Инструкция по медицинскому применению
лекарственного средства (листок-вкладыш)
Торговое название Билобил® Международное непатентованное название Нет Лекарственная форма Капсулы, 40 мг Состав Одна капсула содержит активного вещества - сухого экстракта листьев гинкго, очищенного и стандартизированого(35-67:1) - 40.0мг (эквивалентно 8.8-10.8 мг флаваноидам в виде флаваноидных гликозидов, 1.12 - 1.36 мг гинкголидам A, B, C, 1.04 - 1.28 мг билобалидам), технологический реагент - глюкоза жидкая 5% (сухое распыление), вспомогательные вещества: лактозы моногидрат, крахмал кукурузный, тальк, кремния диоксид коллоидный безводный, магния стеарат, состав оболочки капсулы: титана диоксид (Е171), индиготин (Е132) азорубин (Е122), железа оксид красный (Е172), железа оксид черный (Е172), желатин Описание Твердые желатиновые капсулы фио-летово-коричневого цвета. Содержимое капсул – порошок от светло- до темно-коричневого цвета с видимыми частицами более темного цвета и возможными маленькими комочками Фармакотерапевтическая группа Психоаналептики. Препараты для лечения деменции. Другие препараты для лечения деменции. Гинкго билоба Код АТХ N06DХ02 Фармакологические свойства Билобил® - растительный препарат, действие которого обусловлено способностью влиять на обменные процессы в клетках, реологические свойства крови и микроциркуляцию, а также вазомоторные реакции кровеносных сосудов. Билобил® улучшает мозговое кровообращение и питает мозг кислородом и глюкозой. Оказывает вазорегулирующее действие всю сосудистую систему: артерии, вены, капилляры. Способствует улучшению кровотока, предотвращает агрегацию эритроцитов. Оказывает ингибирующее воздействие на фактор активации тромбоцитов (анти - PAF эффект). Нормализует обменные процессы и оказывает антигипоксическое действие на ткани. Билобил® препятствует образованию свободных радикалов и перекисному окислению липидов клеточных мембран. Оказывает выраженное противоотечное действие на уровне головного мозга и на периферии. Воздействует на высвобождение, обратный захват и катаболизм нейромедиаторов (норадреналина, допамина, ацетилхолина) и на их способность к связыванию с мембранными рецепторами. Показания к применению - когнитивный и нейросенсорный дефицит различного генеза (за исключением болезни Альцгеймера и деменции различной этиологии) - перемежающаяся хромота при хронических облитерирующих артериопатиях нижних конечностей (2 степень по Фонтейну) - нарушения зрения сосудистого генеза, снижение его остроты - нарушения слуха, звон в ушах, головокружение и расстройства координации преимущественно сосудистого генеза - болезнь и синдром Рейно Способ применения и дозы Препарат назначается внутрь по 1 капсуле 3 раза в сутки, во время еды, запивая ½ стакана воды. Продолжительность курса лечения составляет от 1 до 3 месяцев. Курс лечения не менее 3-х месяцев. Побочные действия Редко - расстройства пищеварения - кожные аллергические реакции - головные боли Противопоказания - повышенная чувствительность к компонентам препарата - беременность и период лактации - детский возраст до 18 лет Лекарственные взаимодействия Не рекомендуется применение препарата Билобил® пациентам, постоянно принимающим ацетилсалициловую кислоту или антикоагулянты. Особые указания Первые признаки улучшения состояния проявляются через 1 месяц после начала лечения. Препарат содержит лактозу, поэтому он противопоказан лицам с врожденной галактоземией, синдромом глюкозной или галактозной мальабсорбции или с лактазной недостаточностью. Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами Не влияет. Передозировка О случаях передозировки не сообщалось. Форма выпуска упаковка По 10 капсул помещают в контурную ячейковую упаковку из пленки поливинилхлоридной/поливинилдихлорид-ной и фольги алюминиевой. По 2 или 6 контурных ячейковых упаковок вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона. Условия хранения Хранить в оригинальной упаковке при температуре не выше 25 ºС в защищенном от влаги месте. Хранить в недоступном для детей месте! Срок хранения 3 года Не применять по истечении срока годности. Условия отпуска из аптек По рецепту
|
Дәрілік препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық (Қосымша парақ)
Саудалық атауы
Билобил®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі Капсулалар, 40 мг
Құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді заттар - гинкго жапырақтарының құрғақ сығындысы, тазартылған және стандартталған (35-67:1) - 40.0мг (8.8-10.8 мг флаваноидты гликозидтер түріндегі флаваноидтарға, 1.12 - 1.36 мг A, B, C гинкголидтеріне, 1.04 - 1.28 мг билобалидтерге баламалы), технологиялық реагент – 5% сұйық глюкоза (құрғақ тозаңдандыру), қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), индиготин (Е132), азорубин (Е122), темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің қара тотығы (Е172), желатин
Сипаттамасы Күлгін-қоңыр түсті қатты желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – көзге көрінетін күңгірттеу түсті бөлшектері бар және кішкентай кесектері болуы ықтимал, ақшылдан күңгірт-қоңыр түске дейінгі ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы
Психоаналептиктер. Деменцияны емдеуге арналған препараттар.
Деменцияны емдеуге арналған басқа да препараттар. Гинкго билоба АТХ коды N06DX02
Фармакологиялық қасиеттері Билобил® - өсімдік тектес препарат, әсері жасушада зат алмасу үдерістеріне, қанның реологиялық қасиеттері мен микроциркуляциясына, сондай-ақ қан тамырларының вазомоторлық реакцияларына әсер ету қабілетіне негізделген. Билобил® ми қан айналымын жақсартады және миды оттегімен және глюкозамен қоректендіреді. Бүкіл тамыр жүйесіне вазореттеуші әсер етеді: артерия, көктамырлар, қылтамырлар. Қан ағымының жақсаруына ықпал етеді, эритроциттер агрегациясына кедергі болады. Тромбоциттердің белсену факторын тежейтін әсері бар (анти – PAF әсері). Зат алмасу үдерістерін қалыпқа түсіреді және тіндерге антигипоксиялық әсер етеді. Билобил® бос радикалдардың түзілуіне және жасуша жарғақшалары липидтерінің асқын тотығуына кедергі жасайды. Ми деңгейінде және шеткергіде ісінуге қарсы айқын әсер етеді. Нейромедиаторлардың (норадреналин, допамин, ацетилхолин) босап шығуына, кері қармауы мен катаболизміне және олардың жарғақшалық рецепторлармен байланысу қабілеттілігіне әсер етеді.
Қолданылуы шығу тегі әртүрлі когнитивтік және нейросенсорлық тапшылықта (Альцгеймер ауруы мен этиологиясы әрқилы деменцияда) аяқтың созылмалы облитерациялық артериопатиясы кезіндегі мезгіл-мезгіл ақсақтықта (Фонтейн бойынша 2 дәрежелі) көрудің шығу тегі тамырлық бұзылулары, өткірлігінің төмендеуінде естудің бұзылуы, құлақтың шуылдауы, бас айналу және шығу тегі тамырлық координация бұзылыстарында Рейно ауруы мен синдромында
Қолдану тәсілі мен дозалары Препарат ішке 1 капсуладан тәулігіне 3 рет тағайындалады, тамақтану кезінде ½ стақан сумен ішу керек. Емдеу курсының ұзақтығы 1 айдан 3 айға дейін болады. Емдеу курсы 3 айдан кем емес. Жағымсыз әсерлері Сирек - ас қорыту бұзылыстары - терінің аллергиялық реакциялары - бас ауыруы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жүктілік пен лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі Билобил® препаратын үнемі ацетилсалицил қышқылын немесе .антикоагулянттар қабылдап жүрген емделушілерге қолдану ұсынылмайды. Айрықша нұсқаулар Жағдайы жақсаруының алғашқы белгілері емдеуді бастағаннан кейін 1 айдан соң байқалады. Препарат құрамында лактоза бар, сондықтан оны туа біткен галактоземиясы, глюкоза немесе галактоза мальабсорбциясы синдромы немесе лактаза жеткіліксіздігі бар адамдарға қолдануға болмайды. Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері. Әсер етпейді.
Артық дозалануы Артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
10 капсуладан поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
2 немесе 6 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, ылғалдан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы