Торговое название
БЕПАНТЕН®
Международное непатентованное название
Декспантенол
Лекарственная форма
Мазь для наружного применения, 5%
Состав
1 г мази содержит
активное вещество – декспантенол, 50 мг;
вспомогательные вещества: протегин Х, спирт цетиловый, спирт стеариловый, ланолин, воск пчелиный белый, парафин мягкий белый, масло миндальное, парафин жидкий, вода очищенная.
Описание
Мягкая, эластичная, однородная мазь кремово-белого цвета со специфическим запахом ланолина.
Фармакотерапевтическая группа
Дерматология. Препараты для лечения ран и язв. Ранозаживляющие препараты. Ранозаживляющие препараты, другие. Декспантенол.
Код АТХ D03AX03
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Декспантенол быстро впитывается кожей. Декспантенол превращается в пантотеновую кислоту и объединяется с эндогенной частью витамина. В крови пантотеновая кислота связывается с белками плазмы (особенно с β-глобулином и альбумином); выводится в неизмененном виде – 60-70% с мочой, остальная часть через желудочно-кишечный тракт (ЖКТ).
Фармакодинамика
Декспантенол является активным компонентом Бепантена, быстро превращается в клетках в пантотеновую кислоту и В-комплекс витамин, благодаря чему имеет такое же действие как витамин. Однако декспантенол имеет преимущество – он легче реабсорбируется при местном применении. Пантотеновая кислота – компонент эссенциального коэнзима А. В форме ацетилкоэнзима А, коэнзим А играет важную роль в метаболизме каждой клетки. Соответственно, пантотеновая кислота необходима для образования и регенерации кожи и слизистых оболочек организма.
Показания к применению
- профилактика и лечение опрелостей у грудных детей
- уход за молочными железами в период кормления: лечение «сухости» и трещин сосков
- для ускорения (активации) процесса заживления кожи при мелких повреждениях, трещинах, ссадинах, кожных раздражениях, эритемы от пеленок, легких ожогах, хронических язвах, пролежнях, при пересадке кожи, анальных трещинах и эрозии шейки матки
- профилактика и лечение сухости кожи при нарушении целостности ее покровов, в том числе при использовании кортикостероидных препаратов.
Способ применения и дозы
Наружно. Мазь наносят на поврежденный или воспаленный участок кожи один или несколько раз в день по необходимости.
Уход за грудным ребенком: мазь наносят при каждой смене подгузника (пеленки).
Уход за молочными железами кормящих матерей: мазь наносят на соски после каждого кормления. Перед следующим кормлением грудью, остатки мази следует удалить салфеткой или мягкой тканью.
Длительность лечения зависит от показаний и эффективности терапии.
Побочное действие
Очень редко:
- аллергический дерматит
- контактный дерматит, зуд, покраснение
- экзема, сыпь, крапивница
- раздражение кожи и появление волдырей.
Противопоказания
-повышенная индивидуальная чувствительность к компонентам препарата
Лекарственные взаимодействия
Случаи взаимодействия с другими препаратами неизвестны.
Другие взаимодействия:
В случае лечения ран в генитальной или анальной области вспомогательные вещества, содержащиеся в мази, приводят к снижению прочности и разрывам латексных презервативов, тем самым снижая их безопасность.
Особые указания
Следует избегать попадания мази в глаза.
Ланолин, стеариловый и цетиловый спирты могут вызвать раздражение кожи (например, контактный дерматит).
Беременность и период лактации
Мазь можно использовать во время беременности и в период грудного вскармливания.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством и потенциально опасными механизмами
Не влияет.
Передозировка
Случаи передозировки неизвестны даже при использовании мази в высоких дозах.
Форма выпуска и упаковка
По 3,5 г, 30 г или 100 г препарата помещают в алюминиевую тубу. По 1 тубе вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в картонную пачку.
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 25 °С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
3 года.
Не применять по истечении срока годности.
Условия отпуска из аптек
Без рецепта.
Саудалық атауы
БЕПАНТЕН®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Декспантенол
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған 5% жақпамай
Құрамы
1 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат - 50 мг декспантенол;
қосымша заттар:протегин Х, цетил спирті, стеарил спирті, ланолин, араның ақ балауызы, ақ жұмсақ парафин, бадам майы, сұйық парафин, тазартылған су.
Сипаттамасы
Ланолиннің өзіне тән иісі бар, крем тәріздес ақ түсті, жұмсақ, созылмалы, біртекті жақпамай.
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Жарақаттар мен ойық жараларды емдеуге арналған препараттар. Жарақаттарды жазатын препараттар. Жарақаттарды жазатын басқа препараттар. Декспантенол.
АТХ коды D03AХ03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Декспантенол теріге тез сіңеді. Декспантенол пантотен қышқылына айналады және дәруменнің эндогендік бөлігімен бірігеді. Қанда пантотен қышқылы плазма ақуыздарымен (әсіресе β-глобулинмен және альбуминмен); байланысады; өзгермеген күйде – 60-70%-ы несеппен, қалған бөлігі асқазан ішек жолы (АІЖ) арқылы шығарылады.
Фармакодинамикасы
Декспантенол Бепантеннің белсенді компоненті болып табылады, жасушаларда пантотен қышқылына және В-дәрумендер кешеніне жылдам өзгереді, соның нәтижесінде дәрумен секілді әсері болады. Алайда декспантенолдың артықшылығы бар – ол жергілікті қолданған кезде жеңіл қайта сіңіріледі. Пантотен қышқылы – эссенциялық А коэнзимінің компоненті. Ацетилкоэнзим А, коэнзим А түрінде әрбір жасуша метаболизмінде маңызды рөл атқарады. Тиісінше, пантотен қышқылы терінің және организмнің шырышты қабықтарының түзілуі және регенерациясы үшін қажет.
Қолданылуы
- емшек жасындағы балаларда базданудың профилактикасында және емдеуде
- емізу кезіндегі сүт бездері күтімінде: емшек ұшының «құрғақтығын» және жарылуын емдеуде
- жеңіл зақымдануларда, жарылуларда, сыдыруларда, тері тітіркенулерінде, жаялықтан болған эритемада, жеңіл күйіктерде, созылмалы ойық жараларда, тесілулерде, теріні ауыстырып салғанда, анальді жарылулар және жатыр мойнының эрозиялары кезінде терінің жазылу үдерісін тездету (белсендіру) үшін
- тері жабынының бүтіндігі зақымданған кездегі тері құрғақтығын емдеу және профилактикасында, соның ішінде кортикостероидты препараттарды қолданған жағдайда.
Қолдану тәсілі мен дозалары
Сыртқа арналған. Жақпамайды терінің зақымданған немесе қабынған бөлігіне күніне қажеттілігіне қарай бір немесе бірнеше рет жағады.
Емшектегі баланың күтімі: жаялықты (жөргекті) әрбір ауыстырған сайын жақпамайды жағады.
Бала емізетін аналар сүт бездерінің күтімі: жақпамайды баланы әр емізгеннен кейін емшек ұшына жағады. Келесі жолы бала емізердің алдында жақпамайдың қалдығын сүрткімен немесе жұмсақ матамен cүртіп тастау керек.
Емдеу ұзақтығы көрсетілімдері мен емдеудің тиімділігіне байланысты.
Жағымсыз әсері
Өте сирек:
- аллергиялық дерматит
- жанаспалы дерматит, қышыну, қызару
- экзема, бөртпе, есекжем
- терінің тітіркенуі және күлдіреуіктің пайда болуы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа препараттармен өзара әрекеттесу жағдайлары белгісіз.
Басқа өзара әрекеттесулері:
Генитальді немесе анальді аумақтағы жараларды емдеген жағдайда жақпамай құрамындағы қосымша заттар латексті мүшеқаптар беріктігінің төмендеуіне және жыртылуына әкеледі, сонысымен олардың қауіпсіздігін азайтады.
Айрықша нұсқаулар
Жақпамайды көзге тигізіп алмаңыз.
Ланолин, стеарил және цетил спирттері тері тітіркенуін (мысалы, жанаспалы дерматит) туындатуы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жақпамайды жүктілік кезінде және емшек емізу кезеңінде пайдалануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Жақпамайды жоғары дозаларда пайдаланғанның өзінде де артық дозалану жағдайлары белгісіз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
3,5 г, 30 г немесе 100 г препараттан алюминий сықпаға салады. 1 сықпадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз.