Торговое название
Бисакодил
Международное непатентованное название
Бисакодил
Лекарственная форма
Суппозитории ректальные 0,01 г
Состав
Один суппозиторий содержит
активное вещество – бисакодил 0,01 г,
вспомогательные вещества: кремния диоксид коллоидный 0,01 г, жир твердый 1,28 г.
Описание
Суппозитории белого или кремового цвета, пулеобразной формы. На срезе должны отсутствовать вкрапления, допускается наличие воздушного стержня или воронкообразного углубления.
Фармакотерапевтическая группа
Пищеварительный тракт и обмен веществ. Препараты для лечения запоров. Контактные слабительные препараты. Бисакодил.
Код АТХ А06АВ02
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Бисакодил – средство контактного действия. В минимальной степени абсорбируется из кишечника (до 5 % бисакодила). После конъюгации в печени бисакодил включается в кишечно-печеночную циркуляцию крови, частично выделяется почками.
При применении ректальных свечей перед сном слабительное действие наступает через 8-12 часов.
Фармакодинамика
Бисакодил – слабительное средство.
Бисакодил повышает секрецию слизи в толстом кишечнике, ускоряет и усиливает перистальтику толстой кишки, оказывает слабительное действие.
Бисакодил является пролекарством. При ректальном применении в щелочной среде происходит гидролиз с образованием вещества, оказывающего раздражающее действие на слизистую толстой кишки.
Действие бисакодила обусловлено прямой стимуляцией нервных окончаний слизистой оболочки толстого кишечника; стимулирует выведение воды и электролитов в просвет кишечника и блокирует их реабсорбцию.
Показания к применению
- запоры
- подготовка к инструментальным и рентгенологическим исследованиям
- очищение кишечника в плане предоперационной подготовки и послеоперационного лечения
Способ применения и дозы
Краткосрочное лечение запоров:
Взрослые и дети старше 10 лет: 1 суппозиторий (10 мг) 1 раз в сутки.
Рекомендуется начинать с самой низкой дозы. Дозу можно довести до максимальной рекомендуемой дозы для получения регулярного стула.
Максимальная суточная доза не должна превышаться.
Инструкция по применению
Суппозиторий вводится в прямую кишку заостренным концом вперед, действие наступает примерно через 20 мин (между 10 и 30 мин).
Редко слабительное действие отмечалось через 45 минут после введения.
Подготовка к инструментальным и рентгенологическим исследованиям и предоперационная подготовка:
Для предоперационной подготовки, послеоперационного лечения и подготовки к инструментальным и рентгенологическим исследованиям препарат следует принимать под медицинским наблюдением.
Для достижения полного опорожнения кишечника, рекомендуемая доза препарата для взрослых и детей старше 10 лет на ночь накануне исследования, с последующим введением 1 суппозитория (10 мг) утром перед исследованием.
Нет конкретной информации об использовании этого препарата у пожилых людей. Клинические испытания включали пациентов старше 65 лет, и никаких побочных реакций, специфичных для этой возрастной группы, не сообщалось.
Продолжительность лечения не должна превышать 5 дней.
Побочные действия
Наиболее часто сообщаемыми побочными реакциями во время лечения являются боли в животе и диарея.
Неблагоприятные побочные реакции были ранжированы по заголовкам частоты, используя следующее соглашение: Очень часто (≥ 1/10); часто (≥ 1/100, <1/10); нечасто (≥ 1/1000, <1/100); редко (≥ 1/10000, <1/1000); очень редкий (<1/10000).
Нарушения иммунной системы
Редко: анафилактические реакции, аллергические реакции, ангиодистрофия, реакции гиперчувствительности.
Метаболизм и расстройства питания.
Редко: обезвоживание.
Нарушения нервной системы
Нечасто: головокружение.
Редко: обморок.
Головокружение и синкопа, возникающие после приема бисакодила, по-видимому, согласуются с вазовагальным ответом (например, с абдоминальным спазмом, дефекацией).
Желудочно-кишечные расстройства
Нечасто: гематохезия (наличие крови в стуле), рвота, дискомфорт в животе, дискомфорт в аноректальной области.
Часто: колики, боли в животе, диарея и тошнота.
Редко: колит, включая ишемический колит.
Противопоказания
- гиперчувствительность к компонентам препарата
- кишечная непроходимость (в том числе обструктивная),
- острые воспалительные заболевания органов брюшной полости, включая аппендицит, острые кишечные инфекции
- сильные боли в животе, ассоциированные с тошнотой и рвотой, которые могут указывать на наличие вышеуказанных состояний
- выраженное обезвоживание
- наличие анальной трещины или язвенного проктита с повреждением слизистой оболочки
- кровотечения из желудочно-кишечного тракта, метроррагия
- цистит
- геморрой
- детский возраст до 10 лет
Лекарственные взаимодействия
Сопутствующее использование диуретиков или адрено-кортикостероидов может увеличить риск нарушения водно-электролитного баланса при превышении рекомендуемой дозы Бисакодила.
Электролитный дисбаланс может привести к повышенной чувствительности к сердечным гликозидам.
Сопутствующее использование других слабительных средств может усилить побочные эффекты Бисакодила.
Особые указания
Как и другие слабительные средства, Бисакодил не следует использовать постоянно в течение более пяти дней без выяснения причины запора.
Длительное и чрезмерное применение может привести к нарушению водно-электролитного баланса, а также гипокалиемию.
Потеря жидкости может способствовать обезвоживанию. Симптомы могут включать в себя жажду и олигурию. У пациентов, страдающих потерей жидкостей, где обезвоживание может быть опасным (например, почечная недостаточность, пожилые пациенты), применение препарата Бисакодил следует прекратить и возобновлять только под наблюдением врача.
У пациентов, принимающих бисакодил, наблюдалось головокружение и/или обморок, предположительно связанные с болью при натуживании во время дефекации или парасимпатической сосудистой реакцией на боль в животе, связанной с запором, что не обязательно относится к приему препарата Бисакодил.
Использование суппозиториев может привести к болезненным ощущениям и местному раздражению в аноректальной области, особенно у пациентов с анальными трещинами и язвенным проктитом.
Бисакодил не должен использоваться детьми в возрасте до 10 лет без медицинских консультаций.
Беременность
Многолетний опыт не показал случаев побочных эффектов в течение беременности. Однако, Бисакодил, как и все другие лекарственные средства, во время беременности следует назначать с осторожностью. При необходимости применения препарата следует оценить потенциальную пользу терапии для матери и возможный риск для плода.
Период лактации
Бисакодил, как и все другие лекарственные средства, в период лактации следует назначать с осторожностью. При необходимости применения препарата следует оценить потенциальную пользу терапии для матери и возможный риск для ребенка.
Фертильность
Никаких исследований влияния на фертильность человека не проводилось.
Передозировка
Симптомы: водянистый стул (диарея), спазмы в области живота и обезвоживание, нарушение водно-электролитного баланса.
Хроническая передозировка препаратом Бисакодил, как и другими слабительными средствами, может привести к хронической диарее, болям в животе, гипокалемии, вторичному гиперальдостеронизму и мочекаменной болезни.
Также в связи с хроническим злоупотреблением слабительных средств, были описаны случаи почечных канальцевых поражений, метаболического алкалоза и мышечной слабости, являющимися вторичными к гипокалемии.
Лечение: симптоматическое. Всасывание можно снизить или предотвратить, вызвав рвоту, или промыванием желудка. Может потребоваться восстановление жидкости и водно-электролитного дисбаланса, что особенно важно для пациентов пожилого возраста и детей. Может представлять пользу прием спазмолитических средств.
Форма выпуска и упаковка
По 5 суппозиториев помещают в контурную ячейковую упаковку из пленки поливинилхлоридной. По 2 контурные ячейковые упаковки вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 25 °С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
3 года.
Не применять по истечении срока годности.
Условия отпуска из аптек
Без рецепта.
Саудалық атауы
Бисакодил
Халықаралық патенттелмеген атауы
Бисакодил
Дәрілік түрі
0,01 г ректальді суппозиторийлер
Құрамы
Бір суппозиторий құрамында
белсенді зат – бисакодил– 0,01 г,
қосымша заттар: 0,01 г коллоидты кремнийдің қостотығы, 1,28 г қатты май.
Сипаттамасы
Пішіні, ақ немесе крем түсті, оқ тәрізді суппозиторийлер. Қимасында теңбілдері болмауы керек, ауа өзегі немесе шұңғыма тәрізді ойықтарға жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Ас қорыту жолы және зат алмасу. Іш қатуларды емдеуге арналған препараттар. Жанаспалы іш жүргізетін препараттар. Бисакодил.
АТХ коды А06АВ02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Бисакодил – жанаспалы әсер ететін дәрі. Болымсыз дәрежеде ішектен (бисакодил 5 %-ға дейін) сіңеді. Бауырдағы конъюгациядан кейін бисакодил қанның ішек-бауыр айналымына қосылады, ішінара бүйрек арқылы шығарылады.
Ректальді свечаны ұйықтар алдында қолданған кезде 8-12 сағаттан кейін іш жүргізетін әсері басталады.
Фармакодинамикасы
Бисакодил – іш жүргізетін дәрі.
Бисакодил тоқ ішекте шырыш сөлінісін жоғарылатады, тоқ ішектің перистальтикасын жылдамдатады және күшейтеді, іш жүргізетін әсер береді.
Бисакодил ізашар дәрі болып табылады. Ректальді қолданған кезде сілтілік ортада тоқ ішек шырышына тітіркендіргіш әсер ететін зат түзіле отырып, гидролиз жүреді.
Бисакодилдің әсері тоқ ішек шырышты қабығының жүйке ұштарын тікелей тітіркендіруге байланысты; ішек қуысына су мен электролиттердің келіп түсуін көтермелейді және олардың қайта сіңуін бөгейді.
Қолданылуы
- іштің қатуы
- аспаптық және рентгенологиялық зерттеулерге дайындық
- операцияға дейінгі кезеңде және операциядан кейінгі емдеуде ішекті тазарту
Қолдану тәсілі және дозалары
Іштің қатуын қысқа мерзімді емдеу:
Ересектер мен 10 жастан асқан балалар: тәулігіне 1 рет 1 суппозиторий (10 мг).
Ең төмен дозадан бастау ұсынылады. Нәжістің жүйелігіне қол жеткізу үшін дозаны ең жоғары ұсынылатын дозаға дейін жеткізуге болады. Ең жоғары тәуліктік дозадан аспауы тиіс.
Қолдану жөніндегі нұсқаулық
Суппозиторий тік ішекке үшкір ұшымен алдыға қарай енгізіледі, әсері шамамен 20 минуттың (10 және 30 мин арасында) ішінде басталады.
Сирек жағдайда іш жүргізетін әсері енгізгеннен кейін 45 минуттан кейін байқалған.
Аспаптық және рентгенологиялық зерттеулерге дайындық пен операцияға дейінгі дайындық:
Операцияға дейінгі дайындық, операциядан кейінгі емдеу мен аспаптық және рентгенологиялық зерттеулерге дайындық үшін препаратты медициналық байқаумен қолданады.
Ішектің толығымен босатылуына қол жеткізу үшін ересектер мен 10 жастан асқан балаларға препараттың ұсынылатын дозасы зерттеу алдында таңертең 1 суппозиторийді (10 мг) енгізе отырып, зерттеу қарсаңында түнде.
Осы препаратты егде жастағы адамдарда пайдалану туралы белгілі бір ақпарат жоқ. Клиникалық сынақтарға 65 жастан асқан пациенттер кіріктірілген және осы жастық топқа тән ешқандай жағымсыз реакциялар туралы хабарланбаған.
Емдеу ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс.
Жағымсыз әсерлері
Емдеу кезеңінде жиі хабарланатын жағымсыз реакциялар іштің ауыруы және диарея болып табылады.
Қолайсыз жағымсыз реакциялар мынадай келісімді пайдалана отырып, жиілігінің атауы бойынша іріктелген: Өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100, <1/10); жиі емес (≥1/1000, <1/100); сирек (≥1/10000, <1/1000); өте сирек (<1/10000).
Иммундық жүйенің бұзылулары
Сирек: анафилаксиялық реакциялар, аллергиялық реакциялар, ангиодистрофия, аса жоғары сезімталдық реакциялары.
Метаболизм және тамақтану бұзылыстары
Сирек: сусыздану.
Жүйке жүйесінің бұзылулары
Жиі емес: бас айналуы.
Сирек: естен тану.
Бисакодилді қабылдағаннан кейін пайда болатын бас айналуы және синкопа, шамасы, вазогальді жауаппен келісіледі (мысалы, абдоминалды түйілумен, дефекациямен).
Асқазан-ішек бұзылыстары
Жиі емес: гематохезия (нәжісте қанның бар болуы), құсу, іштегі жайсыздық, аноректальді аймақтағы жайсыздық.
Жиі: шаншу, іштің ауыруы, диарея және жүректің айнуы.
Сирек: ишемиялық колитті қоса колит.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- ішек бітелісі (оның ішінде обструктивті),
- аппендицитті, жедел ішек инфекцияларын қоса құрсақ қуысы ағзаларының жедел қабыну аурулары
- жоғарыда көрсетілген күйдің бар болуын көрсететін жүрек айнуы мен құсумен астасқан іштің қатты ауыруы
- айқын сусыздану
- анальді жарылудың немесе шырышты қабаттың зақымдалуымен ойық жаралы проктиттің бар болуы
- асқазан-ішек жолынан қан кету, метроррагия
- цистит
- геморрой
- 10 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Диуретиктерді немесе адрено-кортикостероидтарды қатар пайдалану Бисакодилдің ұсынылған дозасын арттырған кезде су-электролит теңгерімінің бұзылу қаупін арттыруы мүмкін.
Электролиттік теңгерім жүрек гликозидтеріне жоғары сезімталдыққа әкелуі мүмкін.
Басқа іш жүргізетін дәрілерді қатар пайдалану Бисакодилдің жағымсыз әсерін күшейтуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Басқа іш жүргізетін дәрілер сияқты Бисакодилді іштің қату себебін анықтамай бес күннен астам уақыт бойы тұрақты пайдалануға болмайды.
Ұзақ және шектен тыс қолдану су-электролиттік теңгерімнің бұзылуына, сондай-ақ гипокалиемияға әкелуі мүмкін.
Сұйықтықты жоғалту сусыздануға әкелуі мүмкін. Симптомдарға шөлдеу және олигурия кіруі мүмкін. Сусыздану қауіпті болуы мүмкін (мысалы, бүйрек жеткіліксіздігі, егде жастағы пациенттер) сұйықтықты жоғалтудан жапа шегетін пациенттерде Бисакодил препаратын қолдануды тоқтату керек және тек қана дәрігердің бақылауымен қалпына келтірген жөн.
Бисакодилді қабылдайтын пациенттерде іштің қатуымен байланысты іштегі ауыруға дефекация немесе парасимпатикалық тамыр реакциясы кезеңінде күшенген кезде ауырумен байланысты бас айналуы және/немесе естен тану байқалған, бұл Бисакодил препаратын қабылдауға жатуы міндетті емес.
Суппозиторийлерді пайдалану аноректальді аймақта әсіресе анальді жарылу мен ойық жаралы проктиті бар пациенттерде ауыру сезіміне және жергілікті тітіркенуге әкелуі мүмкін.
Бисакодилді медициналық кеңессіз 10 жасқа дейінгі балаларда пайдалануға болмайды.
Жүктілік
Көп жылдық тәжірибе жүктілік кезеңінде жағымсыз әсерлер болмағанын көрсетті. Дегенмен, Бисакодилді, барлық басқа да дәрілік заттар сияқты жүктілік кезінде сақтықпен тағайындаған жөн. Препаратты қолдану қажет болған жағдайда ана үшін емнің әлеуетті пайдасын және шарана үшін ықтимал қауіпті бағалаған жөн.
Лактация кезеңі
Бисакодилді, барлық басқа да дәрілік заттар сияқты лактация кезеңінде сақтықпен тағайындаған жөн. Препаратты қолдану қажет болған жағдайда ана үшін емнің әлеуетті пайдасын және бала үшін ықтимал қауіпті бағалаған жөн.
Фертильділік
Адамның фертильдігіне әсер етуіне ешқандай зерттеулер жүргізілген жоқ.
Артық дозалануы
Симптомдары: іш өту (диарея), іштің аймағындағы түйілу және сусыздану, су-электролиттік теңгерімнің бұзылуы.
Бисакодил препаратымен, басқа да іш жүргізетін дәрілермен созылмалы артық дозалану созылмалы диареяға, іштің ауыруына, гипокалиемияға, қайталама гиперальдостеронизмге несептас ауруына әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ іш жүргізетін дәрілерді созылмалы шектен тыс пайдаланумен байланысты гипокалемияға қайталама болып табылатын бүйректің өзекшелік зақымдану, метаболизмдік алкалоз және бұлшықет әлсіздік жағдайлары сипатталған.
Емі: симптоматикалық. Сіңірілуін құсып немесе асқазанды шаю арқылы азайтуға немесе алдын алуға болады. Сұйықтықты және су-электролиттік теңгерімді қалпына келтіру қажет болуы мүмкін, бұл әсіресе егда жастағы пациенттер мен балалар үшін маңызды. Спазмолитикалық дәрілерді қабылдаудың пайдасы болуы мүмкін.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
5 суппозиторийден поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз.