапивница)
Частота неизвестна (невозможно определить на основе имеющихся данных):
- аномальное поведение, агрессия
- удлинение интервала QT
- желтуха
- фоточувствительность
- астения
- увеличение веса
- повышение аппетита
Дети
Прочие нежелательные явления, отмеченные в течение пострегистрационного периода у пациентов детского возраста, включали удлинение интервала QT, аритмию, брадикардию,аномальное поведение и агрессию (частота неизвестна).
Противопоказания
- повышенная чувствительность к дезлоратадину или другим компонентам в составе препарата или к лоратадину
- беременность и период лактации
- детский возраст до 12 лет
- фенилкетонурия
Лекарственные взаимодействия
Взаимодействие с другими лекарственными средствами не выявлено в исследованиях с азитромицином, кетоконазолом, эритромицином, флуоксетином и циметидином. Дезлоратадин не усиливает действия алкоголя на центральную нервную систему. При использовании дезлоратадина отмечены случаи непереносимости и интоксикации алкоголем. Поэтому рекомендуется соблюдать осторожность.
Особые указания
Необходимо соблюдать осторожность при применении препарата у пациентов с судорогами в анамнезе, особенно у пациентов детского возраста, так как они более подвержены развитию судорог при лечении дезлоратадином. Может быть рассмотрен вопрос о прекращении применения препарата в случае развития судорог.
При тяжелой почечной недостаточности препарат следует принимать с осторожностью.
В каждой дозе препарата, содержащей 5 мг активного вещества, присутствует 2,9 мг фенилаланина, который может вызвать нежелательные эффекты у пациентов с фенилкетонурией.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством и потенциально опасными механизмами
Препарат не влияет на способность управлять транспортными средствами или механизмами. Пациенты должны быть проинформированы о том, что большинство людей не испытывает сонливости при приеме дезлоратадина. Тем не менее, во время лечения следует воздержаться от деятельности, требующей концентрации внимания, такой как управление автомобилем или работа с механизмами, до тех пор, пока пациенты не определят собственную реакцию на лекарственный препарат.
Передозировка
Симптомы: усиление побочных эффектов.
Лечение: В случае передозировки принимают стандартные меры, направленные на удаление активного вещества из желудочно-кишечного тракта. Рекомендуется симптоматическая и поддерживающая терапия.
Дезлоратадин не выводится при гемодиализе, эффективность перитонеального диализа не установлена.
Форма выпуска и упаковка
Таблетки для рассасывания, 5 мг
По 10 таблеток помещают в контурную ячейковую упаковку из фольги алюминиевой. По 1 контурной ячейковой упаковке вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 25 оС.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
3 года
Не применять препарат по истечении срока годности.
Условия отпуска из аптек
По рецепту
Саудалық атауы
Блогир-3
Халықаралық патенттелмеген атауы
Дезлоратадин
Дәрілік түрі
Соруға арналған таблеткалар, 5 мг
Құрамы
1 таблетканың құрамында
белсенді зат - 5 мг дезлоратадин,
қосымша заттар:калий полакрилині, лимонқышқылының моногидраты, темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), магний стеараты, натрий кроскармеллозасы, Тутти Фрутти хош иістендіргіші, аспартам, микрокристалды целлюлоза, маннитол, калий гидроксиді, тазартылған су.
Сипаттамасы
Тегіс беткейімен, дөңгелек пішінді, шеттері қиғашталған және бір жағында «5» деген өрнегі бар кірпіш түстес қызыл таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Жүйелі әсер ететін антигистаминдік препараттар. Жүйелі әсер ететін басқа да антигистаминдік препараттар. Дезлоратадин.
АТХ коды R06AX27
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Ішке қабылдағаннан кейін дезлоратадин асқазан-ішек жолында жақсы сіңеді, қан плазмасында ішке қабылдағаннан кейін 30 минуттан соң анықталады. Дезлоратадиннің биожетімділігі 5-тен 20 мг дейінгі диапазонда дозаға пропорционалды. Ең жоғарғы концентрациясына Cmax шамамен 3 сағаттан соң жетеді.
Таралуы
Дезлоратадиннің плазма ақуыздарымен байланысуы 83-87% құрайды. 14 күн бойы тәулігіне 1 рет 5 мг-ден 20 мг-ге дейінгі дозада ересектер мен жасөспірімдерде қолданғанда дезлоратадиннің клиникалық маңызды жинақталу белгілері анықталған жоқ. Тағамды немесе грейпфрут шырынын бір мезгілде қабылдау дезлоратадиннің таралуына әсер етпейді тәулігіне 1 рет 7,5 мг дозада қабылдағанда). Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді.
Метаболизмі
Глюкуронидпен қосылған 3-ОН-дезлоратадин түзумен гидроксилдену арқылы бауырда қарқынды метаболизмге ұшырайды. CYP3A4 және CYP2D6 изоферменттерінің тежегіші емес және Р-гликопротеин субстраты немесе тежегіші болып табылмайды.
Шығарылуы
Дезлоратадин организмнен глюкуронидті қосылыс түрінде және азғана мөлшерде (2%-дан аз) бүйрекпен және ішек арқылы (7%-дан аз) өзгермеген күйде шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі T1/2орта есеппен 27 сағатты құрайды.
Фармакодинамикасы
Ұзақ әсер ететін тыныштандырмайтын антигистаминдік препарат. Лоратадиннің бастапқы белсенді метаболиті болып табылады. Шеткері Н1 гистаминдік рецепторлардың белсенділігін іріктеп бөгейді. Гистаминнің жуан жасушалардан босап шығуын басады. Аллергиялық қабыну реакциялар каскадын, соның ішінде ИЛ-4, ИЛ-6, ИЛ-8, ИЛ-13 интерлейкиндерін қоса, қабынуға қарсы цитокиндердің босап шығуын, Р-селектин сияқты адгезия молекулаларының бөлінуін тежейді. Осылайша, аллергиялық реакциялардың дамуын болдырмайды және ағымын жеңілдетеді, қышынуға қарсы және антиэкссудативтік әсерге ие, капиллярлардың өткізгіштігін төмендетеді, тіндердің ісінуі, тегіс бұлшықет түйілуі дамуының алдын алады.
Препарат орталық жүйке жүйесіне әсер етпейді, іс жүзінде тыныштандыратын әсері жоқ (ұйқышылдық туғызбайды) және ппсихомоторлық реакциялар жылдамдығына әсер етпейді. ЭКГ-де QT аралығының ұзаруын туғызбайды.
Қолданылуы
Мыналармен байланысты симптомдарды бәсеңдету үшін:
- аллергиялық ринит
- есекжем
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке, ас ішуге байланыссыз. Пішінді ұяшықты қаптаманы абайлап ашып, таблетканы сындырып алмай алу керек. Соруға арналған таблетканы тілге салады, ол онда ериді, содан соң сумен немесе басқа сұйықтықпен ішпей, оны сілекеймен бірге жұтады. Таблетканы пішінді ұяшықты қаптаманы ашқаннан кейін бірден қабылдау керек.
Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер: тәулігіне 1 рет соруға арналған 1 таблеткадан (5 мг).
Маусымдық (интермиттациялайтын) аллергиялық ринитте (аптасына 4 күннен аз немесе жылына 4 аптадан аз уақытқа созылатын симптомдар болғанда) ауру ағымын бағалау қажет. Симптомдар жоғалғанда препаратты қабылдауды тоқтату керек, симптомдар екінші қайтара пайда болғанда препаратты қабылдауды жаңғырту қажет.
Жыл бойғы (персистирлейтін) аллергиялық ринитте (аптасына 4 күннен көп немесе жылына 4 аптадан көп уақытқа созылатын симптомдар болғанда) дәрілік препаратты аллергеннің экспозициясы кезеңі бойына қабылдау керек.
Балаларда қолданылуы
Препараттың 12 жастан кіші балаларда қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.
Жағымсыз әсерлері
Жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін)
- бас ауыру
- ауыздың құрғауы
- қажу/әлсіздік
Өте сирек (<1/10 000)
- елестеулер
- бас айналуы, ұйқышылдық, ұйқысыздық, психомоторлық аса жоғары белсенділік, құрысулар
- тахикардия, жүрек қағуының жиілеуі
- іш аймағының ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диспепсия, диарея
- бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, билирубин деңгейінің жоғарылауы, гепатит
- миалгия
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксия, Квинке ісінуі, ентігу, қышыну, бөртпе, есекжем)
Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес):
- аномальді мінез-құлық, озбырлық
- QT аралығының ұзаруы
- сарғаю
- фотосезімталдық
- астения
- салмақтың артуы
- тәбеттің артуы
Балалар
Бала жасындағы пациенттерде тіркеуден кейінгі кезең ішінде байқалған басқа да жағымсыз құбылыстар QT аралығының ұзаруын, аритмияны, брадикардияны, аномальді мінез-құлық пен озбырлықты (жиілігі белгісіз) қамтыған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- дезлоратадинге немесе препарат құрамындағы басқа компоненттерге немесе лоратадинге жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балалар
- фенилкетонурия
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі азитромицинмен, кетоконазолмен, эритромицинмен, флуоксетинмен және циметидинмен жүргізілген зерттеулерде анықталған жоқ. Дезлоратадин алкогольдің орталық жүйке жүйесіне әсерін күшейтпейді. Дезлоратадинді пайдаланғанда жақпаушылығы және алкогольмен уыттану жағдайлары байқалған. Сондықтан сақтық таныту ұсынылады.
Айрықша нұсқаулар
Анамнезде құрысулары бар препараттарды қолданғанда, әсіресе бала жасындағы пациенттерде сақ болу қажет, өйткені олар дезлоратадинмен емдеу кезінде құрысудың дамуына анағұрлым бейім. Құрысулар дамуы жағдайында препарат қолдануды тоқтату туралы мәселе қарастырылуы мүмкін.
Ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде препаратты сақтықпен қабылдау керек. Құрамында 5 мг белсенді зат бар препараттың әр дозасында 2,9 мг фенилаланин болады, ол фенилкетонуриясы бар пациенттерде жағымсыз әсерлер туғызуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын немесе механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді. Дезлоратадин қабылдаған кезде көптеген адамдардың ұйқышылдықты сезінбейтіндігі жайында пациенттер хабардар болуы тиіс.
Дегенмен, емдеу кезінде пациенттер дәрілік препаратқа өзінің реакциясын айқындағанша, автомобиль жүргізу немесе механизмдермен жұмыс істеу сияқты зейін қоюды қажет ететін қызметтерден тартына тұрған жөн.
Артық дозалануы
Симптомдары:жағымсыз әсерлердің күшеюі.
Емі: Артық дозаланған жағдайда белсенді затты асқазан-ішек жолынан шығаруға бағытталған стандартты шаралар қабылданады. Симптоматикалық және демеуші ем ұсынылады.
Дезлоратадин гемодиализде шығарылмайды, перитонеальді диализ тиімділігі анықталмаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Соруға арналған таблеткалар, 5 мг
10 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау шарттары
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы